Н. ТҰЯҚ БАЕВ
Т К.АРЫСТАНОВ
Б. ӘБІШЕВ
ЖАЛПЫ
ГЕОЛОГИЯ
КУРСЫ
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі
жогары оқу орындары студенттеріне арналган
оқу құралы ретінде мақулдаган
Тұяқбаев Н., Арыстанов К., Әбішев Б.
Жалпы геология курсы (редакциясын басқарған профессор
Н. Тұяқбаев): Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. — Алматы Білім, 1993.—2486.
Кіріспе
І.1. Геология пәні, оның міндеттері және геологиялық
ғылымдар саласы.
І.2. Геологияның даму тарихы туралы қысқаша мәліметтер
І.3. Геологиялық зерттеу әдістері.
І.4.Геологияның халық шаруашылығындағы маңызы
ІІ. Жер және басқа планеталар туралы жалпы түсіктер
ІІ.1. Жер және күн жүйесі.
ІІ.2. Күн жүйеснің басты ерекшеліктері .
ІІІ.3. Күн жүйесінің және Жердің жаратылысы туралы космогониялық болжамдар.
ІІІ. Жердің жалпы физикалық-химиялық сипаттамасы
ІІІ.1Жер пішіні және оның өлшемдері.
ІІІ.2. Жер бетінің бедері .
ІІІ.3.Жердің сыртқы қабаты.
ІІІ.3.1.Атмосфера.
ІІІ.3.2.Гидоосфера.
ІІІ.3.3.Биосфера.
ІІІ.4.Жердің ішкі құрлысы
ІІІ.4.1.Жер қыртысы.
ІІІ.4.2.Мантия.
ІІІ.4.3.Ядро.
IV. Жер қыртысының жалпы құрамы
ІҮ.2.Жер қыртысының минералогиялық құрамы
ІҮ.3.Жер қыртысының петрографиялық құрамы
Ү.Тау жыныстарының жасын анықтау (геологиялық жылнама)
V. 1. Жердің негізгі даму кезеңдері.
V. 2. Тау жыныстарының жасын анықтау әдістері
VI. Геодинамикалық процестер
VI..1.Экзогендік геологиялық процестер
Vl.І.Гипергенев және үгілу қыртысы
Vl.l.2.Желдің геологияық әрекеті
VІ.l.3. Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық
VI. 1. 4.Өзендерің геологаялық әрекеті
VI. 1. 5. Мұздықтар және олардың геологиялық
эрекеті
VI. 1. 6. Жер асты суларының геологиялық әрекеті
VІ.І.7.Теңіздің геологиялық әрекеті
VI. 1. 8. Көлдер мен батпақты көлдердің геологиялық
әрекеті
VI. 1. 9. Шөгінді тау жыныстары
VI. 2. Эндогендік процестер
VI. 2. 1. Магматизм
VI. 2. 2. Вулканизм
VI. 2. 3. Магмалық тау жыныстары
VII. 1. Тербелмелі қозғалыстар
VII. 1. 1. Тербелмелі қозғалыстарды зерттеудің маңызы
VII. 2. Дислокациялық қозғалыстар
VII. 2. 1. Қатпарлы (пликативтік) құрылымдар
VII. 2. 2. Үзілмелі-жарылмалы (дизъюнктивтік)
жақпарлы кұрылымдар
VIII. Жер сілкіну
VIII. 1. Жер сілкіну себептері және оның түрлері
VIII. 2. Жер сілкінуді зерттеу әдістері
VIII. 3. Жер сілкінудің географиялық таралуы
VIII. 4. Сейсмикалық аудандастыру
VIII. 5. Антисейсмикалык берік құрылыс салу
VIII. 6. Жер сілкінуді алдын ала болжау
VIII. 7. Жер сілкінуден сақтану
VIII.7. 1. Жер сілкінуге дейін не істеу керек
VIII. 7. 3. Жер сілкінуден кейін не істеу керек
IX. Метаморфизм
IX. 1. Метаморфизм түрлері
IX. 2. Метаморфтық тау жыныстары
X. Жер қыртысының құрылымдық элементтері
XI. Жер қыртысының негізгі даму заңдылыкдары
XII. Геотектоникалық болжамдар
XIII. “Литосфералық плиталар тектоникасы” туралы теория
XIV. Геологиялық ортаның антропогендік өзгерістері және
оны қорғау. Экологиялық мәселелер
XIV. 1. Сыртқы геосфералардың техногендік өзгерістері
XIV. 2. Жер қыртысыныд техногендік өзгерістері
XIV. 3. Геологиялық әрекеттердін техногендік өзгерістері
XIV 3. 1. Экзогендік геологиялық әрекеттердін техногендік өзгерістері
XIV. 3. 2. Эндогендік геологиялық әрекеттерге ұқсас жағдайлар
Бұл еңбекті жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерінің оқу бағдарламасына сәйкес “Жалпы геология курсы” оқылатын барлық мамандықтар бойынша (геология, геофизика, гидрогеология, жаратылыстану, география, топырақтану, таукен, мұнай, құрылыс және т б. мамандықтарда) қазақ тілінде арнайы жазылған алғашқы оқу құралдарының бірі деп санауға болады. Оқу құралының жалпы мазмұны минералогия, петрография, геодинамика (экзогендік және эндогендік) және геотектоника негіздерін түгел қамтиды Сонымен қатар, геологиялық ортаның техногендік өзгерістері антропогендік әрекеттермен байланысты қарастырылған.
КІРІСПЕ
1.1. ГЕОЛОГИЯ ПӘНІ, ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ГЕОЛОГИЯЛЫҢ ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫ
Геология — Жер туралы ғылым (грекше “гео” — жер, “логос” —ғылым). Жер планетасы ғарыш әлемінде белгілі бір орнымен анықталатын, өзіндік физикалық және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталатын, әр уақытта дамып, өзгеріп отыратын күрделі дене.
Жерді зерттейтін ғылымдардың қатарына геологиямен қатар астрономия, физикалық география, геофизика, геохимия жәве т. б. ғылым салаларын да жатқызуға болады. Олардың әрқайсысының өзіндік зерттеу әдістері мен ғылыми мақсаттары бар. Олар- жерді әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастырады.
Астрономия — жерді ғарыш кеңістігінде кездесетін планеталардың бірі ретінде қарастыра отырьш, оның жаратылысын, құрылымын және қозғалыс заңдылықтарын зерттейді.
Физикалык, география — жердің сыртқы пішіні мен жалпы мөлшерін, жер бедерінің басты элементтерін және климат жағдайының ерекшеліктерін зерттейді.
Геофизика — жерді кұрайтын тау жыныстарының физикалық қасиетін және оның терең ішкі қабаттарында тоқтаусыз жүріп жатқан физикалық процестердің ерекшеліктерін қарастырады.
Геохимия — жер қойнауында кездесетін әр түрлі химиялық элементтердің орналасу немесе таралу (бір жерге жинақталып шоғырлануын немесе сейіліп орын ауыстыруын) заңдылықтарын зерттейді.
Геология — жер қыртысының құрамы мен құрылысын және оның терең қойнауында жүріп жатқан эндогендік процестердің өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып,
3
жердің өткен тарихын қалпына келтіру (реконструкция) арқылы, оның даму заңдылықтарын анықтайды Қысқаша айтқанда, геология жердің жаратылысын, құрылысын, құрамын және оның эволюциялық дамуын зерттейді. Сонымен қатар, ол жер қойнауында кездесетін алуан түрлі пайдалы қазбалардың құралу және орналасу заңдылықтарын да анықтайды. Бірақ, жердің ішкі терең қабаттарын зерттеу әдістерінің бүгінгі күн тұрғысынан жеткіліксіздігі мен жетілмегендігін ескерсек, әзірше геология жердің ең жоғарғы (беткі) қабаттарын (жер қыртысын) эерттеумен ғана шектеліп келеді деуге болады.
Геология қазіргі кезде дәл ғылымдар жетістіктеріне (физика, химия, математика) көбірек сүйенеді. Олардың зерттеу әдістерін пайдаланады. Соның нәтижесінде соңғы кездері геофизика және геохимия ғыльшдары ерекше дамып келеді. Ал жердің жаратылысын түсіндіруде және оның ғарыш кеңістігіндегі алатын орнын анықтауда геология ғылымы астрономия және космология ғылымдарына сүйенеді. Соңғы жылдары басқа планеталарды жермен салыстыра отырып жүргізілген ғарыштық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде салыстырмалы планетология атты ғылым саласы қалыптасып келеді.
География мен геология ғылымдарының арасындағы тығыз қарым-қатынас ерте кезден-ақ белгілі. Әсіресе, эндогендік (жерастылық) және экзогендік (жерүстілік) процестердің нәтижесінде пайда болатын бедер пішіндері соның дәлелі. Жер бетінің бедерін зерттейтін ғылым— геоморфология геология мен географияның екеуіне де бірдей ортақ.
Қазіргі кезде геологияныд өзі көптеген ғылыми пәндер салаларына жіктеледі. Жер қыртысының құрамын зерттейтін ғылыми пәндер — минерало.гия, петрография, литология болып саналады.
Минералогия (ескі латын тілінде “минера”—руда) — минералдардың (химиялық табиғи қосындылардың) саны мен сапасын, жаратылысын (генезисш), құрамы мен құрылысын және физикалық-химиялық қасиеттерін зерттейді.
Петрография иемесе петрология (грекше “петрос”— жартас) — тау жыныстарының құрамы меи құрылысын және олардың пайда болу (генезис) жолдарын анықтайды.
Литология (прекше “литос” — тас) — шөгінді тау жыныстарының құралу және өзгеру заңдылықтарын
4
зерттейді. Жер бетінде және жердің ішкі қабаттарында жүріп жататын әр түрлі геологиялық әрекеттерді қозғалыс тұрғысынан зерттейтін ғылым — динамикалык, геология деп аталады. Динамикалық геология жеке ғылым тармақтарына (геотектоника, оейомология, вулканология) ажыратылады.
Геотектоника (грекше “тектоника” — құрылымдық архитектура) — жер қыртысының құрылымдық элементтерін және оның деформацкялық қозғалыс зандылықтарын қарастыр,ады. Тау жыныстарының орналасу заңдылықтарын және олардың жатыс пішіндері мен құрылымдық элементтерін зерттейтін геотектониканың бір бөлімі — құрылымдық геология деп аталады.
Сейсмология (грекше “сейсмос” — сілкіну) — жер сілкінудің қандай себептерден болатындығын зерттейтін ғылым.
Вулканология — вулкандық құрылымдар мен вулкандық атқылау кезінде пайда болған тау жыныстарын зерттеу арқылы магмалық әрекеттердің даму заңдылықтарын анықтайтын ғылым.
Жердін, даму тарихын тарихи геология және құрлықтағы теңіздің өзгеруін палеогеография ғылымдары зерттейді.
Тарихи геология — жер қыртысының жалпы даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.
Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының қабат-қабат болып орналасу тәртібін немесе реттілігін және олардың құралу уақытын анықтайтын тарихи геологияның бір бөлімі — стратиграфия (лат. “стратум” — қабат) деп аталады.
Стратиграфиялық зерттеу жұмыстары палеонтологиямен (грекше “палеос” — ескі, “онтос” — өмір, тіршілік) тығыз байланыста жүргізіледі. Палеонтология — ескі органикалық қалдықтардың (фауна, флора) сақталған түрлерін зерттей отырып, олардың өмір сүрген дәуірлерін анықтайды. Соған сәйкес тау жыныстарының салыстырмалы пайда болу уақыты айқындалады.
Палеогеография — өткен геологиялық дәуірлерде болған жер бетінін. физикалық-географиялық өзгеру жағдайларын зерттейді.
Жердің жеке аймақтарының даму жолдарын және олардың геологиялық кұрылым ерекшеліктерін зерттейтін геологияның үлкен бір бөлімі — аймактың геология деп аталады.
5
Практикалық мақсатта қолданылатын ілімдердің ішінде пайдалы қазбалар туралы ілімнің гидрогеология және инженөрлік геология ғылымдарының маңызы өте зор.
Пайдалы қазбалар туралы ілім — әр түрлі (рудалы, рудасыз) кен орындарының жаратылысын (генезис), орналасу заңдылықтарын, өзіндік формаларын, өндірістік қажеттілігін зерттейді.
Гидрогеология — жер асты суларының пайда болуын, химиялық кұрамын және олардың динамикалық қозғалысын, ал инженерлік геология — әр түрлі құрылыс объектілерін салу барысында жер қыртысының жоғарғы қабаттарының кұрылымдық ерекшеліктерін (катты-жұмсақтығын, сейсмикалық орнықтылығын) зерттейтіи ғылым.
Методикалық және әкономикалық геология ғылымдары қатарында: геологиялық картаға түсіру, барлау-іздеу жұмыстарын жүргізу, рудалық, шахталық және өндірістік геология салаларын атап өтуге болады.
Геолюгиялық картаға түсіру бағыты — геологиялык. карталар жасау әдістерін жетілдіру және оларды іс жүзінде пайдалану жолдарын қарастырады. Атап айтқанда, белгілі бір аймақтарда кездесетін тау жыныстарының жатыс пішіндерін, геологиялық құрылысын, құрамын және пайдалы қазбаларын жан-жақты зерттеу арқылы, көзделген масштаб бойынша геологиялық карта жасау жұмыстарымен айналысады.
Барлау-іздеу жұмыстарынын негізгі мақсаты ашылған кен орнының жаратылысын, геологиялық орналасу жағдайын толығырақ зерттеу, сонымен қатар пайдалы қазбалардың қорын анықтап, толығымен игеру мақсатында оның экономикалық тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру. Ең соңғы мақсат — кен орнын пайдалануға (эксплуатацияға) беру болып саналады.
Рудалық, шахталық және кәсіпкерлік геология салаларында (руда, көмір, мұнай мен газ өндіретін) геологиялық міндеттерді атқаратын қызмет орындары ұйымдастырылады.
Ал жалпы геология дегеніміз, ғылыми бағыт емес, оқулық курс болып саналады. Жалпы геология курсының негізі — динамикалық геология болғанымен, бүл курста геологияның басқа салаларының да басты-басты ұғымдары мен түсініктері қысқаша баяндалады. Жалпы геология курсында жер және жер қыртысы жөніндегі
6
ғылыми мәліметтер бір-бірімен тығыз байланысты түрде қарастырылады.
Соның нәтижесінде жер және жер қыртысы туралы жалпы ұғым алғашқы курстан бастап қалыптасады.
Жалпы геология курсында алғашқы қалыптасқан білім, студенттер үшін кейінгі курстарда оқылатын геологияның басқа салаларын дұрыс түсінудің негізі болып қаланады.
1.2. ГЕОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР
Геология ерте кезден-ақ белгілі болды. Адамдар біздің эрамызға дейін де металл қорытып, минералдық суларды пайдалана білген. Табиғи құбылыстардын, кейбір сырлары туралы сол кездің өзінде-ақ дұрыс тұжырымдар жасалынған. Орта ғасырларда Шығыс ғалым-дарьщын. арасында прогрессивтік бағыттағы көзқарас қалыптаса бастайды. Мысалы, Абу Рейхан аль-Бируни (973—1048), Абу Али Ибн Сина (Авицена, 980—1037), Мухаммед Насирэддин (Туси, 1201—1274) сол кездіц өзінде-ақ, жер уақыт өткен сайын өзгеріп, дамып отырады деп түсінген. Авицена (“Аурудан айықтыру кітабында”): “Қазіргі құрлық бір кездерде теңіз түбі болған, ал теңіз түбі бұрын құрлық болған, олардың дәлелі ретінде шөгінді тау жыныстарын мысалға келтіруге болады” — деп, жазады. Аль-Бирунидің “Асыл тастарды анықтаушы мәліметтер жинағы” атты кітабында 100-ден аса минералдардың физикалық қасиеттері сипатталады. Бұл енбек орта ғасырларда “минералогиялық сөздік” ретінде пайдаланылады.
Қайта өрлеу заманында геология жылдам қарқынмен дами бастайды. Бірак, алғашқы ірі ғылыми тұжырымдар XVIII ғасырдың екінші жартысында ғана жасалынды. Сондықтан болар, геологияның ғылым ретінде қалыптасуы XVIII ғасырдың екінші жартысы деп есептелінеді.
Россияда геологиялық білімнің негізін калаған М. В. Ломоносов (1711 —1765), ал Батыс Европада — Д. Геттон (1726—1797) мен Вернер (1750—1817) болды.
М. В. Ломоносов алғаш рет жер бетінің бедер пішіндерінің қалыптасу жолдарын (ішкі және сыртқы күштердің өзара әрекеттесуі негізінде) өзінше түсіндірді; жер қыртысының қалыңдығын есептеп шығарды; көптеген минералдар мен тау жыныстарының пайда болу жол
7
дарын қарастырды; актуализм принципінің негізін қалады; “Жер қабаттары туралы” еңбегінде (1759) эволюциялық геологияның негізін анықтады. Кейінірек, • М. В. Ломоносовтың алғашқы ойлары ағылшын ғалымы Ч. Лайельдің еңбектерімен жалғасып, одан әрі дамытылды.
Геологиялық алғашқы идеялардың одан әрі дамуына “Нептунистер” (А. Г. Вернер) мен “Плутонистер” (Д. Геттон) арасындағы улкен айтыс зор әсерін тигізеді.
Нептунистер тобы барлық геологиялық процестер судың қатысуымен ғана журеді, ал тау жыныстарының барлық түрлері сулы ортада пайда болады деп санаса, ал плутонистер барлық жыныстар жердің ішкі терең қабатында ғана болатын ыстық энергия көзімен тікелей байланысты деп есептейді. Екі топтың арасындағы ғылыми талас плутонистердің жеңісімен аяқталды деуге болады.
Кейінірек (XVIII—XIX р. ғ. аралығында) эволюционистер мен катастрофистердің (Ж. Кювье, Л. Бух, Эли де Бомон) арасындағы пікір таласының нәтижесінде тарихи геология мен динамикалық геология негіздері қалыптасты.
XIX ғ. екінші жартысында жүргізілген геологиялық картаға түсіру жұмыстарының нәтижесінде жеке аудандар мен аймақтарды, тіпті бүкіл континентті қамтитын геологиялық ірі тұжырымдар мен қорытьшдылар жасауға мүмкіндік туа бастайды. Жер қыртысының қозғалмалы (геосинклинальдық) және тұрақты аймақтары (платформалық) айқындалып, оларды жан-жақты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде геосинклинальдық-платформалық ілім негіздері қалыптаса бастады.
Бұл ілім дами келе геологияның “Геотектоника” атты саласы пайда болады (Дж. Холл. Дж. Дэна, А. П. Карпинский, Э. Зюсс және т. б.).
1875 ж. геологтардың халыкаралық ұйымы — Геологиялық конгресс ұйымдастырылды. Бұл ұйымның кезектегі сессия мәжілістерінде жеке елдердің геологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланып, жалпыға бірдей шешімдер қабылданылды. Мысалы, алғашқы конгресс мәжілісінде геологиялық карталардың мазмұны мен шартты белгілерін бір тәртіпке келтіру (унификация), тау жыныстарының номенклатурасын бекіту, стратиграфиялық бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары және т. б. геологиялық терминология мәселелері карастырылды. Сонымен қатар, жеке елдерде де ұлттық гео-
8
логиялық ұйымдар қүрыла бастады. Ресейде Геологиялық. комитет 1882 ж. құрылып, алғашқы геологиялық картаға түсіру жұмыстары жүргізіле бастады. Жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде, бұрынғы ТМД территориясының түпкір-түпкірінен көптеген жаңа кен орындары ашылды.
Геологиялық барлау-іздеу жұмыстарының қарқынды түрде дамуы, геолог мамандарын көптеп дайындауды қажет етті. Соған байланысты арнаулы геологиялық жоғары оқу орындары немесе бұрынғы жоғары оқу орындары жанынан геологиялық факультеттер ашылып, сонымен бірге көптеген геологиялық ғылыми-зерттеу институттары құрылды. Атақты ғылым қайраткерлері — А. Д. Архангельский, Н. В. Белов, А. Г. Бетехтин, Ю. А. Билибин, В. И. Вернадский, А. П. Виноградов, И. М. Губкин, А. П. Карпинский, Ф. Ю. Левинсон-Лессинг, В. А. Обручев, Қ. И. Сатпаев, С. С. Смирнов, Н. М. Стра-хов, М. М. Тетяев, А. Е. Ферсман, Н. С. Шатский және т. б. мыңдаған геология мамандарыньщ жемісті еңбектерінің нәтижесінде халықшаруашылырынын. барлық саласы минералдық шикізат қорымен түгелдей қамтамасыз етілді.
XX ғасырдын, екінші жартысынан бастап әр елде мұхиттарды (геологиялық-геофизикалық әдістер арқылы) зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде дүниежүзілік мұхиторталық тау-жоталар жүйесі айқындалып, сонымен бірге олар-мен байланысты жер қыртысынын, мұхиттық тегі құрылатындыры және литосферанын, кейбір блоктары көлде-нен. бағытта жылжып, орын ауыстыратындығы анықталды. Қазіргі кезде, ТМД территориясы түгелдей дерлік (1:200000 масштабта) картаға түсірілді, ал 1:50000' масштабта — 30%-ке жетті.
Ғарыш кеңістігін игеру (жер серіктері мен ғарыш кемелері және орбиталық станциялар арқылы) мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстарьшың нәтижесінде, жерді ғарыштан зерттеу мүмкіндігі ашылып, соңғы кезде жерді зерттейтін рылымдардьщ қатарында — Ғарыштық геология бағыты қалыптасты. Сонымен қатар, Күн жүйесіне кіретін басқа планеталарға қарай (Ай, Марс, Шолпан және т. б.) жіберілген ғарыштық аппараттар арқылы алынған ғылыми мәліметтерді (бедері, химиялық құрамы, физикалық касиеттері және т. б.) жердін, химиялык құрамы және физикалық қасиеттерімен са-лыстыра отырып зерттеу негізінде салыстырмалы пла-
9
нетология атты ғылым бағыты қалыптаса бастады. Ғарыштық геология және салыстырмалы планетология ғылымдарының келешегі өте зор.
Жер планетасының ашылмаған байлығы, шешілмеген жұмбақсыры әлі де мол. Бұл проблемаларды шешу, жаңа кен орындарын ашу — XXI ғасырдың жас мамандарына жүктеледі.
1.3. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Жер қыртысының жоғарғы қабаттарын зерттеу жумыстары негізінен табиғи ашылмалар мен (өзен аңғарында кездесетін құлама жар, жыра, тау беткейі, жартас) жасанды ашылмаларды (ор, шурф, карьер, шахта) зерттеу арқылы жургізіледі. Ал жердің ішкі, терең қа-баттарын зерттеп білу үшін бурғылау скважиналары мен геофизикалық зерттеу әдістері қолданылады.
Геологиялық процестердің орасан зор мөлшері мен өте ұзақтығы—жердің даму тарихының ең басты ерекшеліктері болып саналады. Егер біз жер қыртысын құраушы және оны өзгертуші геологиялық процестерді бақылау мүмкін деп санасақ, онда ол процестерді тек өте қысқа мерзім аралығында ғана байқаған болар едік. Ал көпшілік жағдайда жердің ұзақ даму тарихын ескерсек геологиялық оқиғаларды геологиялық масштабта ұзақ уақыт бақылау мүмкін емес.
Бұрын болған геологиялық оқиғалардың куәсі ретінде тау жыныстарының немесе руданың құралуын, сол секілді әр турлі геологиялық құрылымдардың пайда болуын айтуға болады. Бұл оқиғалардың мазмунын дұрыс тусіну үшін, болып өткен геологиялық процестерді қайта реттеп немесе реконструкция жасай білу керек. Жердің өткен тарихына реконструкция жасауда “актуа-лизм” принцишнің маңызы өте зор. Бұл принцип алғаш рет XIX ғасырдың 30 жылдары ағылшын ғалымы Ч. Лайельдің еңбектерінде эволюциялық ғылыми-зерттеу әдісі ретінде ұсынылды. Актуализм принципі бойынша, дәл қазіргі кезде, біздің заманымызда жүріп жатқан геологиялық процестер мен табиғи құбылыстар бұрынғы кезде жердің көне тарихында да болып өткен. Ч. Лайельдің сөзімен айтқанда: “Бүгінгі өмірді зерттеу, өткен өмірдің тарихын түсінудің кілті”.
Әрине қазіргі уақытта жүріп жатқан геологиялык процестерді жердің алғашқы тарихында болған оқиғалармен дәлме-дәл мағынада салыстырсак, онда қателес-
10
кен болар едік. Өйткені, жердін даму тарихы бір бағытта ғана жүріп отырады және бұрынғы болған оқиғалар ешуақытта да қайталанбайды. Сондықтан да, актуализм принципін дәл Ч. Лайель айтқандай мазмұнда түсінуге (болмайды. Геологтар бұл принципті жаңа мағынада (толықтыра отырып, тарихи салыстырмалы зерттеу әдісі ретінде қолданады.
Геологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару барысында геологиялық байқаулар жүргізе білудің маңызы өте зор. Тау жыныстарының құрамын анықтау, оларды құраушы минералдардын. өзара бір-бірімен қарым-қатынасы, сонымен қатар олардың жатыс пішіндері және олардың құрамында кездесетін әр түрлі органика-лық қалдықтардын, (фауна мен флора) түрлерін анықтау, соған қоса эксперимент жүзінде зерттеу жұмыстарының нәтижесін пайдалану жер қыртысының геологиялық дамуы мен құрылымдық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Геологиялық байқаулар кезінде жиналған алғашқы деректер ғылыми болжамның негізі болып қалыптасады. Қейінірек, қосымша өткізілетін арнайы зерттеулердің (геохимиялық, геофизикалық және терең скважиналарды бұрғылау жұмыстары) нәтижесінде алғашқы айтылған болжамдарды кеңейтуге немесе дәлелдеуге, тіпті теорияға айналдыруға, не болмаса алғашқы болжамды жоққа шығарып, жаңа болжамнын, негізін қалауға мүмкіндік туады.
Жер қойнауын зерттеу әдістері. Жердің құрамы мен құрылысы әр түрлі әдістер арқылы зерттеледі.
Геологиялық әдістер. Геологиялық әдістердін, ішіндегі ең негізгісі — жер қыртысын құрайтын заттарды тікелей бақылау және талдау арқылы жан-жақты зерттеу болып табылады. Жер қыртысын құрайтын заттар, тау жыныстары түрінде табиғи жағдайда жер бетіне шығып жатады. Ал жердің ішкі қабаттарынын. геологиялық құрылысын жыра, ор немесе шурф, карьерлер мен шахталарды зерттеп, тау жыныстарының жатыс элементтерін талдау арқылы анықтап білуге болады. Қазіргі кездегі шахталардың ен, тереңі 4 километрге дейін жетеді (Үнді және Оңтүстік Африкалық Респуб-ликаларда). Жер қойнауының терең қабаттарын зерттеуде бұрғылау скважиналарынын, маңызы өте зор, Өте терең қабаттарды бұрғылау жұмыстары Кола түбегінде және Азербайжан Республикасында (Саатли скважинасы) жүргізілуде. Кола түбегіндегі аса терең скважина
11
прекордтық (12 км) тереңдікке дейін жетіп, жердің тереқ қабат-тарының құрылыс ерекшеліктерін анықтады. Соңғы жылдары Орал тауларының орталық бөлігінде аса терең бұрғылау скважинасы бұрғылануда. Мұхит түбінен бұрғылау жұмыстары да көптеген жаңалықтар ашып отыр.
1968—1983 ж. ж. “Гломар Челленджер” атты американдық кемеге орнатылған бұрғылау қондырғысы арқылы көптеген (620-дан астам) скважиналар бұрғыланды. Олардың ішіндегі ең тереңі — 2000 м-ге дейін жетті.
Жердің терең қабаттарының геологиялық құрылыс ерекшелік-терін табиғи скважиналарды (атап айтқанда, кимберлит түтіктерін) зерттеу арқылы білуге болады. Олармен бірге кездесетін алмас кристалдары жердің ішкі ~200 км тереңдігінде пайда болады.
Аэрофотогеологиялық және космогеологиялық зерттеу әдістері самолеттен немесе ғарыштық аппараттар арқылы түсірілген фотосуреттерді қолданып жер құрылысын зерттеуге негізделген.
Геофизикалық зерттеу әдістері жердің, әсіресе оның терең қабаттарын зерттеуде кеңінен қолданылады. Олар-ға сейсмикалық (грекше “сейсмос” — сілкіну), гравиметриялық, магнитометриялық, электрометриялық және т. б. әдістер жатады. Бул әдістерді пайдалана отырып, жер қыртысын құрайтын заттардың физикалық қасиеттерін анықтауға болады.
Сейсмикалық әдіс жер сілкіну кезінде немесе жасанды қопарылыс (жарылыс) кезінде туатын тербеліс толқындардың жер қабатында жан-жаққа таралу жылдамдығын зерттеуге негізделген. Сейсмикалық толқындар қума толқындар (Р) және көлденең (5) толқындар болып екіге бөлінеді. Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының физикалық қасиеттеріне, әсіресе тығыздығына байланысты өзгереді. Тау жынысының тығыздығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым толқындар тез таралады.
Гравиметриялық әдіс — дененің жерге тартылу шамасының жер бетінде әр түрлі болатындығына негізделген. Жерге тартылу шамасының мөлшері теориялық мөлшерден ауытқып, көп болған жағдайда, ол ауытқу гравитациялық аномалия деп аталады. Бұл қасиет кен орындарын іздеуде кеңінен пайдаланылады.
Магнитометриялық әдіс жер қыртысының жекелеген аудан-дарында Жердің магнит өрісінің өзгеруін зерттеуге негізделген. Магниттік аномалияның ерекшеліктерін
12
зерттеу жердің ішкі терең қабатында кездесетін тау жыныстарының құрамы мен құрылыс ерекшеліктерін болжауға мүмкіндік береді.
Палеомагниттік эдіс тау жыныстарында сақталған қалдық магнетизмді зерттеуге негізделген. Қалдық магнетизмді зерттеу арқылы жердің өткен тарихында магнит полюстерінің қалай ор-наласқандығын және қалай өзгергендігін қазіргі кездегі жағдайымен салыстыруға болады.
Геотермиялық әдіс жердің жылу өрісінін, тау жыныстарының тереңдігіне байланысты өзгеріп тұратындығын зерттеуге негізделген.
Геохимиялық әдіс арқылы жер қыртысын және басқа планеталарды құрайтын заттарды, сонымен бірге метеориттердің химиялық құрамын салыстыра зерттейді. Бұл әдіс арқылы көп проблемаларды шешуге болады: 1) химиялық элементтердін, жер қыртысында таралу және олардың орын ауыстыру (миграция) және шоғырлану (аккумуляция) заңдылықтарын зерттеу; 2) жер қыртысында кездесетін химиялық злементтердін, әр түрлі жағдайда орналасу себептерін зерттеу; 3) жер қыртысын, Айды және метеоритті құрайтын заттардың элементарлық және изотоптық құрамын зерттеу.
Эксперимент жүзінде зерттеу арқылы әр түрлі геологиялық процестердін, моделін (жобасын) лабораториялық жағдайда жасап, мұнда қандай жаңа заттар жаратылатынын бақылауға болады. Мысалы, жоғары температура және жоғары қысым кезінде Жердің ішкі терең қабаттарында минералдар мен тау жыныстарынын, пайда болатынын эксперимент жүзінде зерттеу арқылы анықтауға болады.
Математикалық әдіс геология саласында соңғы кездері ғана кен, көлемде қолданыла бастады. Математикалық әдістердін, ішінде табиғи процестерді математикалық модельдер жасау арқылы зерттеу әдісін, математикалық статистика және т. б. әдістерді айтуға болады. Бұл әдістердің бәрі де теориялар мен гипотезаларды тексеруге көмектеседі.
1.4. ГЕОЛОГИЯНЫҢ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Геологиянын, адам өмірінде қолданылатын практикалық маңызы орасан зор, әрі жан-жақты. Қазіргі кездегі халық шаруашылығының барлық саласы, оның
13
куатты техникасы мен өнеркәсібі жер байлығын (мұнаі газ, көмір, металл, әр түрлі құрылыс материалдары, жер асты сулары және т. б.) пайдалануға негізделген. Жаң кен орындарын іздеп-табу қажеттілігі геологиялық ғы лыми-зерттеу жұмыстарының дамуына әсер етеді. Өмір талабы геология ғылымдарының алдына теориялық және практикалық жаңа міндеттер қойып, ол міндеттерд тез арада шешуді талап етеді.
Геологияның жалпы табиғаттану мақсатында да маңызы өте зор. Ол жер туралы ғылым ретінде, жердіі жаратылысын және оның даму кезеңдерін зерттеумеі катар, жер бетінде алғашқы тіршіліктің пайда болып одан кейінгі даму проблемаларын да қозғайды.
Геологияның халық шаруашылығында атқаратын қызметі туралы айтатын болсақ: 1) халық шаруашылығының әр түрлі салаларын шикізат қорымен қамтамасыз ету; 2) әр түрлі құрылыс объектілерін салу мүмкіндігін дәлелдейтін инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу; 3) ас суы және техникалық су қорымен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып табылады.
Қазіргі кезде еліміздің минералдық-шикізат қорын улғайту мақсатында геологиялық барлау-іздеу жұмыстарының сапасын жақсартуға, барланған кен орындарын игеру мақсатымен жургізілетін дайындық жұмыстарының тиімділігін арттыруға көп көніл аударылады.
Батыс және Шығыс Сібірде, Каспий ойпатында, еліміздің Европалық солтүстігінде, Орта Азияда, Қиыр Шығыс жерлерінде мұнай мен табиғи газ қорларьш, сонымен қатар энергетикалық көмір мен кокс қорларьга геологиялық барлау, әсіресе ащық әдіс арқылы қазып алуға болатын кен орындарын іздеп-табу жұмыстарының қарқынын жеделдету шаралары іске асырылуда. Қара және түсті металлургияны сапалы шикізат қоры-мен камтамасыз ету, минералдық тыңайтқыштар мен құрылыс материалдарын және жер асты суларын іздеп-табу мақсатында барлау-іздеу жұмыстарын күшейту көзделіп отыр. Ол үшін прогрессивтік әдістерді (геофи-зикалық, геохимиялық, аэро-ғарыштық және т. б.) кеңінен және тезінен қолданып, бұл жұмыстардың геологиялық-экономикалық тиімділігін арттыру шаралары іске асырылуда.
Геологияның барлық салаларын жоспарлы түрде жаңа техникамен қайта жабдықтау, геологиялық барлау-іздеу жұмыстарын автоматтандыру, механикаландыру және техникалық арнаулы құрал-жабдықтармен, әсіресе,
Достарыңызбен бөлісу: |