Оәке 042 18 1-38/12-2013 Басылым №1



жүктеу 2,69 Mb.
бет13/14
Дата14.05.2018
өлшемі2,69 Mb.
#13375
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Дайындау-қорытындылау операциялары - жұмыс орындарын, жабдықтар мен құралдарды шикізат пен материалдарды өңдеуге дайындау үшін және оны дайындағаннан кейін жұмыс орындарын,жабдықтарды жинақтап, тәртіпке келтіруге, өнімді тапсыруға қажет.


Технологиялық операциялар дайын өнім алу үшін шикізаттың құрамын, формасын және қасиеттерін өзгертуден тұрады.

Табиғи операциялар жұмысшылардың белсенді қатысуынсыз жүреді. (пассив операциялар). Жұмысшылар шикізатта жүретін табиғи процестер үшін жағдай жасайды. Табиғи операциялар кезінде еңбек процесі тоқталады.

Тексеру операциялар - технология режимін, тәртібін және еңбек сапасын тексеру үшін қажет операциялар.

Көлік операциялары - жүктерді тасу операциялары.

Қызмет етуші операциялар - ол жұмыс орнын жиыстыру, смена бойы жұмыс орнын жұмыс қалпында сақтау (машинаны жөндеу, техникалық қызмет көрсету).
2.Өндіріс процесінің уақыты.

Өндіріс процесі жүзеге асатын уақыт өндіріс уақыты деп аталады. Өндіріс уақытына шикізат пен материалдардың кәсіпорынға түсу кезеңінен бастап, дайын өнімді сату кезеңіне дейінгі уақыт жатады.

Өндіріс уақыты

Өндірістік цикл Еңбек заттары мен дайын өнімнің запаста жату уақыты

Жұмыс уақыты Өндіріс процессіндегі үзілістер

Дайындау –қорытындылау у-ы Табиғи үзілістер у-ы Ауысымнан тыс үзілістер Операциялар арасындағы үзілістер

Технологиялық операциялар у-ы Демалыс және мереке күндері Шикізат партиясын өңдеу үзілісі

Бақылау операцияларының у-ы Ауысымдар арасындағы үзілістер Демалыс үзілісі

Көлік операциялары у-ы Түскі үзіліс Жабдықты майлауға,тексеруге немесе Жұмыс орындарына қызмет көрсету у-ы дұрыстауға үзіліс

Техникалық ақауды жою үзілісі

Ұйымдастыру себептері бойынша

үзіліс


Басқа үзілістер

Өндіріс уақытының бір бөлігін өндіріс циклы құрайды. Ол шикізаттың өндіріске өңдеуге түсуінен бастап,дайын өнім алумен аяқталатын өнім шығарудың күнтізбелік уақыты. Өндірістік циклды сағатпен немесе күндермен өлшейді.

Өндірістік цикл барлық оның элементтерінің ұзақтықтарына байланысты. Өндірістік цикл жұмыс уақыты мен еңбек процессіндегі үзілістерден тұрады.

Жұмыс уақыты дайындау –қорытындылау, технологиялық, бақылау, көлік операцияларын орындауға және жұмыс орындарына қызмет көрсету жұмсалады. Осы уақыт ішінде шикізат дайын өнімге айналады.

Еңбек процессіндегі үзілістер табиғи процестер уақытынан, ауысымнан тыс үзілістерден және операциялар арасындағы үзілістерден тұрады. Ауысымнан тыс үзілістерді кәсіпорын жұмысының тәртібіне сәйкес график бойынша бекітеді. Ауысымнан тыс үзілістерге түскі үзіліс уақыты жатады. Ауысымнан тыс үзілістер жұмыс уақытының жоғалтуларына жатпайды, өйткені ауысым ұзақтығына енбейді. Операциялар арасындағы үзілістер жұмыс орындарында шикізат партияларын өңдеуді күтуге байланысты. Ауысым ортасында жұмысшыларға демалуға, жеке қажеттіліктеріне белгілі уақыт беріледі.Өндіріс процесінде жабдықты майлауға, тексеруге немесе дұрыстауға уақыт жұмсалады. Ауысым ішінде шикізаттың, материалдардың, энергияның немесе судың т.б. болмауынан үзілістер пайда болуы мүмкін. Бұл еңбек уақытының жоғалтулары.

Еңбек заттарының запаста болу уақытын қысқарту қажет, өйткені шикізатты сақтау экономикалық тиімсіз. Шикізатты үзіліссіз өңдеу үшін материалдардың белгілі бір запастары болуы тиіс.



3. Операцияларды уақыт бойынша сипаттау

Операциялар кеңістікте және уақыт бойынша орындалады. Кеңістікте операцияларды орындау үшін қажет жұмыс орындарының санын ұйымдастырады. Жұмыс орындары машиналармен,құрылғылармен жабдықталады. Бір операцияны орындау үшін керек жұмыс орнының саны әртүрлі және осы операциясының тактысына және өндіріс процесінің тактісіне байланысты болады.

Операцияларды уақыт бойынша сипаттауға такт және ритм қолданылады.

Операция такты - ол операцияны орындау кезіндегі дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады. Дайын өнім бірлігіне мин/тонна, сек/кг өлшенеді. Операцияларды салыстыру үшін олардың тактыларын бір өлшемге келтіреді. Операцияның тактысын (t) уақыт нормасы бойынша (өнім өндіру нормасы) (Н в), жұмыс орындарының санын (Рм), әрбір жұмыс орнындағы жұмысшы санын (Р) , норманы орындау деңгейін ескеріп анықтайды.

Қолмен істелетін операцияларда to = Нв / Р  Рм  К

Н в-өнімнің не жартылай фабрикаттың бір бірлігін шығаруға кеткен уақыт мин, сек.

Р-осы операцияны орындайтын жұмысшы саны

Ро-жұмыс орындарының саны

К-операциядағы өнім өндіру нормасын орындау деңгейін сипаттайтын коэффициент.

Құрал-жабдықтары бар операциялар үшін

n

to = 60 /  ( Пi  Ро ) ;



i=1

Пi- і құрал жабдықтың өнімділігі кг  сағ

n-құрал – жабдықтар саны

Ро - жұмыс орындарының саны


Операция ритмі - ол операцияны орындау кезіндегі өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады.


r  (Тсм – Тп) / а

мұндағы Тсм - смена ұзақтығы, мин; Тп-смена ішіндегі реттелген үзілістер, мин; а- операцияны орындайтын жұмысшыларға жоспарлы тапсырма , сменасына кг.

Операция ритмі жоспарлы тапсырмаға байланысты және операцияның тактысына қарағанда тұрақты шама. Өндіріс процессін ұйымдастыруды талдағанда операция ритмін оның тактысымен салыстырады. Операция ритмі үнемі операция тактысынан үлкен немесе тең. (r t)

Операция тактылары мен ритмдері жұмыс орындарында жоспарлы тапсырманы орындауды ұйымдастыру үшін өте үлкен маңызы бар. Жұмыс орындарында операция ритмі тактыға сай болса, жұмыс уақыты мен жабдық толық пайдаланылады. Егер операция ритмі тактыдан үлкен болса, онда жұмыс уақыты толық пайдаланылмайды, жабдық толық тиелмейді, нәтижесінде өндіріс тиімділігі төмендейді. Жұмысшыларға тапсырманы операция ритмі тактымен сай келетіндей беру керек.

Операция тактылары өндірістік процесс құрғанда маңызы зор. Жетекші операция тактысы бойынша бүкіл өндірістік процесстің тактысы анықталады. (жетекші операция дегеніміз өндірістік қуат анықталатыноперация). Өндірістік процесс тактын процесс тактысы деп атайды.

Процесс такты - дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару кезіндегі жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады.

Процесс тактысын есептеу үшін (Т) желі қуатын ( М),смена ұзақтығын қолданады:

Т ( Тсм – Тп ) / М


Процесс ритмі - дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару процессінің соңында жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады.

R  (Тсм –Тп ) / А

Процесс қарқыны - уақыт бірлігіндегі өнім санымен өлшенеді, процесс қарқындылығын сипаттайды. Процесс ритмі мен тактысына кері шама:

m  1 / R

Жоспарлы ритмді процесс тактысымен салыстыру өндіріс резервтерін көрсетеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Өндіріс процесі деген не?

2. Операция деген не?

3. Негізгі өндіріс процесінің құрылымы

4. Өндірістік цикл деген не?

5. Операция такты деген не?

6. Операция ритмі деген не?

7. Процесс такты деген не?

8. Процесс ритмі деген не?

Әдебиет

1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998

2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000

3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005

4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 11. Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері. (1 сағат)

Дәріс жоспары:

1. Негізгі өндірісті уақытқа қарай ұйымдастыру принциптері

2. Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері

Дәріс:



1.Негізгі өндірісті уақытқа қарай ұйымдастыру принциптері

Негізгі өндірісті уақытқа қарай және кеңістікте ұйымдастыру белгілі бір принциптер негізінде жүзеге асады. Уақытқа қарай негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптеріне мынандай принциптер жатады: ырғақтылық, бірқалыптылық, пропорционалдық, параллелділік, үздіксіздік.

1) ырғақтылық – мұнда кәсіпорындағы жоспарлы ритммен өнім өндіруді сәйкес етіп өндірістік процесті ұйымдастырады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың осы принципі іске асу үшін жоспарлы тапсырмаға сәйкес өнім шығару қажет. Өнім шығарудың жоспарлы тапсырмаға сәйкестілігі жұмыстың ырғақтылық деңгейімен сипатталады. Ырғақтылық коэффициенті:

t

Критм1 -  Аі / А ; і 1,…, t



і1

Мұндағы талдауға алынған мезгілдің ұзақтығы, күн

Аі – і тәуліктегі жоспар орындалмай қалуы, т.

А – сол мезгілдегі берілген жоспар тапсырма , т.

2) бірқалыптылық – бірдей уақыт аралығында бірдей партиялармен өнім шығарылатындай негізгі өндіріс процессін ұйымдастырады. Егер жұмыс осы принцип бойынша істелінсе, өнім шығару көлемінің орта шамасынан ауытқып кету болмайды. Бірқалыптылық принцип коэффициенті:

t

Кр  1 -  Ві  / В ; і 1 ,…, t



і1

Мұндағы Віі тәуліктегі өнім шығару көлемінің орта шамадан ауытқып кетуі, т

В - талданатын мезгілдегі өнім шығару көлемі,т.

3 )пропорционалдылық – өндірістік процес операциялары бойынша өнімділіктері бірдей құрал жабдықтарды қою. Егер өндіріс процесі осы прицип негізінде құрылса, онда барлық операцияларда бірдей такт болады және олар өндірістік процесс тактісіне тең болады.

Кп  Пі / М немесе Кп  Т / tі

Пі - і-ші операциядағы құрал жабдықтың өнімділігі, т сағатына

М - линияның қуаты, т сағатына

Т – процес тактісі, 1-тоннаға сағат

- операция тактісі, 1-тоннаға сағат.

Бұл коэффициент барлық операциялар бойынша табылады. Бұл коэффициент әрбір операциядағы жабдықтың өнімділігі, линияның қуатынан қаншаға үлкен екендігін көрсетеді. Осы принцип орындалуы үшін бірдей немесе еселі өнімділігі бар құрал жабдықтарды іріктеп алып, оларды жұмыс орындарына қояды. Әр түрлі өнімділігі бар машиналарды орнатқанда пропорционалдылық принципі бұзылып кетпес үшін, операцияда белгілі бір жұмыс орнының санын ұйымдастыру керек. Осы жұмыс орнының санын табу үшін:

Рмі  tрі / Т ,

Рмі - і-ші операцияны орындау ға ұйымдастырылған, жұмыс орындарының саны,

Т- процесс тактысы, өнім бірлігіне минут,

tрі - 1 жұмыс орнындағы і-ші операцияны орындау такты, өнім бірлігіне минут.

4) параллелділік – еңбек заттарын өңдеудің барлық операциялары бір уақытта немесе параллелді орындалатындай етіп өндіріс процесін ұйымдастыру. Өндіріс процесінде бір еңбек затының партиясын өңдеу бойынша шектес операциялар және бірнеше жұмыс орындарында бірдей операциялар параллелді орындалады. Осы принциптің басты мақсаты өндірістік циклды қысқарту Паралеллділік толық немесе жартылай болуы мүмкін. Толық паралеллділік операциялардың орындалу уақыты толық сәйкес келеді. Осы операциялардың біреуі қалғандарынан ұзағырақ болуы мүмкін. Сонда олардың қосарлану уақыты ең аз операцияның ұзақтығына тең. r  tм.

tм - ең кіші такт.

Жартылай паралеллділік операциялардың орындалу уақыттары бір-бірімен дәл келуі толық емес. Сонда екі операцияның қосарлану уақыты операциялардың ұзақтықтарынан кем болады.

Кп  r / tм.

r- қосарлану уақыт ұзақтығы.

Операция саны көбейген сайын паралеллділік коэфицентін есептеу қиындайды. Ет және сүт өнеркәсіптерінде принципті жаппай өнім шығару бар өндіріс учаскелерінде қолданады.

5) үздіксіздік – өндірістік процесс операциялары бойынша еңбек заттары өңдеу процессінің үздіксіз қозғалысы. Егер жұмысшының немесе жабдықтың жұмысында үзілістер еңбек заттарын бір операциядан екінші операцияға тасу салдарынан пайда болса, онда үздіксіздік принципі бұзылмайды. Ал егер операция арасында еңбек заттары запастары жиналып қалып, өңделмей жатса , онда принцип бұзылады.

Кн 1 – ( Тпер / Тц ),

Тпер - үзілістер уақыты, өнім бірлігіне мин немесе сек.

Тц - өндірістік цикл, өнім бірлігіне мин немесе сек.

Ет және сүт өнеркәсіптерінде бұл принцип тез бұзылатын шикізат немесе жартылай фабрикат өңдегенде қолданады.

2.Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері

Негізгі өндірісті кеңістікке қарай ұйымдастыру принциптеріне ішкі зауыттық мамандандыру, бірлестіру, шоғырландыру және тура жолдық жатады.

Өндірістік процесті ішкі зауыттық мамандандыру принципі жеке өнім түрлерін өндіруді және өндірістік фазаларды жекелеу, бөлектеу. Заттық, технологиялық, функционалдық мамандану болады.

Цехты заттық мамандандыру - технологиялық процесі ұқсас өнім дайындауды жеке линияларда шығару. Өндірісті технологиялық мамандандыру цехта технологиялық операцияларды бөлу және оларды жеке цехтар мен учаскелерде орындау. Функционалдық мамандандыру негізгі өндірістен көмекші операцияларды орындайтын біраз бөлімшелерді бөлу.

Өндірісті бірлестіру әртүрлі кәсіпорын бөлімшелерінің жұмысын біріктіріп ұйымдастыру.

Өндірісті шоғырландыру шикізатты жүйелі өңдеу сатыларымен әртүрлі өндірістердің тұтас кешенін жасау.

Тура жолдық принципі шикізат пен материалды алғашқы өңдеуден бастап, дайын өнім алғанға дейінгі барлық операцияларда технологиялық процесс жүйелілігімен барлық жұмыс орындарын қысқа жол бойынша орналастыру. Операциялардың технологиялық жүйелілігі бойынша жұмыс орындары мен жабдықтарды орналастырады

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ырғақтылық принципі

2. Бірқалыптылық принципі

3. Пропорционалдылық принципі

4. Параллелділік принципі

5. Үздіксіздік принципі

6. Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері

Әдебиет

1. Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998

2. Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000

3. Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005

4. Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 12. Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалысының түрлері. (1 сағат)

Дәріс жоспары:

1. Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі.

2. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі.

3. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі.

Дәріс:

1. Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі.

Өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалысының түрлері деп технологиялық жүйелілікте операциялар бойынша жұмыс орындарына шикізат пен жартылай фабрикаттардың жылжуы және өңделу тәртібін айтады.

Операциялардың ұзақтықтары мен тактылары бірдей емес. Біртұтас өндірістік жүйе жасау үшін тактылары әртүрлі операцияларды өзара ұтымды үйлестіру қажет. Екі операцияны үйлестіру түрі еңбек заттарын өңдеу тәртібін және оларды бір операциядан басқасына беру тәртібін көрсетеді.

Өндіріс процессіндегі тактылары әртүрлі операцияларды үйлестіру түріне байланысты еңбек заттарының қозғалыс түрлерін жүйелі, параллель және аралас деп бөледі.

Өндіріс процесіндегі еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен бірдей заттардың партиясын, ұсақ беріліс партияларына немесе данаға бөлшектемей өңдеуді, жылжытуды көрсетеді. Шикізаттың және жартылай фабрикаттың барлық партиясы бір операциядан екіншісіне беріледі. Мұнда шектес операциялардың паралельді орындалуы мүмкін емес. Паралельділік мұнда бірдей операциялар бірнеше жұмыс орындарында орындалу кезінде ғана мүмкін. Жүйелі қозғалыс түрінде өнім партиясын өңдеу ұзақтығы мына формуламен анықталады:

m z


Т   ti +  Te ; i1,…,m,

i1 i1


Мұндағы  - партиядағы өнім бірлігінің саны; m - өндірістік процестегі операциялар саны; i - операцияның реттік номері; ti i-ші операция тактысы; z - өндіріс процестегі табиғи операциялар саны; Te- табиғи операциялар ұзақтығы.

Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың әрбір бірлігі біраз уақыт ішінде запаста болады. Әрбір операцидағы жартылай фабрикаттардың запас саны былай есептеледі.

U    м

Мұндағы м - жартылай фабрикаттардың запасы жасалатын жұмыс орындарының саны.

Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрін өнімнің кішігірім партиясын өңдегенде тасқынды емес өндірісте қолданады.

2. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі.

Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың партиясын, данамен немесе ұсақ беріліс партиялармен өңдеу және жылжыту. Әрбір дананы немесе ұсақ беріліс партиясын барлық партияның өңделуін күтпестен, келесі операцияға алдыңғы операция бітісімен жібереді. Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың әрбір бірлігі өндірісте басқалармен параллельді болады . Параллель қозғалыс түрінде еңбек заттары операциялар арасында запас түрінде жиналмайды. Процестің барлық операциялары басты тактымен орындалады (үлкен тактымен). Басты операцияға қарағанда кіші тактылары бар операциялар үзіліспен орындалады. Үзілістер басты тактымен осы операциялар тактыларының арасындағы айырмаға тең.

Шикізат партиясын өңдеу уақыты келесі формуламен анықталады:

k e


Т  t гл ( -1) +  t pi +  ti

i1 i1


Мұндағы t гл - басты операция тактысы,өнім бірлігіне минут; k- бірнеше жұмыс орнында немесе бір жұмыс орнында жартылай паралельді орындалатын операциялар саны ; t pi - бір жұмыс орнындағы i-ші операция тактысы, өнім бірлігіне минут; е- бірнеше жұмыс орнында толық паралелльді орындалатын операциялар саны; ti-i-ші операцияның жалпы тактысы, өнім бірлігіне минут.

циклының біршама қысқаруымен ерекшеленеді. Параллель қозғалыс түрін ұйымдастыру үшін өндірістік процесті тактілері жақын операцияларға бөлу қажет, яғни мүмкіндігінше процесті синхронизациялау.

Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі жүйелі қозғалыс түріне қарағанда әртүрлі операцияларды уақыт бойынша біріктіру нәтижесінде өндіріс циклының біршама қысқаруымен ерекшеленеді. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі тасқынды өндірісті ұйымдастыру талаптарына толық келеді.

3. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі.

Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың партиясын, данамен немесе ұсақ беріліс партиялармен өңдеу және жылжыту. Әрбір дананы немесе үсақ беріліс партиясын шикізат пен жартылай фабрикаттың барлық партиясын өңдеу аяқталмастан, алдыңғы операция аяқталған кейін келесі операцияға жібереді. Жартылай фабрикаттар операциялар арасында біраз уақыт ішінде запаста болуы мүмкін. Запаста емес еңбек заттарын басқаларымен паралелльді береді және өңдейді. Әрбір операцияны процесс тактысы мен басқа операциялар тактыларына тәуелсіз өз тактысымен орындайды. Операциялар арасында жартылай фабрикаттардың запасы болса және операцияның орындалуы процесс тактысына тәуелсіз болса, өнімділігі бойынша жабдықты толық пайдалануға қолайлы жағдай туады.

Шикізат партиясын өңдеу уақыты келесі формуламен анықталады:

k е в


Тпп  tm ( N - 1 ) +  tpi +  ti + ( N – 1 ) (tб – tm ) ; k + e  m ;

і1 і1 і1

tm - соңғы операция такты,мин; в - өзінен кейін кіші такты бар операция, операциялар саны; tб ; tm- шектес екі операцияның , сәйкес үлкен немесе кіші тактысы,мин

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Еңбек заттарының қозғалысының түрлері деген не?

2. Еңбек заттарының қозғалыс түрлері қандай?

3. Ең ұзақ қозғалыс түрі

4. Қай қозғалыс түрлерінде запас жиналады?

5. Параллель қозғалыс түрінде үзілістерді қалай анықтайды?

6. Процесті синхронизациялау деген не?

Әдебиет

1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998

2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000

3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005

4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001

Тақырып 13. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. (1 сағат)

Дәріс жоспары:

1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері.

2. Тасқынды өндірісті уақытқа қарай бөлу.

3. Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу.

Дәріс:

1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері.

Негізгі өндірісті ұйымдастыруда жеке, партиялық және тасқынды әдістер қолданылады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісі жеке өндірісте шығарылатын ерекше стандартты емес, қайталанбайтын өнімдерді шығарудың өндіріс процесін құру. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісінің мәні бастапқы материалдарды, жабдықты, жұмыс күшін, техникалық және экономикалық құжаттарды мұқият дайындау. Өндіріс процесін алдымен барлық құраушы бөліктерін дайындап алып, оларды дайын өнімге біріктіріп ұйымдастырады.

Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдісі өнім партиясын дайындауға өндіріс процесін құру. Еңбек заттарының барлық партиясы процесс операциялары бойынша жүйелі өңделіп, жұмыс орындарына данаға бөлінбей беріледі.

Негізгі өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде шикізат пен материалдар технологиялық жүйелілікпен, бекітілген ритмде, үздіксіз және барлық операцияларда бір уақытта дайын өнімге өңделетін өндіріс процесін құру. Кең жұмыс аумағы мен параллелдік принципін қолдану тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырудың басты шарты. Тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырғанда технологиялық процесті бірдей тактілері бар операцияларға бөледі. Операция тактілерін теңестіру процесс пропорциональды болу үшін және операциялар ортасындағы запастарды жою, азайту үшін қажет. Процестің пропорциональды болуы жабдықты толық пайдаланудың және эксплуатациялық шығындарды азайтудың басты шарты. Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісін жаппай өндірісте қолданады.

Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде еңбек заттарының параллельді немесе аралас қозғалысын қолданады. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрінде операциялар арасында жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрінде

жартылай фабрикаттардың запастары пайда болады және ол ауысымдық жоспарлы тапсырманы орындау соңында толық өңделеді.

2. Тасқынды өндірісті уақытқа қарай бөлу.

Ұйымдастырудың тасқынды әдісі қолданылатын өндіріс тасқынды деп аталады.

Тасқынды өндіріс уақытқа қарай үзілмелі және үздіксіз болады.Үзілмелі тасқынды - еңбек заттарының операциядан операцияға жылжуы және өңделуі жартылай фабрикаттардың запаста жату уақытына тоқтайтын өндіріс. Үзілмелі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі жатады. Бұл өндірісте операция және процесс тактілері бірдей болмайды, операцияларды синхронизациялағанда (бір-біріне дәл сәйкес келтіру) үзіліссіз тасқындыға айналады.

Үздіксіз тасқынды өндірісте операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары болмайды. Барлық еңбек заттары операциядан операцияға үздіксіз қозғалыста немесе жұмыс орындарында өңделуде болады. Үздіксізі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі жатады. Операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Операция тактілерінің әр түрлі болуы еңбек заттарын өңдеудің үздіксіздігін бұзбайды. Барлық операциялар басты операция тактысымен орындалады.

Кеңістікте тасқынды өндіріс тасқынды желі түрінде құрылады. Тасқынды желі –технологиялық жүйелікте орналасқан, жұмыс орындарының жиынтығы. Өңделетін шикізатты толық пайдалану мақсатында тасқынды желіні өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптеріне сәйкес құрады.

3. Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу.

Мамандануына байланысты ауыспалы-тасқынды және тұрақты-тасқынды желіге бөлінеді.

Ауыспалы тасқынды желіні технологиясы ұқсас әр түрлі өнімді шығарғанда құрады. Бір өнім түрін шығарғаннан кейін, басқасын шығаруға жабдық жұмысының тәртібін өзгертеді. Жабдық және процесс операциясының бір бөлігі тасқыннан шығарылады немесе енгізіледі.

Тұрақты тасқынды желіде желі қуатына сәйкес, өнімнің тек бір түрі шығарылады.

Тасқынды өндірісті ұйымдастыру және тасқынды желі жасағанда конструкторлық, техникалық, экономикалық дайындық жасалады. Сызбалар, техникалық карталар және сызбалар жасау, өнім өндіруге шикізат, материал, отын, энергияның шығын нормаларын анықтау. Экономикалық дайындыққа желі қуатын экономикалық негіздеу және технологиялық жабдық таңдау. Ең тиімді құрал жабдықты таңдау бастаушы операциядан басталады, ол операция бойынша желінің өндірістік қуаты есептеледі. Бастаушы жабдықты таңдауды өнім бірлігін өндіруге жұмсалған ең аз материал және еңбек шығындары бойынша жүргізіледі.

Басқа жабдықты таңдағанда машинаны экстенсивті және интенсивті тиеу коэффициенттерін анықтайды және соған қарап таңдайды.



Әдебиет

1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998

2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000

3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005

4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Модуль 3. Өндірісті басқару

Тақырып 13. Менеджмент негіздері (1 сағат)

1. Басқару тарихының дамуы.

Қазіргі тандағы мекеме мен көне замандағы мекемелер арасында айырмашылықтар бар.



Көне замандағы мекеме келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

1. Ірі мекеме санының аз болуы, ал өте ірі мекемелер мүлде болған жоқ.

2. Жетекшілер санының аздығы, ал ортаңғы буында жетекшілер жоққа тән.

3. Басқарылатын жұмыс басқарылмайтын жұмыстан бөлініп, ерекшеленген жоқ

4. Мекемедегі жетекші орны көбінесе мұра бойынша қалдырылатын немесе күшпен алынатын.

5. Мекеме үшін маңызды сұрақтарды шешетін адамдар санының аздығы.

6. Бұйрық пен сезуге сүйенетін.

Қазіргі кездегі мекеме келесідей сипатталады:


  1. Мықты әрі ірі мекемелер сонының көптігі.

  2. Ортанғы буын жетекшілерін қосқанда, жетекшілер санының көп болуы.

  3. Басқарылатын жұмыс басқарылмайтын жұмыстан айқын бөлінеді.

  4. Белгілі заңдылық және құқықты сақтай отырып жетекші орынға ие болады.

  5. Мекеме үщін маңызды сұрақтарды шешетін адамдар санының көптігі.

  6. Ұжымдық жұмысқа сүйену.

Басқаруға әкелетін үш тәсіл бар:

Жүйелі көзқарас. Бұл тәсілді басшы өз мекемесін бір – бірімен тығыз байланысқан элементтерден тұратынын қарастырған жөн, мысалы: адамдар, технологиялар, материалдар, өйткені олар мекеме алдына қойған мақсатына бағыттайды.

Процесті көзқарас басқаруды үздіксіз процесс ретінде қарастырады. Ол басқару мәселелері, сшешімдері, функциялардын жиынтығы болып келеді.

Жағдайаттық көзқарас белгілі жағдайдағы әр түрлі басқару тәсілдердін жарамдылықтарына негізделеді. Басшынын шешімі мекеме жағдайна байланысты болады. Жетекші жағдайға сай шешім тауып, мекемені табысқа жеткізетіндей, және бұл шешім ең дұрыс болып, басқа баламаларға қарағанда ең дұрыс болуы керек.

Осы көзқарастарды ескере отырып келесі басқару мектептері құрылды:



  1. Ғылыми басқару ( 1885-1920). Ф.Тейлор, Л.Гилберт, Г.Гант жұмыстары кірген. Олардың көз қарастары келесідей болды: бақылау, операция, қисын, өлшеу (қол еңбегінің операциясы) қолдана отырып, тиімді басқаруға жетіп, қол еңбек операциясын адам әрі жетілдіруге болады.

  2. Классикалық мектеп (1920-1950). Оның авторларының басқаруда белгілі тәжірибелері болған. Олардың басты мақсаты басқарудың әдістерін құру – ол басқарудың тиімді жүйесі мен мекеме құрылымын әзірлеу.

  3. Үшінші басқарудың мектебі – міңез – құлықтық (1950 жылдан қазіргі кезге дейін). Негізгі мақсаты - мінездік басқару.

2. Басқаруға әкелетін процесті көзқарас.

Басқару процессі бір – бірімен байланысқан 4 функциядан құралады:



  1. Жоспарлау

  2. Ұйымдастыру

  3. Себеп

  4. Бақылау

  1. Жоспарлау функциясы мекеме мақсатын және мекеме қызметтерінің сол мақсатқа жететін шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Жоспарлау - алдағы істің тұрақты белгісіздігі. Ол үздіксіз іске асырылуы тиіс.

  2. Мекемедегі қызметкерлер көптеген мәселелерді шешеді, соның ішінде мекеме мәселелеріне айырықша көп көңіл бөледі. Бұған басқару да кіреді.

  3. Мекеме қызметкерлері өз істерін жоспарға және себепке сай орындайды.

  4. Бақылау – мекеме алдына қойған мақсатқа жетуді бағалайтын процесс. Бақылаудын үш аспектісі бар:

  • Стандарттарды белгілеу – мақсатпен оларға жету жолдарын анықтау;

  • Белгілі уақыт аралығында жеткен жетістіктерді қарастырып, болатын нәтижемен салыстыру;

  • Егер қажет болса, арасына түзету жүргізу.

Жоспарлау функциясы үш сұраққа жауап береді:

  1. Қазіргі таңда біз қайдамыз?” Жетекшілер өз мекемелерінің күшті және әлсіз жақтарын бағалап білу қажет, ол қаржы, өңдіріс, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде, маркетингте және еңбек ресурстарында болуы мүмкін, яғни мекеме мүмкіншілігін нақты білу.

  2. Біз қайда жеткіміз келеді?” Бұл жерде сыртқы орта қауіптері бағаланады (бәсеке, заңдар, технологиялар, қамтулар, т.б.). Басшылар қандай мақсатқа қойылуы және оның жүзеге асуына не кедергі болатынын анықтайды.

  3. Біз оны қалай жүзеге асыра аламыз?”. Басшы «жалпы және нақты түрде» мекеме қызметкерлері мекемені алға қойған мақсатына жету үшін не істеу керектігін шешу қажет.

Басқару процесінің маңызды функцияларының бірі ұйымдастыру болып табылады. Оның негізгі сипаттамасын келесідей көрсетуге болады:

  1. Мекеме мәселелерін, өз жоспарларын іске асырып, сол арқылы алға ойған масатқа жету, яғни табыса жету шн қрастырылады.

  2. Берілген жұмысты нақты кім орындайтынын анықтау.

  3. Бүтіндей мекеме құрылымын құру.

3. Басқаруға жүйелі және жағдайят көзқарастар:

Жүйе – байланысқан бөліктерден тұратын, бір бүтінді сипаттамасына енетін құрылым.

Барлық мекемелер жүйе болып табылады. Адам техникамен қатарлас мекеме бөлмесі болып келетіндіктен, мәселелерді шешу үшін қолданылатындықтан, оларды социотехникалық жүйелер деп атайды.

Жабық жүйе нақты шекаралар мен белгіленеді. Жабық жүйе қызметі (шартты түрде) жүйені қоршайтын ортаға байланысты. Жабық жүйе мысалы болып –сағатты айтуға болады. Егер сағатқа батарейка қойса, немесе оны жүргізсе, ондағы бір-бірімен байланысқан салат бөлшектері үздіксіз және тура жүретін болады. Сағатта энергия көзі бар болғанда, олардың жүйесі сыртқы Ортаға тәуелсіз болады.

Ашық жүйе сыртқы ортамен байланыста болады. Материалдар, апарат, энергия сыртқы ортамен алмасу объектісі болып табылады. Бұл жүйе өзін-өзі қамтамасыз етпейді. Ол энергия, материалдан, ақпараттан, сырттан түсетін тәуелді болады. Ашық жүйе әрі қарай жұмыс істеу үшін сыртқы орта өзгерістеріне беімделеді. Барлық мекемелер ашық жүйе болып табылады.

Жағдайят көзқарас нақты жолдармен тұжырымдамаларды нақты жағдайларда мекеме ең нәтижелі шешімге жететін жолдарды көрсетеді. Жағдайят тәсіл мекеме арасындағы және мекеме ішіндегі жағдайлық ерекшеліктерге нақтыланады.

Жағдайят тәсіл метологиясын келесідей түсіндіруге болады:


  1. Басшы басқару процесі мен құралдарымен таныс болуы қажет.

  2. Басшы нәтижесінің оң әрі теріс болуын ескеруі қажет.

  3. Басшы өз ісін қадағалай алуы керек.

Басқару деген не: ғылым әлде өнер ме ?

Бірі ғылым деп санайды, басқалары -өнер дейді. Бірақ ол екеуі де, бір тұтас құрама болып саналады. Мекемені басқару үшін талап керек. Адамдарды қызықтыра алуы қажет. Бірақ басқару белгілі жағдай талдауын талап етеді. Сонымен, бұл өнер әрі ғылым.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Көне замандағы мекеме мен қазіргі кездегі мекеме арасындағы бірнеше айырмашылықтарды атап көрсетіңіз.

  2. Тексте берілген басқарудың үш көзқарасын қысқаша баяндаңыз.

  3. 20-шы ғасырдың бір інші жартысындағы басқару ойының үш мектебі туралы баяндап беріңіз.

  4. Басқару процесінің төрт функциясы қандай?

  5. Жоспарлау функциясы қандай негізгі үш сұраққа жауап береді?

  6. Мекеме функциясының негізгі мақсаты қандай?

  7. Әлеуметтік-техникалық жүйе деген не?

  8. Ашық және жабық жүйе арасындағы айырмашылықтарды атап кетіңіз.

  9. Жағдайят көзқарасының метологиясын талқылаңыз.

  10. Басқару деген не: ғылым әлде өнер ме ?

  11. Мекеме құрылымындағы коммуникация қандай рөл атқарады?

  12. Жүйелі және жағдайят көзқарастарының теориясын салыстырыңыз.

  13. Басқару процесі көзқарасы жағынан өзіңіздің мекемедегі тәжірибеңізден айтып беріңіз.

  14. Берілген үлгіде басқарудың түрлі тәсілдерінің ортақ сипатын көрсетіңіз.

  15. Мекеменің ұғымы.

  16. Формалды емес мекеменің мәні неде?

  17. Мекеме қосындыларын сипаттаңыз (ресурстар, сыртқы ортадан тәуелділігі, еңбек бөлісі, бөлімдер және басқарудың қажеттілігі).

  18. Басқару деңгейлері.

  19. Өзіңіз білетін мекемені айтып оның қызметіне баға беріңіз.

  20. Өзіне адамдарды тартатын немесе алыстататын мекемені атаңыз.

  21. Өз мекемеңізде формалды емес топтарды анықтап олардың құрылуындағы себебін түсіндіріңіз.

  22. Мекемедегі төменгі, ортанғы және жоғарғы буын басшыларының рөлдерін түсіндіріңіз.


Тақырып 14. Менеджер еңбегін ұйымдастыру. (1 сағат)

    1. Менеджерге қойылатын талаптар

Біздің елімізде нарықтық экономика дамуымен бірге күнделікті өмірімізге «менеджмент» және «менеджер» деген ұғымдар жылдам және орнықты енген, сонымен қатар «басқару», «басқарушылық қызмет», «басшы», «директор» деген терминдердің орнын ауыстырды. Осы аталған ұғымдар бір - біріне жақын болғанымен, «басқару» деген түсініктің ауқымы өте кең. Жалпы алғанда, «басқару» деген - ол басқарылатын жүйеге басқаратын жүйенің әсер етуі. Атап айтқанда, басқару субъектісі ретінде менеджер болады.

Менеджер жөнінде сөз қозғамай тұрып, «менеджмент» деген ұғымды енгізген жөн. Бұл ұғым американдық management – басқару деген сөзден таралған. Менеджмент – бұл басқарудың экономикалық механизмдерінің қағидаларын, функцияларын және әдістерін қолдана отырып, материалды және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану арқылы, нарықтық жағдайларда әрекет жасайтын фирманың қандай да болмасын шаруашылық қызметіне жетуге бағытталған кәсіби іс-әрекетінің өздік түрі. Бұл анықтама тар мағынада берілген және нарықтық жағдайларда әрекет жасайтын фирмалар деңгейінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруда қолданылады, ал АҚШ-та бұл ұғымды кәсіптік емес мекемелерге қатысты қолданылады.

Егер «менеджмент» ұғымын кеңірек ашатын болсақ, онда оған:


  • нарықты зерттеу (сұранысты, тұтынуды), яғни маркетинг және болжау;

  • өніміді неғұрлым аз шығындармен өндіру және мейлінше көп пайдамен оны өткізу;

  • персоналды басқару, немесе алдыға қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты талдау және бағдарлама әзірлеу.

Менеджменттің негізгі функциясы – алдыға қойылған мақсаттарға тиімді жету. Шағын фирмаларда бұл рөлді директор атқарса, ірі фирмаларда – менеджер (ұйымдастырушы, меңгеруші, басшы) атқарады. Бір жағынан, басқарудың көп деңгейлі деңгейіне байланысты директор өзінің шешімдерін төменгі сатыларына жеткізуге және бақылауға мүмкіндігі болмайды, қосымша, оның басқа да үлкен ауқымды міндеттері мен проблемалары да көп. Екінші жағынан, директорға қарағанда, кәсіби менеджер көп проблемаларды тезірек шешеді. Соған қарағанда, менеджер фирмада өте маңызды адам болып саналады. Мысалы, 1981 жылы «Крайслер» компаниясы жоғарғы меңгеруші лауазымына белгілі кәсіби менеджер – Ли Яккоканы шақырған болатын. Бұл келісімнің мәні келесіде болатын: 1980 жылы «Крайслер» компаниясы банкроттық жағдайға таяп, 1,1 млрд. доллар зиян шеккен. Ол кезде Ли Яккока ең белгілі кәсіпкерлер тізімінің 1-ші орнын алып отырған. Ең жоғарғы еңбек ақыны оған тағайындаса да, Ли Яккока ауысуға келісім бермеген, өйткені ол шексіз құқықты өзіне талап еткен. Соңында, «Крайслер» компаниясының басшылары оның қойған талаптарына келісім беріп, бұл компанияны дағдарыстан қалай шығаратынын білетін маман ретінде мойындағанын білдірген. Атап айтқанда, құлдыраудан кейін үш жыл аралығында «Крайслер» компаниясы өзінің даму тарихында өндірістің жоғарғы деңгейіне және автомобильдің сапасына жетіп, 1985 жылдан бастап американдық және әлемдік нарықтың қосымша үлесін меңгере бастады.

Бұл мысал, менеджер мамандығының қандай маңызды орын алатынын дәлелдеп отыр. Бірақ, басқарудың жоғарғы деңгейіне жету үшін менеджер өзінің функцияларын өте нақты білуі қажет.

«Менеджер» түсінігі өте кең таралған және келесі жағдайларға қарап қолданылады:


  • жеке бөлімшелер немесе бағдарламалық-тұтастық топтар шеңберінде нақтылы жұмыстарды орындайтын ұйымдастырушыға;

  • жалпы кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің басшысына;

  • бағыныштыларға қатысты басшыға;

  • басқарудың барлық деңгейдегі әкімшілігіне.

Барлық деңгейдегі менеджерге жоғарғы талаптар қойылады. Менеджер орындайтын бірнеше рөлдерді атап көрсетуге болады:

Менеджер- дипломат. Менеджер қызметінің және қағидаларының бірі – ол келісімдерді жүргізу қабілеті болып табылады. Жоғарғы буынның менеджерлері өздерінің уақыттарының үлкен бөлігін қатынастарды нығайтуға жұмсайды.

Менеджер- жаңартушы. Еңбек өнімділігін, ескі қондырғыларды жөндегеннен гөрі, жаңа техника мен технологияларды енгізу арқылы жоғарылатуға болады.

Менеджер- меңгеруші. Одан келесі жағдайлар талап етіледі:

  • кәсіпорынды басқару саласында жалпы білімінің болуы;

  • фирмаға қатысты өндіріс саласында техника мен технологияларды білу;

  • әкімшілік дағдылары мен кәсіпкерлікті меңгеру қажет;

  • төменгі буындағы басшылар және жұмысшылармен келісу негізінде айқындалған және негізделген шешімдерді қабылдау.

Басқарушылық шешімді қабылдау- ол өте күрделі процесс, сондықтан біз оны төменде қарастырып кетеміз.

2. Басқарушылық шешімдерді дайындаудың негізгі кезеңдері және шешім қабылдау әдістері

Басқарушылық шешім – бұл басқару субъектісінің проблемаларды шешуге бағыттаған шығармашылық актісі. Барлық басқарушылық шешімдер үш кезеңнен өтеді:

Проблемаларды түсіну:

а) ақпаратты жинақтау;

б) алынған ақпаратты талдау;

в) маңыздылығын анықтау;

г) осы мәселе шешілуі үшін қажетті жағдайды анықтау.

Шешімнің жоспарын құру:

а) шешімнің баламалы нұсқаларын әзірлеу;

б) шешімнің баламалы нұсқаларын бар ресурстармен салыстыру;

в) баламалы нұсқаларды экономикалық тиімділі бойынша бағалау;

г) шешімнің бағдарламасын құру;

д) шешімнің анықталған жоспарын әзірлеу және құру.



Шешімді орындау:

а) шешімді нақты орындайтындарға жеткізу;

б) марапаттау және жазалау шараларын әзірлеу;

в) шешімнің орындалуын бақылау.



Әдістер – проблема шешілуін мүмкін қылатын нақты тәсілдер.

Декомпозиция. Қарапайым сұрақтардың жиынтығы ретінде күрделі проблемаларды ұсыну.

Диагностика. Проблемада алдыңғы қатарда шешілетін ең маңызды ерекшеліктерді іздеу. Шектелген ресурстарда қолданылады.

Сараптамалық бағалау. Ұсынылған ойлар қарастырылады, бағаланады, салыстырылады және қалыптастырылады.

Дельфи әдісі. Проблема шешумен байланысты сұрақтар, бір-бірін танымайтын сарапшыларға беріледі. Аз сарапшылардың пікірі көпшілік сарапшыларға жеткізіледі. ал олар бұл шешіммен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін білдіруі керек. Егерде көпшілік келіспесе, онда олардың шешімі аз сарапшыларға қайтарылып, олармен талданады. Бұл процесс сарапшылар бір келісімге келгенге дейін қайталана береді. Бұл әдіс тиімділікке жету үшін қолданылады.

Маман еместің әдісі. Осы проблемамен бұрын шұғылданбаған адамдармен шешіледі, бірақ олар осы салаға жақын мамандар болып есептеледі.

Сызықтық бағдарламалау.

Ұқсатқыш модельдеу.

Ықтималдықтар теориясының әдісі.

Ойындар теориясының әдісі. Толық белгісіздік жағдайында есептер шығарылады.

Ұқсастық әдісі. Басқа басқару объектілерінен көшіріп алу негізінде проблемалардың мүмкін шешімдерін іздеу.

3. Менеджердің маңызды функциялары

Барлық деңгейдегі менеджерге қойылатын маңызды талап болып адамдарды басқару қабілеттілігі табылады. Адамдарды басқару дегеніміз не ? Жақсы менеджер болу үшін адам психолог болуы керек. Психолог болу – адамдарды түсіну және оларға өзара түсінушілікпен жауап беру дегенді білдіреді. Сонымен қатар, жақсы менеджер ұйымдастырушы да, жолдас және мұғалім, міндеттерді қоятын сарапшы, жетекші, басқаларды тыңдай алатын адам болуы қажет. Ол өзінің қол астындағы бағынушыларды әбден білуі қажет, сонымн қатар олардың қабілеттілігін және оларға нақтылы жүктелген жұмыстарды орындайтын мүмкіндіктерін білуі керек. Менеджер жұмысшылар мен кәсіпорынды байланыстыратын жағдайларды білуі қажет, олардың құқықтарын әділдік негізінде қорғау, фирманың дұрыс әрекет жасау мағынасында бірлікті қалыптастыру.

4. Менеджердің жетекшілік қасиеттері

Менеджер басқалар еліктейтін жетекші болуы қажет. Бұл жөнінде арнайы тоқталу қажет. Менеджердің басты міндеті басқа адамдардың көмегімен істі атқару, ұжымдық жұмысқа бағыттау. Бұл қорқыту емес, ынтымақтастықты білдіреді. Жақсы менеджерді фирманың жалғыз ғана емес, барлық жақтарының қызығушылығы алаңдатты. Ол топтың ынтасын, жұмыс орындалуының қажеттілігімен білімділікті жоғарылатуға мүмкіндік табу қажеттілігі, өндірістік мүддені бағынушылардың адамгершілік қажеттіліктерін теңдестіруге ұмтылады.

Қалай жетекші болуға болады ?

Бір формуламен жетекшілікті белгілеуге болмайды. Ол өнер, шеберлік, іскерлік, талап. Кейбір адамдар оған туғанынан ие болады. Басқалары – оған үйренеді. Үшіншілері – оны еш уақытта игермейді. Соңында, әр қайсысы өзінің жолын табады. Біреуі тұрақты, әсерлі, басқаларды іске ынталандырады. Екіншісі, сабырлы, сөзіне және мінезіне ұстамды. Бірақта осы екеуіне де тең тиімділікпен әрекет жасауға болады - өздеріне сенімділік білдіріп, жұмысты уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге.



Кейбір жетекшіге тән түрлі стильдерді атап кетейік.

Жетекші өзінің фирмасына берілген, өзінің қызметкерлерінің көзінше фирманың беделін төмендетпейді, фирма басшыларының көз алдында оларды балағаттамайды.

Жетекші оптимист болуы керек. Оптимист әр уақытта басқаларды және олардың ойларын тыңдап, олардан үнемі жақсы хабар күтеді. Пессимист аз тыңдап, жаман хабар тосады. Оптимист көп адамдар көмекке келуге дайын екендігіне, шығармашылық бастамалары бар және өзгерістерге ұмтылатынына сенеді. Ал пессимист адамдар жалқау, сенімсіз және олардан пайда аз екендігін білдіреді.

Жетекші адамдарды жақсы көреді. Менеджердің жұмысы адамдарды басқару болып табылады, ал егерде ол оларды жақсы көрмесе жұмысты қалай жақсы орындауға болады ? Жақсы жетекшілер өздерінің қызметкерлері жөнінде қамқорлық білдіреді. Басқалар немен шұғылданып жатқаны оларды қызықтырады. Жақсы жетекші барлығына мәлім және кабинетте тығылмайды. Жақсы жетекшілердің адамгершілігі мол, өздерінің жіберген кемшіліктеріне баға бере алады.

Жетекші батыл болуы керек. Ол үнемі жаңа тәсіл табуға тырысады, бірақ ол тәсілді негізсіз қалап алмайды. Егер де ол біреуге экспериментті өткізуге рұқсат беріп, онысы сәтсіз аяқталса, жетекші кінәні оған тақпай, өз сенімділігін болашақта білдіреді.

Жетекші жан-жақты болуы керек. Ол ешқашан: «Бұл менің ісім емес» деп айтпайды. Егер де сіздің қызметкерлер тобы жұмысқа қызығушылықпенен кірісіп кеткенін байқасаңыз, онда жетекшіге жаңа істі қолдауға дайын екендігін білдіру қажет. Жетекші фирма қызметінің барлық жақтарына үлкен қызығушылығын білдіреді.

Жетекші алғыр болуы керек. Жетекші шешімді қабылдауға әрқашанда дайын. Барлық ақпарат болған уақытта дұрыс шешімді қабылдау оңай. Ал алғашқы мәліметтер белгісіз болса, онда қиындау, бірақ шешімді қабылдау қажет. Мұндай жағдайда шешім қабылдау үшін және ол шешім қате болған жағдайда батылдық керек.

Жетекші биязы және ықыласты. Негізгі қағида: адамды емес жұмысты сынау. Бір дана айтқан екен: әр бір сынды, айтылған ескертуді екі жапырақ мақтаудың арасына орау қажет.

Әділдік – ол да жетекшінің маңызды белгісі. Мысалы, сіздің қызметкеріңіз істелінбеген жұмысқа үстеме алса, онда Сізде, әрине, оншақты наразылар пайда болады. Егер бағынушы қате жіберсе, ол оны мойындайтындай етіп ескерту керек, соңынан оны ұмытқан жөн.

Жетекші үнемі адал. Бағынушылар жөнінде адал болу- олардың істегені дұрыс екендігін айту. Адал болу- ол өз қателіктеріңді мойындау. Шындықты айту әр уақытта оңай емес, дегенменен фирманың және қызметкерлердің жалпы игілігі үшін – адал болу бәрінен де артық.

Жетекші шыншыл. Ол жалғыз өзі үшін емес, басқа қызметкерлерінің жетістіктері үшін қуанады, оны олармен бөліседі. Ол оларды өзінің жігерімен және қуатымен шабыттандырады.

Жетекші мақсатты және қарапайым. Ол маңындағылардың мақтағанын керек етпейді және оған өзінің кемшіліктерін жасырып қажеті жоқ.

Жетекші тәрбиеші болуы керек. Ол өзінің бағынушыларына өздеріне сенімді, адал адамдарды жақсы көруге, бір қалыпты және батыл болуына көмектеседі.

Жетекші өзіне сенімді болуы керек. Өзіне асқақсыз сенімді болу, менмендіксіз өз күшіне сену – бұл мықты жетекшінің айрықша қасиеттері.

5. Басшылардың тұрпаттары.

Басшы қандай жақсы қасиеттерге ие болғанымен, ол- ең алдымен өзінің ерекшеліктерімен, мінезімен, басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алуымен сипатталатын адам. Оған барлық адамдарға сияқты мінез бен жігер тән. Көпшілік жағдайлар оның басқару мәнеріне, әдісіне және тұрпатына байланысты.

Менеджердің тұрпатын анықтау үшін американдық психологтар Р.Блэйк пен Д.Моутон басшылардың келесі тұрпаттарын құрастырған:


  1. Диктатор (9.1) (үстемшіл). Басқару мәнері толығымен өндіріске бағытталған және адамдарға аз көңіл бөлетін, қатал мінезді басшы. Мұндай жағдайда жұмыс қанағаттандырмайды. Әркім бұл басшының қол астынан кетіп қалуға тырысады.

  2. Демократ (1.9) (бұқарашыл). Мұндай менеджерде еңбек өнімділігі ақырғы орында тұрады. Оның қағидасы: «Үнемі өзіңмен өзің болу». Жұмысшыға ондай жағдай ұнайды, бірақ пайдасы аз, барлық іс-әрекет жарыс сөзде өтеді.

  3. Пессимист (1.1) (сенімсіздікпен қарайтын адам). Ұраны: «Өтіп жатқан жағдайларға араласпау». Біреумен тағайындалған кездейсоқ адамдар.

  4. Ұйымдастырушы (9.9). Өндірістің және адамдардың мұқтаждығын ескеретін ең өнімді тұрпат. Маңызды сипаты – жаңалықтарға ұмтылу, ұйымның дамуына бағыттылығы. Мұндай менеджердің кезінде кәсіпорын құлпырады. Бірақ ондай тәжірибеде сирек кезедеседі.

  5. Манипулятор (5.5) (айла-амалды адам). Мұндай тұрпатты менеджерді еңбектің орта үнемділігі қанағаттандырады. Оның ұраны : «Аспаннан жұлдыздарды алу емес». Адамдармен айла-амал жасау. Жұмыстың сипатына байланысты менеджерге түрлі талаптар қойылады.

6. М.Вудкок және Д.Фрэнсистің зерттеулері бойынша басшыларға қойылатын талаптар

Елдегі саяси, әлеуметтік, экономикалық және психологиялық күштерді зерттей отырып, осы күштердің басқарушылық орындарды алып отырған адамдарға әсерін қарастыра отырып, басшы жұмысының өзгеріп отыратын құрылымына өзінің пайдасын тигізетінін қорытындылап айтуға болады.

М.Вудкок және Д.Фрэнсис «Басыбайлы емес менеджер» деген кітабында менеджерге бүгінгі күні және болашақта қандай талаптар қойылатындығы және ол қандай деңгейде қабілетті болуы қажет екендігі туралы өз ойларын айтқан.

Олар өз зерттеулерінің негізінде таяу онжылдықта басқарушылық қызметке әсер ететін он бір нақты факторларды бөліп көрсеткен:



  1. Ұйым өмірінің барлық жақтарында стрестер, белгісіздік және қысымдылық көп уақытта орын алады. Сондықтан іскерлі менеджерлер өзін және өзінің уақытын тиімді басқару қабілетіне ие болуы керек.

  2. Қалыптасқан құндылықтардың ұмытылуы менеджерлердің жеке құндылықтары мен түсінігінің күрделі бұзылуына әкеледі. Сондықтан қазіргі менеджерлер өздерінің жеке құндылықтарын анықтап алуы қажет.

  3. Таңдаудың кең мүмкіндігі бар. Сондықтан менеджерлерге орындалатын жұмыстың мақсаттарын, сонымен қатар өз мақсаттарын нақты анықтап алғаны қажет.

  4. Қазіргі заманның басшысына қажетті оқу мүмкіншілігін қанағаттандыратын ұйымдастырушылық жүйелердің аздығы. Сондықтан әр менеджер үнемі өзінің жеке өсуін және дамуын қадағалап отыруы қажет.

  5. Проблемасы көп және күрделі болып келеді, сонымен қатар оларды шешетін құралдар жиі шектелген. Сондықтан проблемаларды жылдам және тиімді шешу қабілеті басқарушылық дағдылардың маңызды белгісі болып келеді.

  6. Өткізу нарықтары, қуат ресурстары және пайда үшін үнемі күрес жаңа ойларды және үнемі икемденуді ұсыну қажет екендігін білдіреді. Сондықтан басшылар тапқыш және жағдайлардың өзгерісіне икемді жауап қайтаратын қабілетті болуы қажет.

  7. Қалыптасқан иерархиялық (сатылық) қатынастар қиындай бастады. Сондықтан, тиімді басқару тура бұйрықтарға жүгінбей, айналасындағыларға дағдылардың әсерін пайдалануға шақырады.

  8. Көпшілік қалыптасқан мектептер мен басқару әдістері өздерінің мүмкіндіктерін тауысып, қазіргі және келешектің талаптарына жауап бермейді. Қазіргі жағдайлар жаңа басқарушылық тәсілдерді талап етеді, сондықтан менеджерлерге өз қарауындағы жұмысшыларға әсер ететіндей басқадай басқарушылық тәсілдерді меңгеру қажет.

  9. Қазіргі уақытта жалдамалы жұмысшыларды пайдалану арқылы үлкен шығындар мен қиыншылықтар пайда болып отыр. Сондықтан әр басшыдан адам ресурстарын тиімді пайдалануды талап ету керек.

  10. Өзгерістердің өсіп келе жатқан ауқымы, жаңа көзқарастардың дамуы жеке «кәртейуінің» мүмкіндігімен күресуді талап етеді. Сондықтан менеджерлерге жаңа әдістерді және тәжірибелік дағдыларды жылдам меңгеруге көмектесу қажет.

  11. Күрделі проблемалар бірнеше адамдар еңбегінің бірігуін талап етеді. Сондықтан менеджер жұмысты жылдам тындыратын нәтижелі топтарды құруды және жетілдіруді білуі керек.

7. Тиімді басқару қабілеттілігі дегеніміз не ?

Тиімді басқару қабілеттілігінің анықтамасы менеджердің басқа да рөлдерін анықтау үшін беріледі. Жоғарыда айтылған он бір факторларға негізделсек, олар:



  • өзіңді өзің басқару қабілеті;

  • нақты жеке мақсаттар;

  • үнемі өсуіңді қадағалау;

  • проблемаларды шешу дағдысы;

  • жаңалық табу қабілеті;

  • айналасындағыларға әсер ету қабілеттілігі;

  • қазіргі басқарушылық көзқарастарды білу;

  • басқару қабілеттілігі;

  • қол астындағыларды оқыту және дамыту қабілеттілігі;

  • тиімді жұмыс топтарын қалыптастыруға және дамытуға қабілеттілігі.

Дегенмен жоғарыда айтылған факторлардың әр қайсысы барлық жағдайларға тең мөлшерде қатысты деп есептеу қате болар, өйткені әр-бір басқарушылық міндет әртүрлі нақтылы талаптарды қояды. Бірақ, олар әр жұмысшының жұмысқа деген мүмкіндіктерін бағалауға негіз береді. Егер де менеджер мұндай қабілетке ие болмаса, онда шек қойылу пайда болады.

8. Менеджердің жетілуіне қалай көмектесуге болады ?

Жеке шек қоюды мойындау- мұның өзі өзгерістер үшін қозғаушы күш, дегенмен өз түсінігіңді тереңдету үшін, жаңа дағдыларды және көзқарастарды табу үшін тәжірибе және жиі үйрену қажет. Менеджердің міндеті- өз көзқарастарын және қабілеттілігін талдаудың тәсілдерін табу, мүмкіндігін тексеру, басқаша әрекет жасауға үйрену. Әркімге өзінің жеке тәжірибесінде үйренуге тура келеді, біреуге айтып түсіндіргенше, адамның өзі өз басынан өткізгені дұрыс. Бірнеше негізгі кезеңдерден тұратын әрекеттің жеке жоспарын құруға болады:


  1. Шектеу қоюды анықтаңдар;

  2. Оларды бағалаңдар және талқылаңдар;

  3. Кедергілерді жеңу;

  4. Жаңа істерді табыңдар;

  5. Жұмыстың жаңа әдістерін енгізіңдер;

  6. Өзіңнің алдығы жылжуыңды талда.

Өткен он жылдықта менеджерлердің дайындығын және біліктілігін жоғарлатумен шұғылданып жүрген адамдар олардың қызметіне көмектесетін көп тәжірибелік әдістерді әзірлеген. Сонымен қатар, басшылар әрқашан жаңа жағдайларды меңгеріп, өздерінің біліктілігін арттырып, ертеде жасырылған қабілеттерін байқайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. «Менеджмент» деген ұғым нені білдіреді ?

  2. «Менеджер» деген ұғым нені білдіреді ?

  3. Менеджерге қандай талаптар қойылады ?

  4. Басқарушылық шешім қандай кезеңдерден өтеді және олардың мәні ?

  5. Басқарушылық шешімдердің қандай әдістерін Сіз білесіз ?

  6. Менеджердің маңызды функциялары неден тұрады ?

  7. Менеджердің жетекші болуы қажет пе ? Жетекшілік неден білінеді ?

  8. Басшылардың тұрпаттарын атаңыз.

  9. Менеджердің басқарушылық қызметіне әсер ететін басты факторларды белгілеңіз.

  10. «Тиімді басқару» дегеніміз не ? Сипаттаңыз.

  11. Өз біліктілігіңізді жоғарлатудың жеке жоспарының кезеңдерін көрсетіңіз.




  1. Практикалық сабақтар мазмұны

Тақырып 1. Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері (1 сағат)

Сабақ мақсаты: студенттерге қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның міндеттері, оның ішкі және сыртқы орта элементтері, ұйымдастырушылық-құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық формалары жайлы түсінік беру.

Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысына дайындалу (бақылау жұмысы 7 сұрақтан тұрады)



  1. Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады?

  2. Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер?

  3. Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері?

  4. Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз.

  5. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: серіктестіктер, қоғамдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, кооперативтер, бизнестың басқа формалары

  6. Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары.

  7. Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз.

Әдебиет

  1. ҚР-ның «Кәсіпорындар туралы» заңы:

  2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 59-71 б

  3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 5-15, 37-58 б.

  4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 75-111 б

  5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 11-35,42-72 бб.

  6. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 4-12 б


Тақырып 2. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары (1 сағат)

Сабақ мақсаты: студенттерді негізгі капитал ұғымымен, негізгі қорлардың құрамымен, тозу түрлерімен, амортизацияны есептеу әдістерімен, негізгі қорларды сипаттайтын көрсеткіштермен таныстыра отырып, оларға өз бетінше есеп шығаруды үйрету. Бұл олардың ойлау қабілетін жоғарлатуға көмектеседі.

Есептер

1.1. Жабдықтың бастапқы бағасы 120 млн. теңге. Қызмет ету мерзімі іс жүзінде — 7 жыл. Амортизация нормасы 6 %. Жабдықтың қалдық бағасын анықтаңыз.

1.2. Амортизацияның жылдық нормасын және сомасын келесі мәліметтер бойынша анықтаңыз:

Бастапқы құны — 10 млн. теңге.

Жойылатын жабдықты өткізуден түсетін түсім — 1,2 млн. теңге.

Жоюға байланысты шығындар — 0,5 млн. теңге.

Нормативтік қызмет ету мерзімі — 8 жыл.

1.3. Экономикалық моральдық тозу көлемін анықтаңыз:

Ескі машинаның бастапқы бағасы — 20 млн. теңге.

Ескі машинаның өнімділігі— 10 мың дана жылына.

Ескі машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 10 жыл.

Жаңа машинаның құны — 8 млн. теңге.

Өнімділігі — 30 мың дана жылына.

Ескі машинаның қызмет етуге қалған жыл саны— 2 жыл.

Жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 5 жыл.



1.4. Амортизация нормасы — 10,4 %. Егер нормативтік қызмет ету мерзімі 4,6 жылға қысқарса амортизация нормасы қалай өзгеру керек. Жою құнын ескермеуге болады.

1.5. Тәулік ішінде цехте 50 станок қызмет етті. Оның ішінен бір сменада жұмыс істейтін 20 станок болды, 2 смена істейтін — 10, 3 смена істейтін — 20. Цехте барлығы 60 станок қойылған. Сменалық коэффициентін анықтаңыз.

1.6. Қойманың толық бастапқы құны — 60 млн. теңге, оның ішінде ғимарат 50 млн. теңге, жабдық құны — 10 млн. теңге. Қайта есептеу мезетіне жабдық бағаларының индексы 0,8, ал құрылыс-монтаж жұмыстарының индексы 1,02. Қойманың қайта есептелінген құнын анықтаңыз және моральдық тозуын табыңыз (абсолютті және салыстырмалы өлшемде).

Әдебиет

  1. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 159-185 б.

  2. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 150-167 б

  3. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 146-165 б.

  4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,

2002 ж., 12-24 б

  1. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер

жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 4-8 б

Тақырып 3. Кәсіпорынның айналым қаржысы (1 сағат)

Сабақ мақсаты: студенттерді айналым капиталы ұғымымен, айналым қорлардың құрамымен, зу түрлерімен, амортизацияны есептеу әдістерімен, негізгі қорларды сипаттайтын көрсеткіштермен таныстыра отырып, оларға өз бетінше есеп шығаруды үйрету. Бұл олардың ойлау қабілетін жоғарлатуға көмектеседі.

Әдебиет

1. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 198-220 б.

2. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 167-194 б

3. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 165-180 б.

4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 24-36 б

5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы

/Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 19-21 б



  ЕСЕПТЕР

2.1. Ағымдағы және сақтық қорды табу

Жеткізу датасы

Жеткізу құны (млн. теңге)

Жеткізу датасы

Жеткізу құны (млн. теңге)

15.01

100

01.05

100

20.02

200

02.08

250

01.03

150

10.10

200

20.03

210

01.12

150

2.2. Транспорттық қор шамасын анықтау: жүк айналымы мерзімі — 20 күн; құжаттардың пошталық жүрісі — 7 күн; құжаттарды өңдеу — 4 күн; акцепт мерзімі— 3 күн.

2.3. АҚ нормативын анықтау: өндірістік қорлардың тоқсан ішіндегі шығыны 1980 мың теңге; жеткізу интервалы — 16 күн; қабылдау уақыты — 4 күн.

2.4. Тоқсан ішінде жоспарлы шығын:

  • А материалы б-ша — 45 млн. тг. Норма А = 10 күн;

  • В материалы б-ша — 27 млн. тг. Норма В = 30 күн;

  • С материалы б-ша — 18 млн. тг. Норма С = 20 күн.

АҚ жалпы нормативын табу.

2.5. Өңдірілетін өнімнің тоқсан ішіндегі көлемі — 2250 бірлік. Өндірістік өзіндік құны — 80 мың. тг/данасы. Бастапқы өндіріс шығындары — 32 мың тг. Өндірістік цикл ұзақтығы — 5 күн. Шығындар біркелкі өседі.  Аяқталмаған өндіріс нормативын табу.

2.6. Тауарлы өнім — 180 млн. тг. Шығару шығыны — 90 млн. тг. Тоқсан — 90 күн. Дайын өнімге АҚ нормасы — 8 күн. Дайын өнім нормативын табу.

жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау