Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 450,82 Kb.
Pdf просмотр
бет22/30
Дата27.12.2019
өлшемі450,82 Kb.
#25066
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

      Қоныс аударушылар мен оралмандарды Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын 
үймен қамтамасыз ету пилоттық режимде жүзеге асырылуда.
      Қоныс аударушылар мен оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ЖАО 
мыналарды:
      1) тұрғын үй салуды, тұрғын үйді, оның ішінде өз қаражаты есебінен тұрғын үй 
салған жұмыс берушілерден сатып алуды (құнын төлеп алуды);
      2) Бағдарламаның салынып жатқан объектілері бойынша техникалық-экономикалық
негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді;
      3) тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін жер 
учаскелерін бөлуді;
      4) магистральдық инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асырады.
            Тұрғын  үйді  сатып  алу  (құнын  төлеп  алу)  жұмыс  берушілер  тарапынан  қоса 
қаржыландырылған  кезде  жүзеге  асырылады,  бұл  ретте  жұмыс  беруші  тұрғын  үй 
құнының кемінде 15%-ын қоса қаржыландырады.
            Тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  жергілікті  атқарушы  органға  республикалық 
бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен қаржыландырылады. 
Аталған  міндетті  іске  асыру  үшін  жергілікті  атқарушы  орган  жергілікті  бюджет 
қаражатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа 
да көздерді тартуы мүмкін.
      Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету құрылыс және тұрғын 
үй-коммуналдық  шаруашылық  мәселелері  жөніндегі  жергілікті  атқарушы  орган 
арқылы жүзеге асырылады.


            ЖАО  мен  жұмыс  беруші  ниет  шартын  жасасады,  онда  мынадай  міндеттемелер 
көзделеді:
      1) тұрғын үйді бірлесіп салу тәртібі;
      2) қоныс аударатын азаматтарды міндетті түрде жұмысқа орналастыру;
      3) жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшері.
            Тұрғын  үйлер  салу  кезінде  жобаны  жергілікті  жерге  байланыстыру  жергілікті 
бюджет есебінен жүзеге асырылады.
            Заңнамада  белгіленген  тәртіппен  мердігерді  және  объектінің  соңғы  құнын 
анықтағаннан  кейін  ЖАО  бюджеттік  бағдарламаларының  әкімшісі,  мердігер  және 
жұмыс беруші тұрғын үй құрылысы және жұмыс берушінің аталған құрылысты қоса 
қаржыландыру шарттары туралы үшжақты шарт жасасады.
            Пайдалануға  енгізілгеннен  кейін  тұрғын  үй  жергілікті  атқарушы  органдардың 
теңгеріміне беріледі.
            Құрылыс  кезінде  ЖАО  үшжақты  әлеуметтік  келісімшарт  жасайды,  оның 
шарттарының бірі Бағдарламаға қатысушының жұмыс берушіде 5 жыл бойы жұмыспен
өтеуі болып табылады.
            Әлеуметтік  келісімшарт  талаптарын,  оның  ішінде  жалға  берілетін  тұрғын  үйде 
тұрудың  5  жылдық  мерзімін  бұзған  кезде  жалға  алу  төлемдері  қайтарылмайды,  ал 
тұрғын үй келесі қатысушыға беріледі.
            20  жылдық  мерзім  аяқталған  соң  Бағдарламаға  қатысушы  тұрғын  үйді 
жекешелендіру шарттарынан бас тартқан жағдайда жалға алу шарты ұзартылады.


            ЖАО,  жұмыс  беруші  және  Бағдарламаға  қатысушы  арасында  20  жыл  мерзімге 
тұрғын үй бере отырып, жалға алу шарты жасалады.
            Әлеуметтік  келісімшарт  талаптары  сақталған  жағдайда,5  жыл  тұру  мерзімі 
аяқталған соң Бағдарламаға қатысушының мына талаптарды сақтау шартымен тұрғын 
үйді жекешелендіруге құқығы бар:
      1) сатып алынған кездегі тұрғын үйдің баланстық құнынан қалған соманы біржолғы
төлеммен енгізу;
            2)  қалған  соманы  келесі  15  жыл  ішінде  тең  үлестермен  енгізу(бұл  ретте  тұрғын 
үйдің  құны  бюджетке  толық  өтелгенге  дейін  олқатысушының  меншігіне  әділет 
органдарында жылжымайтын мүлік ауыртпалығы салынып беріледі).
            Бағдарламаға  қатысушылардың  нақты  тұрған  кезеңінде  төленген  жалға  алу 
төлемдерінің бұдан бұрын енгізілген сомалары тұрғын үй құнының есебіне қосылады.
      Тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) және бөлу 
бойынша  іс-шараларды  қаржыландыру  тетігі,  тұрғын  үй  беру,  оған  қоныстану  және 
оны пайдалану тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган 
бекітетін  Жұмыс  күшінің  ұтқырлығын  арттыру  үшін  адамдарды  ерікті  түрде  қоныс 
аудару қағидаларында айқындалады.
      5.3.3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту
      Бағдарламаның бұл бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу 
үшін "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын құруды көздейді.
      "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында:


      1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып 
табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған 
"Еңбек нарығы" ААЖ-дағы;
            2)  жұмыспен  қамтудың  жекеше  агенттіктерінің  және  жұмысқа  орналастыру 
жөніндегі жекеше онлайн-алаңдардың дерекқорындағы;
            3)  жұмыс  іздеу  және  персоналды  іріктеу  интернет-порталындағы  (бұдан  әрі  – 
портал) деректер қамтылған.
            "Еңбек  нарығы"  ААЖ  жұмысқа  орналастыруда  делдалдық  көрсету,  мониторинг 
жүргізу  және  есептілікті  қалыптастыру  және  мемлекеттік  органдардың  ақпараттық 
жүйелерімен  интеграциялауды  қоса  алғанда,  ведомствоаралық  өзара  іс-қимыл  жасау 
мақсатында  халықты  жұмыспен  қамту  орталықтарының  қызметін  автоматтандыруға 
арналған.
      "Еңбек нарығы" ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады 
және  ол  жұмыс  іздеп  жүрген  адамдар,  жұмыссыздар  және  өзін-өзі  жұмыспен 
қамтығандар,  бос  жұмыс  орындары  (бос  лауазымдар)  және  жұмыспен  қамтуға 
жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығы туралы ақпаратты 
қамтиды.
            Қызметтер  көрсетудің  бизнес-процестерін  оңтайландыру  мақсатында  "Еңбек 
нарығы" ААЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен (ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, 
СК АЖ, АХАЖ, МОДҚ, ҚР ІІМ) интеграцияланған және қажетті құжаттардың тізімі 
мен жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартады.
      "Еңбек нарығы" ААЖ-ны қалыптастыруды өңірлік деңгейде халықты жұмыспен 
қамту  мәселелері  жөніндегі  ЖАО  және  халықты  жұмыспен  қамту  орталықтары 
қамтамасыз етеді.


жүктеу 450,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау