Пікірталас əдісі жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, оның əлеуметтік белсенділігінің артуына
ықпалын тигізеді. Оның себебі пікірталаста алынған тақырыпқа дайындық барысында оқушылар мен
студенттер талқыланатын мəселелерге қатысты зеттеу жүргізіп, көптеген ақпаратпен таныса алады. Бұл
өз ретінде олардың өзіндік пікірлерін қалыптастыруға, өз ойларын қарсыластарының көзқарастарымен
салыстыра отырып, ойын барысында қорғауға үйренеді. Пікірталас жастардың жан-жақты білімдерін
жетілдіріп, мəдениет деңгейлерін көтереді. Басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олармен санасуға
үйретеді, əрі шешендік өнерге баулиды.
Пікірталасты ұйымдастыру əрі құрылымды жағынан өте күрделі болып келеді. Оқытудың басқа
əдістерінен мұның ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес, керісінше қаралып
отырған мəселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып
пікіралмасуы, дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді. Соның негізінде оларды сөйлей
білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дəлелдей білуге, жолдастарының пікіріне сын көзбен қарай білуге
үйретеді. Пікірталасты ұйымдастырудың барысында оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сенімдері
артады, өмірлік көзқарастары шыңдалады.
Ол əдіс арнайы алдын-ала дайындалған оқу бағдарламасындағы теориялық сұрақтарды еркін əңгіме
ету, эвристикалық əңгімеден туындап, “жағалауға шыққан” пікірталасқа айналады.
Ендеше бізде, пікірталас технология тұрғысынан қалай сипатталады деген сұрақ туындайды?
Біріншіден, пікірталас – пікір аласу кезінде туындайтын əртүрлі ойлардың арасында қызу күрес
жүретін сөз-əрекеттік диалогтық формасы. Мұнда əңгімелесу кезіндегідей ой алмасу қарқынды түрде
еес, əртүрлі темпте өтілуі мүмкін. Бұл əдістің басты ерекшелігі – пікірталасқа түсіп жатқан адамдардың
ой-пікірлері қайдан алынғаны белгісіз емес, нақты жəне дəлелденген болып келеді.
Екіншіден, психологияда ой-пікірлердің тоғысып, олардан пікірталас жаңа бір нəрсе шығарып, кейін
ол да тіптен, өзгеше, дара, айтысатындай ой туындайтыны қызықты. Бұл жердегі пікірталас пен
ойлаудың арасындағы себеп-салдарлық өзара қатынасты Л.С.Выготский зерттеген.
Əдетте, ой қорытындысынан шешім шығарылып, сондықтан да ойдың алуандығы пікірталас туғызса,
ал бұл жағдайда керісінше: пікірталас жаңа ой тудырып, ойлау процесін белсендетеді.
Иновациялық білім беру əдістемелерінің ішінде пікір сайыс технологясы тиімді құралдардың бірі. Бұл
бағдарлама Қазақстанға 1996 жылы “Сорос” қорының Карл Поппер форматы бойынша өткізген бастапқы
семинарларының арқасында келген. Аталған бағдарламаның əдістемесі қазақстандық ұстаздардың
тарапынан жай қабылданып қана қоймай, сонымен қатар өзінің шығармашылық жалғасын да тапты.
Бағдарламаны ілгері дамыту жəне оның ауқымын кеңейту мақсатында 1998 жылы “Ұлттық Пікір Сайыс
Орталығы” Қоғамдық Қоры құрылған.
Бүгінде “Пікір сайыс” бағдарламасы оқытудың басқа иновациялық əдістемелерімен қатар қанатын кең
жайып, Қазақстанның əрбір обылысын қамтыды.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік рухани азаматтық жəне
басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып оқыту-тəрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі таңда, білім жүйесінде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Пікір сайыста оқушы мұғалімнің
түсіндіргенін ғана меңгеріп қана қоймай, мұғалімман тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл
атқарушы емес жетекші позицияны ұстады. Ол əлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, ал
білімді ол əртүрлі жерден табуы мүмкін шешімдеріде əр оқушыда сан түрлі болады. Тапқан шешімін нақты
ақиқат деп қабылдамай ізденісті əрмен қарай жалғастырады. Пікір сайыс шығармашылық тұлғаның дамуына
үлесін қосқаннан басқа, бүкіл іс-əрекетті білімге негізделген тұлға тəрбиелейді.
Пікір сайыс оқыту мен тəрбие үрдісіне маңызды өзіндік рөл атқарады . “Цивилизацияның аса маңызды
міндеті – адамды ойлай білуге үйрету” – деп Эдиссон атап көрсеткендей, пікір сайыс оқушылардың
өздігінен қалыптасқан логикалық интуициясының тереңдей түсуіне, дəйекті жəне дəлелді ойлау мен
пайымдау дағдыларын қалыптастыруға көмектееседі.
Бірін-бірі танып, ойындарда бір-бірімен сұхбаттасып , ал қалалық турнирлерге қатысқанда, бірлесіп
дайындық өткізу барысында, сабақ арасында да, сабақтан тыс уақытта кітапханаға бару, ортақ мақсат
оларды достастырады. Бос уақыттарында олар кездесіп, ой бөлісіп, бір-біріне қол ұшын береді.
Қорыта келе, пікір сайыс ұлттық ерекшелігімізге сай келетін бірден-бір жаңа педагогикалық
технология, оны үш түрлі бағытта пайдалануға болады:
1. Оқу үрдісінде.
2. Тəрбие сағаттарында
3. Сыныптан тыс уақытта, дебат клубында.
Пікір сайысты оқу үрдісінде қолданудың пайдасы өте жоғары,
өйткені:
- Пікір сайыс – философиялық, психологиялық, саяси лингвистикалық ғылым.
-
Ол жаңа оқыту, дамыту технологиясы.
Интелектуалдық тұрғыда нені талап етеді?
-
жоғары интеллектуалдық мүмкіндіктер;
-
қызығушылық, ынта;
-
білім қоры;
-
оқушы - өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбенқарайды;
-
ойлануға, зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, дəлелдеуге үйренеді;
-
ашық, əсерлі, нақты сөйлейді;
-
логикалы, жүйелі ойлауға, ой қорытындысын жасай алады;
-
достық, ұстамдық, пікір сыйлау, құрметпен қарауға дағдыланады;
-
шешендік дағдысы жетіледі;
-
белсенділік, инициатившілдік дамиды.
“Пікірталас бəсекесі – үйренуге, үйретуге тұрарлық өнер. Өйткені, оқушының өз бетімен ізденіп, білім
алуын жəне шығармашылық белсенділігін арттыруын көздейді. Саяси сауатты, еркін көзқарасы бар,
демократиялы қарым - қатынасқа қалыптасқан қоғамдағы тұлға өсіп жетіледі.Сондықтан да пікірталастың
интерактивті оқыту технолгияларының ішіндегі ең тиімдісі деп танылуы бекер емес”. [3;27]
“Миға шабуыл”, “ойға шабуыл” (мозговая атака) немесе “миға батыл əрекет” (мозговой штурм)
əдісі мен термині ең алғашында Сократтық эвристикалық Диалогты негізге ала отырып жасалынған.
1983 жылы ірі жарнамалық компания иегері Алекс Ф.Осборн өзінің фирмасында кейін қызметкерлерімен
“миға шабул” деп атап кеткен əдісті тəжірибеленген. Миға шабуыл кезінде кез-келген идеялар тыңдалына
беріп айтылған ойда ешкімге, сынап, келеке еткізілмеген. Айтылған пікірлердің барлығы қағазға жазылып,
келесі жиналыста талқыланған.
Фирма жетекшілерін миға шабуылдың жемесі керемет идеялардың көптеп пайда болуы бірден
таңырқатқан. Əдістің сəттілігі соншалық, ол 50 жылдарда барлық Американдық корпорациялардың басты
қаруы бола бастаған.
Тікелей “миға шабуылдау” ұжымдық тапсырмаларды шешуде идеяларды өңдеу əдісі болып табылады.
Бұл əдістің мақсаты – шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қалыпты ойлау инерциясынан
айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа идеяларды тудыру.
Бұл əдістің негізгі принципі мен ережесі – қатысушылармен ұсынылған идеяларды сынау, қақпалау жəне
мысқылдауға мүлдем тыйым салынады. Əдіс нəтежиесінің сəттілігі пікірталастың жүргізушісіне тікелей
байланысты болып келеді.
Əдіс ұзақтығы əдетте 15 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін. Идеяларды таңдау арнайы адамдармен,
2 кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде жалпы ұсынылған идеялар арасынан ең рационалды идеялар таңдап
алынса, екіншісінде солардың ішінен шығармашылық тапсырмалар мақсатын қанағаттандыратын ең
оптималды нұсқасы таңдалынады.
“Дөңгелек үстел” əдісі саясат жəне ғылым жағынан педагогикалық келген əдіс. Əдетте, “дөңгелек үстел”
саясат пен ғылымның əртүрлі саласының өкілдерімен белгілі бір проблеманы талқылап, шешу үшін
ұйымдастырылады. Бұл əдісте пікіралмасу белгілі бір пікірлердің сəйкес келуіне мүмкіндік береді, ал ол
болашақ жұмыстануда жалпы қорытындыны анықтаудың қызметін атқарады, содан келіп қоғамымыздағы
саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге немесе ғылыми ақиқатты табуға болады.
“Дөңгелек үстел - өз ойын еркін айта білу. Жүргізуші нақты мəселе жөнінде жоспар жасайды. Мақсаты:
таңдап алынған тақырыпты талдауға қатысушылардың көңілін аудара білу”.[4;20]
Қысқаша айтсам, психолгияны оқытуда “дөңгелек үстел” əдісі əртүрлі формалы болады. Егер ең маңызды
шартты ескерсе жəне оны мүлтіксіз орындаса, міндетті түрде жан-жақты саналы түрде сезінсек, теориялық
проблемаларды шешуде əртүрлі аспектілі позиция мен көзқарасты сараманда жүзеге асырылады. Егер
мұндай қажеттілік болып, я, болмаса жəне ол барлық жағынан саналы түрде қаралмаса, онда "дөңгелек
үстел" əдісі əдеттегі, əрбіреу тек өзіндік ойын білдіріп, консенсус туындатпайтын жай ғана жиын болып
есептеледі.
“Іскерік ойын” əдісі. Бұл əдіс өзінің жоғары дəрежелі біргіп жұмыстануда оқушылардың индивидуалдық
үйлесімділігімен ерекшеленеді.
Ресей психологтары: “”Ойын – бұл шартты жағдайларда ғылым жəне мəдениет заттарымен əлеуметтік
бекітілген əдістерде қоғамдық тəжірбиені қайта жаңғыртып, меңгеруді жүзеге асыратын формасы”,-дейді.
Іскерлік ойын əдісі ең алғашында білім беру жүйесінде емес, тəжірибелік басқару саласында алыптасқан.
Бүгін де іскерлік ойын əдісі тəжірибенің əртүрлі аймақтарында: зеттеу жұмыстарында, жобалық өңдеу
процесінде, шынайы өндірістік жағдаяттарда ұжымдық шешім шығаруда, сонымен қатар əскери салада
қолданылады. Айта кетсек, іскерлік ойынның болашақ үлгісіне негіз болған, ұрыстың шарты мен
əрекеттерін суреттейтін əскери ойындардың жағдаяттардан тұратын əскерлерді ұрысқа дайындау
мақсатымен құрылған ерте заманна келе жатқан “əскери ойындар” екен.
Бұл əдіс негізінен еліктеу, сипаттау, көрсету, образға кірудің көмегі арқылы оқушылардың бойына
басқарушылықтың шеберлігін қалыптастыруда үлкен үлесін қосады.
№14 дəріс тақырыбы: Ақпараттық оқыту технологиясы
1. Компьютер – оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы Витагенді оқытудың теориялық
негіздері
2. Мəліметтер қоры
Бүгінгі күні оқытудың ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуінде. Оқыту үрдісін
ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты борлып табылады. Ал барлық арнайы