Тізілімге енген оқу орталықтары мен оқу орындары халықты жұмыспен қамту
саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы қысқа мерзімді кәсіптік
оқытудан өткен Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге
құқығы бар.
Білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын облыстық
деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы
органдардың ұсынымы бойынша жыл сайын білім беру бағдарламаларының
талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып, өңірлік
комиссиялар белгілейді және өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеуді көздейді.
Өндірістегі тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу білім беру саласындағы уәкілетті орган
бекіткен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді жан басына
шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа
орналастыру Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін
міндетті шарт болып табылады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аяқталғаннан кейін
халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға Заңға сәйкес
жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды – білім беру саласындағы
жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен, қысқа мерзімді
кәсіптік оқытуды – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
атқарушы органдар республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге
асырады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін адамдар стипендиямен және материалдық
көмекпен қамтамасыз етіледі. Кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы
өткен кезде тұруға арналған материалдық көмек төленбейді.
Оқу орталықтарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін адамдарға стипендия
мен материалдық көмекті халықты жұмыспен қамту орталықтары төлейді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға мынадай
мөлшерде:
1) облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын елді
мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу
орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде
жол жүруге;
2) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау және Маңғыстау
облыстарында тұруға ай сайын – 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарда 5 АЕК
мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай, білім беру
ұйымы сабаққа келуі туралы берген анықтаманың негізінде төленеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халықты
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары халықты жұмыспен қамту
орталықтарының есептері негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік
оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша, 100/200
қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие
мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және
қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары
оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың
5-күніне халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қысқа
мерзімді кәсіптік оқыту барысы туралы есеп береді.
Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі
бар кадрларды даярлау және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар
бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша міндеттерді іске асыру шеңберінде
тартылған тараптардың өзара іс-қимыл тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган
бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді
кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша
кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта
даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 5.1.2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019
№ 521
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
5.1.3. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар
даярлау
Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан
облыстарының және Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары,
техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша "Мәңгілік ел жастары
– индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар болып табылады.
Жоба шеңберінде кадрларды даярлау 9 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс
Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан
облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім
беру тапсырысына сәйкес жоғары білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі
бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады. Жоғары білім беру жобасына
қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол
жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Жоба шеңберінде кадрларды даярлау жұмыс күші тапшы 6 өңірдің: Ақмола, Шығыс
Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының оқу
орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі
бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік оқу жобасына қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша
мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен, тамақтанумен қамтамасыз
етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |