Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының 7 «Ә» сыныбында қашықтан оқу-тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген жұмыстың ІІ тоқсан қорытынды сараптамасы
2020-2021 оқу жылы 7«Ә» сыныбына 16 оқушы қабылданды.
Оның 12 ұл бала, 4 қыз бала. ҚР Білім және ғылым министрлігінің
2020 жылғы «13» тамыздағы №345 бұйрығына сәйкес, жаңа оқу жылын қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбие жұмыстарын жүргізу қашықтан білім беру форматында жоспарланды.Тәрбиеленушілерді қашықтан оқуға бейімдеу,техника және денсаулық ережелерін сақтауға, психологиялық көмек беру жұмыстары жүргізілуде.
2020-2021 оқу жылы сынып оқушыларының отбасы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының зерделенуі туралы мәлімет.
Толық отбасы: 41%
Жартылай отбасы: 59%
Аз қамсыздандарылған отбасы: 58%
Көп балалы отбасы: 41%
Жалғыз басты ана: 6%
Жалғыз басты әке:12%
Заңды некесі бұзылған: 12%
Заңды некесі бар: 41%
Баспанасы бар отбасы: 70%
Баспанасы жоқ: 30%
Ата-аналармен үздіксіз байланыс жасап отырамыз. Тәрбиеленушілердің қашықтан оқуы күнделікті қадағалануда.Бүгінгі күні тәрбиеленушілер толық сабаққа қатысып отыр.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес тәрбие жұмысы 8 бағытта жоспарға сай тәрбие сағаттары өткізілуде. «Шын дос-асыл қазына»атты тәрбие сағаты балаларға дос, достық жайлы түсініктерін қалыптастыру,
адамгершілікке, адалдық пен сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді. «Кітап-сарқылмас асыл қазына» тәрбие сағатының мақсаты:оқушыларды білім құралы кітаптың маңызымен таныстыру,оның алғашқы шығу тарихымен алғашқы баспагерлермен,еліміздің баспаларымен таныстыру.
16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесіне байланысты «Тәуелсіз - елім тірегім» тәрбие сағаты оқушыларды тәуелсіздік тарихымен таныстыру, отансүйгіштікке, өз елінің патриоты бола білуге, жерін, елін қорғауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Қашықтан оқу кезінде қиындық туғызған жағдайлар болды.Қиындық себептерін анықтап ата-анамен жұмыс жүргіздік.Себептері телефон бірліктерінің таусылып қалуы,интернет жүйесінде дұрыс байланыс болмай қалуын айтып хабарласып отырды.
Тәрбиеші және тәрбиеленушілердің байқауларға қатысып жеткен жетістіктері.
1) Диплом І дәрежелі
ADEBI.KZ электронды ақпарат,білім сайты«Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Әлем менің көзіммен»номинациясында даралығын көрсетіп,ерекше қабілетімен Үздік деп танылған Сейсембайұлы Олжас марапатталды.
2) Алғыс хат
ADEBI.KZ электронды ақпарат,білім сайты«Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырған жалпы республикалық байқауға шәкірт дайындағаны үшін Керімбаева Шынарға білдіреміз.
3) Диплом І орын
ПЕДАГОГ- Республикалық озат педагогтар порталыны ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен ІІ Халықаралық«Әлем менің көзімен»атты шығармашылық байқауына «Ең үздік сурет» номинациясы бойынша қатысып,үздік нәтиже көрсеткені үшін Қожаберген Әлішер марапатталады.
4) Диплом І орын
ПЕДАГОГ- Республикалық озат педагогтар порталыны ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен ІІ Халықаралық«Әлем менің көзімен»атты шығармашылық байқауына «Ең үздік өлең» номинациясы бойынша қатысып,үздік нәтиже көрсеткені үшін Серікбай Ерсұлтан марапатталады.
5) Алғыс хат
ПЕДАГОГ- Республикалық озат педагогтар порталыны ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен ІІ Халықаралық «Әлем менің көзімен» атты шығармашылық байқауына «Ең үздік өлең» және «Ең үздік сурет» номинациялары бойынша өз оқушыларын белсенді қатыстырып, білім саласының дамуына қосқан үлесіңіз үшін Керімбаева Шынарға алғыс білдіреміз!
6) Диплом І дәрежелі
«kazrio.kz-жас өркен»-білім мен қабілетті дамыту орталығы қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Әлем менің көзімен»атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп,ерекше өнерімен Үздік деп танылған Сейсембайұлы Олжас марапатталды.
7) Алғыс хат
Республикалық «Жас өркен» порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауға шәкірт дайындағаны үшін Керімбаева Шынарға алғыс білдіреміз.
ІІ тоқсанды бойынша сыныпта 16 оқушы аяқтады. Сыныптың білім сапасы қорытындысы бойынша 63%, үлгерімдері 100% көрсетті.
Озат оқушылар:
1.Серікбай Ерсұлтан
2.Мақсатұлы Азамат
3.Жұмабекова Гүлсанам
Екпінді оқушылар:
1.Әзірбай Дархан
2.Әшір Бекнұр
3.Жұмабекова Гүлсәнем
4.Қанатбек Аруна
5.Рысалды Сара
6.Сейтжанұлы Салижан
7.Тұрсынбай Бақдәулет
8.Қалтай Олжас
9.Қожаберген Әлішер.
Қорыта айтқанда, жас ұрпақтың бойына өз халқына деген сүйіспеншілігін, құрметін, жетістіктерін мақтан ететін, оның тарихи және мәдени салт-дәстүрін сыйлайтын, болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін рухани ойлау дәрежесі биік, жан-жақты дамыған, Отансүйгіш, еңбекқор, қабілетті патриоттық сезімде жеке тұлға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |