|
«Қоғамдық денсаулық сақтау» пән бойынша білімдерін, біліктерін және дағдыларын бағалауға арналған бақылау- өлшегіш құралдарыЖалпы зақымдану науқас адамның өмірінде биылғы жылы анықталған барлық ауруларының және созылмалы ауруларының жалпы жинағы
|
бет | 36/65 | Дата | 18.05.2022 | өлшемі | 1,9 Mb. | | #38646 |
| « о амды денсаулы са тау» п н бойынша білімдерін, біліктерін жЖалпы зақымдану науқас адамның өмірінде биылғы жылы анықталған барлық ауруларының және созылмалы ауруларының жалпы жинағы.
Патологиялық зақымдалу- профилактикалық дәрігерлік қарауда айқындалған аурулар мен түрлі морфологиялық және функционалдық өзгерістердің жиынтығы.
Аурушаңдықты зерттеудің мәлімет көздері: негізгі және қосымша.
Әдістері – біртұтас;
Іріктеулі – жынысы, жасы, себептері және т.б.
Зерттеу мерзімі: 3жыл
Сырқаттанушылық жайындағы мәліметтер көзі:
Негізгі (медициналық тексерілу, қаралу);
Қосымша (өлу себебі, кешенді зерттеулер деректері бойынша).
1.Тұрғындардың дәрігерлік қаралуға өздігінен келу нәтижесі бойынша халықтың денсаулығын зерттеу.
2.профилактикалық-дәрігерлік тексеру мәліметтері бойынша зерттеу.
3.Өлім туралы мәліметтер бойынша зерттеу.
Қаралуға сәйкес аурушаңдық түрлері: 6 түр.
1.Жалпы аурушаңдық
2.Жұқпалы аурушаңдық
Хабарландыру жататын жұқпалы аурулар:
1топ – карантиндік аурулар (чум, холера, натуральная оспа, желтая лихорадка);
2топ – арнайы ЕПМ-де тіркелген маңызды эпидемиялық емес аурулар (туберкулез,
сифилис,гонорея, трахома, зең аурулары);
3топ – ЕМП санэпидқадағалау органына суммарлы мәліметті хабарлайтын жұқпалы
ауруларға жатпайтын аурулар (тұмау, жрва);
4топ – жергілікті санэпидқадағалау органына әрбір жағдайда хабарлама жіберілетін
детальді мәліметтер (брюшной тиф, паратиф, сальмонеллез, дизентерия, малярия,
менингит).
3, Маңызды эпидемиялық емес аурулармен аурушаңдық
Ф086У – алғаш рет туберкулез, сифилис, гонорея, венерологиялық аурулар, трихофития,
микоз, қышыма, трахома белсенді диагнозымен анықталған науқас жайлы хабарлау.
Дәрігер толтырады. Орта медқызметкер қышыма жайлы хабарламаны толтырады.
Науқасты тұрғылықты жері бойынша сәйкес диспансерге жолдалынады.
4. Онкологиялық аурушаңдық
Ф090у – өмірінде алғаш рет анықталған қатерлі ісік жайлы хабарлама.
Наркомания және токсикомания, психикалық сырқаттанушылық жайлы хабарлама
толтырылмайды. Тек дәрігер-психиатр-наркологтың қабылдауына жіберіледі. ІІД
органдарына хабарлайды.
ЖИТС жән АИВ инфицирленген сырқаттанушылық: ЦГЭиОЗ, жұқпалы стационар.
ЖИТСке қанның зерттеу нәтижелерін тапсыру есеп беру.
5. Госпитализацияланған аурушаңдық
Стационардан шыққан науқастың статистикалық картасы – Ф 066;
Толтырылады:
Стационарлық науқастың медкартасымен бір уақытта;
Бір немесе одан да көп диагноз анықталған жағдайда, госпитализацияя себебі болған
диагноз есеп беруге толтырылады;
Басқа стационарға ауыстырылған науқастарға толтырылмайды;
Аурухананың бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстырылатын болғанда, бірінші бөлімде
карта толтырылады;
Психиатриялық стационарда карта толтырылудың ерекшеліктері бар;
Стационардар барлық шыққандар, босанғандар, туылғандарға да толтырылады.
Бір жыл ішінде карталар ұйымдастыру-әдістемелік бөлімде жиналады. Бір күнтізбелік
жылдың аяқталуымен карталар жылдық есеп беруді толтыруға алынады.
Госпитализация жиілігі= госпитализацияланғандар саны/халық саны*1000
.6 Уақытша жұмысқа қабілеттілігін жоғалтумен аурушаңдық
Құжаттар: жұмысқа қабілетсіздігі жайлы қағаз – бухгалтериядан алу;
Көрсеткіштері: жағдайлар саны, күндер саны, бір жағдайдың орташа ұзақтығы, жағдай
мен күндер құрылымы.
Жағдайлар жиілігі сырқаттанушылық деңгейін көрсетеді.
Күндер жиілігі сырқаттың ауырлығын сипаттайды.
Орташа ұзақтықты сырқат ауырлығы мен жұмысқабілеттілігін бағалау деңгейімен
сипатталады.
Халықаралық аурулардың статистикалық жіктелісі.Маңызы және оны құрастырудың негізгі қағидаттары. Халықаралық статистикалық аурулар жіктелуі (МКБ) – бұл медицина ғылымының
заманауи дәуірінің дамуына әсер ететін патологиялық жағдайлар мен ауруларды
топтастыру жүйесі. ВОЗ мемлекеттері топтарындағы денсаулық жағдайын зерттейтін
маңызды құжат.
МКБ-10 – 10-шы қайта қаралудың денсаулыққа байланысты мәселелер мен аурулардың
халықаралық статистикалық жіктелуі. Онда:
Эпидемиялық аурулар;
Конституциялық немесе жалпы аурулар;
Анатомиялық локализация бойынша топтастырылған жергілікті аурулар;
Дамуына байланысты аурулар;
Жарақаттар топтастырылған.
Аурушаңдықты тіркеу бойынша біріншілік медициналық құжаттар.
Өз бетімен қаралу бойынша
аурулықты тіркеу медициналық көмекті
қажет еткен пациенттің қаралу орнына
сәйкес жүргізіледі:
- амбулаторлық-емханалық ұйымдарға
қаралғанда – амбулаторлық науқастың
медициналық картасы (025/у), қорытынды
(анықталған) диагноз тіркелген
статистикалық талон (025/2у), амбулаторлық
пациенттің статистикалық картасы (025-05у).
- стационарда - стационарлық науқастың
медициналық картасы (003/у), аурудың
стационардан шыққан картасы (066/у)
- диспансерге – венерологиялық ауруы бар
науқастың медициналық картасы (065/у),
саңырауқұлақ ауруы бар науқастың
медициналық картасы (065/1у), туберкулезбен
ауыратын науқастың медициналық картасы
(081/у)
- жедел жәрдемге – жедел және шұғыл
медициналық көмекті шақыру картасы (110/у),
медициналық көмек станциясының жолдама
парағы (114/у).
Әлеуметтік маңызы бар аурулар туралы түсінік. Созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламалары.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|