§ 6. Кеменің жұмыс шлюпкаларын (қайықтарын) пайдалану
341. Шлюпканы суға түсіруге және оны пайдалануға капитанның рұқсатымен ғана жол беріледі..
342. Борттан кететін әрбір кеме шлюпкасында командалық құрам адамдарынан шлюпка командирі немесе қатардағы құрамнан тағайындалған старшина және моторшы (өздігінен жүретін шлюпкаларда) тағайындалады .
Шлюпка командирі (старшинасы) және моторшысы бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) болып тағайындалады, ал ол болмағанда – вахта бастығы.
343. Шлюпка командирінің (старшинасының) және моторшысының тиісті біліктілігі (құқығы) болады.
344. Шлюпка тиісті есушілер санымен жасақталады және белгіленген жабдығы болады.
345. Шлюпкадағы (жолаушыларды қоса алғанда) барлық адамдар да өздерінінің жеке құтқару құралы болады.
346. Борттан кетуге дайындық туралы шлюпка командирі (старшинасы) вахта бастығына баяндайды және кетуге рұқсат алады; қайтып келуі бойынша шлюпка командирі (старшинасы) оның келуі туралы баяндайды.
10. Кеме ережесі
347. Кемеде мыналарға жол берілмейді:
1) капитанның рұқсатынсыз бөгде адамдарды, олардың жүгін және багажын, сондай-ақ экипаж мүшелеріне тиесілі жүктерді тасымалдау;
2) вахта бастығының рұқсатынсыз қандай да бір заттарды алып шығу;
3) спирттік ішімдіктерді ішу және масаң күйде болу, құмар ойындар ойнау;
4) бөлінбеген орындарда және төсекте, сондай-ақ дабыл, оқу уақытында шылым шегу;
6) вахта атқарушыларды сөзбен алаңдатпау;
7) сырттан көрінетін түрлі-түсті абажурларды жарық көздерінде ұстау немесе оларды түрлі-түсті перделермен жабу;
8) борт сыртына қоқысты, шылым қалдығын, тамақ қалдығын тастау;
9) бөлінбеген орындарда киім-кешекті жуу, кептіру және өтектеу.
348. Спорт іс-шаралары (шлюпкаларда жүзу, жүру) капитанның рұқсатымен ғана және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адамды тағайындаумен жүргізілуі мүмкін.
Кемелердегі қызмет жарғысына
1-қосымша
Өздігінен жүзетін кемелерді (жүрдек кемелерден басқа) ішкі кеме қатынасы жолдарында пайдалану кезінде олардың командалық құрамының вахтаны атқару уақыты
№
|
Лауазым
|
Жұмыс кестесі кезінде вахта атқару уақыты
|
Төрт ауысымды
|
Үш ауысымды
|
Екі ауысымды
|
1
|
Капитан
|
00:04 16:18
|
00:04 12:16
|
00:04 12:20 немесе 00:06 12:18
|
2
|
Капитанның аға көмекшісі (бірінші штурман)
|
08:12 21:24
|
08:12 20:24
|
04:12 20:24 немесе 06:12 18:24
|
3
|
Капитанның екінші көмекшісі (екінші штурман)
|
04:08 18:21
|
04:08 16:20
|
-------
|
4
|
Капитанның үшінші көмекшісі (үшінші штурман)
|
00:03 12:16
|
00:04 12:16
|
-------
|
5
|
Механик
|
12:14 20:24
|
08:12 20:24
|
04:12 20:24 немесе 06:12 18:24
|
6
|
Механиктің бірінші көмекшісі
|
00:04 14:17
|
00:04 12:16
|
00:04 12:20 немесе 00:06 12:18
|
7
|
Механиктің екінші көмекшісі
|
04:08 17:20
|
04:08 16:20
|
-------
|
8
|
Механиктің үшінші көмекшісі
|
08:12 21:24
|
08:12 20:24
|
|
8
|
Электромеханик (механиктің электр жабдығы бойынша көмекшісі.
|
12:14 20:24
|
08:12 20:24
|
--------
|
Кемелердегі қызмет жарғысына
2-қосымша
Күн тәртібі
Күн тәртібі
|
Кемелердегі уақыт, сағат мин
|
жүруде
|
Тұрақта тұрғанда
|
Тұру
|
07:00
|
07:00
|
Таңертеңгі ас
|
07:30-08:30
|
07:30-08:30
|
Кеме бойынша жұмыс
|
08:30-12:00
|
08:30-12:00
|
Түскі ас
|
11:30-12:30
|
11:30-12:30
|
Кеме бойынша жұмыс
|
13:00-17:00
|
13:00-17:00
|
Кешкі ас
|
19:30-20:30
|
17:30-18:00
|
Жеке уақыты
|
20:30-23:00
|
18:00-23:00
|
Ұйқыға жату
|
23:00
|
23:00
|
Достарыңызбен бөлісу: |