Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ:
Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін
оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғының таңдаулы параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, нұқу жылдамдығы жəне тінтуір көрсеткісінің мүмкіндіктері сияқты меңзегіш
құрылғылар параметрлерін теңшеу үшін, Windows® жүйесіндегі тінтуір сипаттарын қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына кіру үшін Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен
принтерлер) тармақтарын таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып келетін құрылғыны
тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін
таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны пайдалану
Көрсеткіні жылжыту үшін бір саусақты сенсорлы тақтада көрсеткіні жылжытқыңыз келген бағытқа
жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің түймешіктері
сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақтаның тігінен айналдыру аймағын қолданып жоғары жəне
төмен айналдыру үшін, жолақтар бойынша саусағыңызды жоғары не төмен сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Меңзерді жылжыту үшін сенсорлы тақтаны пайдалансаңыз, айналдыру аймағында
оны жылжытпас бұрын, сенсорлы тақтадан саусағыңызды алу қажет. Саусақты сенсорлы
тақтадан айналдыру аймағына жайлап сырғыту айналдыру функциясын белсендірмейді.
Шарлау
Көрсеткіні жылжыту үшін бір саусақты сенсорлы тақтада көрсеткіні жылжытқыңыз келген бағытқа
жылжытыңыз.
26
Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Таңдау
Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты
пайдаланылады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
27
6
Күтім
Батарея салу немесе алып тастау
ЕСКЕРІМ:
Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты Справочное руководство НР
ноутбука (HP ноутбугы үшін анықтамалық нұсқаулықтан) қараңыз.
Батареяны салу үшін
▲
Батареяны (1) батареяның орнына отырғанша енгізіңіз.
Батареяны босату ысырмалары (2) батареяны оның орнына автоматты түрде
орналастырады.
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ:
Жалғыз қуат көзі болатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы
мүмкін. Ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін, жұмысыңызды сақтап, күту күйін қосыңыз немесе
батареяны шығарып алмас бұрын, компьютерді Windows арқылы өшіріңіз.
1.
Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмаларын (1) сырғытыңыз.
28
Бап 6 Күтім
2.
Компьютерден (2) батареяны шығарып алыңыз.
Батарея салу немесе алып тастау
29
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ:
Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы
тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат
қосқышын басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
Қатты дискіні орнына салу
1.
Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2.
Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз.
4.
Компьютерді тегіс жерде төңкеріңіз.
5.
Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Қосымша ақпарат алу үшін
Батарея салу немесе алып тастау28-бетте
атты
алдыңғы бөлімді қараңыз.
6.
Үстелге қоюға арналған қақпақты орнына салу үшін
a.
Үстелге қоюға арналған қақпақты босату үшін, ішіндегі босату ысырмасын (1)
сырғытыңыз.
b.
Үстелге қоюға арналған қақпақты (2) алыңыз.
7.
Қатты дискінің 4 бұрандасын (1) алыңыз.
8.
Қатты дискіні ажырату үшін қатты дискінің құлақшасынан (2) тартаңыз.
30
Бап 6 Күтім
9.
Қатты дискіні (3) қатты диск ұясынан жоғары қарай көтеріңіз.
Қатты дискіні орнату
1.
Қатты дискіні қатты диск ұясына (1) салыңыз.
2.
Қатты диск орнына түскенше оның құлақшасын (2) сол жаққа тартаңыз.
3.
Қатты дискінің 4 бұрандасын (3) орындарына салыңыз.
4.
Үстелге қоюға арналған қақпақты орнына салу үшін
a.
Батарея орнын өзіңізге қаратып, үстелге қоюға арналған қақпақты компьютер бетіне
қарай 45 градуста панельдің артқы жағындағы ілгектер компьютердегі (1) ұялармен
сəйкестендіретіндей етіп орналастырыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
31
b.
Панельдің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, үстелге қоюға арналған
қақпақтыты (2) орнына түскенше төмен қарай жайлап басыңыз.
5.
Батареяны орнына салыңыз.
6.
Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
7.
Компьютерді қосыңыз.
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру
Компьютердің түбінде, үстелге қоюға арналған алмалы қақпақтың астында орналасқан бір жад
модулінің бөлімі болады. Компьютердің жад сыйымдылығын жад модулінің ұясында бар жад
модулін ауыстыру арқылы жаңартуға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Электростатикалық разряд (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге қосылған метал нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
ЕСКЕРТУ:
Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы
тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып алмаңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат
қосқышын басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
1.
Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2.
Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз.
4.
Компьютерді тегіс жерде төңкеріңіз.
5.
Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
32
Бап 6 Күтім
Достарыңызбен бөлісу: |