4.3.1 Тұрқылық тетіктің сызбасын оқу (4.9 және 4.10 суреттер), сызбада келтірілген
1. Дайындама қаттылығы НВ 156…241
2. В жазықтығының диаметрі 45 тесік осіне қатысты перпендикулярлықтан ауытқуы
0,2мм артық емес.
3. Диаметрі 45 мм болатын тесіктің жалпы оське қатысты осьтестіктен ауытқу 0,003 мм
артық емес.
4. Диаметрі 45 беттің жалпы осіне қатысты радиаль ауытқу:
а) диамері 60 беттің – 0,6 мм артық емес;
б) диаметрі 80,5 – 0,4 мм артық емес.
5. Өлшеулердің көрсетілмеген шекті ауытқулар: тесіктердің Н14 бойынша, біліктердің h14
бойынша, қалғандардың ±IT14/2.
4.3.3 ШЦ-П штангенциркуль көмегімен диаметрі 74мм болатын бетті және диаметрі
22мм №1 тесікті өлшеу (4.9 сурет), тегіс микрометрмен диаметрі 60мм бетті және көрсеткішті
нутромермен – диаметрі 45мм болатын тесікті өлшеу.
4.3.4 Тетікті бақылау тақтасына орнату және ШР штангенрейсмуспен жазықтықтар
арасындағы 136,5мм және 52,5 мм қашықтықтарды өлшеу, ШЦ-П штангенциркульмен ені
12мм болатын ойық пен диаметррі 22 мм болатын №1 және №2 тесіктер арасындағы 64мм
ось аралық қашықтықты өлшеу.
4.3.5 ПБ-500 құралында В жазықтығының перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу
және диаметрі 60 мм беттің диаметрі 45 мм тесік рсіне қатысты радиаль ауытқуды өлшеу.
4.3.6 Көрсеткішті нутромер көмегімен қиылысқан қимадағы диаметрі 45 мм болатын
тесік қалпының ауытқуын өлшеу.
4.3.7 Кедір-бұдырлық үлгілерін пайдалана отырып В жазықтығының, диаметрлері
60мм және 45мм болатын беттердің кедір-бұдырлығын анықтау.
4.3.8 Табылған кедір-бұдырлық классын (МЕСТ 2789-74) оған сәйкес
z
R
немесе
Ra
мағыналарға аударады.
4.3.9 4.3.3-4.3.7 бөлімдері бойынша орындалған өлшеу нәтижелерін 4.2 кестеге
толтыру.
4.3.10 Өлшеулерді аяқтағаннан соң өлшеу құралдарын футлярларға салу және
зертханашыға беру.
4.3.11 4.9 суретте көрсетілген тетікке техникалық талаптарды пайдалана отырып әрбір
өлшенген дәлдік көрсеткішіне шекті өлшеулерді (ауытқуларды) есептеу және мәліметтерді 3.2
кестеге толтыру.
4.3.12 Тетіктің дәлдік параметрлерінің әрбіреуі бойынша өлшеулер нәтижелерін
сәйкесті шекті өлшеулермен (ауытқулармен) салыстыра отырып, дәлдік көрсеткіштерінің
әрбіреуі бойынша жарамдылық туралы қорытынды жасау және тұрқылық тетіктің
жарамдылығы туралы жалпы қорытынды беру.
4.3.13 Өлшеулер мен есептеу нәтижелерін оқытушыға көрсету.
4.2 кесте
Дәлдік көрсеткіші,
мм
Шекті өлшем
(ауытқу)
Шын өлшеу
(ауытқу)
Жарамдылық
қорытындысы
түзелетін
ақау
түзелмейтін
ақау
1 Диаметр 74
мм
2 Диаметр
52
,
0
22
3 Диаметр
2
,
0
6
,
0
60