Көшбасшылық және басқару – екі туынды
Екінші дағды персоналды көшбасшының қағидаларына негізделген. Басқару
көшбасшылықтан төмен тұрады: мынаны ең жақсы етіп қалай істесем болады?
Көшбасшылық жоғарғы деңгеймен анықталады:
«Мен нақты не істегім келеді?»
Питер
Дракер мен Уоррен Беннистің сөздерімен айтқанда:
«Басқару – шаруаларды дұрыс істеу;
көшбасшы – дұрыс шаруаларды істеу»
. Басқаруға табыстың баспалдағына көтеретін
өнімділік тәуелді; көшбасшылық бұл баспалдақ қандай қабырғаға жалғанғанын
анықтайды. Көшбасшы ағаштың ең биік жеріне шығып, жағдайды бағалап:
«Бұл басқа
джунгли!»
деп айқайлайды.
Бұған жұмыс басты басқарушылар мен жоғарғы дәрежелі жұмысшылар қалай
жауап береді? Былай:
«Аузыңды жапшы! Біз алдыға ойдағыдай жүріп келе жатырмыз!»
Бизнесте нарық өте жылдам өзгереді, бірнеше жыл бұрын тұтынушылардың
көңілінен шыққан өнімдер мен қызметтер бүгінде өз сұранысын жоғалтады. Мықты
проактивті көшбасшылық өзгерістерді жіті бақылап, әсіресе, тұтынушылардың әдеттері
мен уәждерін, қорларды керек бағытқа беімдейтін күшке ие бола біледі.
Ата-аналар басқарудың парадигманың қармағында қалып, бақылау, өнімділік,
ереженің ұстануын сақтайды. Ал жанұяның дамуына, мақсатына және сезімдеріне көңіл
бөлмейді. Көшбасшылықтың жетіспеушілгі біздің жеке өмірімізде айқын көрінеді. Біз
жеке құндылықтарымызды ұғынбастан, басымызбен басқаруға кірісеміз, мақсат қойып,
оған жетеміз. Біз әр күн сайын өзіміздің құндылығымызды есімізде сақтап, істі бастау
керекпіз. Ең қиын сәттерде, осы құндылығыма сүйеніп, дұрыс шешім қабылдай аламыз.
Мен бір тұтас тұлға ретінде әрекет ете аламын. Мен біреудің эмоциясына және
жағдайларға жауап қайтармайтын боламын. Мен шынайы түрде проактивті, құндылыққа
орныққан адам боламын, өйткені, олар маған түсінікті. Біздің өміріміздің ортасындағы
барлық нәрселер біздің ішкі қауіпсіздігіміздің, ішкі орнықтылығымыздың, біздің
даналығымыз бен билігіміздің қайнар көзі болып табылады.
Ішкі қауіпсіздік
– сіздің даралығыңыз, эмоционалды тұрақтылығыңыз, сіздің жеке
күшіңіз немесе әлсіздігіңізбен байланысты сіздің жеке маңыздылығыңыз.
Ішкі орнықтылық
– ішкі бағытты көрсететін нәрсенің бар болуын білдіреді. Бұл
сіздің құбылнамаңыз және картаңызбен тексерілген ішкі көзқарастар жүйесі.
Даналық
– бұл өмірге деген кең көзқарас, сіздің тепе-теңдік сезіміңіз, жекелеген
бөлшектер немесе әр түрлі қағидалар қалай пайда болатынын, бір-бірімен қандай
байланыста болатынын түсіну. Бұл – «гештальт», сіздің жеке тұлғаңыздың біртұтастығы.
Билік –
бұл сый немесе әрекет етуге қабілеттілік, күш және бір нәрсе істеуге деген
әлеуетті мүмкіндік. Бұл өзіңізге және өз өміріңізге билік ету.
Осы төрт факторлардың барлығы – ішкі қауіпсіздік, орнықтылығымыз, даналық
және билік – тығыз байланыста. Қауіпсіздік және нақты орнықтылық шынайы даналыққа
апарады, ол өз кезегінде сіздің билігіңізде тұтқындалған қайраттылықты босатып,
бағытталатын ұшқынға айналады. Егер барлық аталған төрт факторлар тығыз байланысқа
түссе, түзу ниетті тұлғаға, теңдестірілген мінез-құлыққа, үйлесімді адамға тән ұлы күшті
тудырады.
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
Достарыңызбен бөлісу: |