«Мономерлердің химиясы мен физикасы» Мамандығы – «5В072100 – озхт курстың көлемі – 3 кредит Чугунова Нина Ивановна профессор, химия ғылымдарының кандидаты, «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы»



жүктеу 15,35 Kb.
Дата01.12.2017
өлшемі15,35 Kb.
#2602

  • «Мономерлердің химиясы мен физикасы»
  • Мамандығы – «5В072100 – ОЗХТ Курстың көлемі – 3 кредит
  • Чугунова Нина Ивановна
  • профессор, химия ғылымдарының кандидаты, «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасы
  • Педагогикалық стажы – 30 жылдан астам

Курстың аңдатпасы:

  • Таңдап алатын курс
  • Пәнді оқыту мақсаты
  •  «Мономерлердің химиясы мен технологиясының негіздері» пәнінің мақсаты студенттерге полимерлі материалдарды алуға қолданылатын бастапқы органикалық заттар мен мономерлердің заманауи бағыттарын оқытып үйрету.
    • Пәнді оқыту міндеттері
  •  
  • Пәннің міндеті тізбекті және сатылы механизмдермен полимерленетін мономерлердің сипаттамаларын, олардың негізіндегі полимерлі материалдарды негізгі колдану бағыттарын, негізгі алу жолдары мен өнеркәсіптік синтездеу әдістерін оқытып үйрету, нақты мономерді алу технологиялық сызбанұсқасымен таныстыру.

Курстың актуалдығы мен жаңалығы

  • Мономерлердің қисиеттерін, олардың негізіндегі полимерлердің іс жүзінде қолдану бағыттарын, мономерлі косылыстарды алу жолдарын және оларды өнеркәсінтік іске асыруды үйреніп білудің мақызы зор, бұл мәліметтер мономерлерді пластмассалар, химиялық талшықтар, каучуктер, қабыршақтар, қаптамалар және т.б. өндірісінде қолданудың негізі болып табылады.
  •  Изучение свойств мономеров, основных направлений применения полимеров на их основе, способов их получения и осуществления их имеет в дело в производственном масстабе является актуальной проблемой, поскольку эти сведения основой при применений пластмасс,химических волокон, каучуков пленок, различных покрытий и т.д.

Пән бойынша қарастырылатын тақырыптар: -Кіріспе. Полимерлеуге және поликондесация- лауға қолданылатын мономерлер. Бастапқы шикізат қоры. -Төменгі олефиндер, шикізаттары. Этилен мен пропилен, алынуы. -Диенді мономерлер. Бутадиен 1,3. Изопрен. Алу жолдары. Технологиялық сызбанұсқасы. -Галоген атомы бар мономерлер. Винилхлорид, Винилиденхлорид, өндірістік алу жолдары. -Хлоропрен синтезі. Хлорпренді бутадиен -1,3-тен алу технологиялық сызбанұсқасы. Стирол. Этилбензолдан алу технологиялық сызбанұсқасы. -Акрил мономерлері. Акрилнитрил, алу жолдары, технологиялық сызбанұсқасы. - Акрил қышқылы, өнеркәсіптік алу жолдары. Пропиленді булы фазада тотықтыру, процестің технлогиялық сызбанұсқасы. Метилметакрилат. -Жай винил эфирлері. Ацетилен мен сәйкес спирттерден синтездеу. Күрделі винил эфирлері. Винилацетатты этилен мен сірке қышқылынан алу. -Күрделі полиэфирлердің мономерлері. Этиленгликоль, этиленоксидті гидратациялау арқылы алу. Глицерин, алу жолдары. -Фенол- және аминаальдегид полимерлерінің мономерлері. Формальдегид, метанолды тотықтырып дегидрлеу арқылы алу технологиялық сызбанұсқасы. -Полиамидтердің мономерлері. Адипин қышқылы, циклогексаннан алу, технологиялық сызбанұсқасы. - Фенол. Өндірістік алу жолдары. Фенолды кумолдық әдіспен алу технологиялық сызбанұсқасы. -Карбамид-және меламинформальдегид полимерлерінің мономерлері. Карбамид, Базаров әдісі бойынша алу, процестің технологиялық сызбанұсқасы. Карбамидтен меламин алу. -Полиуретандардың мономерлері. Диизоционаттар. Толуилендиизоционаттырдың гексаметилендиизоционаттың синтезі. Фосген, хлор мен көмірттек оксидінен алу. -Поликарбонаттырдың мономерлері. Бисфенол А, фенол мен ацетоннан алу технологиялық сызбанұсқасы. -Эпоксид шайырларының мономерлері. Эпихлоргидрин, аллилхлоридтен алу. .

Өткізілетін сабақтардың түрлері:

  • Дәріс – 30 сағат
  • Зетханалық сабақтар – 15 сағат
  • Аралық бақылау (саны) – 2
  • СӨЖ – 45 сағат
  • СОӨХ – 45 сағат
  • СОӨХ(офис.) – 30 сағат
  • СОӨХ (ауд.) – 15 сағат
  • Барлық аудиториялық сағат – 60
  • Барлық аудиториядан тыс сағат– 75
  • Еңбек көлемі 135 сағат
  • Емтихан Ж семестрі 6

Пәнді оқу кезінде студенттер мынандай біліктілікке ие болады:

  • Мономерлер жөніндегі негізгі түсініктермен танысып, мұнайхимиялық өнеркәсіптің ең ірі салаларының бірі пластикалық масса, каучуктер, талшықтар мен қаптамалар өнеркәсібі, соған орай мономерлер өнеркәсібі бойынша пайдалы мағлұматтар алады;
  • Полимерлер шикізаттарының аса зор қайнар көзі мұнай мен көмірдің өңделу өнімдері, және де табиғи және серік газдар екендігіне, гидрлеу және дегидрлеу, тотықтыру, галогендеу және дегалогендеу, аминдеу және басқалар сияқты химиялық өңдеу процестері мономерлер өндірісіне іс жүзінде шексіз мүмкіндік беретініне көз жеткізеді.
  • Тізбекті полимерленетін мономерлер - төменгі олефиндер, диендер, галоген атомы бар мономерлер, стирол, акрил мономерлері , қанықпаған жай және күрделі эфирлердің алыну жолдарымен,химиялық процестерімен танысып, технологиялық ерекшеліктерін ажырата біледі. Күрделі полиэфирлердің, полиамидтердің, фенол- ,карбамид-, меламинформаль-
  • дегид олигомерлерінің, полиуретандар мен поликарбонат
  • тар, эпоксидті олигомерлердің мономерлері туралы да нақты мәліметтерді игеріп, тәжірибе жүзінде алған білімдерін іске асыруға құзыреттілікке ие болады.
  • Курс бойынша
  •   7 зертханалық , 1 бақылау жұмыстары, 1 реферат жазу, 4 өзіндік жұмыс атқарып , қорғау, 2 аралық бақылау қарастырылған.
  • – жұмыстың әр түрі нәтижесінің максимал бағасы 100 %.

Өзінің ғылыми жетістіктері:

  • Ғылыми дәрежесі : химия ғылымдарының кандидаты 02.00.06«Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» мамандығы бойынша.
  • Ғылыми атағы: «Жоғары молекулалық қосылыстар» мамандығы бойынша» аға ғылыми қызметкер.
  • Сабақ беретін пәндері: 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне «Алифатты қатар қосылыстарының органикалық химиясы», «Циклді қосылыстардың химиясы», «Мономерлердің химиясы мен технологиясының негіздері», «Қабыршақтүзуші заттар мен лак-бояу материалдарының химиясы мен технологиясы» курстарын, 6М0572100 мамандығына «Диенді қосылыстардың химиясы мен технологиясы», 6Д0572100 мамандығына «Полимерлік материалтанудың дамуының заманауи негіздері » курстары
  • Басылымдары: 80 астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар, соның ішінде 5 авторлық куәлік, мемлекеттік тілде жазылған 2 оқулық, оның біреуін жеке өзі жазған, 2 оқу құралы (мемлекеттік және орыс тілдерінде), 10 ОӘК (6 мемлекеттік, 4 орыс тілінде) , магистраттар үшін 1 силлабус, докторанттар үшін 1 силлабус дайындалған,. Барлық сабақтар оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілген.
  • «Жеңіл бензин фракцияларын алу мақсатында мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу технологиясын жасау» мемлекеттік бюджеттік инициативті тақырыпты орындау.
  • Тарауы: “Жоғары тұтқыр мұнайлар үшін депрессивті присадкалардың жаңа түрлерін жасау.”
  • Студенттердің ҒЗЖ дайындау
  • Ғылыми бағыты: Белсенді функионалды топтары бар полимерлерді синтездеу және зерттеу.
  • Қоғамдық жұмыстары: Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің химиялық-технологиялық мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясының мүшесі (Шымкент қ.). 2011 жыдан бастап К.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ –ің оқу процесін мониторлау комитетінің мұшесі ( ОПМК). Геология және мұнай газ ісі институтының ҒӘК мушесі, МжГӨХТ кафедрасының әдістемелік кеңесінің мүшесі,,кафедра меңгерушісінің орынбасары, кафедраның оқу процесіне және әдістемелік жұмыстарына жауапты.
  • Қызмет ету барысында бірнеше рет алғыс қағаздар және грамоталар алған. Жеке өзі жазған «Полимерлердің химиясы мен физикасы» атты оқулығы үшін К.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ-ің академикалық профессоры атағын алған. Студенттері университеттік және республикалық конкурстардың жулдегері болған.

Дипломдық жұмыс тақырыбы: 1. Ауыр қалдықтарды деасфальтизациялау қондырғысының жобасы.

  • Дипломдық жұмыс тақырыбы: 1. Ауыр қалдықтарды деасфальтизациялау қондырғысының жобасы.
  • Магистерлік диссертациялардың тақырыбы: 1.Акрил қышқылы мен стиролдың сополимерлерді синтездеу және зерттеу
  • 2. Акрилді қабыршақтүзуші заттарды синтездеу және зерттеу
  • Курстар бойынша студенттердің үлгерімі 80-93 %.
  • Білім алушыларға қойылатын талап: адалдық, тәртіптілік, ынталылық.

жүктеу 15,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау