Қонақ үйі ереже бойынша, типті жоба бойынша 1-2 өрт төзімділік дәрежесінен төмен емес жеке көкалды аймақта тұрғызады. Кейде өзара жабық өткелдермен және галереялармен қосады



жүктеу 0,54 Mb.
бет5/32
Дата12.06.2023
өлшемі0,54 Mb.
#42965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
nayrizov

Өрт ауыртпалығы еден бетінің бірлігіне қатысты жылу мөлшері түрінде түсіндіріледі, ол өрт кезінде бөлме немесе ғимарат ішінде бөлінеді.
Өрт ауыртпалығын Р, МДж/м2, тұрақты және уақытша өрт ауыртпалықтарының қосындысы түрінде анықтайды. Тұрақты өрт ауыртпалығына құрылыс конструкцияларындағы жануға қабілетті заттар мен материалдар жатады. Уақытша өрт ауыртпалығына өндірістердегі заттар мен материалдар жатады, соның ішінде жануға қабілетті технологиялық және санитарлы-техникалық қондырғылар, оқшаулағыш, шығынды қоймалардағы материалдар, жиһаз және т.б.
Өрт ауыртпалығын және есептелген өрт ауыртпалығын сол сияқты кг/м2 анықтауға жіберіледі. Онда, объектінің өрт ауыртпалығы 1 м2 ауданға немесе бөлме еденінің ауданына келетін барлық жанғыш және қиын жанатын материалдар массасымен түсіндіріледі.
Есептелген өрт ауыртпалығы өрт ұзақтылығын сипаттайды (ауыртпалық үлкен болған сайын, өрт соғұрлым ұзақ).
Жану жылдамдығы жану кезінде уақыт бірлігінде материал массасының жоғалтуымен түсіндіріледі. Термиялық ыдырау процесі заттар мен материалдар массасының төмендеуімен жүреді, есептеуде ол уақыт және аудан бірлігінде массалы жану жылдамдығы кг/(м2*с) тәрізді болады және мына қатынаспен анықталады
Жанудың массалы жылдамдығы заттың немесе материалдың агрегаттық күйіне, бастапқы температурасына және басқа да жағдайларына тәуелді. Жанғыш және жеңіл тұтанғыш сұйықтықтардың массалы жану жылдамдығы олардың булану қарқындылығымен анықталады. Қатты заттардың массалы жану жылдамдығы жанғыш түріне, өлшеміне, бос беттік шамасына; өрт температурасына және газалмасу қарқындылығына тәуелді. Массалы жану жылдамдығына қоршаған ортадағы оттегі концентрациясы өз әсерін тигізеді.
Жалынның сызықты таралу жылдамдығы (өрттің) берілген бағытта уақыт бірлігінде жалын майданының қозғалысымен сипатталады. Ол жанғыш заттар мен материалдар түрі және табиғатына, бастапқы температураға, жанғыштың тұтануға қабілеттілігіне, заттар мен материалдар бетіндегі жылулық ағын тығыздығына тәуелді.
Бұл, өз кезегінде, сөндіру параметрлерінде және қажетті от сөндіргіш заттарды беруді, сөндіру уақытын, сол сияқты өртті жоюға қажетті жалпы күштер мен құралдар санын керек етпейді.
Қоршаулардағы өрт температурасы бөлмедегі газды ортаның орта көлемді тнмпературасымен түсіндіріледі, ашық кеңістіктердегі өрт температурасы – жалын температурасымен. Қоршаулардағы өрт температурасы, ереже бойынша, ашық кеңістіктегіге қарағанда төмен болады.
Жану процесін сипаттайтын ең басты параметрлердің бірі өрт кезінде жылу бөлудің қарқындылығы болып табылады. Бұл шама өрт кезінде бөлінетін жылу мәніндегі уақыт бірлігіне тең. Ол заттар мен материалдардың жану жылдамдығымен және жылу құрамымен анықталады. Жылу бөлу қарқындылығына оттегі құрамы және орта температурасы әсер етеді, ал оттегі құрамы қоршаулардағы өрттер кезінде бөлмеге ауа қарқындылығының енуіне және ашық кеңістіктердегі өрттер кезінде жалынды жану аймағына ауаның өтуіне байланысты. Ауа ағынымен реттелетін өрттер кезінде, жылу бөліну қарқындылығы келетін ауа шығынына пропорционал:
Егер өртте жану ауа ағынымен шектелмесе, жылу бөліну қарқындылығы жалынмен қамтылған материал бетінің ауданына байланысты. Жалынмен қамтылған заттар мен материалдар бетінің ауданы өрт барысында тұрақты шама болып қала беруі (мысалы, сұйықтықтың резервуарда жануы, құлатылу және т.б.) немесе өзгеруі мүмкін (мысалы оттың жиһаз және басқа жанғыш материалдар бетімен таралуы). Өрттегі жылу бөліну қарқындылығы газ алмасуға байланысты және мына формула бойынша анықталады:
Өрт кезінде газ тәрізді, сұйық және қатты заттар бөлінеді. Оларды жану өнімдері деп атайды, яғни жану нәтижесінде түзілген заттар. Олар газды ортада таралады және түтіндену құрады.
Түтін – бұл газ, бу және қатты бөлшектерден тұратын ауаның және жану өнімдерінің дисперсті жүйесі. Бөлінген түтін көлемі, оның тығыздығы және улылығы жанғыш материал қасиеті мен жану процесінің өту жағдайына байланысты.
Бөлме көлемінен басқа, осы формулаға кіретін барлық шамалар уақыт аралығында өзгереді. Сондықтан да практикалық есептеулер үшін, берілген мәндерді дифференциалды түрде жазып алу қажет. Онда бөлмедегі түтін концентрациясына сүйене отырып, өрт анализі немесе белгілі бір объектінің жедел құжаттарын өңдеу кезінде жеңілдік береді.
Түтін концентрациясы – бұл бөлме көлеміндегі жану өнімдерінің мөлшері. Оны зат мөлшерімен сипаттауға болады г/м3, г/л немесе көлем үлесінде.
Түтін тығыздығынан көру қабілеттілігі экспериментальды жолмен дәлелденген, мысалы, егер заттар 3м арақашықтықта 21 Вт топтық шамның жарықтандырылуымен көрінсе (көміртегінің қатты бөлшектері 1,5 г/м3)– түтін оптикалық тығыз; 6 м дейін (0,6–1,5 г/м3 көміртегінің қатты бөлшектері) – түтін орта оптикалық тығыз; 12 м дейін (0,1–0,6 г/м3 көміртегінің қатты бөлшектері) – түтін оптикалық әлсіз.
Өрттегі газ алмасу – бұл жану кезінде жылу бөлінумен шақыртылған газ тәрізді массалардың қозғалысы. Газдар қызған кезде, олардың тығыздығы төмендейді, және олар суық атмосфералық ауаның тығыз қабаттарымен шығарылады және жоғарыға көтеріледі. Жалын факелының негізінде жану аймағына ауа ағынының енуіне қабілетті сирету пайда болады, ал жалын факелының үстінде – артық қысым. Ашық кеңістіктерде және үлкен емес ауданды бөлмелерде газ алмасу аэродинамика заңы негізінде өткізіледі, және газ алмасу процесін қарастыру арнайы білімдерді қажет етеді.
Бөлме ішіндегі өрт кезінде, газ алмасу процессі термодинамикалық параметрлер көлемінде (Рτ, r, Тτ – қысым, тығыздық, температура) табиғи газ алмасу заңының негізінде базаланады.
Бөлмедегі газ алмасу процесіне бөлме биіктігі, ойықтардың геометриялық өлшемдері, жел бағыты мен жылдамдығы көп әсер етеді.
Өртте газ алмасу процесі бөлмелерде, сонымен қатар ғимараттарда да түтінденуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Өртте газ ағындарын басқару бойынша ұйымдастыру жұмыстары ғимараттар мен қос бөлмелерде түтінденуді тоқтатуға қабілетті, ол өртті жою және тоқтату жұмыстарын жеңілдетеді.
Өртте болатын ең басты процесстердің бірі жылу алмасу болып табылады. Жану кезіндегі бөлінетін жылу, біріншіден, өрттегі жағдайды қиындатады, екіншіден, өрттің даму себептерінің бірі болып табылады. Бұдан басқа, жану өнімдерінің қызуы, газ ағындарының қозғалысын тудырады (жану аймағының жанында орналасқан бөлмелер мен территориялар).
Жанудың жалғасуы үшін жылудың белгісіз бөлігі қажет етіледі. Бөлінетін жылудың барлығы 3 % дейін сәулелену жолымен жанып жатқан заттарға және булануға беріледі. Бұл жылу мөлшерін өрт кезіндегі жануды тоқтатудың әдістері мен тәсілдерін тоқтату және сөндірудің нормативты параметрлерін анықтау кезінде қолданады.
Сыртқы ортаға берілетін жылу өрттің таралуына жағдай жасайды, температураның жоғарылауын, конструкциялардың деформациясын тудыртады және т.с.с.
Өрттерде жылудың көп бөлігі конвекциямен беріледі. Осылайша, бұл әдіспен резервуарда бензиннің жануы кезінде жылудың 57–62 % беріледі, ал орман штабельдері жанғанда 60–70 %.
Әлсіз жел кезінде жылудың көп бөлігі атмосфераның жоғарғы қабаттарына беріледі. Қатты жел кезінде жағдай қиындай түседі, өйткені қызған газдар ағыны көлденең таралады.
Ішкі өрттер кезінде (яғни қоршаулардағы өрттер) сыртқы өрттерге қарағанда жылудың көп бөлігі конвекциямен беріледі. Ғимараттар ішіндегі өрттер кезінде жану өнімдері корридорлар, саты торлары, лифт шахталары, вентканалдар бойымен қозғала отырып, жылуды кездескен конструкциялар мен материалдарға береді. Мынаны ескеру қажет, конвекционды ағыстар жылдамдығы мен жану өнімдерінің қызу температурасы жоғары болған сайын, жылу қоршаған ортаға соғұрлым көп беріледі.
Жылудың сәулеленумен берілуі сыртқы өрттер үшін тән. Жалын беті үлкен болған сайын, оның қаралық дәрежесі соғұрлым төмен, жану температурасы жоғары болған сайын, жылу соғұрлым көп беріледі. Қуатты сәулелену газмұнай фонтандары, резервуарларда ЖТС және ЖС, орман штабельдерінің жануы кезінде байқалады. Бұл жағдайда жылудың 30-дан 40 % - дейін үлкен арақашықтарда беріледі.
Қоршаулардағы өрттер кезінде сәулелену қимылы жанып жатқан бөлмелердегі құрылыс конструкциялары және жылу экраны тәрізді түтіндеумен шектеледі. Жану аймағынан алыстатылған участоктарда сәулеленудің жылулық әсері өрттегі жағдайға әсер етпейді. Бірақ, жану аймағына жақын болған сайын, оның жылулық әсері қауіптірек болады.
Практика көрсеткендей, 80–100 °С тең құрғақ және 50–60 °С ылғал ауа температурасы кезінде, адам арнайы жылу қорғағышсыз тек саналған минуттар аралығында жүре алады. Ең жоғарғы температура және бұл аймақта ұзақ уақыт бойы болу, жылулық соққыға, естен тануға және өлімге душар етеді.
Түсетін жылулық ағын жалын факелы мен объект арасындағы қашықтыққа тәуелді. Бұл параметрмен сәулеленуші объект үшін қауіпсіз жағдай байланысты.
Кейбір материалдар үшін жіберілетін жылулық ағын тығыздығы мен температурасы анықтамалық әдебиеттерде көрсетілген. Мысалы, адам үшін сәулеленудің шекті қарқындылығы 1050 Вт/м; адамның қорғалмаған дене бөлігінің қызу температурасы 40 °С аспауы тиіс. Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі үшін 7500 Вт/м және 393 °С тең.
Бөлмедегі өрттер кезіндегі жанғыш газдар, жалын факелы және қорғағыш конструкциялардың жылу алмасу процесі бір мезгілде жылулық сәулелену, конвекция және жылу өткізгіштікпен жүзеге асырылады.
Ішкі өрттерде сәулеленумен берілетін жылу бағыты конвекцияның жылу беруімен сәйкес келмейді, сондықтан да бөлмеде қорғағыш конструкциялардың беттік аймақтарына ғана әсер ететін аймақтар болуы мүмкін.
Жану аймағы деп, жалынның диффузионды факелінде термиялық ыдырау процесстері немесе жанғыш заттар мен материалдар (қатты, сұйық, газ, бу) булануы өтетін кеңістікті айтады. Жану жалынды (гомогенді) және жалынсыз (гетерогенді) болуы мүмкін. Жалынды жану кезінде жану аймақтарының шектері жанғыш материал беті және жалынның жұқа қабаты болып табылады, жалынсыз – жанғыш заттың қызған беттігі.
Жалынсыз жанудың мысалы ретінде кокстың, ағаш көмірінің жануы, талшықтардың, торфтың бықсуы бола алады.
Жалынды жану аймақтарының шегі сызба түрінде сур. 1.4 (а. б. в) көрсетілген.

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау