Оқыту түрі: күндізгі


Газ заңдарын үйрену әдістемесі



жүктеу 6,11 Mb.
бет28/42
Дата13.02.2018
өлшемі6,11 Mb.
#9485
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Газ заңдарын үйрену әдістемесі.

1. Газ заңдар индуктивтік үйрену әдістері және дедуктивтік тәсілдермен үйреніледі. Газ заңдарының тізбектілігі түрліше болуы мүмкін, бірақ барлық кездегідей Бойль – Мариотт заңынан басталады, себебі ол тарихта бірінші ашылған.

Газ заңдарын үйренудің бірыңғай режесін келтіру мүмкін.


  • процесті анықтау;

  • процестің жүру шарты;

  • заңның формуласы және оны келтіру;

  • заңның әділеттілігін эксперименттік зерттеу;

  • бекітілген тәуелділікті молекуляр – кинетикалық негіздеу;

  • заңның қолдану шекаралары.

Бойль – мариотт заңын үйренуде экспериментті баяу өткізу керек, мұнда Т = const P,V,V,T және P,T графиктері көріледі. V – артқан сайын n – кемиді соған сәйкес Р да кемиді. Шарль заңында V = const Т0-дегі Р0 – еске сақтай отырып үйрену керек, Клапейрон – Менделеев теңдеуін үйренуде жоғарыда айтылған заңдарға сәйкес Шарль заңын былайша жазамыз.

Термодинамиканы үйрену әдістемесі.

Түрлі энергия формолары бар, олардың әрбірі материяның анық бір қозғалысына тән, мысалы, механикалық қозғалысқа механикалық энергия, электр зарядтарының қозғалысына электр және магнит өрістерінің энергиясы, жылулық қозғалысымен ішкі энергия және т.с.с.

Термодинамикадағы ішкі энергия деп- оның тек ішкі күйімен анықталатын энергияға айтылады. Ішкі энергия дене күйінің біржақтамалық функциясы болып ол P,V,T анықталады. Бір күйде тек бір ғана өзінің ішкі энергиясы болады.

Қазіргі күндегі физикада ішкі энергия деп- молекуланың тәртіпсіз және өзара әсріндегі энергияларының және молекуланы құраушы бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен бөлшектер арасындағы өз ара әсер энергияларының жиындысына айтылады.

Термодинамиканың бірінші заңы энергияның сақталу заңы принципі негізінде түсіндіріледі. Бұл заң XIX ғасырдағы 3 үлкен ашылған жаңалықтардың бірі.

Егер жүйе консерватив болмаса, онда механикалық энергияның бір бөлігі ішкі энергияға түрленеді, ал жүйенің толық энергиясы сақталып қалынады.



Температура ұғымының қалыптасуы.

Температура ұғымы тек физикадағы ғана болмай жаратылыстанудағы фундаменталь ұғым болып табылады. Ол өте күрделі және физикалық құбылыстарды ашық айдын көрсетеді. Ол күйдің макроскопиялық параметрі болып тек молекуляр-кинетикалық теория арқылы ғана ашылады. Статистикалық заңдылықтар арқылы тепе-теңдік түрлерінің ерекшесі, ал термодинамикалық күйдің тепе-теңдігі барлығы температура ұғымыны ендірілді.

Көне заманнан температура ұғымын түсінуге әрекет қылғанмен, XVIII ғ. Дейін бұл ұғымның тек сандық қатнасы ғана орнатылған. Температураның тарихи ұғымы сезгірліктен келіп шықты.

Термометрлердің енгізілуі ғылым үшін үлкен мәнге ие болды. Себебі, жылулық құбылыстарды сандық түрде үйрену мүмкіндіктерін туғызды, температура ұғымы пайда болды.

Температура ұғымының қалыптасу этаптары.

Оқушылар бірінші рет температура ұғымы туралы жаратылыстану курсынан алады. Мұнда термометрлерді түзілісі және істеу принциптері үйреніледі де температураны амалда өлшейді.

Физиканың базалық курсында температура туралы сапалы деңгейде оның денені құрап тұрған молекулаларының қозғалысына сай кинетикалық энергиямен байланысты екендігіне көз жеткізеді. Цельсий шкаласының құрылуы принциптерін үйренеді. Соң зертханалық жұмыстарда температураны өлшеуді біле бастайды.

Жоғарғы сыныптарда температура ұғымы жайлап үйреніледі, бірінші сапалы деңгейді, соң идеал газдың теориялық негіздерін үйрене отырып ол білімді температураны өлшеуге қолдайды.



Температура физикалық шама болып ол жүйенің барлық бөліктеріндегі жылулық тепе-теңдігін сипаттайды. Тепе-теңдіктегі күйде тұрған жүйенің барлық нүктелеріндегі температура бірдей болады.

Соң температураның статистикалық мәнін ашады, тепе-теңдіктегі күйде дененің барлық молекулалары үшін бірдей, яғни температура- жүйедегі молекулалардың тәртіпсіз қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі.

Мектеп физика курсындағы Электродинамика” бөлімі.

“Электродинамика” мектеп физика курсындағы күрделі бөлімдердің бірі болып мұнда электр және магниттік құбылыстарды, электромагниттік тербелістер мен толқындар олардың түрі және таралу жылдамдықтары ( радиобайланыс, телефондар ) және олардың қасиеттері туралы ұғымға ие болады.

Бұл таруды оқып үйренгенде оқушылар Ленц, А.С.Попов, П.Н.Лебедев, Д.М.Мандельштам, А.Ф.Иоффе,Фарадей, Ампер, Лоренц, Кулон және т.с.с. ғалымдардың еңбектеріне үлкен көңіл беруі керек.

Тарау бойынша есептер шешуді оның мәндерін талдауды біле отырып өздерінің шығармашылық қабілеттерін асырулары шарт.

Мектеп электродинамика курсы өзінің абстрактігі және оқу материалының күрделілігімен айырылып тұрады, оны оқытуда көрнекіліктерге көңіл бөлу керек: физикалық эксперимент, модельдік келтірулер және аналогия, ЭЕМ-дағы модельдерді қоса, экрандық қолданба, схемалар, кестелер және т.б.

Мектеп курсында үйренілетін “Электродинамика” бөлімінің негізгі ұғымдарын ғылыми әдістемелік талдау.

Токтар, кернеулер, электр тізбектері т.б. туындылар олардың негізінде электр заряды жатады. Олар оң және теріс болып оң таңбалысы –протон, позитрон, ал теріс таңбалыларға электрон жатады. Зарядтың сандық анықтамасы денелермен өзара әсер күшімен белгіленеді.

Электр заряды абсалют (инвариант) ол санақ жүйесінің таңдауымен байланысты емес, атом ядросындағы электрондардың қозғалыс жылдамдығына тәуелді емес, соның үшін түрлі химиялық реакцияларда электр заряды пайда болмайды. Мұнда негізгі ролді электрон белгілейді.

Электр зарядтың дискреттілігін Иоффе-Милликен тәжірибесі көрсетті.



Электродинамиканы макроскопиялық, микроскопиялық және квантты электродинамикаға ажыратады. Орта мектепте оның 1-ші бөлімі үйреніледі. Максвелл электродинамикасы болып механикадағы Ньютон заңдары, термодинамикадағы термодинамика заңдары сияқты ролді атқарады. Бұл теңдеулер электр өрісі векторымен анықталатын электр өрісі теңдеуі және магнит өрісі кернеулігінің индукциясы . Максвелл теориясында орта қасиеттері 3 шамамен сипатталады: диэлектрлік өтімділігімен ε, магниттік өтімділігімен μ және меншікті электр өткізгіштігімен γ.

13.2 Электродинамиканың негізгі ұғымдарын қалыптастыру.



жүктеу 6,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау