Нұсқаулар Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары


Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары



жүктеу 32,3 Kb.
бет2/2
Дата09.01.2022
өлшемі32,3 Kb.
#32038
түріНұсқаулар
1   2
Biologiya

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары
1. Өсімдіктің жер асты өркендері

A) сабақ


B) гүл

C) пиязшық

D) буын

E) тамырсабақ

F) жапырақ

G) тамыр

H) түйнек

Дұрыс жауап - C,E,H, себебі пиязшық, тамырсабақ, түйнекте өркенге тән бүршіктер немесе жапырақтар болады.

Оқулық: Р.Әлімқұлова, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева, Қ.Қайым, Қ.Жұмағұлова. Биология. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

– Алматы: Атамұра, 2015.


2. Бір жасушалы саңырауқұлақтар

A) қайыңқұлақ

B) терекқұлақ

C) ақ саңырауқұлақ

D) еменқұлақ

E) мукор


F) діңқұлақ

G) түлкіжем

H) ашытқы саңырауқұлағы

Дұрыс жауап - E,H, себебі мукор мен ашытқы саңырауқұлағының құрылысы қарапайым және бір жасушадан ғана тұрады

Оқулық: Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, К. Жүнісқызы, А. Соловьева. Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра,
3. Жасыл балдырлар

A) хлорелла

B) ламинария

C) кладофора

D) хондрус

E) порфира

F) плюмария

G) саргассум

H) турбинария

Дұрыс жауап - A,C, себебі хлорелла және кладофора жасыл балдырлар

Оқулық: Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, К. Жүнісқызы, А. Соловьева. Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра,
4. Жылықанды омыртқалылар

A) дөңгелекауыздылар

B) қандауырша

C) шеміршекті балықтар

D) құстар

E) сүйекті балықтар

F) қосмекенділер

G) жорғалаушылар

H) сүтқоректілер

Дұрыс жауап - D,H, себебі құстар мен сүтқоректілердің дене температурасы тұрақты және жылықанды омыртқалылар

Оқулық: Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, К. Жүнісқызы, А. Соловьева. Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра
5. Көпқармалауышты маржандар класына жататын жәндіктер

A) медуза

B) актиния

C) теңіз қауырсыны

D) қызыл маржан

E) обелия

F) гидра

G) амеба

H) вольвокс

Дұрыс жауап - B,C,D себебі актиния, теңіз қауырсыны және қызыл маржандар көпқармалауышты отырықшы жәндіктер

Оқулық: Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, К. Жүнісқызы, А. Соловьева. Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра.

6. Жүйке жасушаларының негізін құрайтын өсінділер

A) дене

B) нейрон

C) рецепторлар

D) жүйке ұштары

E) дендрит

F) аксон


G) синапс

H) нейроглия

Дұрыс жауап - E,F себебі дендрит-жүйке жасушасының қысқа өсіндісі, аксон-жүйке жасушасының ұзын өсіндісі болып табылады

Оқулық: Р.Очкур, Л. Аманжолова, Р.Жұмабаева. Биология. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2016.


7. Асқорыту мүшелері

A) кеңірдек

B) өңеш

C) кеңсірік

D) көмей

E) жұтқыншақ

F) көкет

G) өкпе


H) ауыз қуысы

Дұрыс жауап - B,E,H себебі өңеш, жұтқыншық және ауыз қуысы асқорыту жолы болып табылады

Оқулық: Р.Очкур, Л. Аманжолова, Р.Жұмабаева. Биология. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2016.
8. Жасуша органоидтары

A) Нәруыз

B) Көмірсу

C) Май


D) Митохондрия

E) Рибосома

F) Лизосома

G) Кальций

H) Темір

Дұрыс жауап-D,E,F себебі митохондрия, рибосома, лизосома жасуша құраушы бөліктері немесе органоидтары

Оқулық: Т.Қасымбаева, К. Мұхамбетжанов. Биология. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2016.

9. Мендельдің заңдары

A) Біркелкілік

B) Тіркес тұқымқуалау

C) Ажырау

D) Пластидтік тұқым қуалау

E) Полимерия

F) Өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар

G) Гетерозис

H) Тәуелсіз тұқым қуалау

Дұрыс жауап - A,C,H себебі Г.Мендельдің І заңы-Біркелкілік заңы, ІІ заңы – Ажырау заңы және ІІІ заңы- Тәуелсіз тұқым қуалау заңы деп аталады

Оқулық: Ж.Шілдебаев, Ж. Қожантаева, Л.Аманжолова.

Биология. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.

– Алматы: Мектеп, 2013.


10. Қолдан сұрыптау

A) жаңа түр пайда болады

B) жаңа іріктеме пайда болады

C) үздіксіз жүреді

D) көзге көрінбейді

E) популяцияда тепе-теңдік сақталады

F) адамның қатысы жоқ

G) ортаға жақсы бейімделеді

H) адамның араласуымен болады

Дұрыс жауап - B,H себебі қолдан сұрыптау адамның тікелей қатысуымен жүреді және нәтижесінде жаңа іріктеме, қолтұқым немесе жаңа штам пайда болады;

Оқулық: Ж.Шілдебаев, Ж. Қожантаева, Л.Аманжолова.

Биология. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.



– Алматы: Мектеп, 2013.
жүктеу 32,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау