Венн диаграммасы
Екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.
Сын есім Сан есім
ББҮ кестесі
Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.
Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.
Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
«Ирек» стратегиясы.
Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.
Достарыңызбен бөлісу: |