Нуржігт Алтынбеков
Аралық бақылау №1
1.
Қазіргі эпидемиологияның анықтамасы және құрылымы.
Эпидемиология термині (гр.
ері- ел іші, demos- халық, logos- ғылым) халық арасындағы
құбылысты зерттейтін ғылым деген түсінік береді. Шын мәнісінде
эпидемиология пәні
медицинаның бір тармағы ретінде індет туралы ғылым. Инфекциялық аурулардың басқа
аурулардан ерекшелігін айқындайтын екі басты себеп бар: 1) Өзіндік эпидемиологияның
болуы, яғни инфекциялық процесті тудыратын себеп ретінде қоздырғыштың болуы. 2)
Инфекциялық процестің мәнін анықтайтын микроорганизмнің паразиттік феномені, яғни
аурудың залалды жұқтырушылық қасиетінің болуы. Инфекциялық аурулардың
қоздырғыштарын биология және медицина ғылымдарының микробиология, вирусология,
гельментология,т.б. бөлімдері зерттейді. Бірақ микроорганизмдер қалайша және неге адам
ауруының
қоздырғышы болады, оның таралу аспектілерін эпидемиология ғылымы
зерттейді. Қоздырғыш пен адам организмінің белгілі бір ортада болатын әрекеттестігінің
нәтижесінде инфекциялық ауру пайда болады. Бұл құбылыс инфекциялық процесс деп
аталады. Осыны
медицинаның жалпы потология, имунология, инфектология және басқа
салалары зерттейді. Эпидемиология – адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда
болуы, таралуы, даму заңдылықтарын зерттейтін және олардың алдын алу мен күресу
шараларын іздестіретін ғылым.
ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДІСТЕР
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау а) инфекция ошағын тексеру б)аумақты
барлаумен
сараптау
в)
микробиологиялық.
Серологиялық.
Иммунологиялық.
Паразитологиялық, энтомологиялық, санитарлықхимиялық әдістер - Инфекциялық
аурулардың пайда болу жағдайын мен себебін анықтау:қауіпқатердің
алдыңғы себебін
анықтау:эпидемиологиялық диагноз қою; аурудың этиологиясын дәлелдеу,
эпидемиялық
процеске қатынасатын буынаяқтылар түрі, кеміргіштер: аумақта инфекциялық
аурулардың пайда болу мүмкіндігін, эпидемиялық жағдайды асқындырмау шараларын
анықтау.
Аналитикалық әдістер а)оқиға – бақылау түрінде зерттеу б) когортты зерттеу(біркелкі
топты зерттеу) - Қауіп қатер
факторларын болжап бағалау, қорытынды жасау.
Эпидемиологиялық дигноз қою; қауіпқатер факторға байланысты індетке қарсы
шаралардың бағытын анықтау
Статистикалық әдістер-Сырқаттанушылық деңгейінің
дұрыс дәрежесін сандық
бағалау;індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін анықтау
Эксперименталдық әдіс-Болжауды дәлелдеу; індетке қарсы жұмысқа және алдын алу
шараларына қолданылған жабдықтар мен әдістердің сандық тиімділігін бағалау
Математикалық үлгілеу-Эпидемиялық процестің көрінісін болжау.