2. Ми бөлімдері. Ежелгі және ескі қыртыс, ми сыңарларының қыртысының қызметі? Жауап:
Ежелгі және ескі қыртыс
Ми сыңарлары қыртысы алдыңғы мидың құрамына кіреді. Алдыңғы ми сұр және ақ
құрылымдардан құралған екі үлкен жарты шардан тұрады. Бұлардың нейрондары
(сұр құрылым) шардың сыртына (бет жағына) жиналып қалындығы 1,5-3 мм қыртыс
қабатын құрады. Ал шардың ішін ақ құрылым - ми қыртысы нейрондарының
талшықтары және ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерін, жұлынды
байланыстыратын талшықтар толтырады. Бұлар атқаратын қызметтеріне байланысты
ассоциативтік (үластырушы), комиссуралдық (байланыстырушы), проекциялық
(жобаланыс) болып үш топқа бөлінеді.