23
Байланыс орнату
Оқшаулану проблемасын
азайту
Қолдау көрсету тетіктері
Пікірталас, дебатқа
арналған форум
Озық тәжірибемен алмасу –
басқалардан үйрену
Рефлексияға арналған уақыт пен
орынды қамтамасыз ету
Қатысушыларды
ынталандыру
Зерттеу мен
ынтымақтастықты көтермелеу
Құзыреттілікті арттыру
Проблемаларды
шешу
Әлеуметтік мүмкіндік
Ұзақ мерзімді кәсбіи
қоғамдастық
Мектеп басшыларына қоғамдастық жұмысын жоспарлауды ұйымдастырудың
сызбасын жасату өз әріптестеріне бірлесіп арнайы «Бірлескен топ» жаттығуын
ұсынуға болады. Бұл жаттығу арқылы олар келесі қадамдарды жасайды.
І. Мектеп басшылары өз тобына кімдерді қамтитынын анықтайды. Олар: жақын
мектептер, жоғары оқу орындары, колледж, лицей немесе шағын жеке кәсіпкерлер
болуы мүмкін.
ІІ. Қоғамдастықты мектептер арасында, яғни тірек мектептері арасында
және мектеп аясында ұйымдастырады. Қазіргі мектеп тәжірибесінде бұл аталған
қоғамдастықтар жұмыс жасап жатыр.
ІІІ. Қоғамдастық мүшелерін анықтап, оған кімдер кіретінін тізімдейді. Олар
мұғалімдер, оқушылар, ата аналар т.б.
ІҮ. Қоғамдастық жұмысын жүйелі жүргізуде шараларды белгілеу, яғни
кездесулерді жоспарлау керек.
Ү. Қоғамдастық жұмысының жоспарында байланыстардың болуы (кіммен,
қалай?) қарастырылуын ойластырады.
ҮІ. Қоғамдастық жұмысында қамтылған топтардың мақсаттары белгіленеді
(қандай жұмыспен, іс әрекеттегі зерттеумен айналысады):
•
деректерге негізделген зерттеу жүргізу;
•
әлеуметтік және эмоциялық ахуал орнату;
•
үйлестіру және жоспарлау (даму стратегиясына шолу)
•
адамдарды және үдерісті дамыту (оқыту, тәлімгерлік)
•
қоғамдастық жұмысының мақсаттары мен шараларын белгілеген соң,
мүшелері арасында міндеттерді бөлуге болады.
Үлгі:
Міндет
Функциясы
Делдал
(байланыстырушы)
Түрлі топтардағы адамдардың байланысын қамтамасыз ету
Хатшы
Топ ішінде және басқа топтармен ақпарат алмасу – топқа түсетін
ақпараттың қандай болатынына әсер етеді
Хабарлаушы (өкіл) Топтың ақпаратын басқаларға жеткізу
24
Үйлестіруші
Бір топ ішіндегі адамдардың қарым-қатынасын қамтамасыз ету
Сыртқы сарапшы
Қажет болған жағдайда, топ үшін қажетті сараптаманы жүргізу
Бақылаушы
(оқшауланған адам)
Оны хабарлаушы ретінде қолдануға болады
Мектеп басшысы мектепке өзгеріс енгізудегі жұмысының тиімділігін дұрыс
жоспарлау арқылы іске асыра алады. Кез келген модельді жасап, жоспарлауда
алдымен, проблемаға сәйкес талдау, талқылау жүргізіліп, қорытындысында
белгілігі бір ортақ тұжырымға негізделген жаңа модель жасалады. Мектеп – қоғам
аясында түрлі құрылымдармен біріктірілген ұйым, дегенмен, қызметі тиімді және
табысты болу үшін ол жалпы ереже мен дәстүрлер арқылы біріктірілген, ортақ
ұстаным ұстанатын қоғамдастық болуы тиіс (10). Сондықтан мектеп басшылары
кәсіби қоғамдастықты мектепті дамытудың бірлескен зерттеу жүргізудегі
командалық тобы деп санайды. Мысалы, берілген мектептегі кәсіби қоғамдастық
жұмысының моделіне қарап, зерделеу жүргізіп, мектеп басшысы өз мектебінің
кәсіби қоғамдастық моделін құруға болады.
4-сурет. Мектептегі кәсіби қоғамдастық жұмысының моделі.
25
МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗ ТӘЖІРИБЕЛЕРІНЕН
Мектептің дамуын жоспарлау – мектептер өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне
өзгеріс енгізу үшін жүзеге асырылатын үдеріс. Мектеп басшылары мектеп
жағдайларын бағалап, мектептің құндылықтар мен ұстанымын қалыптастыру үшін
жоспар әзірлеп,оны іске асырады. Мектеп басшылары жұмыс моделінің циклін
құра алады. Ол үшін сыни шолу жасау арқылы ақпарат жинау, деректерді талдау,
шешім қабылдау керек, келесі өзгеріс енгізуде жұмыс тәсілдерін анықтау, істеп
жүрген жұмысын өзгерту, кедергілерге қарап шешім қабылдау тәсілін өзгерту,
яғни инновациялық жетілдіру, оқытудың тиімді стратегияларын әзірлеп, жоспарлы
әрекет етеді. Мектеп басшылары мектепті басқарудағы тәжірибелері нәтижесінде
мектебіндегі оқыту мен оқудың табыстылығына бағытты анықтау, болашақты
болжау, мектепке өзгеріс енгізуді жоспарлау, жоспарды іске асыру және ықпалын
бағалау арқылы көз жеткізеді.
Мектеп директорынан өзгерістер енгізуді басқаруда нағыз көшбасшы болу талап
етіледі. Көшбасшылық – бұл мектеп директоры барлық оқушылардың табысты оқып,
жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, оқыту туралы ортақ
ұстаным қалыптастыру жұмысына жетекшілік ететін, мықты ұйымдастырушылық
миссиясы бар және оқушылардың үлгеріміне үлкен үміт артылатын интерактивті
үдеріс (11).
Мектептегі тәжірибені тиімді жоспарлау мақсатындағы ұсынылған мектеп
басшысының мектептегі тәжірибе кезеңіндегі мектепті дамытуды жоспарлау
үлгілеріне қарап, басқа мектеп басшылары сын тұрғысынан ойланып, көзқарастарын
бағамдап, өз пайымдауларын жасап, мектептері үшін қажеттілігі мен мүмкіндіктері
ескерілген ең тиімді мектептің даму жоспарын жасап көрсетсе ұтымды болады.
Мектептегі тәжірибені тиімді ұйымдастыру мен жоспарлау жолдары
(Абдазиева Г.М., Қызылорда қ.
А. Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінің директоры)
Білім беру саласында әлемдік тәжірибелерді үйрене отырып үлкен жетістіктерге
жетуге болады. Дамыған елдердің, соның ішінде Финляндия, Чикаго, Австралия,
Сингапур елдерінің мектепті дамыту зерттеулерімен толықтай танысып, әр елдің
өзіндік ерекшелігін ұқтым. Соның ішінде маған Сингапур елінің оқыту модельдері
ерекше ұнады. Бұл елде мұғалімдердің кәсіби дамуына үлкен жауапкершілікпен
сенімділік танытып, мұғалім жұмысының тиімділігі мен жауапкершілігі кәсіби
қоғамдастық арқылы жүзеге асады екен. Маған Сингапур тәжірибесіндегі
мұғалімдердің топтарға бөлініп, бірлесіп жұмыс жасайтын әдістерінің «Жетістіктер
үшбұрышы» деп аталатын модульдер арқылы іске асатыны ұнады.
Мен де өз мектебімде кәсіби қоғамдастықты дамыту арқылы, қоғамдастық
ішінде тәлімгерлік пен коучингтер, командалық жұмыс, бөлінген көшбасшылық
дағдыларының қалыптасуы нәтижесінде мектепті басқару мен оқыту тәжірибесіне
өзгеріс енгізу қажеттігін ескере отырып, сындарлы оқыту бағдарламасын