Морф сессия (НС)



жүктеу 8,23 Mb.
Pdf просмотр
бет72/297
Дата06.02.2022
өлшемі8,23 Mb.
#37359
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   297
2 курс,Сессия НЕРВ

Гистология
 
ДӘМ СЕЗУ (ORG. GUSTUS) 
Дәм сезу мүшесінің кұрамында рецепторлы эпителиальды жасушалары бар, дәм сезу 
анализаторының ең шеткі бөлігі - тіл. Бұл жасушалар тағамның тағамға да жатпайтын 
заттардың  дәмін  сезіп  тітіркенеді  де,  одан  пайда  болған  нерв  импульсін  афферентті 
нерв ұштары арқылы (информацияны) ми қыртысына, қыртыс астындағы орталыққа 
береді.  Дәм  сезу  мүшесінің  қатысуымен  ағзада  вегетативті  реакуиялар(сілекейдің 
бөлінуі мен асқазан асты безінен сөл бөлінуі) өтеді. Дәм сезу түйіндері (буылтықтары) 
адам  тілінің  көп  қабатты  жалпақ  эпителиінің  құрамындағы  науа,  жапырақ  пен 
саңырауқұлақ  тәрізді  бүртіктерінің  бүйір  бөліктерінде  орналасқан.  Балаларда,  кейде 
ересек адамдардың өзінде де дәм сезу бүртіктері ерінде, көмейдің ішкі және сыртқы 
беткейлерінде,  өңештің  артқы  қабырғасында,  дыбыс  желбезектерінде  де  болуы 
мүмкін. Адамда дәм сезу бүртіктерінің саны 2000-дай. 
Дәм  сезу  мүшесінің  дамуы.  Дәм  сезу  бүртіктерінің  ең  алғашқы  бастамасын  беретін 
ауыз  қуысының  көп  қабатты  эпителиі.Құрылысы.  Әрбір  дәм  сезу  бүртіктерінің  пішіні 
элипс тәрізді болып 
келген, құрамында бір-біріне тығыз жабысып орналасқан 40-60-қа жуық жасушалары 
бар құрылымдар. Бұл жасушаларды бес топқа бөледі; 
сенсоэпителилді,  ашық  түсті  ұзын  цилиндр  тәрізді  "күңгірт"  түсті  тіректі,  аз 
дифференцияланған базальді және шеткі (перигеммальды) 
жасушалары. Дәм сезу бүртіктері астыңғы дәнекер тінінен базальді мембрана арқылы 
бөлінеді. Бүртіктердің үшы тілдің бетіне дәм сезу 
саңылауы  арқылы  байланысады.  Мұндай  саңылаулар  біртіндеп  эпителий 
жасушаларының бетіндегі дәм сезу шұңқырларына ұласады. 
Сенсорлы эпителиальді (сезімтал) жасушалар 


Сезімтал  жасушалары  ашық  түсті,  базальді  бөлігіндегі  ядросы  маңында 
митохондриялар мен органеллалары, біріншілік және екіншілік 
лизосомалар орын алған. Дәм сезу жасушаларының апикальді бөлігіндегі 
мембранасында  "букет"  тәрізді  болып  орналасқан  көптеген  микробүрлері  болады. 
Дәм  сезу  шұңқырларындағы  микробүрлер  арасында  электронды  тығыз,  белсенділігі 
жоғары  фосфатаза  мен  белок,  гликопротеидтер,  тілдің  бетіне  түскен  дәм  шығаратын 
заттарға  адсорбенттік  қызмет  атқарады.Бұл  сезімтал  жасушалардың 
цитолеммасының базальді бөлігіне сезімтал 
нейрондардың дендриттері келіп синапс түзеді. Сезімтал жасушалардың тітіркенуінен 
пайда болған нерв импульсін дендриттер дәм сезу 
орталығына  береді.  Тілдің  алдыңғы  бөлігіндегі  дәм  сезу  бүртіктерінде  -тәттіні,  ал 
артқы бөлігінде - ащыны сезетін рецепторлық белоктар болады. 
Дәмді  заттар  микробүрлердің  мембранасында  орналасқан  арнайы  рецепторлы 
белоктар  арқылы  сорылады.Әрбір  дәм  сезу  түйініне  50-ге  жуық  афферентті  нерв 
талшықтар келіп тармақталып өтеді. Дәм сезу бүртіктерінен нерв импульсі (t°, 
ауру, тактильді сезіну) түрінде альдымен нерв үштарына, одан нерв жолдары арқылы 
дәмдік  заттардың  қасиеті  жөнінде  түсінікті  қалыптастыратын,  дәмдік  анализатордың 
орталық бөлігіне беріледі. 
Тіректік  эпителиоциттер  ядросының  ірілігімен,  көптеген  митохондрияларымен 
эндоплазмалық  жүйенің  болуымен  ерекшеленеді.  Көбінесе  бұл  жасушалар  дәм  сезу 
жасушаларын,  нерв  талшықтарын  қоршап  орналасады.  Апикальды  бөлігінде 
микробүрлері болады. 
Базальді  эпителиоциттер  -  базальді  мембранаға  бекінген,жасушалардың  апикальды 
беткейі эпителий қабатының бетіне жетпейтін 
қысқа  цитоплазмасында  митоз  фигурасы  жақсы  білінетін  жасушалар.Шеткі  - 
перигеммальді эпителиоциттер- пішіні таға тәрізді, аздаған 
органеллалары  бар  жасушалар.  Ерекшелігі  -  кұрамында  көптеген  микротүтікшелері 
мен нерв үштары болады. Адамның жасы ұлғайған 
сайын  дәм  сезу  бүртіктері  азаяды  да,  дәм  сезу  қасиетінің  барлық  дәмдік  заттарға, 
оның ішінде әсіресе тәтті заттарға ұлғаятыны байқалады. 
Регенерациясы.  Дәм  сезу  түйінінің  кұрамындағы  сенсо-сезімтал  және  тіректік 
жасушалары үнемі жаңарып отырады. Бұл жасушалардың 
тіршілігінің  мөлшері  10  тәулікке  жуық.  Сезімтал  эпителиоциттер  тіршілігін  жойғанда 
олардағы синапстары үзіледі, бірақ жаңа жасушалар 
өсіп шығып қалпына қайта келіп отырады. 
(+ Дәм сезу пиязшығы құрылымдарындағы 
рецепторлық потенциал туындайды: 
Дәм сезу жасушасында) 
  
  

жүктеу 8,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   297




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау