ақшамыз автоматты түрде еселеп өсіп отырды. Майк империяны басқаруды таңдаса, мен
істен кетуді таңдадым. Адамдармен қарым-қатынас барысында менен не нәрсені істесе
тапқан ақшасына байланысты емес екендігін түсінбейді. Адамдар байығанын естігенде
қуанамын, бірақ мәселе банктегі шоттардың қанша екендігінде, онымен қанша ұрпақты
баланың миында қаржылық сауаттылық жоқ. Қарыздан көз ашпай, жұмысы іске баспай
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
жүрген адам тез арада бай болуды ойлайды, оның салған құрылысы міне-міне құлайтын
дәрежеде болады. Майк екеумізге бала кезден бастап қаржылық сауаттылық іргетасын бай
әкеміз қалатқан болатын. №1 ереже. Сіздер актив пен пассив арасындағы
айырмашылықтарды білулеріңіз керек және активтерді басқаруларыңыз керек. Егер бай
болғыңыз келсе, онда осымен болғаны. Көптеген адамдар актив пен пассивтің
айырмашылығын білмегендіктен қаржылық күрес жүргізеді. «
Бай адамдар активтерді
иемденеді. Кедей және орта таптағы адамдар актив деп санайтын пассивтерді
иемденеді.»
Бай әкем түсіндіргендей:
«Актив деген сөзбен емес, санмен анықталады. Егер
сіздер санды оқи алмасаңыздар, онда активке қолдарыңызды жеткізе алмайсыздар. Егер
бай болғың келсе сандарды оқып қана емес, түсінуің де керек. Сандар сөз
іспеттес.»
Актив деген қалтаңызға ақша салатын нәрсе. Пассив деген қалтаңыздан
ақшаны қағып алатын нәрсе. Ақшаның көп болуы біреудің қаржылық мәселесін сирек
шешеді. Ақылмен шешіледі барлығы. Орта және кедей тап ақша күшіне өздерін
бағынышты етеді. Жай ғана тан ертең тұрып, тынбай еңбек етіп, өздеріне бұл тірліктердің
мәні бар ма деген сұрақтарды қоюды ұмытып кетеді. Соның арқасында өздеріне қарсы
жұмыс істейді. Ақша күші адамдарға қарсы әрекет етеді.
Менің бай әкем топтан ерекшелене алатын, ол мына сөздерді жек көретін:
«Біз
мынаны істеуіміз керек, өйткені барлығы осылай істейді»
. Ол сонымен қатар
«істей
алмаймын»
деген сөздерді де айтпайтын. Егер сіздер ол бірдеңе істегенін қаласаңыз, мына
сөздерді айтқаныңыз жөн:
«Мен бұл нәрсені сіз істей аласыз деп ойламаймын»
. Ол мына
әдемі сөздердің де авторы:
«Адамдар өзінен өткен ақылды адамдарды түсінеді»
. Майк
және мен осыны ойда сақтап, дана адамдарды көп тыңдап, білім жинайтынбыз.
“Майк
екеуміз,
- дейді Роберт,
ұстаздарымыздан мектепте үйренгендерімізді қалай өмірде
қолдануға болады, неліктен ақша туралы мүлдем оқымаймыз, олар қалай жұмыс істейді
деп сұрайтынбыз. Соңғы сұрағымызға олар, ақша маңызды емес, жақсы оқысаңдар олар
өзі-ақ сендерге келеді деп жауап қайтаратын. Ақша туралы білімімізді шыңдаған сайын,
біз ұстаздардан алшақтай бастадық”
.
Көптеген адамдар үйді жинаған ақшаларын, зейнетақыны «актив» деп санайды.
Алайда адамдардың ақшалары болмағандықтан, олар инвестициямен айналыспайды.
Көпшілігі инвестицияның дәмін де татпайды. Мен үй сатып алмаңдар демеймін! Мен тек
пассив пен активтің арасындағы айырмашылықты айтқым келіп отыр. Мен үй сатып
алғым келсе, ең алдымен оның есебін айыратын ақша, яғни актив жинаймын. Олай
етпеген жағдайда шығыс кіріспен табыс жүріп, капиталды инвестицияға айналдыра
алмайсыздар. Мынаны есте сақтаңыздар:
Байлар актив жинайды. Кедейлер тек
шығындалады. Орта тап актив деп ойлайтын пассивті жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: