νρ, кг/(см2), пайдаланады. Сызықтық емес, себебі барлық ауа қозғалыс жолының тұрақты боп қалады, сол уақытта сызықтық жылдамдық ауаны қыздыру мен көлемін өзгерту салдарынан болады. νρ, кг/(см2), өлшем бірлігі келесі формуламен анықталады:
νρ=Lp/3600 fж, (1)
мұнда: Lp– калорифер арқылы өтетін ауа көлемі, м3/сағ;
fж – ауа өтетін калорифердің тірі қимадағы ауданы (саңылаулар ауданы), м2.
Әдетте калорифердегі ауа қозғалысының массалық жылдамдығын 5-7 кг/см2 төңірегінде қабылдайды.
Калорифер құбырындағы су қозғалысының жылдамдығын төменгі формуламен анықтайды ω, м/с.
ω=Q10-3/ρcfтр(tг – t0), (2)
мұнда: Q – ауа қыздыруға кететін жылу шығыны, Вт;
fж – ауа өтетін калорифердің тірі қимадағы ауданы (саңылаулар ауданы), м2.
ρ – оның калорифердегі орташа температура кезіндегі тығыздығы, кг/м3;
с – 4,19-ға тең ауаның меншікті жылусыйымдылығы, Кдж/(кг К);
tг - калориферге бағытталған ыстық судың температурасы, ˚С;
tо - кері судың температурасы, ˚С.
Калориферді таңдау үшін жылу шығынын Q, Вт есептейді:
Q=0,278 Lρc(tк - tн) (3)
Мұнда: 0,278 – аударма коэффициенті ВтКдж/сағ;
L – қыздырылатын ауа көлемі, м3/сағ;
ρ - ауа тығыздығы, кг/м3;
с – 1 Кдж/(кг К)-ке тең ауаның меншікті жылусыйымдылығы;
tк – калорифердегі ауа қызатын соңғы тепаратурасы, ˚С .
Калорифер қызатын бетінің ауданы (м2) келесі өрнекпен анықталады:
Fк=Q/k(t́ср-tср) (4)
мұнда: Q – ауаны қыздыруға кететін жылу мөлшері, Вт;
k – калорифердің жылуберу коэффициенті, Вт/(м2 К);
tср – бу немесе су сияқты жылутасығыштың орташа температурасы, ˚С.
Су жылутасығышының орташа температурасы:
tср=(tг+tо)/2 (5)
мұндағы tг– 130 -150 тең калориферге кірген кездегі судың температурасы;
tо – 70˚С–қа тең судың калориферден шыққан кезіндегі температурасы.
Ауаның орташа температурасы:
tcp=(tн+tк)/2 (6)
мұндағы tн, tк– ауаның калориферге кірердегі және шығардағы температуралары.
Жылуберу коэффициенті k калорифердің моделіне, жылутасығыш түріне, оның қозғалыс жылдамдығы мен ауаның қозғалысының массалық жылдамдығына байланысты формула, таблица мен графика арқылы анықтала береді.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Өнеркәсіптік бөлімдердің жалпы ауа алмасу қалай жүргізіледі? 2. Өндірістегі калорифердің қандай түрлерін білесің? 3. Калориферлерді қондырудың қандай схемаларын білесің? 4. Жылу беру коэффициентін қалай анықтауға болады? 5. Калориферлерді есептеудің жалпы теңдеуі қалай жазылады?
Ұсынылатын әдебиет:
4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.
4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.
4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.
Дәріс 17,18. Жылу ағындарын өлшеу
Дәріс жоспары.
1. Жылу ағындары. Негізгі есептеулері.
2. Жылу беру режимдері. Олардың негізгі теңдеулері.
Жылу ағындарын анықтау үшін қосымша қабырға принципіне негізделген жылу өлшегіштер қолданылады. Егер қосымша қабырғаның жылу өткізу коэффициенті белгілі болса, жылу ағынын анықтау үшін оның беттеріндегі температураларды өлшеген жеткілікті. Бұл жағдайда жылу ағыны былай анықталады:
мұнда - қосымша қабырғаның жылу өткізгіштігі, Вт/(м2°С);
- қабырға қалыңдығы, м;
t – қабырғаның екі жақ бетіндегі температуралар айырымы, оС.
Қоршау конструкцияларының жылу сақтау сапасы олардың жылу беруге келтірілген кедергісімен R0 және термиялық кедергісімен Rк сипатталады. Оларды эксперименталды анықтау қалыпты жағдайдағы жылу беру режиміне негізделеді:
;
;
; ; ,
мұнда, q – жылу ағыны, Вт/м2;
Riк – конструкцияның i-қабатының термиялық коэффициенті, м2°С/Вт;
li - i-қабаттың қалыңдығы, м;
iк- конструкцияның i-қабатының жылуөткізгіштік коэффициенті, Вт/м2°С;
в – конструкцияның ішкі қабатының жылу қабылдау коэффициенті, Вт/(м2°С);
н – конструкцияның сыртқы бетінің жылу беру коэффициенті, Вт/(м2°С);
Rв – ішкі беттің жылу қабылдау кедергісі, м2·°С/Вт;
Rн – сыртқы беттің жылу беруге кедергісі, м2·°С/Вт;
в – ішкі бет температурасы, °С;
н – сыртқы бет температурасы, °С.
Жылу ағынының шамасын q1, ішкі және сыртқы ауа температурлар айырымын t және ішкі және сыртқы бет температураларының айырымын анықтаған соң, конструкцияның термиялық кедергісін анықтаймыз:
,
мұнда t = tв – tн – ішкі және сыртқы ауа температураларының айырымы, °С;
= в - н – қоршаудың ішкі және сыртқы беттерінің температуралар айырымы, °С;
q1 - өлшенген жылу ағыны, Вт/м2°С;
R – жылу ағынын өлшегіштің термиялық кедергісі, м2С/Вт.
Өлшеу нәтижесінде алынған жылу ағыны q1, шын мәніндегі жылу ағынынан біраз өзгеше, себебі жылу ағынын өлшегіш негізгі қабырғаға қосымша болғандықтан, өлшенген жылу ағыны нақты жылу ағынынан азырақ болады.
Өрнектің екінші мүшесі жылу ағынын өлшегіштің термиялық кедергісін көрсетеді. Бұл жағдайда нақты жылу ағынының шамасы мына қатынаспен анықталады:
Жылу берудің Rн және жылу қабылдаудың Rв кедергілері мына өрнектермен анықталады:
;
.
Қоршаудың жылу өткізу кедергісі
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Жылу ағындарын қалай анықтайды? 2. Жылу беру режиміне не негізделеді? 3. Конструкцияның термиялық кедергіні қалай анықтаймыз? 4. Жылу ағынын қалай өлшейміз?
Ұсынылатын әдебиет:
4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.
4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.
4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.
Достарыңызбен бөлісу: |