Неолит төңкерісі



жүктеу 32,33 Kb.
Pdf просмотр
бет1/2
Дата22.12.2023
өлшемі32,33 Kb.
#44854
  1   2
neolit tonkerisi 2819



Неолит төңкерісі
Қазақстан аумағында неолит кезеңінің шамамен 600 (кейбір деректер бойынша 800)
ескерткіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша
тұрақтары.
Негізгі белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір мәдени-тарихи
топқа жатады. Дегенмен табылған құралдардың, керамикалық ыдыстардың түрлеріне,
олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, шаруашылықты жүргізу сипатына
қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп
көрсетеді.
Солтүстік-батыс Қазақстан аймақтық тобы мәдениетінің ерекшеліктері: біріншіден,
пластикалық тас өндірісінің басым болуы, екіншіден, ыдыстарды әшекейлеуде геометриялық
өрнектеудің басым болуы.
Арал, шығыс және оңтүстік-шығыс Қазақстан аймақтық тобының ерекшеліктері: неолит
кезеңіне тән құралдар, яғни садақ пен найзаның тастан жасалған ұштары, жалпақ пышақтар,
екі жағынан да өңделген жебе ұштары және де тас жаңқаларынан жасалған құралдар басым
болды.
Солтүстік Қазақстан аймақтық тобында басқаларына қарағанда әртүрлі құралдар өте көп
табылды: тас жаңқаларынан жасалған қашаулар, жалпақ пышақтар, қырғыштар.
Шаруашылықтың негізгі түрі аңшылық пен терімшілік болды.
Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймағы топтарына өзен мен көл жағалауларында
орналасқан тұрақтар тән. Қашаулар, найзаның ұштары, тері мен геометриялық формадағы
құралдар өте аз кездеседі, ал керамика мүлдем жоқ.
Орталық Қазақстанның солтүстік аймақтары тобында кремнийдан жасалған құралдар мен
тұрақтар Қазақстанның солтүстік аймақ топтарына ұқсас болды. Қарағанды мен Зеленая
Балка тұрақтарында үй жануарларының сүйектері табылды. Жезқаған өңірінен 150 тұрақ
және көне қорымдар мен обалар табылды. Қайтыс болған адамның денесін тастармен
қоршап, жерге арқасын беріп, басын солтүстік-батысқа қаратып жерлеген. Бұл – неолит дәуірі
адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғанының куәсі.
Шығыс Қазақстан аймақтық тобындағы қоныстар да құралдардың түрлеріне өте бай.
Керамикалық бұйымдар мен қырғыштар ойылған өрнектермен көмкерілген.
Арал өңірінен найзаның тас ұштары, жалпақ пышақтар, екі жүзі де өңделген жебе ұштары
табылды. Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ
пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі.
Балқаштың солтүстігінде шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар, тілікшелер, жаңқалар,
нуклеустар және жебе ұштары көп кездеседі.
Алғашында ұжымдағы барлық жұмысты аналар атқарды. Олардың істейтін жұмыс көлемі
бұрынғыдан да көбейді. Олар отбасы істерімен, тамақ дайындаумен қатар киім тоқу, жер
өңдеумен де айналысты. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды.
Рулық бөлініс те аналардың үстемдігімен анықталды. Әрбір қауым өз аумағында мекен етті.
Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең болып есептелінді. Жер, баспана, еңбек
құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп орманда аң аулады, балық ұстады, ортақ
жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-
жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдарды аулады.
Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті, мысалы, найзаны кез келгені пайдалана алды.
Олар ру ішіндегі тіршілік пен әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті. Жалпы
жиналысқа ересек адамдардың бәрі – еркектер мен әйелдер түгел қатысты. Әрқайсысы өз
пікірін білдіре алды.
Жалпы жиналыста ақсақалдар сайланды. Оған рудың барлық мүшелеріне сыйлы, ең ақылды,
ержүрек, құрметті адамдар таңдалды. Ақсақалдар даулы мәселелелрді шешті, аң аулайтын,
мал жаятын жерлерді бөліп беріп отырды. Олар рудың әрбір мүшесінің мүддесін қорғады.
Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Және осындай рулық
бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.
Мезолит пен неолит шаруашылықтарының айырмашылығы: мезолитте жеке аңшылық пайда
болды, малды қолға үйрету мен дәнді-дақылдарды егу басталды; неолитте мал


шаруашылығы мен егіншілік қалыптасты, сонымен қатар тоқыма тоқу, киім тігу, қыш ыдыс
жасау (керамика) пайда болды, тас құралдарды өңдеу жоғары деңгейге көтерілді.

жүктеу 32,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау