САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ
«Magnum Cash&Carry» ЖШС
САЯСАТ
УП-Плт03
№2 баспа
16-бет 36-ден
5.5.2
Ӛткізу барысында қайтарылуға тиіс деп табылған тауарлар Тауарларды жеткізу
шартында кӛрсетілген мерзім ішінде қайтарылулары тиіс. Келісім-шарт бұзылу
жоспарланып отырған Жеткізушінің тауары Тауарларды жеткізу шартына
сәйкес, бірақ келісім-шарт бұзылу күнінен 20 к.к. қалған мерзімнен
кешіктірілмей қайтарылуы тиіс.
5.5.3
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жӛніндегі комитет тарапынан ӛткізуге
тыйым салу енгізілген тауарлар азаматтардың денсаулықтарына қауіп тудыруы
және компанияның имиджіне нұқсан келтіруі мүмкін жағдайлар туындаған
кезде, Коммерциялық директордың шешімімен шұғыл түрде жеткізушіге
қайтарылуы мүмкін.
5.5.4
Науқан ӛткізу кезінде ӛткізілмеген тауарлардың қайтарылатын мӛлшері
Секция
меңгерушісімен анықталады. Егер тауар ассортиментке науқан ӛткізу кезеңіне
ғана енгізілсе, Секция меңгерушісі тауар қалдықтарын толық кӛлемде
қайтарады. Басқа кездерде Секция меңгерушісі тауардың белгілі бір бӛлігін
ғана қайтарып, қалған бӛліктерін негізгі сӛреге қою үшін қалдыруға құқылы.
5.5.5
Секция меңгерушісі Жеткізушіге тауарды қайтару жүкқұжатын Компанияның
есептік жүйесінде жасап, құжатта қайтарылатын тауар атауын, мӛлшерін және
сатылып алынатын бағасын кӛрсетеді. Тауар тек сатылып алынатын баға
бойынша қайтарылады. Құжат жасалған соң EDI жүйесі арқылы автоматты
түрде Жеткізушіге жіберіледі. Егер Жеткізушіде EDI жүйесіне қосылу
мүмкіндігі болмаса, сонымен қатар EDI жүйесі бойынша құжатты жіберуге
мүмкіндік бермейтіндей бағдарламалық жасақтамада іркілістер туындаған
жағдайда, тауарды қайтару жүкқұжаты электрондық пошта арқылы жіберіледі.
5.5.6
Жеткізуші тауарды қайтару жүкқұжатын қандай тәсілмен алса, сол тәсіл
арқылы оны алғанын растайды.
5.5.7
Жеткізуші тауарды алып кетуге келіскен жағдайда, тауарды қайтару
Жеткізушіге тауарды қайтару жүкқұжатында кӛрсетілген күні жүргізіледі.
5.5.8
Тауарды қайтаруды жүзеге асырар алдында ТҚА Бақылаушысы Жеткізуші
ӛкілінде сенімхат пен жеке куәлік/паспорттың болуын тексереді. Құжаттар
болмаған жағдайда немесе аты-жӛні және/немесе жеке басын растайтын құжат
нӛмірі сенімхатта кӛрсетілген деректермен сәйкес келмесе, ТҚА Бақылаушысы
тауарды қайтаруды жүзеге асырудан бас тартуы тиіс.
5.5.9
Тауарды қайтару жүзеге асырылған соң, Жеткізуші Тауарларды жеткізу
шартында кӛрсетілген мерзім ішінде сауда объектісінің бухгалтеріне
құжаттарды тапсыратын ТҚА Аға операторына минустық шот-фактураны
ұсынуы тиіс.
5.5.10 Қайтарылуға жататын тауарларды уақытылы әкетуге қатысты барлық
шығындарды Жеткізуші жабуы тиіс.
5.5.11 Жеткізуші қайтарылуы тиіс тауарды алып кетуден бас тартқан
жағдайда, Секция меңгерушісі бас тарту жайлы Санатты менеджерге, Сауда
объектісінің директорына хабарлайды. Санатты менеджер тауарды қайтару
туралы Жеткізушімен келіссӛздер жүргізеді.
5.5.12 Егер 2 (екі) ж.к. ішінде Жеткізушімен ортақ келісімге қол жеткізілмесе,
Санатты менеджер
Жеткізушімен
жүргізілген
келіссӛздер
тарихын
электрондық пошта арқылы Бағыт жетекшісіне жібереді. Бағыт жетекшісі 2
(екі) ж.к. ішінде Жеткізушімен бір ымыраға келуі тиіс немесе шағым-талаптық
жұмыстарды бастау үшін ақпаратты Заңгерлік бӛлімге жіберуге міндетті.
САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ
«Magnum Cash&Carry» ЖШС
САЯСАТ
УП-Плт03
№2 баспа
17-бет 36-ден
6
Жеткізушілерге тӛлем жасау тәртібі
6.1.1
Жеткізушілерге тӛленетін тӛлемдер Тӛлемдер графигіне сәйкес жүргізіледі.
6.1.2
Жеткізушілердің тауарына тӛленетін барлық тӛлемдер Тӛлемдер графигіне
сәйкес автоматты түрде Компанияның есептік жүйесінде қалыптастырылады.
6.1.3
Компания жеткізілген тауар үшін тӛленуге жататын тӛлемақы сомасын
Жеткізушіге қайтарылған тауар сомасына, сапасыз тауарлар құны сомасына,
сонымен қатар Тауарларды жеткізу шартына немесе Жеткізуші мен Компания
арасындағы ӛзге де шарттарға сәйкес Жеткізушіден ұсталып қалынуы тиіс
басқа да, ӛсімақы мен айыппұл сомаларын қоса алғандағы сомаларға кемітуге
құқылы.
6.1.4
Компания Тауарларды жеткізу шартында аталған жағдайлар орын алған кезде
Жеткізушіге тӛлем жүргізбеуге құқылы:
Жеткізуші қол қою үшін берілген Жеткізу шартын, Қосымша келісімдерді,
Маркетингтік қызмет кӛрсету шартын, Келісім-шартқа жасалған
қосымшаларды, Маркетингтік келісімдерді және ӛзге де келісімдердің қол
қойылған даналарын қол қоюға алған күннен бастап 5 (бес) ж.к. ішінде
ұсынбады;
Жеткізуші тауар жеткізілген сәттен бастап 6 (алты) ж.к. ішінде
тауарды айырбастамады және/немесе тауарлық құжаттарды тапсырмады;
Жеткізуші
есеп айынан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) жұлдызына
дейінгі мерзім арасында қол қойылған Орындалған жұмыстар актісін
ұсынбады;
Жеткізуші
есеп айынан кейінгі айдың 30 (отызыншы) жұлдызына
дейінгі мерзім арасында қол қойылған салыстыру актісін немесе оған қол
қоюдан дәлелді бас тарту хатын ұсынбады;
Жеткізуші
есеп айынан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) жұлдызына
дейінгі мерзім арасында қол қойылған ӛзара есеп айырысу актісін немесе
оған қол қоюдан дәлелді бас тарту хатын ұсынбады;
Жеткізуші
Шағымды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде
Жеткізуші тарапынан қол қойылған шағымның түпнұсқасын немесе
жазбаша дәлелді бас тарту хатын ұсынбады.
6.1.5
Құжаттар жӛнінде борыш мәселелері бойынша Жеткізуші Компания
Бухгалтериясына жолығады.
6.1.6
Құжаттар жӛнінде борыштың болуына байланысты Жеткізушіге тӛлемдерді
жүргізу тоқтатылған жағдайда, борыш ӛтелгенше тӛлемдер жүргізілмейді.
6.1.7
Жеткізуші құжаттар жӛніндегі борышын ӛтеген жағдайда, тӛлемдер жасау
қайта басталып, олар Тауарларды жеткізу шартында кӛрсетілген мерзімдерде
жүргізіледі.
6.1.8
Тӛлемдерге қатысты барлық сұрақтар бойынша Жеткізуші Санатты
менеджерге жолыға алады. Тӛлемдер бойынша ақпарат алу үшін Жеткізуші
электрондық пошта арқылы Санатты менеджерге ақпарат жіберу туралы ӛтініш
хатын жібере алады.
6.1.9
Санатты менеджер Жеткізушінің хатын алған күннен 1 (бір) ж.к. ішінде хатты
Сатып алу жӛніндегі басқарма ассистентіне жібереді.
6.1.10 Сатып алу жӛніндегі басқарма ассистенті 1 (бір) ж.к. ішінде Санатты
менеджерден алынған ақпаратты шоғырлап, оны электрондық пошта арқылы
Қаржылық департаменттің Кредит-менеджеріне жӛнелтеді.
6.1.11 Кредит-менеджер 2 (екі) ж.к. ішінде Сатып алу жӛніндегі басқарма
ассистентіне жауап ретінде электрондық поштамен Жеткізушілерге жіберілетін
тӛлемдер бойынша ақпарат жібереді.
6.1.12 Сатып алу жӛніндегі басқарма ассистенті Жеткізушіге жауап беру мақсатында
тӛлемдер жайлы ақпаратты электрондық пошта арқылы Санатты
менеджерлерге жібереді.
6.1.13 Санатты менеджер Жеткізушінің ӛтінішін алған күнен бастап 5 (бес) ж.к.
ішінде Жеткізушіге тӛлемдер бойынша ӛтінішке жауап қайтаруы тиіс.