Мотивациялық кітаптар жиынтығы



жүктеу 1,27 Mb.
Pdf просмотр
бет5/106
Дата26.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#34898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

Алғашқысы және екіншісі 

 

Егер мен адамдарға ықпал еткім келіп, оларды қалаған нәрсемді істетуге көндіргім 



келіп,  жақсы  жұмыс  атқаруға,  маған  және  өзара  жақсы  қарам-қатынас  білдірсін  деген 

ойымды  жүзеге  асырғым  келсе,  бірақ  өзім  соншалықты  жақсы,  шынайы  болмасам, 

екіжүзділігім  болса,  табысқа  ешқашан  қол  жеткізе  алмайтынымды  түсіндім.  Менің 

екіжүзділігім  –  алаңдатушылық,  сенімсіздік  оятады,  қаншалықты  «адемгершілігі  мол» 

адам  сыңайын  танытсам  да,  барлығы  өтірік  болып  көрінеді.  Ал  егер  менде  сенімділік 

қасиеті жоқ не аз болса, менің қызуқандылығым және шынайы ниетім мықты жетістікке 

жетуге  көмекші  бола  алмайды.  Тек  сіздің  ниетіңіз  түзу  болып,  жағымды  іс-әрекет 

істесеңіз, сіз қолданатын техника өмірлі болмақ. Көбінше уақытша қарым-қатынас кезінде 

“Мінез-құлық  этикасы”  арқылы  әңгімелесушімен  сіз  жақсы  сөйлесе  аласыз,  оған  қоса 

жарқындылық  және  зеректілік  арқылы  жақсы  әсер  қалдыра  аласыз,  оның  бір  нәрсеге 

әуестілігі  сізді  де  қызықтырды  деген  сыңай  танытып  оған  бір  табан  жақындай  аласыз. 

Алайда  бұл  уақытша  қарым-қатынас  кезінде  ғана  жүзеге  асады.  Ұзақ  қарым-қатынас 

кезінде  екінші  дәрежедегі  факторлар  көпке  шыдай  алмайды.  Мінез-құлқыңызда  терең 

жинақтылық  және  органикалық  күш  болмаса,  өмір  сыртқа  шынайы  мінезіңізді  шығарып 

жіберіп, уақытша жетістігіңіз адамгершілігіңізді жұрдай етпек. 



Мотивациялық кітаптар жиынтығы 

 

www.zhanaoi.kz 



Көптеген адамдар табыс әкелетін екінші дәрежедегі қоспаларға мән беріп, ең басты 

мінез-құлықтағы позитивті ұмытады. Ерте ме, кеш пе бұл білінеді. Адамның шешендігі – 

мінез-құлқында.  Эмерсон  айтқандай: 

«Сіздер  менің  құлағыма  қатты  айқайлайтыныңыз 

соншалық,  мен  сіздің  не  айтқаныңызды  түсінбеймін». 

Әрине,  адамның  мінезі  жақсы 

болып, алайда мүлде сөзге жоқ адамдар болады, бұл да сөзсіз қарым-қатынасқа өз әсерін 

тигізеді. Бірақ бұл екінші дәрежелі фактор. 

Әр  адам  әлемді  қандай  болса  солай  емес,  өздігінше  көреді.  Бір  нәрсені  сипаттау 

барысында  сол  затты  емес,  ақыры  өзімізді  сипаттаймыз,  өзіміздің  ұсынысымызды 

айтамыз.  Біреумен  ойымыз  екіге  бөлініп  кетсе,  өзімізді  емес,  өзгені  кінәлі  етеміз. 

Өзіміздің  негізгі  ұстанымдарымызды  біліп,  қаншалықты  дәрежеде  өмірлік  жеке 

тәжірибеміздің  ықпалында  екендігімізді  түсінгенде,  ұстанымдарымызды  зерттеп 

салыстырып, өзгенің ойын тыңдап үйренеміз. 

Жеке  тұлға  этикасының  тартымдылығы  –  тез  және  қарапайым  әдістер  арқылы 

жоғарғы  дәрежелі  өмірге,  персоналды  тиімділікке  және  адамдармен  терең,  тығыз 

байланыс  орнатуға  қол  жеткізу  мүмкіндігіне  ие  болу.  Бұл  –  символ,  мазмұнынан 

айырылған  символ.  Бұл  – 



«қалай  –  тез  –  байлыққа  –  қол  –  жеткізуге  -  болады»

 деген 


нұсқама. 

Өмірде  өсу  мен  өркендеудің  бірінен  соң  бірі  келетін  қадамдары  бар.  Мысалға, 

нәресте ішпен аунауды үйренеді, кейіннен отыруды, еңбектеуді, жүруді және жүгіруді. Әр 

қадам  маңызды,  әрқайсысына  уақыт  бөлу  керек.  Ешбір  қадамын  көзден  таса  қылуға 

болмайды.  Бұл  өмірдің  барлық  кезеңіне,  барлық  дамуға  қатысты,  мейлі  ол  баланы 

фортепиано  үйреткен  кезде  болсын,  мейлі  ересек  адамның  әріптестерімен  қарым-

қатынасы  болсын.  Алайда,  біз  өзіміздің  өсу  мен  дамуымыздың  табиғи  барысын 

тоқтатқанда  не  нәрсеге  тап  боламыз? Мысалы,  сіз  орташа  деңгейдегі  теннисшісіз, 

қасыңыздағыларды таң қалдыру мақсатында кәсіби маманмен ойынға түссеңіз, не нәрсеге 

тап  боласыз?  Тек  жақсы  ойда  болу  кәсіби  маманды  жеңуге  мүмкіндік  сыйлайды 

ма? Жауабы  белгілі,  дамудың  табиғи  барысын  бұзуға,  елемеуге,   қысқартуға  болмайды. 

Бұл табиғатқа қарама-қайшылық болып табылады. Тез арада табысқа қол жеткізу жолын 

табу,  арты  түңілуге  алып  келеді.  Егер  мен  он  балдық  шкаладан  «екінші»  орында  тұрып, 

беске көтерілгім келсе, алдымен «үшке» шығып алу керекпін. 

 


жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау