6. Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар объект мамандарымен бірге дайындалады және техника қауіпсіздігі бойынша жауаптылардың міндеттері көрсетілетін вкладыштары бар жедел жоспарда көрсетілуі керек. Ғимарат жоспарында температуралық әсерден қорғау қажет конструкциялардың құлауы мүмкін аймақтар белгіленуі керек.
Өрт сөндіруге қатыстырылатын қарауыл жеке құрамымен жыл сайын өрт-тактикалық сабақтар өткізілуі кезінде техника қауіпсіздігі сұрақтары қарастырылуы керек.
Өртке қарсы қызмет бөлімдерінің техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінде көрсетілген талаптардан басқа ӨСБ техника қауіпсіздгі үшін жауапты тұлғалар арқылы қатты түтінденген және температурасы жоғары, жылулық радиациясы жоғары аймақтарда жұмыс жасайтын адамдарды қорғау бойынша шаралар қабылдауы қажет. Жеке құрам жылдам түтін люктерін ашуға дайындалған болуы керек.
Конструкциялардың, сөрелердің құлау қауіпі кезінде жеке құрамды қауіпті аймақтан көшіруге уақытында шаралар қабылдау керек.
Қоғамдық ғимараттарда өртті сәтті сөндіруді қамтамасыз ету үшін, гарнизондарда бірқатар дайындық шаралар жүргізу қажет. Бұл шаралар автоматты өртке қарсы қорғаныс жүйелерімен өртті табу және жою мүмкіндігін, күш пен құралдардың сөндіруде қажетті тез ойластыру, сонымен бірге өрт бөлімдері жеке құрамын тактикалық қамтиды.
Өртке бөлім келуі бойынша жеке құрамға барлау жүргізу кезінде, жауынгерлік қанат жаю және өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігін сақтау туралы ескерту қажет. Барлау тобы кем дегенде 3 адамнан тұру керек, және дайындалған адам басқаруы қажет – командир.
Түтінденген ортада және улы заттар сақталатын қоймаларда барлауды жүргізу кезінде барлауды ГТҚҚ буыны үш адам құрамында жүргізу қажет.
ГТҚҚ жеке құрамы құтқару және өзін-өзі құтқару құралдарымен, жарықтандыру және байланыс приборларымен, конструкцияны ашу құралдарымен және сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек. Барлауды жүргізушілер ӨСБ-мен, жедел штабымен тұрақты байланыста болып барлау қорытындысын баяндап отыруы керек. ӨСБ газ-түтіннен қорғаушылардың резервін құруға, оқшаулағыш противогаздарда жұмыс жасаушылар жеке құрамын уақытында ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті. Жеке құрам жанып жатқан бөлме есіктерін байқап ашуға міндетті, есік жақтауларын оттың мүмкін лапылдауынан немесе қыздырылған газдан қорғану үшін пайдалану керек. Терезе қуыстарымен капиталды қабырға бойымен қозғалып құрылыс конструкцияларының құлау мүмкіндігінен қорғану шараларын сақтау керек. Қол өрт сатыларын пайдаланған кезде оларды түтіндену аймағында, өрттің дамуы кезінде жану аймағында қалып қоймайтындай етіп орнату керек.
Өрт сөндіру кезінде суды шашыранды жолымен беріп жоғары температураны төмендету шараларын қолдану қажет. Судың босқа шығындалуы болмас үшін жабылатын оқпандар қолдануы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |