Назарбаев зияткерлік мектептері дббұ аоо назарбаев интеллектуальные школы aeo nazarbayev intellectual schools



жүктеу 393,33 Kb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата15.05.2018
өлшемі393,33 Kb.
#13929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

7

түйінді  рөлінің  дәлелдері  ретінде  Лейтвуд,  Харрис  және  Хопкинс  (2008)  өз 

зерттеулерінің  тұжырымында  «...Директорлар  қызметкерлердің  ынтасына, 

жұмысқа берілгендігіне және еңбек жағдайларына ықпал ете отырып, жанама және 

анағұрлым тиімді тәсілмен оқыту мен оқуды жақсартады. Мектеп көшбаcшылығы 

қызметкерлер арасында бөлінген жағдайда мектеп пен oқушыларға ықпалы күштірек 

болады» (3) делінген, яғни мектептегі тәжірибе кезеңіндегі басты назар аударатын 

талаптың бірі – мектептегі қызметкерлер арасындағы көшбасшылықтың мүмкіндігі 

бар барлық қызметкерлерге берілуі және көшбасшылықты дамыту арқылы бүкіл 

қызметкерлердің кәсіби дамуына қолдау көрсете алуы болып табылады.

Мектеп  басшылары  мұғалімдердің  уәжі  мен  қабілетіне  қолдау  көрсету 

арқылы  олармен  бірлесе  жұмыс  істеп,  жұмыс  ортасын  құруда  жағымды  ахуал 

орнатып,  мектептегі  оқушының  оқуын  жақсартуда  басты  рөл  атқарады.  Мектеп 

басшылары  әлемдік  білім  беру  жүйесінде  зерттелген,  үздік  деген  тәжірибелерді 

өз  мектебіне  қолданып  көру  үшін  мектептің  даму  жоспарына  енгізеді.  Мысалы, 

Сингапур,  Финляндия,  Чикаго,  Куийнсланд  елдерінің  білім  беру  саласындағы 

мұғалімнің  кәсіби  дамуына  қатысты  проблемаларды  шешу  үшін  өздерінің  үздік 

модельдерін ұсынады,  ал мектеп  басшылары шет  елдік модельдермен танысып, 

оны қазақстандық мектептер үшін тиімді модельге айналдырады. Сондықтан мектеп 

басшылары мектептегі жұмысын тиімді жоспарлау үшін:

мұғалімдердің нәтижелілігін бақылау мен бағалау;



коучинг пен тәлімгерлікті басқару мен жүргізу;

мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау; 



командалық  жұмысты  және  бірлескен  оқуды  ұйымдастыру  арқылы 

мектептегі тәжірибенің анағұрлым табысты болуына ықпал ете алады.

Мектептегі тәжірибиенің нәтижелі болуы мектептің даму жоспарының тиімді 

әрі сол мектептің қажеттілігін ескеріп, дамыту аймақтарын нақ айқындап алуына 

да қатысты болады. Ал дамыту аймағын шынайы айқындау үшін ең керегі мектеп 

деректерінің (курсалды тапсырмалар, TALIS) не үшін жинақталып жатқанының 

мақсаты анық, жұмысы жүйелі, сапалы өңделуі.

Сонымен  мектеп  басшылары  мектепке  өзгеріс  енгізудегі  мектептің  даму 

жоспарын тиімді жоспарлау үшін теориялық бөлімдерде қарастырылған ғылыми 

зерттеулерді практикада қолданып пайдаланғаны дұрыс болады. 

Алдымен жалпы мектеп басшылары үшін мектептің даму жоспарын әзірлеуде 

және оны тиімді жүзеге асыруда ағылшын ғалымы Дугласа Мак Гредердің «Адам 

және  кәсіпорын»  (4)  атты  еңбегінде  айқындалған  келесі  мектепішілік  басқару 

қағидаттары басшылыққа алынса, ол:

Адамға деген құрмет және сенім – бұл қағидаты – мектепке өзгеріс енгізуде 



өте  маңызды  болып  табылады,  өйткені  қазіргі  кезде  де  көп  жағдайда 

мектептердің қызметінде адамға деген құрмет пен сенім жетіспейді. 

Адамға (бірінші кезекте, оқушыға) тұлға ретінде біртұтас көзқарас теориясы-



мұғалім де мектеп басшысы үшін, ең алдымен, өзіндік мінезі, қалыптасқан 

жеке қасиеттері бар адам, тұлға болуы тиіс. 




8

Әріптестік қағидаты – яғни оқыту мен оқуға жетекшілік етуде жеке қарым-



қатынастан диалогтік қарым-қатынас құзыреттілігін меңгеру. 

Мұғалімнің  жұмысын  байыту  қағидаты



  –  бұл  мұғалімнің  жұмысын 

түрлендіруге, оның бойында өз еңбегіне деген кәсіби қызығушылығын оятуға 

және қолдауға ұмтылуда, өз әрекеттеріне сенімін арттыруда болып табылады.

Бұл үшін әрбір мұғалімнің кәсіби дамуының келешегін айқындау, оның басқа 

мектептердегі  сабақтарға  қатысуына,  семинарларға,  дөңгелекүстелдерге, 

симпозиумдар мен конференцияларға қатысуына мүмкіндік беру қажет. 

Үздіксіз біліктілікті арттыру қағидаты –



 бұлмектептерді дамытудың басты 

талабы болуы керек. Себебі табысты оқушыны тек табысты мұғалім ғана 

даярлайды. Сондықтан мектеп басшысы мектепті дамыту үшін біліктілікті 

арттырудытұрақты түрде қалыптастырып отыру керек. 

Келісім негізінде ұжымдық шешім қабылдау қағидаты – мектеп ұжымында 



келісім белгілі бір идеяны немесе шешімді күштеп немесе белгілі бір идеяны 

«енгізу» туралы емес, шығармашылықпен «меңгеру» туралы болуы тиіс.

Мұғалімдердің  мектепті  басқаруға  қатысу  қағидаты



  –  бұл  жерде  мұғалім 

өзін  мектептің  қызметкері  ғана  емес,  көшбасшысы  ретінде  сезінуінде 

болып табылады. 

Мақсатты үйлестіру қағидаты –



 мектептің ортақ ұстанымы мен құндылығы 

айқын  болса,  одна  мектепте  біртұтастық,  ынтымақтастық  мәдениеті 

қалыптасады. 

Жаңару және даму қағидаты.Бұл мектептегі кез келген ірі өзгерістерді, оның 



ішінде теориялық тұрғыдағы өзгерістерді де алдын ала дайындау қажеттігін 

білдіреді. Жаңа нәрсені игеру үшін біртіндеп дайындық жасау қажет, жан-

жақты  жоспар  жасау  және  есептеу  керек.  Оны  үздіксіз  өзін-өзі  дамытуға 

қажеттілікті қалыптастырудан бастау қажет.

 

Бұдан  шығатын  түйін,  оқыту  мен  оқуды  жақсарту  тек  тиімді  құралдарды 



енгізумен  ғана  шектелмейді,  деңгейлік  курс  бағдарламасында  қарастырылған 

өзгеріс  құралдарын  тиімді  жүзеге  асыру  үшін  жоғарыда  аталған  мектепішілік 

басқарудың қағидаттары негізге алынуы маңызды болмақ. Себебі қазіргі кезеңдегі 

мектеп басшыларының біліктілік арттыру курстарынан өткен әрбір мектеп басшысы 

үшін  тәжірибенің  тиімді  жоспарлануы  дұрыс  басшылық  жасалған  жағдайда, 

мектептегі қызметкерлер мектеп көшбасшылары ретінде жауапкершілікті өздеріне 

алады.  Егер  әрбір  мұғалімге,  оқушыға  сенім  білдірілетін  жағдай  жасалса,  әрбірі 

идеяларға бай және оны жүзеге асыруда нық сеніммен дамыта алады.

Мектеп  басшысының  мектепті  дамыту  жоспарын  тиімді  жасауына  және 

мектептегі  тәжірибе  кезеңіндегі  зерттеуінің  нәтижелі  болуына  екінші  ықпалын 

тигізетін Бурке Литвин ұсынған «Мектепке өзгеріс енгізу» моделі (3). Мектептегі 

тәжірибенің сапасын арттыра алатыны ғылыми зерттеулер нәтижесінде анықталып, 

түйінделген,  дәлелденген.  Егер  мектеп  басшысы  өз  мектебінің  дамуын  осы 

модельге салып, жоспарлай білсе, оның мектептегі іс әрекеттегі зерттеу жүргізудегі 




жүктеу 393,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау