Белсенді модуляторы бар HP 3D көзілдіріктерін
пайдалану
3D мүмкіндігі белсенді 3D мазмұнынан жəне 3D көзілдіріктерінен басталады. 3D көзілдіріктері
батареяда жұмыс істейді, олар 3D компьютеріндегі инфрақызыл (IR) сəуле шығарғыштарға
сымсыз байланыстырылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
3D көзілдіріктерін пайдаланбас бұрын 3D қауіпсіздігі туралы ақпаратты
оқыңыз.
ЕСКЕРІМ:
3D оптималды көру үшін сіз бен компьютер дисплейінің арасында шамамен 1,5
метрден (5 фут) аспайтын арақашықтық болғаны жөн. Көру бұрышына байланысты,
дисплейден болған жұмыс арақашықтығы əртүрлі болуы мүмкін. Инфрақызыл сəуле
шығарғыштар айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Инфрақызыл
сəуле шығарғыштарды орналастыру туралы ақпарат алу үшін
Компьютермен танысу 25-бетте
бөлімін қараңыз.
3D көзілдіріктерінің бөліктерін анықтау
Бөліктер
(1)
Батарея бөлімі
ЕСКЕРІМ:
Батарея көзілдірік батареясы бөліміне алдын ала орнатылып келеді. Көзілдірік батареясын
белсендіру үшін қорғаныс кесіндісін батарея бөлімінен алу қажетіңіз болуы мүмкін.
(2)
Саптамалар (3)
ЕСКЕРІМ:
Өлшемі түрлі 3 саптама бар. Саптамалардың біреуі көзілдіріктерге алдын ала орнатылып
келеді жəне басқа екі қосымша саптама көзілдіріктермен бірге жеткізіледі.
10
Бап 2 HP 3D Фильм технологиясын пайдалану
3D көзілдіріктерін қосу жəне өшіру
3D көзілдіріктерін пайдалану оңай:
●
3D көзілдіріктері автоматты түрде қосылады жəне өшіріледі. Қосу немесе өшіру қосқышы
жоқ.
●
3D мазмұны ойнатыла бастаған кезде, көзілдіріктер компьтерден шығатын инфрақызыл
сигналды анықтап, автоматты қосылады.
●
3D мазмұны ойнатыла бастағаннан кейін линзалар қарайып кетуі мүмкін, көзілдіріктер
қосылғанда кескін жыпылықтауы мүмкін.
●
Көзілдіріктерге орнатылған батарея шамамен 180 сағаттық 3D көруін тамашалауға
мүмкіндік береді. Батарея қуатын сақтау үшін, егер 5 секунді ішінде инфрақызыл сигнал
анықталмаса, көзілдіріктер күту күйіне өтеді.
Белсенді модуляторы бар HP 3D көзілдіріктерін пайдалану
11
3D Фильм технологиясын пайдалану
3D компьютерінің параметрлері орнатылғаннан кейін 3D мазмұнын дұрыс көре
алатындығыңызды тексеруге болады.
ЕСКЕРІМ:
Компьютердің 3D мазмұнын көру кезінде айнымалы қуат көзіне жалғандығына көз
жеткізіңіз.
ЕСКЕРІМ:
3D оптималды көру үшін, экран жарықтығын басқару элементтері 3D мазмұнын
көру кезінде жұмыс істемейді.
1.
Компьютер моделіне байланысты, 3D мазмұнына кіру үшін мына əдістердің біреуін
пайдайланыңыз:
●
Компьютердің жұмыс үстеліндегі 3D показ (3D көрсетілімі) белгішесін (тек таңдаулы
үлгілерде) екі рет басып, мəзірден 3D клипін таңдаңыз.
●
Blu-ray 3D фильмін (бөлек сатылады) дискілер салынатын ұясы бар компьютердің
оптикалық диск жетегіне салып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Дискіні ол орнына орнатылғанша оптикалық диск жетегіне салыңыз.
Дискіні шығару үшін пернетақтаның үстіңгі оң жағында орналасқан оптикалық дискіні
шығару пернесін басыңыз.
2.
3D көзілдірігін киіңіз. Егер қажет болса, жеткізілетін саптамаларды пайдалану арқылы
көзілдіріктерді реттеңіз.
3.
3D көзілдіріктері 3D мазмұны ойнатыла бастағаннан жəне инфрақызыл сигнал
анықталғаннан кейін автоматты қосылады. Көзілдіріктер қосылғаннан кейін линзалар
қарайып кетуі мүмкін немесе кескіннің жыпылықтауы мүмкін.
Егер 3D режимінде нақты сурет көрсетілсе, бұл параметрлерді орнату үрдісінің
аяқталғанын жəне 3D фильм мазмұнын көруге дайын екеніңізді білдіреді!
ЕСКЕРІМ:
Егер көзілдіріктер қосылғаннан кейін кескіннің жыпылыктауы жалғасса,
стереоскопиялық көруді оңтайландыру үшін жаңарту жиілігін реттеуге қажетіңіз болуы
мүмкін.
Жаңарту жиілігін реттеу 16-бетте
бөлімін қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Егер сіз 3D мазмұнын көре алмасаңыз, 3D көзілдіріктерін шешіп, 3D
Фильм технологиясын пайдалануды тоқтатыңыз. Егер стереоскопиялық 3D режимінде көру
кезінде физикалық проблеманы сезінсеңіз, 3D қауіпсіздігі туралы ақпарат бөлімін қараңыз
жəне дəрігерге барып көріңіз.
12
Бап 2 HP 3D Фильм технологиясын пайдалану
3D пішімдерін түсіну
Мына 3D пішімдері компьютерде жұмыс істейді:
●
Blu-ray 3D фильмдері
●
3D MPEG 4 MVC файлдары
ЕСКЕРІМ:
3D MPEG 4 MVC файлдарын ойнату үшін оларды мына орынға
орналастыруыңыз қажет: C:\user\public\Public Videos\HP 3D demo videos
ЕСКЕРІМ:
3D ойнату функциясы тек толық экранды режимде жұмыс істейді.
3D пішімдерін түсіну
13
HP MediaSmart пайдалану
Сіз MediaSmart бағдарламасын ашқанда, басқару тақтасында мына элеметтер көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ:
Терезе кішірейтілген кезде кейбір басқару элементтері көрінбеуі мүмкін.
Бөліктер
Сипаттама
(1)
Параметрлерді басқару
DVD жəне BD таңдаулы параметрлерін таңдап, параметрлерді реттеңіз.
(2)
Ойнатуды басқару
элементтері
Басқару элементтерін көрсету үшін компьютердің тінтуір көрсеткісін
жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Басқару элементтерінің көрінісі мен жұмысы ойнатылатын DVD
немесе BD түріне байланысты болады. Егер терезе кішірейтілген болса,
басқару элементтерінің бəрі көрінбеуі мүмкін.
●
Шығару: Дискіні шығару үшін басыңыз.
●
Жоғарғы деңгей мəзірі: DVD жоғарғы деңгей мəзірін көрсету үшін
басыңыз.
●
Таңбалауыш: Түймешікті басып, одан кейін бетбелгінің атын беру үшін
атын енгізіңіз.
●
Алдыңғы/кері айналдыру: Алдыңғы жолшыққа немесе тарауға қайту
үшір басыңыз. Егер алдыңғы тарау болмаса, мəзір беті көрсетіледі. 4 есе
жылдамырақ кері айналдыру үшін түймешікті басып ұстап тұрыңыз.
●
Ойнату/Тоқтата тұру: Таңдалған медианы ойнату немесе тоқтата тұру
үшін басыңыз.
●
Келесі/Алға айналдыру: Келесі жолшыққа немесе тарауға өту үшін
басыңыз. Егер келесі тарау болмаса, келесі бөлім көрсетіледі. 4 есе
жылдамырақ алға айналдыру үшін түймешікті басып ұстап тұрыңыз.
●
2D/3D: 2D жəне 3D режимдерінің арасында ауыстыру үшін басыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Бұл түймешік тек 3D фильмі ойнатылып отырғанда
көрсетіледі.
●
3D көрсетілімі: 3D клипін алдын ала қарау үшін басыңыз.
14
Бап 2 HP 3D Фильм технологиясын пайдалану
Достарыңызбен бөлісу: |