|
Нормативтік құқықтық база
|
Дата | 29.12.2019 | өлшемі | 0,52 Mb. | | #25365 |
| - Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы
- (2019 жылғы сәуірде күшіне енген өзгерістерді ескере отырып)
- (бұдан әрі – Қағидалар)
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12730 болып тіркелді.
- 1. Осы Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабының 2-тармағы 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.
- 2. Шығындардың бір бөлігін өтеу индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесі (бұдан әрі – тізбе) негізінде және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде беріледі.
- 3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі ұсынылатын өтінімнің және оған қоса берілетін құжаттардың, ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
-
- ҚОЛДАУ ҚҰРАЛЫ:
- Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу
- шетелде тауарды жарнамалауға байланысты шығындар
- шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысу шығындары
- шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеумен, шетел тілдеріне аударумен және басып шығарумен байланысты шығындар
- шетелде өкілдікті, сауда нүктесін және қойманы ұстауға арналған шығындар
- шетелде тауар белгілерін (бренд) тіркеумен байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар
- шетелде өнімді сертификаттауға байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар
- Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды жеткiзумен байланысты шығындар
- Отандық өңделген өнімдерді экспорттауды арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау
- 1. Ілгерілету бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері бiр субъектiге 13 000 АЕК* аспауы тиіс
- 2. Тасымалдау бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері ағымдағы жылға
- бөлінген қаражатының 1/50* көлемнен аспауы тиіс
- 3. Жүк көлігімен тасымалдауға арналған лимит 1 километр жорығына 300 теңгеден аспайды
- * - 2019 жылға шетелде өнімді ілгерілету бойынша лимиті - бір субъектігіне 32,8 млн. тг. (1 АЕК = 2525 тенге)
- ** - 2019 жылы тауарларды тасымалдау лимиті 200 млн. тенгені құрайды
- Отандық өңделген өнімдерді экспорттауды арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау
- * Бағдарламаға қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі - жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн
- 1. Ұлттық институт өтініш беру туралы хабарламаны жариялайды;
- 2. Индустриялық-инновациялық даму субъектісі құжаттарды дайындайды және өтініш береді;
- 3. Ұлттық институт өтінішті қабылдайды және тіркейді;
- 4. Ұлттық институт құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексереді;
- 5. Ұлттық институт өтініштің қысқаша мазмұнын дайындайды;
-
- 6. Ведомствоаралық комиссияға қарастыруға ұсынады;
- 7. Ведомствоаралық комиссия өтеу туралы шешім қабылдайды;
- 8. Уәкілетті орган келісім жасайды және ақша аударады.
- 1) Сараптама актілерімен және/немесе индустриялық сертификатпен бірге «СТ-KZ», сондай-ақ «СТ-1» және/немесе «СТ-2» және/немесе «А» және/немесе «түпнұсқа» нысанындағы тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері;
- 2) Төлем шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген шартқа қосымшаларымен бірге жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
- 3) Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісім жасасу жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың 1-ші күнгі жағдай бойынша есепке алуды мемлекеттік кірістер органы жүргізетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.
- Шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға арналған жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған шарт болмаған жағдайда – шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға арналған өтінімдердің көшірмелері;
- 4) Төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделсе), шот-фактуралардың (инвойстың) көшірмелері және/немесе орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер актілері, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді төлеу фактісін растайтын төлем құжаттары.
- 5) Тауарды жеткізуге арналған шарттың көшірмесі;
- *тарихи құжаттаманың кезеңі: берілген күнге дейін 24 ай,бірақ тасымалдау 2019 жылғы 1 қаңтардан кейін, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін бір жылдан ерте емес жұмсалған шығындарды қамтиды.
- Өтемақы үшін ұсынылатын құжаттар тізімі
- 6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысы және бас бухгалтері (бар болса) расталған тауарларды жеткізу бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің іс жүзінде шеккен шығындарын растайтын мынадай құжаттардың көшірмелері:
- тауарларды жеткізу шығындары бойынша жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған жасасқан шарт;
- тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға байланысты жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған шот-фактура;
- тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға байланысты жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шот;
- орындалған жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің актілері немесе тауарларды жеткізуді жүзеге асыруды растайтын өзге де құжаттар;
- 7) тауар-көлік жүк түбіршектердің құжаттарының, автомобиль және теміржол көлігінде жүкті қабылдау туралы квитанциялардың көшірмелері;
- 8) жасалған шарттар бойынша отандық өңделген тауарларды жеткізуге байланысты ақшалай қаражаттың түсуі туралы Қазақстан Республикасының резиденті - екінші деңгейдегі банктің анықтамасы;
- 9) 2 (екі) жылдан кем емес мерзімде тауарларды жеткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырғанын растайтын тасымалдаушыға қатысты ғана ұсынылатын құжаттардың көшірмелері;
- 10) тауарларды жеткізу кезінде пайдаланылған көлік құралының мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
- 11) тауарларды жеткізу кезінде пайдаланылған көлік құралының меншігінде немесе жалдауында болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
- 1) тауарларды шетелде жарнамалауға арналған шығындар бойынша:
- шетелде тауарларды жарнамалау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар және осы жарнамаға шығындарды растайтын құжаттар;
- каталогтардың, газеттердің немесе өзге де баспа басылымдарының, мамандандырылған және жарнамалық журналдардың, тауарлар жарнамасы бар каталогтардың түпнұсқалары (оның ішінде тауар және өндіруші туралы жарнамалық мақалалармен);
- телевизиялық жарнаманың бейне нұсқалары (USB флэш жинақтағыштар);
- аудио және/немесе бейнероликтердің көрсетілуін растайтын құжаттардың көшірмелері (медиажоспарлар, эфирлік анықтамалар және/немесе жарнаманың расталған шығу кестелері);
- радиодағы жарнаманың аудио нұсқалары (USB флэш жинақтағыштар);
- шартқа сәйкес орындар мен жарнамалық алаңдарды толық қамтитын қоғамдық орындарда жүргізілген жарнама туралы 2592х1944 пиксельден кем емес рұқсаты бар түрлі-түсті фотоесептер;
- шартқа сәйкес орындар мен жарнамалық алаңдарды толық қамтитын көлік құралдарының сыртқы беттеріне жүргізілген жарнама туралы 2592х1944 пиксельден кем емес рұқсаты бар түрлі-түсті фотоесептер;
- шартқа сәйкес орындар мен жарнамалық алаңдарды толық қамтитын қоғамдық көлік салондарында жүргізілген жарнама туралы 2592х1944 пиксельден кем емес рұқсаты бар түрлі-түсті фотоесептер;
- 2) шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға қатысуға арналған шығындар бойынша:
- түсірілім орны мен күнін көрсете отырып, шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға қатысу туралы 2592х1944 пиксельден кем емес рұқсаты бар түрлі-түсті фотоесептер, кемінде 3 (үш) дана;
- жарнамалық-тарату материалдарының түпнұсқа даналары;
- ұшу және тұру бойынша құжаттардың көшірмелері: авиабилеттер, отырғызу талондары, шот-фактуралар және авиабилеттерді сатып алу және тұру бойынша орындалған жұмыстардың актілері, сондай-ақ олардың төленгенін растайтын құжаттар;
- осы көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға қатысу үшін қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі және іссапар куәліктері;
- Қосымша шығындардың жекелеген түрлеріне өтініш беруші
- келесі құжаттарды ұсынады:
- Қосымша шығындардың жекелеген түрлеріне өтініш беруші
- келесі құжаттарды ұсынады:
- 3) каталогты әзірлеу және басып шығару шығындары бойынша:
- каталогтың түпнұсқасы;
- каталогты тарату және олардың саны туралы бірінші басшының қолы қойылған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі анықтамасының түпнұсқасы;
- жүкқұжаттың көшірмесі (каталогты пошта қызметі арқылы жөнелткен жағдайда);
- көлік жүкқұжатының көшірмесі (авиа, авто, теміржол көлігі арқылы каталогтар жөнелтілген жағдайда);
- 4) шетелдегі өкілдікті, сауда алаңын немесе нүктесін, қойманы күтіп-ұстауға арналған шығындар бойынша:
- өкілдікті тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
- түсірілімнің орны мен күні көрсетілген өкілдіктің офистік үй-жайы фотосуретінің көшірмесі;
- түсіру орны мен күні көрсетілген сауда алаңдары, қойманың фотосуретінің көшірмесі;
- өкілдікті қаржыландыруды растайтын құжаттардың көшірмелері;
- 5) шетелде тауар белгілерін (брендті) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар бойынша:
- тіркеу құжаттарының көшірмелері (сертификаттар);
- 6) шетелде сертификаттауға байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар бойынша:
- тауарларды сертификаттаудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, рұқсаттар және басқа да құжаттар).
- 7) тауарларды жеткізуге байланысты шығындар бойынша:
- жол парақтарының көшірмелері;
- тауарларды автомобиль көлігімен жеткізген жағдайда - автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператордан алынған халықаралық және Республикалық маңызы бар автомобиль жолының жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль өткізу пункттеріне дейінгі ұзындығы туралы мәліметтер.
- *тарихи құжаттама кезеңі: берілген күнге дейін 24 ай,бірақ тасымалдау 2019 жылғы 1 қаңтардан кейін, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін бір жылдан ерте емес жұмсалған шығындарды қамтиды.
- Өтініштерді қабылдағаннан және тіркегеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде оларды осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарайды.
- Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеу Ережесіне сәйкес өтінімді ұсынады
-
- Комиссия өтінімді және өтініштің қорытындысын алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде шығыстардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы тиісті шешім қабылдайды.
- Уәкілетті орган Комиссияның шығыстарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне қаражат аудару туралы шарт жасасады.
- Мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету механизмі
- Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы Келісімге қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде субъектінің шығындарының бір бөлігін өтейді
- * Комиссия құрамын уәкілетті орган (ҚР ИИДМ )
- Комиссияның отырысы кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі.
- Уәкілетті орган Комиссия отырыстарының аудио немесе бейне жазбаларын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|