Облыс орталығы Қарағанды қаласын әулеттендіру, абаттан



жүктеу 1,29 Mb.
Pdf просмотр
Дата13.11.2018
өлшемі1,29 Mb.
#19099


Облыс орталығы — Қарағанды 

қаласын әулеттендіру, абаттан-

дыру жұмыстары облыс әкімі 

К. Мұхамеджановтың жеке баста-

масымен 2000 жылы басталып, 

қаланың көптеген көшелері рет-

ке келтірілді. Кейінгі екі жылда 

қаламыздың көркейіп, тазала-

нып, көгалдандырылғанын, бұры-

нғымен салыстырғанда едәуір 

сәулеттенгенін жергілікті тұрғын-

дар бірден байқады. Тіпті сырт-

тан келген қонақтардың өзі Қара-

ғандының соңғы уақытта өзгеріп 

қалғанын тілге тиек етеді. Олай 

болатын жөні бар. Облыс орталы-

ғындағы 58 көше 112 кәсіпорын 

мен ұйымға, соның ішінде 32 

көше облыстық ұйымдарға 

бекітілген. Солардың күшімен 

қала көшелері абаттандырылуда. 

Атап айтқанда жол жиегіндегі 

бордюрлер жаңартылып, ағаш-

тар әдемі етіп қиылып, жаңадан 

сәндік ағаштар егілді. Көшелерді 

сәулеттендіруге коммерциялық 

құрылымдар да тартылып, 

үйлердің бірінші қабатында пай-

да болған дүкендер мен кафе, 

ресторандардың алдына шақпақ 

тас төсеу, түрлі-түсті жарнама 

орнату, ғимараттардың қасбетін 

сәндеу міндеттері қойылды. 

Осындай мақсатты жұмыстың 

жемісі көп күттірген жоқ. Қала-

мыз аз  у а қ ы т т ы ң ішінде 

көріктеніп шыға келді. 

Қазір абаттандырылған көше-

лерді, оны жүзеге асырған меке-

мелерді атай аламыз. Мысалы, 

Ленин көшесінің сол 

жағы — Бұқар жырау 

даңғылынан Ерубаев 

көшесіне дейінгі ара-

лық адам танымастай 

өзгерді. Көшенің бой-

ындағы ғимараттар-

дың сырты ашық 

түске боялып, бор-

дюрлер жаңартылып, 

сымға тартқандай 

түп-түзу болды. 

Көліктер тоқтайтын 

жол жиегіндегі қоржын-аялдамалар 

жасалды. Қураған, ескірген ағаштар 

алынып, басқалары сәнді етіп қиыл-

ды. Асфальт төселіп, шұңқырлардың 

көзі жойылды. Бәрінен бұрын көше 

таза, сәулетті қалыпқа енді. Бұл 

жұмысты атқарған облыстық қаржы 

басқармасы. Осы көшеге жақын Га-

гарин алаңының да келбеті өзгеріп, 

көркейгенін бірден байқауға болады. 

Осы жерге орналасқан мекемелер 

өздерінің ғимараттарын көз тоқта-

тарлық етіп жөндеді. Әсіресе, «Бола-

шақ» жеке меншік институтының бұл 

іске жауапкершілікпен қарағанын 

айту керек. 

Тағы бір мақтануға тұрарлық 

көше — Костенко көшесі. Ол онша 

үлкен емес. Бірақ мұнда мекемелер 

мен жеке меншік фирмалар көп ор-

наласқан. Костенко көшесі негізінен 

мемлекеттік мүлік жөніндегі басқар-

маға жүктелген. «Дантис» жеке 

меншік стоматолгиялық емханасы 

тәрізді коммерциялық құрылымдар 

өз көшелерін абаттандыруға айтар-

лықтай үлес қосты. Ал Чкалов 

көшесін ойыншықтай етіп әрін 

кіргізген облыстық салық комитетін 

ерекше атауға болады. Оның бас-

тығы Қуаныш Нұрпейісов бұл іске өте 

маңыз беріп, өз мекемесіне бекі-

тілген көшені, сол көшедегі ғимарат-

тар мен үйлердің сыртын әдемі түске 

боятты. Жолдың жиегін ретке 

келтіріп, қоқыстан арылтты. Тапсы-

рылған іске осындай жауап-

кершілікпен қараған облыстық мұра-

ғаттар бөлімі Ержанов көшесінің бір 

бөлігін абаттандырып, көз тоқтатар-

лық етті. Комиссаров көшесін 

жөндеп, сәнін келтірген «Қозғалмай-

тын мүлік орталығы» мемлекеттік 

кәсіпорын, Ерубаев көшесінің көп 

бөлігін қолға алып, жөнге келтірген 

облыстық өрт сөндіру басқармасы-

ның ұжымдары өздерін қаланың на-

ғыз патриоты ретінде көрсете білді. 

Қаладағы байырғы көшелердің бірі — 

Жамбыл атындағы көшені «Кәсіпо-

рындарды қайта құру жөніндегі 

агенттік», мемлекеттік күзет қызметі 

басқармасы, кеден комитеті бірлесе 

отырып ретке келтірді. 

Биылғы жылы қала бюджетінен 

бөлінген қаржыға Н.Әбдіров даңғы-

лы мен Гоголь көшелерінің көп жері 

абаттандырылды. Бұл жұмысқа 

бірінші рет студенттік құрылыс от-

рядтары тартылды. Сонымен қоса 

қалалық жолдарды жөндеу мекемесі 

де көп жұмыстар атқарды. Қаладағы 

ең ірі мекеме — «Испат-Кармет» ААҚ-

тың көмір департаментінің ұйымда-

ры 28 көшені абаттандыру ісін өз 

мойындарына алған. Тек қана жаңа 

қаланың орталығы көшелері ғана 

емес, Майқұдықтағы шеткері көше-

лерге де көңіл бөлініп келеді. Мыса-

лы, Магнитогорская, К.Маркс, Бирю-

зов, Архитектурная, Лихачев 

көшелерін Қарағанды құю-механика-

лық заводы, №2 автопарк, металл 

конструкциялар заводы, «Томирис» 

ЖАҚ-тың ұжымдары өз күші 

мен қаражатына жөндеп жа-

тыр. Бұл күнде оның төртеуі 

дайын деуге болады. Бір 

сөзбен айтқанда, Қарағанды 

қаласының көшелерін сәулет-

тендіру ісі одан әрі жалғасу-

да. 

Ақпан айында Қарағанды 



қаласын абаттандыру бағдарламасы 

қабылданған болатын. Соған сәйкес 

қаланың аймағы 20 шағын учаскелер-

ге бөлініп, қалалық 80 мекеме мен 

кәсіпорындарға 

бекітілді. Олар 

өздеріне бекі-

тілген учаскенің 

тазалығына жа-

уап береді. Со-

нымен қоса та-

залық мәселесі 

мен тұрмыстық 

қ а л д ы қ т а р д ы 

шығаруға қо-

сымша шаралар 

қ о л д а н ы л д ы . 

Осы жұмыспен 7 

к о м м у н а л д ы қ 

мекеме айналы-

сатын болса, 

оларға қосым-

ша 3 кәсіптік-

техникалық учи-

лище мен 10 өнеркәсіп мекемесі жұ-

мылдырылған. Қала бюджетінен та-

залық жұмыстары үшін 181 млн. тең-

ге бөлінсе, қазір оның 166 млн. 

теңгесі игерілген. Қаланың гүлзарла-

рына 200 мың дана гүл егіліп, олар-

дың маңына жаңа орындықтар қой-

ылды. 


Биылғы мерекелі жылы қала 

көшелерін жарықтандыруға ерекше 

көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатқа 

қала бюджетінен 121 млн. теңге қара-

стырылған. Барлығы 141 жарық беру 

қадаларын орнатып, 1332 аспалы 

шам ілу көзделген. Шын мәнінде 

қадаларды орнату жоспары 173 про-

центке, шамдарды ілу жоспары 111 

процентке орындалған. Барлығы 64 

көше жарықтандырылып, олардың 

түнгі уақытта жанып тұруы 80 процен-

тке дейін жеткізілді. Мектептер мен 

балабақшалардың маңын, соларға 

баратын көшелерге қосымша 525 

аспалы шам орнатылды. Ал емдеу 

мекемелері мен мәдени демалыс 

орындарының маңына 219 аспалы 

шам жаңадан қойылды, олардың бәрі 

қазір жұмыс істеп тұр. Сыртқы жа-

рықтандыруға 100 млн. теңге жұмса-

лған. Атап айтқанда, Тәуелсізіктің 

10 жылдығы атындағы этносаябаққа, 

Гоголь көшесіндегі көпірге, 

Н.Әбдіров даңғылына, нан-макарон 

комбинатынан «Көгілдір тоғандар» 

шағын ауданына дейінгі және 

Теміртау күре жолына жарық беру 

жүйесі іске қосылды. 

Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы 

жылды жолдарды жөндеу жылы деп 

жариялауына байланысты қала жол-

дарын жөндеу және қайта салу, жа-

ңадан іске қосуға ерекше көңіл 

бөлінді. Осы мақсатқа қала 

бюджетінен 351 млн. теңге қарасты-

рылған. Жаз айларында 50 көшенің 

асфальт жолдары ағымдағы жөнде-

уден өтіп, 7 көтерме жол мен 12 көше 

реконструкциядан өтті. Атап айтқан-

да, Майқұдыққа баратын жолдың 5 

шақырымына, Теміртауға шығар жол-

дың 1,5 шақырымына неміс техноло-

гиясымен күрделі жөндеу жасалды. 

«Гүлдер-2» шағын ауданындағы 1992 

жылы құрылысы басталып, бітпей 

қалған 1,8 шақырым айналмалы жол 

асфальттанды. 

— Өткен жылмен салыстырғанда 

қаланы абаттандыру бағдарламасы 

едәуір артық орындалды, — дейді 

бізбен әңгімесінде Қарағанды қала-

сы әкімі аппаратының шұғыл шара 

қолдану бөлімінің бастығы Ғалым 

Мұқашев. Мұны мынадан көруге бо-

лады. Өткен жылы ұзындығы 93,6 

шақырым 39 көше 46 млн. теңгеге 

сәулеттендірілсе, биыл ұзыңдығы 214 

шақырым 73 көше 164 млн. теңгеге 

жөнделді. Яғни, бұл көрсеткіш 3,5 

есеге өсті. Көшелердегі жарық 

беретін аспалы шамдардың саны екі 

есе артты. Жолдарды ағымдағы 

жөндеуден өткізу екі есеге жуық өсіп 

отыр. Осы цифрларға қарағанда би-

ылғы Қарқынымыз ойдағыдай шығады. 

Қорыта айтқанда, Тәуелсіздіктің 

10 жылдығын тойлар жылы Қараған-

ды қаласы жылдағыдан да сәнді, 

сәулетті бола түсті. Алдағы уақытта 

осы бағыттан таймасақ, қаламыз 

бұдан да көрікті болары анық. 



жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау