Энергияның теріс мәні сутегі атом энергиясы ядродан алшақтаған (rn өскен сайын) сайын өсетіндігін, ал ядроға жақындаған сайын азаятындығын көрсетеді. Осыдан электрон ядродан алыс орбитадан неғұрлым жақын орбитаға секіргенде (жоғары энергетикалық деңгейден төменге) атом электромагниттік жарық шығарады. Сәйкесінше, кері жүрісте (төменгі энергетикалық деңгейден жоғарыға) атом энергия квантын жұтады.
Сондықтан (4.2.7) формула сутегі атомының энергиясының мүмкін болатын мәндерін анықтайды. Бұл дискретті мәндер энергетикалық деңгейлер жүйесін құрайды. (3.2.1-суретті қара). Бірақ, Бордың 2 –ші постулаты бойынша квант энергиясы мынаған тең:
сәулелену жиілігі
(4.2.9)
Достарыңызбен бөлісу: |