Өнім ескертпесі Бұл нұсқаулық көптеген модельдерге бірдей болатын мүмкіндіктерін сипаттайды. Кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде жұмыс істемеуі мүмкін. Бағдарламалық құрал терминдері


c. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3)



жүктеу 311,39 Kb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата14.12.2017
өлшемі311,39 Kb.
#4281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

c.

Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3)

төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.

11.

Жад модулі бөлімінің қақпағындағы ілгектерді (1) компьютердегі кетікке туралаңыз.



12.

Қақпақты (2) жабыңыз.



13.

Жад модулі бөлімінің бұрандаларын қатайтыңыз (3).



14.

Батареяны орнына салыңыз.



15.

Компьютердің оң жағын жоғарыға қаратып аударыңыз.



16.

Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.



17.

Компьютерді қосыңыз.

32

Бап 5   Күтім




Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту

НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде ең соңғы нұсқаларға дейін

жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін 

http://www.hp.com/support

торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін

тіркелу қажет.



Əдеттегі күтім

Дисплейді тазалау

ЕСКЕРТУ:

Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге суды, тазалауға арналған

сұйықтықтарды немесе химиялық заттарды қолданбаңыз.

Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы, талшықтарды қалдырмайтын

матамен жүйелі түрде тазалаңыз. Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала

суланған антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған антистатикалық

тазалағышты пайдаланыңыз.

Сенсорлы тақтаны жəне пернетақтаны тазалау

Сенсорлы тақтадағы кір жəне май көрсеткінің экранда жылжуына əкеліп соғуы мүмкін.

Көрсеткінің экранда тəртіпсіз жылжуына жол бермеу үшін сенсорлы тақтаны сулы матамен

тазалаңыз жəне компьютерді пайдаланған кезде қолдарыңызды жүйелі түрде жуыңыз.



АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Электр тогының соғуы немесе ішкі бөліктерге зиян келтіру қаупін азайту

үшін пернетақтаны тазалауға шаңсорғыш бөліктерін пайдаланбаңыз. Шаңсорғышпен

тазалағаннан кейін пернетақта бетінде шаң қалуы мүмкін.

Пернелердің жабысып қалуын болдырмау үшін пернетақтаны жəне шаң мен пернелердің

астында қалатын басқа да заттарды əрқашан тазалап отырыңыз. Пернелердің жаны мен

астында орналасқан шаңды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.

Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту

33



6

Сақтық көшірме жасау жəне қалпына

келтіру

Қалпына келтіру дискілері



Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру

Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау



Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме

бірдей нəтиже береді. НР компаниясы бағдарламаны орнатқаннан кейін дереу қалпына келтіру

дискісін жасауды ұсынады. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең

соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде

жасауды жалғастыру қажет.

Амалдық жүйенің құралдары жəне HP Recovery Manager бағдарламалық құралы

мəліметтеріңізді қорғау жəне компьютер ақаулығы орын алған жағдайда оларды қалпына

келтіру тапсырмаларын орындауға көмектесуге арналған:

Қалпына келтіру дискілерінің жиынын жасау (Recovery Manager бағдарламасының



мүмкіндігі) 

Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау



Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау 

Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру 



Бүкіл жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен немесе қалпына келтіру

дискілерінен)

ЕСКЕРІМ:

Қалпына келтіру дискілері, егер қалпына келтіру бөлімі компьютерде болмаса,

жеткізіледі. Бұл дискілерді амалдық жүйені жəне бағдарламалық құралдарды қалпына

келтіру үшін пайдаланыңыз. Қалпына келтіру бөлімінің бар екенін тексеру үшін Пуск

(Бастау) түймешігін басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып,

Управление (Басқару) пəрменін таңдаңыз, одан кейін Управление дисками (Дискілерді

басқару) тармағын нұқыңыз. Егер қалпына келтіру бөлімі бар болса, HP қалпына келтіру

дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.

Қалпына келтіру дискілері

НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда немесе компьютерді қалпына

келтіру бөлімінің құралдарын пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда

компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре алуға сенімді болуыңыз үшін қалпына келтіру

34

Бап 6   Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру




дискілерін жасауға кеңес береді. Бұл дискілерді компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін

жасаңыз.


Бұл дискілерді қолданғанда сақ болыңыз да, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бағдарламалық

құрал қалпына келтіру дискілерінің бір жинағын ғана жасауға мүмкіндік береді.

Нұсқаулар:

Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, BD-R (жазуға арналған Blu-ray) дискілері немесе CD-R



дискілерін сатып алыңыз. Ықшам дискілермен салыстырғанда, DVD жəне BD дискілерінің

жад сыйымдылығы жоғары. Ықшам дискілерді пайдалансаңыз, 20-ға жуық дискі қажет

болуы мүмкін, алайда тек бірнеше DVD немесе BD дискісі ғана қажет.

ЕСКЕРІМ:

CD-RW, DVD±RW дискілері сияқты жазуға жəне қайта жазуға арналған

дискілер, қос қабатты DVD±RW дискілері жəне BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray)

дискілері Recovery Manager бағдарламалық жасақтамасымен сыйымды емес.

Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне жалғанған болуы қажет.



Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады.

Əр дискіні оптикалық дискіенгізгіге енгізбес бұрын нөмірлеңіз.



Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан

шыға аласыз. Келесі рет Recovery Manager бағдарламасы ашылған кезде сізге дискілерді

жасау үрдісін жалғастыру ұсынылады.

Қалпына келтіру дискілерінің жинағын жасау үшін

1.

Пуск (Бастау)> Все программы (Барлық бағдарламалар)> Recovery Manager >

Создание диска восстановления (Қалпына келтіру дискісін жасау) тармақтарын

таңдаңыз.



2.

Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.



Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру

Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне

келтіруге мүмкіндік береді. Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискідегі арнайы

қалпына келтіру бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қалпына келтіру дискілерінен

жұмыс істейді. 

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз:

Бұрын сақтық көшірме жасалған файлдарды ғана қалпына келтіре аласыз. НР компаниясы



компьютеріңізді орнатқаннан кейін қалпына келтіру дискілерінің жиынын (бүкіл дискінің

сақтық көшірмесін) жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламасын пайдалануды

ұсынады.

Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу мүмкіндіктері бар. Егер бұл



мүмкіндіктерді əлі сынап көрмесеңіз, Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын

оларды сынап көріңіз.

Recovery Manager құралы зауытта алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдарды



ғана қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық

құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен

дискіден қайта орнату қажет.

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру

35



жүктеу 311,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау