12. Оқу тәртібі
12.1. Жеке оқу жоспары негізінде оқу сабақтарының кестесі жасалады, ол кестені академиялық кезең басталғанға дейін 5 күн ішінде оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор бекітеді.
12.2. Аудиториялық сабақ кестесі байланыс сағаттары бойынша жасалады. Сабақтың бастауы сағат 9.00-де.
12.3. Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өз бетіндік жұмыстары (СӨДЖ) графикке сәйкес аудиториялық сабақтар және оқытушылар білім алушымен жеке, келісілген график бойынша жүргізетін сабақтар түрінде, сағатын көрсете отырып енгізіледі. Сабақ кестесіне аудиториялық сағаттар (байланыс сағаттары) және СӨДЖ графигі қойылады.
12.4 Академиялық сабақ (пара) ұзақтығы 50 минутпен анықталады. Оқытушылар мен студенттерге сабақтың басталғанын қоңырау үнімен хабарлайды. 4 сағаттық сабақтан кейін 15-20 минут түскі үзіліс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |