Бизнес - әлемді танып-білудің жаңа амалы!
Бірнеше жыл бұрын осындай ұйғарымға
келдім. Бизнеске деген бұл көзқарас баяғыда тіпті аңғармаған көптеген мүмкіндіктерге
жол ашты. Барлықтарыңызға берер кеңесім - негізгі бизнеспен шектелмей, кеңірек қарап
үйреніңіздер. Әрине күніне бір сағаттай уақытты алу мүмкін, бірақ нәтиже оны ақтайды.
“Неге мен бұған сенімдімін? Сіздер қай елде тұрасыздар? Трамп деген адам туралы
естідіңіздер ме? Сіздің сұрағыңызға жауабым осы”,
- дейді автор.
Өмірге хамелеон секілді бейімделіңіздер.
Мүмкіндік туа қалған жағдайда, міндетті
түрде оны қолданыңыз. Тәуекелге бел буып, қателіктерге тап болған жағдайда ғана сіздер
баға жетпес тәжірибеге қол жеткізесіз. Міне, сол кезде, қандай мүмкіндікке ие
болғандарыңызды түсінесіздер. Бар ынтаңызбен шаруаға араласыңыз. Тіпті
«Қолымнан
келетініне сенімсізбін»
, -
деген сияқты ойларға уақыт қалдырмаңыз, керісінше
өзіңізге:
«Бағымды сынап көрейін, барлығы жақсы болады!»,
-
деп айтыңыз.
Кез-келген адам өмірде қисынсыз жағдайларға тап болады, мен де соның ішіндемін.
Қиын жағдай кезінде, ол күлкілі болмайды, алайда өмір сонысымен қызық
.
Бақытқа орай,
кез-келген жағдайдан шығатын жол бар.
Сенімді түрде мақсатқа ұмтылыңыз,
назарларыңызды қиындықтар мен кедергілерге және олардан қашып кұтылудағы күшке
жұмсамаңыздар. Керісінше, оларды өз өміріңізге қабылдап, сіздерге жұмыс істейтіндей
етіңіз. Күмәнді жағдайларды қолға алу арқылы ғана адамдарды өз жағыңызға тартасыз.
Икемдірек болып, қиын жағдайларды туа салысымен шешіңіз! Тағы бір ескеру керек
нәрсе – өзімшілдік. Егерде сіз зердесіз қателік жасамайтындығыңызға сенімді болсаңыз,
онда міндетті түрде қателік жасайсыз. Өзімшілдік – өз-өзіңді құрту.
Сіздің жетістіктеріңіз
бен табысыңыздың барлығы тырысқаныңыздың арқасы. Үй болсын, басқа да қажет
заттарға
тынбай еңбектенгеннің нәтижесі арқылы қол жеткіздіңіз. Бірақ егер сіз
тәкаппарлық және мансапқорлыққа жол берсеңіз, пьедесталдан құлап кетесіз.
Бұған мен
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
кепіл бола аламын, себебі бұндай жағдай менің басымнан өтті. Қарсыластарыңыздың
наразылығы көбейген сайын өзіңізге одан күш-қуат аласыз. Кедергіге тап болғанда,
наразылыққа берілмей, сеніміңізді күшейтіңіз. Өзіңізге мынаны айтудан жалықпаңыз:
«
Менің қабалдаған шешімім толықтай дұрыс, сол үшін де мен жеңімпазбын!»
Достарыңызбен бөлісу: |