Дәріс 19,20. Ғимараттың ауа-жылу режимін зерттеу
Дәріс жоспары.
1. Ғимараттағы ауа-жылу режимін зерттеу.
2. Өлшеу аспатарына қойылатын талаптар
3. Бөлмелердегі ауа температурасы мен салыстырмалы ылғалдылықты есептеу.
4. Бөлменің жылу-ауа режимдерінің жіктелуі.
Ғимараттарға зерттеулер жүргізгенде микроклимат көрсеткіштерін, температура, ылғалдылық, және ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу жұмыстарын ғимараттың толыққанды жұмыс істеу уақытында, яғни бөлмелердегі барлық техниканың жұмыс жасауын, адамдардың болуын ескере отырып жасауға болады. Қабырға, еден, жабын беттердің температурасын tв сол беттің ортасынан өлшеуге болады.
Бөлме микроклиматының көрсеткіштерін арнайы тіркеуден және тексеруден өткен, сәйкестік сертификаты бар аспаптармен өлшеуге болады.
Өлшеу аспаптарының өлшеу және мүмкін қателік диапазоны 1-кесте талаптарына сай болғаны дұрыс.
1-кесте
Өлшеу аспатарына қойылатын талаптар
Көрсеткіш атаулары
|
Өлшеу диапазоны
|
Шектік ауытқу
|
Құрғақ термометр температурасы, °С
|
-30-50
|
0,2
|
Ылғал термометр температурасы, °С
|
0-50
|
0,2
|
Бет температурасы, °С
|
0-50
|
0,2
|
Нәтижелік температура, °С
|
5-40
|
0,2
|
Салыстырмалы ылғалдылық, %
|
0-90
|
5
|
Ауа жылдамдығы температурасы, м/с
|
0-0,5; 0,5
|
0,05; 0,1
|
Жылумен сәулелену қарқыны, Вт/м2
|
10-350
|
5,0
|
|
350
|
50
|
Жұмыс орындарында жылулық сәулелендіру немесе ауа ағыны көздері болатын болса, ауа температурасы мен қозғалыс жылдамдығын аспирациялық психрометрмен өлшеу ұсынылады. Жұмыс орындарында жылулық сәулелендіру немесе ауа ағыны көздері болмаса, ауа температурасы мен қозғалыс жылдамдығын жылу ағыны мен ауа қозғалысынан қорғалмаған психрометрмен өлшеуге болады. Ауа температурасы мен қозғалыс жылдамдығына жеке дара өлшейтін аспаптарды қолдануға да болады.
Ауа қозғалысының жылдамдығын (0,5 м/с аз), әсіресе ағымдардың жан-жақты қозғалысы туатын бөлмелерде термоэлектроанемометрлерді және де цилиндрлік, шар тәрізді кататермометрлерді қолдануға болады. Бет температурасын жанасатын (электротермометр) немесе қашықтықтан өлшейтін (пирометр) аспаптармен өлшеуге болады.
Температуралар мен салыстырмалы ылғалдылықты өлшеу нәтижелері 2-кестеге толтырылады, осы мәліметтер бойынша негізгі есептеулер жүргізіледі.
2-кесте
Бөлмелердегі ауа температурасын tв және салыстырмалы ылғалдылығын в өлшеу нәтижелерін толтыру үлгісі
Күні
|
Тәулік уақыты, сағ.мин.
|
Өлшеу орнының №
|
Өлшеу нәтижелері
|
Ескерту
|
tқұр, С
|
tылғ, С
|
, %
|
tR, °С
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Жылдың суық кезеңінде бөлме ауасының темперурасы мен салыстырмалы ылғалдылығына байланысты бөлменің жылу-ауа режимі құрғақ, ылғал және дымқыл болып бөлінеді (3-кесте).
Микроклимат параметрлері талаптарға сай параметрлермен салыстырылып, соның нәтижесінде микроклимат параметрлері бағаланады, соның негізінде қалыпты жағдайға қол жеткізуге қажетті шаралар тізімі жасалады.
3-кесте
Бөлменің жылу-ауа режимдерінің жіктелуі
Бөлме режимінің сипаттары
|
Ішкі ауа паремтрлері
|
Температура, °С
|
Салыстырмалы ылғалдылық, %
|
Будың парциалды қысымы, кПа
|
1. Құрғақ температура:
|
|
|
|
Төмен
|
12-ге дейін
|
60-қа дейін
|
0,7-ге дейін
|
Қалыпты
|
12 –ден 24-ке дейін
|
50-ге дейін
|
" 0,7 " 1,5
|
Жоғары
|
24 –тен жоғары
|
40-қа дейін
|
" 1,5
|
2. Қалыпты температура:
|
|
|
|
Төмен
|
12-ге дейін
|
60 –тан 75-ке
|
"0,84
|
Қалыпты
|
12 –ден 24-ке дейін
|
" 50 " 60
|
" 0,84 " 1,8
|
Жоғары
|
24 –тен жоғары
|
" 40 " 50
|
"1,8
|
3. Дымқыл температура:
|
|
|
|
Төмен
|
12-ге дейін
|
75 –тен жоғары
|
"1,05
|
Қалыпты
|
12 –ден 24-ке дейін
|
" 60 " 75
|
"1,05 " 2,23
|
Жоғары
|
24 –тен жоғары
|
" 50 " 60
|
2,23-тен жоғары
|
4. Ылғалды температура:
|
|
|
|
Төмен
|
12-ге дейін
|
85 –тен жоғары
|
1,18-дейін
|
Қалыпты
|
12 –ден 24-ке дейін
|
" 75 " 85
|
" 1,18 "2,38
|
Жоғары
|
24 –тен жоғары
|
" 60 " 75
|
2,38 жоғары
|
Ғимаратқа сырттан келетін жылу Q, және ыстық су Qгв мөлшерлері ғимаратта орнатылған есептеу құралы арқылы өлшеуге болады. Егер ғимаратта есептеу құралдары орнатылмаған болса, тасымалданатын ультрадыбысты шығын есептеу құралын пайдалануға болады.
Ғимараттың қоршау конструкциялары арқылы жоғалатын жылу мөлшерін былай анықтауға болады.
Qмн = [kiFi(tв - tн)], (2)
мұнда: ki – i-конструкцияның (қабырға, терезе, жабын және т.б.) жылутасымалдау коэффициенті, қоршау конструкциясының құрамына байланысты анықталады.
Fi –конструкцияның бет ауданы, сызбалар бойынша немесе өлшеніп алынады;
tв – ішкі ауа температурасы, жұмыс аумағында және төбелік жабыннан 0,2-0,3 м төмен аумақта өлшенеді.
tн – сыртқы ауаның есептік температурасы, °С.
Инфильтрациямен жоғалатын жылу мөлшері:
Qинф = СpLинф(tв – tн),
Lинф – инфильтрацияланатын ауа мөлшері, төмендегі өрнекпен анықталады:
Lинф = ,
мұндағы Pi – қоршау конструкциясының ішкі және сыртқы жағындағы статикалық қысым айырымы, Па, микроманометрмен өлшенеді немесе ішкі және сыртқы ауа температуралары мен жел жылдамдығына байланысты есептеледі;
(F)i, - қоршау конструкцияларының қуыстарының эквивалентті ауданы, м2, конструкция түріне байланысты қабылданады немесе келесі әдіс бойынша эксперименталды түрде анықталады. Жылдың жылы кезеңінде:
- сыртқы қоршаудағы барлық ойықтарды жабылады;
- ауа шығару жүйесінің барлық қондырғыларын іске қосады және оның өнімділігін анықталады Gш;
- бөлме іші мен сыртындағы статикалық қысым айырымы өлшенеді Ррз;
- қоршау конструкцияларының қуыстарының эквивалентті ауданын (F)зд мына өрнекпен анықталады
.
Жылдың суық кезеңінде:
- сынақты барлық жылыту аспаптары және желдету жүйелері жұмыс жасап тұрған уақытта жүргізіледі;
- биіктік бойынша сыртқы және ішкі ауаның орташа темрепаруралары анықталады t;
- бөлменің төменгі және жоғарғы аймақтарында терезелердің ортасының ара-қашықтықтары анықталады h;
- қоршау конструкцияларындағы ауданы F0 ойықтардың ашық Ррз1 және жабық Ррз2 тұрған кездеріндегі ішкі және сыртқы ауаның статикалық қысымдарының айырымы анықталады;
- ашық ойықтарда ауа шығынының коэффициентін пр 0,64 (ойықтар тік бұрышты болса) немесе 0,8 (ойықтар дөңгелек формалы болса) қабылданады;
- қоршау конструкцияларының қуыстарының эквивалентті ауданы мына өрнекпен анықталады:
;
төменгі аймақта
,
мұндағы
,
.
Желдету жүйесіндегі ауа шығыны 5-қосымшаның (4) өрнегі бойынша анықталады.
Өрнек құрамына кіретін параметрлер:
L – желдету жүйесіндегі ауа шығыны, зерттеу уақытында өлшенеді;
tв – ауа шығару жүйесі арқылы әкетілетін ауа температурасы, зерттеу уақытында өлшенеді. Есепке орташаланған температура (ауаның массалық шығыны бойынша алынады).
Kt – ауа алмасу тиімділігінің коэффициенті
мұндағы tпр – берілетін ауа температурасы;
tуд – шығарылатын ауа температурасы.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Ғимараттағы ауа-жылу режимін қалай анықтайды? 2. Өлшеу аспатарына қандай талаптар қойылады? 3. Қандай өлшеу аспаптарын білесің? 4. Температуралар мен салыстырмалы ылғалдылықты қалай өлшейді? 5. Бөлменің жылу-ауа режимдері қалай жіктеледі? Осы шамалар қалай жылу ағынын анықтайды? 6. Жылу беру және жылу алмасу коэффициенттерінің мәні және өлшем бірліктері қандай?
Ұсынылатын әдебиет:
4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.
4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.
4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.
Достарыңызбен бөлісу: |