«Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы «__»_______ №_____ бұйрығының жобасына
САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
№/№
|
Құрылымдық элемент
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылатын редакция
|
Негіздеме
|
1
|
1-тараудың 2-тармағының 4), 6), 6-1) тармақшалары
|
1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
4) рұқсат беру-наряд – жұмыс істеп тұрған кәсіпорын аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде ресімделетін жұмыстар өндірісіне әрекеттегі кәсіпорыннан туындайтын өндірістік қаупі бар немесе туындауы мүмкін тапсырма
6) топырақ үйіп қорғану – қауіпті сұйық заттардың төгілуінен қоршаған территорияны қорғау үшін құбыр жолының сызықтық бөлігінің жекелеген телімдері, сорғы станциялары, резервуарлық парк айналасындағы қоршау қабырғалары немесе жер білігі түріндегі құрылыс.
6-1) жоқ
|
1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
4) рұқсат беру-наряд – жұмыс істеп тұрған кәсіпорын аумағында құрылыс-монтаждау және (немесе) жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ресімделетін жұмыстар өндірісіне әрекеттегі кәсіпорыннан туындайтын өндірістік қаупі бар немесе туындауы мүмкін тапсырма;»;
6) үйінді – жер білігі немесе төгілуден қорғауға арналған қоршау қабырғалары түріндегі құрылыс
6-1) нормадан ауытқыған жоғары қысым – гидростатикалық қысымнан 1,3 есе асатын қысым
|
Норманы нақтылау мақсатында
|
2
|
2-тараудың 1-параграфының 5, 7, 8, 14, 15, 16, 17, 21-тармақтары
|
2. Мұнай, газ, газконденсаттық кен орындарын жайластыру жобаларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1-параграф. Мұнай, газ, газконденсаттық кен орындары объектілерін жобалау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
5. Тоттану-агрессиялы заттармен түйісу жағдайында жұмыс жасайтын технологиялық жабдықтар мен құбырларды жобалау барысында, техникалық жағдайын бақылау әдістері алдын-ала қарастырылуы тиіс.
7. Жобалық құжаттамада қызметкерлерді жинау және көшіру орындары мен бағдарлары, жұмыс істеушілер мен тұрғындардың ұжымдық қорғану құралдары (бұдан әрі - ҰҚҚ), қоршаған ортаның газдылығын бақылау бекеттері, газ қауіпсіздігі қосындары, жел көрсеткіштерінің, газ қауіпсіздігінің орындары көрсетілуі тиіс..
8. Азаматтық қорғау саласындағы инженерлік-техникалық шаралар, көмірсутек кен орындарын жайластыру объектілерін жобалау мен құрылысы кезінде, осы объектдардың қауіпсіз жұмыс істеу, локализациялау және болжамды апатты жағдайларды төмендету бойынша шарттарды қамтамасыз етуге міндетті және келесілерді қарастырады:
14. Жобалық құжаттамада табиғи ресурстардың ұтымды пайдалануды, табиғи ортаның қайтымсыз техногендік өзгерістер мүмкіндігін болдырмау, оның ішінде зиянды заттарды авариялық тастандылар кезінде, өнеркәсіптік үдерістер мен жабдықтардың сенімділігі мен апатсыздығын бағалаудың негіздемесін, болжамды апаттық жағдайлардың туындау қаупі мен болжалды салдарын бағалауды, варияларды болдырмаға, оқшаулауға, жоюға және қаупті өндірістік факторлардан жұмыс істеп жүргендер мен халықты қорғауға бағытталған шешімдер көзделуі тиіс.
15. Жобалау құжаттаманы әзірлегенге дейін бас жобалаушы санитарлық-қорғау аймағының (бұдан әрі – СҚА) көлемін анықтайды.
16. Кен орынды жайластыру жобалау құжаттаманың құрамында әртүрлі метеорологиялық жағдайларда атмосфералық ауаның жер бетіндегі қабатындағы зиянды заттардың рұқсат берілген шектік шоғырлануы (ШРШ) – оның шекарасында асып кету мүмкіндігін жоққа шығаратын, газдық қауіпті объектілердің СҚА көлемдерінің есептері мен негіздемесі толық көлемде көрсетіледі.
17. СҚА есептері мен негіздемесі зиянды заттардың (көлемі мен ұзақтығы бойынша) барынша болжанатын апаттық тасталындыларды ескере отырып орындалады. СҚА аумағында тұрғындардың тіршілік етуіне, көпшілік пайдаланатын спорттық құрылыстарды, саябақтарды, мектептерді, балалар мекемелерін, емдеу-профилактикалық және сауықтыру мекемелерін орналастыруға рұқсат берілмейді. Кен орнында вахта әдісімен жұмыс істеген кезде вахталық кенттерде орналасуға рұқсат беріледі.
21. Бірінші барлау ұңғымасының қабаттық флюидінде күкіртті сутектің көп мөлшерде болуы анықталған жағдайда СҚА орнатқаннан кейін оны одан әрі тереңдетуге және осы алаңдағы келесі барлау ұңғымаларын бұрғылауға жол беріледі.
|
2. Мұнай, газ, газконденсаттық кен орындарын жайластыру жобаларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1-параграф. Мұнай, газ, газконденсаттық кен орындары объектілерін жобалау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
5. Тоттану-агрессиялы заттармен түйісу жағдайында жұмыс жасайтын технологиялық жабдықтар мен құбырларды жобалау барысында олардың техникалық жағдайын бақылау әдістері алдын-ала қарастырылуы тиіс.
7. Жобалық құжаттамада қызметкерлерді жинау және көшіру орындары мен бағдарлары, жұмыс істеушілердің ұжымдық қорғану құралдары (бұдан әрі - ҰҚҚ), қоршаған ортаның газдылығын бақылау бекеттері, газ қауіпсіздігі қосындары, жел көрсеткіштерінің, газ қауіпсіздігінің орындары көрсетілуі тиіс.
8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы іс-шаралар көмірсутек кен орындарын жайластыру объектілерін жобалау және салу кезінде осы объектілердің қауіпсіз жұмыс істеу, ықтимал апаттық жағдайлардың салдарын оқшаулау және барынша төмендету бойынша шараларды қамтамасыз етуі және мыналарды көздеуі қажет:
14. Жобалық құжаттамада табиғи ортаның қайтымсыз техногендік өзгерістер мүмкіндігін, оның ішінде апатты шығарындылар кезінде зиянды заттарды болдырмау, өндірістік процестер мен жабдықтың сенімділігі мен апатсыздығын бағалау негіздемесі, болжанатын апаттық жағдайлардың туындау қатері мен ықтимал салдарын бағалау, апаттардың алдын алуға, оқшаулауға, жоюға және қауіпті өндірістік факторлардан жұмысшылар мен халықты қорғауға бағытталған шешімдер көзделуі тиіс.
15. Жобалау құжаттаманы әзірлегенге дейін бас жобалаушы шекті рұқсат етілген қашықтық (бұдан әрі – ШРҚ) көлемін анықтайды.
16. Кен орынды жайластыру жобалау құжаттаманың құрамында әртүрлі метеорологиялық жағдайларда атмосфералық ауаның жер бетіндегі қабатындағы зиянды заттардың шекті рұқсат берілген шоғырлануы (ШРШ) – оның шекарасында асып кету мүмкіндігін жоққа шығаратын, газ қауіпті объектілердің ШРҚ көлемдерінің есептері мен негіздемесі толық көлемде көрсетіледі.
17. алынып тасталсын.
21. Бірінші барлау ұңғымасының қабаттық флюидінде күкіртті сутектің көп мөлшерде болуы анықталған жағдайда ШРҚ орнатқаннан кейін оны одан әрі тереңдетуге және осы алаңдағы келесі барлау ұңғымаларын бұрғылауға жол беріледі.
|
Норманы нақтылау мақсатында
|
3
|
2-тараудың 2-параграфы 22-тармағының 8), 17-1) тармақшалары
|
2. Мұнай, газ және газконденсаттық кен орындарын жайластыру жобаларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
2-параграф. Ұңғымалардың құрылысына арналған жобаларды әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
22. Ұңғымалардың құрылысына арналған жобаларда қосымша:
8) ұңғыманы бұрғылау, сынақтан өткізу және игеру барысындағы адамдарды және қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары;
17-1) жоқ
|
2. Мұнай, газ және газконденсаттық кен орындарын жайластыру жобаларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
2-параграф. Ұңғымалардың құрылысына арналған жобаларды әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
22. Ұңғымалардың құрылысына арналған жобаларда қосымша:
8) ұңғыманы бұрғылау, сынақтан өткізу және игеру барысындағы адамдарды қорғау іс-шаралары;
17-1) құрылыс, сынау және игеру кезінде ТҚЖ немесе тығындау жабдығымен ұңғыма сағасын байластырудың үлгі схемалары.
|
Қауіпті өндіріс объектілерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында
|
4
|
3-тараудың 25-тармағы
|
3. Объектілердің құрылысы және іске қосу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
25. Қауіпті өндірістік объектіде апатты жою жоспары (бұдан әрі - АЖЖ) әзірленеді. АЖЖ ұйымның басшысы бекітеді және кәсіби авариялық-құтқару қызметі және (немесе) құрамасымен келісіледі.
|
3. Объектілердің құрылысы және іске қосу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
25. алынып тасталсын.
|
Осы норма «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 80-бабымен регламенттелген
|
5
|
3-тараудың 3-параграфының 26-тармағы
|
2. Мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын жайластыру жобаларын әзірлеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
Параграф 2. Ұңғыма құрылысы жобаларын әзірлеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
3. Объектілердің құрылысы және іске қосу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
26) Қызметкер болатын үй-жайларда бекітілген құжаттар ілініп тұруы тиіс:
1) жабдықтар және құбырлардың орналасуының БӨАжА, сақтандырғыш, бітегіш реттегіш қондырғылар көрсетілген технологиялық сұлбасы (мнемосұлба), күкіртті сутек датчиктерін орнату сұлбасы және ауа кеңістігін бақылау бөлімдерін орнату;
2) апаттық қоймалардың, газ қауіпсіздігі аралының, өрт инвентарларының, жұмысшылардың қорғаныс құралдарының, адамдар және көлік қозғалысының негізгі және қосымша жол сапарларының, апатты жағдайларда ауада күкіртті сутектің жиналу орны және таралу бағыты, байланыс және құлақтандыру құралының орналасуы көрсетілген объект сұлбасы;
3) Инвестициялар және даму министрлігі, АҚҚ, өрт күзеті және медициналық қызмет бөлімшелерінің телефон нөмірлері көрсетілген құлақтандыру сұлбасы;
4) АЖЖ оперативтік бөлімі;
5) көшіру сұлбасы.
|
2. Мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын жайластыру жобаларын әзірлеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
Параграф 2. Ұңғыма құрылысы жобаларын әзірлеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі 3. Объектілердің құрылысы және іске қосу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
26) Қызметкер болатын үй-жайларда қауіпті өндірістік объектілер иесі бекіткен құжаттар ілініп тұруы тиіс:
1) жабдықтар және құбырлардың орналасуының БӨАжА, сақтандырғыш, бітегіш реттегіш қондырғылар көрсетілген технологиялық схемасы (мнемоссхема), күкіртті сутек датчиктерін орнату схемасы және ауа кеңістігін бақылау бөлімдерін орнату;
2) апаттық қоймалардың, газ қауіпсіздігі аралының, жұмысшылардың қорғаныс құралдарының, адамдар және көлік қозғалысының негізгі және қосымша жол сапарларының, апатты жағдайларда ауада күкіртті сутектің жиналу орны және таралу бағыты, байланыс және құлақтандыру құралының орналасуы көрсетілген объект схемасы;
3) Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің және АҚҚ телефон нөмірлері көрсетілген құлақтандыру схемасы;
4) АЖЖ оперативтік бөлімі.
|
Норманы нақтылау мақсатында
|
6
|
3-тараудың 3-параграфының 40-тармағы
|
3. Объектілердің құрылысы және іске қосу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
40. Құрамында күкіртті сутек бар қабаттарды ашу, ұнғымаларды жерасты жөндеу (бұдан әрі – ҰЖЖ) және ұнғымаларды күрделі жөндеу (бұдан әрі – ҰКЖ) кезеңінде газдан қорғайтын және құтқарушы құралдарының, құрал-саймандардың, дәрі-дәрмектердің қоры жиналатын тасымалданатын қоймамен (вагон-үйшік, автофургон) жабдықталады, ол ұнғыма сағасынан 65-70 метр қашықтықта жел соғатын бетінде (желдің бағыты бойынша) орналасады.
|
3. Объектілердің құрылысы және іске қосу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
40. алынып тасталсын
|
Бизнеске жүктемені төмендету
|
7
|
4-тараудың 1-параграфының 42 және 43-тармақтары
|
4. Ұңғымаларды бұрғылау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1-параграф. Бұрғылау қондырғысын пайдалануға енгізу
42. Ұңғыманы бұрғылау бұрғылау қондырғысын құрастыру аяқталғаннан соң және кәсіпорын бойынша бұйрықпен тағайындалған комиссияның оны қабылдауынан кейін басталады. Комиссия жұмыстарына аймақтық бөлімшенің өнеркәсіптік кауіпсіздік саласындағы уәкілетті органының өкілі қатысады. Аймақтық өнеркәсіптік кауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға комиссияның жұмыс жасау күні туралы хабарландыру комиссия жұмысы басталғанға дейін 5 күн бұрын жіберіледі.
43. Бұрғылау қондырғысы бұрғылау басталмас бұрын қашаулармен, бұрғылау құбырларымен, кондуктор астындағы шегендеуші құбырлармен және бірінші аралық бағанаман (егер оны түсіру 30 тәуліктен кем болса), аз механизация керек-жарақтарымен, қолмен жұмыс жасайтын құрал-сайманның жиынтығымен, БӨАжА, бұғаттайтын және сақтандыратын құрылғылармен, ұстап қалатын құрал-саймандармен, өртке қарсы мүккалмен және апаттық дабылдамамен, сөйлесу құрылғыларымен, қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ тез тозатын бөлшектер және түйіндердің қорларымен, материалдар мен кондуктор және бірінші аралық бағана астына бұрғылау ерітіндісін дайындауға арналған химиялық реагенттермен жинақталады. Бұрғылау ерітіндісінің қоры ұнғыманың 2 есе көлемін қамтамасыз етуі тиіс.
|
4. Ұңғымаларды бұрғылау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1-параграф. Бұрғылау қондырғысын пайдалануға енгізу
42. Ұңғыманы бұрғылау бұрғылау қондырғысын құрастыру аяқталғаннан соң және кәсіпорын бойынша бұйрықпен тағайындалған комиссияның оны қабылдауынан кейін басталады. Комиссия жұмыстарына аймақтық бөлімшенің өнеркәсіптік кауіпсіздік саласындағы уәкілетті органының өкілі қатысады. Өнеркәсіптік кауіпсіздік саласындағы аумақтық уәкілетті органға комиссия жұмысының күні туралы хабарлама комиссия жұмысының басталуына дейін күнтізбелік 5 күн бұрын жіберіледі.
43. Бұрғылау қондырғысы бұрғылау басталмас бұрын кондуктор астындағы қашаулармен, бұрғылау құбырларымен және бірінші аралық бағанаман (егер оны түсіру 30 тәуліктен кем болса), шағын механикаландыру керек-жарақтарымен, қолмен жұмыс жасайтын құрал-сайманның жиынтығымен, БӨАжА, бұғаттайтын және сақтандыратын құрылғылармен, ұстап қалатын құрал-саймандармен, өртке қарсы құрал-сайманымен және апаттық сигнализациямен, сөйлесу құрылғыларымен, қорғау құралдарымен, сондай-ақ тез тозатын бөлшектер және түйіндердің қорларымен, материалдар мен кондуктор және бірінші аралық бағана астына бұрғылау ерітіндісін дайындауға арналған химиялық реагенттермен жинақталады. Бұрғылау ерітіндісіне арналған сыйымдылық ұнғыманың 2 есе көлемін қамтамасыз етуі тиіс.
|
Норманы нақтылау мақсатында
|
8
|
4-тараудың 2-параграфының 47, 49, 53, 55, 58, 59, 63, 67, 76, 79, 80-тармақтары
|
4. Ұңғымаларды бұрғылау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
2-Параграф. Ұңғымаларды бұрғылау
47. Ұңғыманы бұрғылау ұңғыманың құрылысына арналған бекітілген жоба, геологиялық-техникалық жүктелім және іске қосу конференциясының акті болған жағдайда басталады.
49. Бұрғыда келесі журналдар:
1) вахталық;
2) геологиялық;
3) бұрғы ерітіндісі параметрлерінің;
4) түсіру-көтеру операциялары (бұдан әрі – ТКО) кезіндегі еселеп құю мен химиялық реагенттердің шығындарын есепке алу;
5) дизельдердің жұмыс істеу мотосағаттарын есепке алу;
6) бұрғылау бағанын өлшеу;
7) қашауларды сынау;
8) таль арқаны атқарымының;
9) техникалық суды және өнеркәсіптік бұрғы ағындарын тұтынуды есепке алу;
10) ауа ортасын бақылау журналы жүргізіледі.
53. Құрамында күкіртті сутегі бар флиюдтерді қамтитын қабаттарды ашпастан бұрын (50÷100 м):
1) геологиялық-технологиялық зерттеулер (бұдан әрі – ГТЗ) станциясы орнатылады;
2) бұрғы аумағының айналасында (кіру жолдарында, бұрғы аумағына болжалды өту орындарында) қауіпсіздік белгілері орнатылады;
3) жұмыс аймағының ауасындағы күкіртті сутектің мөлшерін бақылау аспаптарының дұрыс жұмыс жасауы тексеріледі және жеке қорғану құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ), тыныс мүшелерінің жеке қорғану құралдары (бұдан әрі – ТМ ЖҚҚ), ҰҚҚ бар екендігі және дайындығы тексеріледі;
4) бұрғы ерітіндісі бейтараптандырғышпен өңделеді;
5) нұсқама журналына тіркей отырып, қызметкерлердің АЖЖ-ды және ЖҚҚ қолдану дағдысын, алғашқы көмек көрсетуді білуін тексеру жүргізіледі;
6) бұрғыда саны кемінде екі көлемді бұрғы ерітіндісін өңдеу үшін жеткілікті күкіртті сутекті бейтараптандыратын материалдардың қоры мн химиялық реагенттер құрылады;
7) авариялық-құтқару қызметі өкілдерінің тәулік бойы кезекшілігі, қызметкерлерді көшіруге арналған көлік ұйымдастырылады;
8) бұрғыда жұмысқа әрдайым дайын күйіндегі цементтеу агрегаттарының бар болуы қамтамасыз етіледі;
9) апаттық жағдайларда жұмыскерлерді қауіпті аймақтан шығуына арналған бағдарлар белгіленеді;
10) бұрғыда цемент көпір орнату үшін мөлшерді цемент қоры құрылады. Цементтің қатаю мерзімдері мен беріктігін сынақтан өткізу 10 күнде бір рет өткізіледі.
55. Бұрғышы және вахтаның мүшелері жұмыс орындарының қауіпсіз жайдайын ай сайын тексереді, вахталық журналда жазбаларды ресімдейді.
58. Апаттық жағдай барысында АЖЖ-дың қолданылуы іске қосылады, сағаны саңылаусыздандыру және қызметкерлерді көшіру жүзеге асырылады
59. Бұрғылау қондырғысы қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын, ағынды сулар мен шламды жинау жүйесімен, бұрғы ерітіндісінің тұйық циркуляциялық жүйесімен қамтамасыз етіледі.
63. Алаң қауіпсіздік белгілерімен, жарықтандырумен және қауіпті аймақты қоршаумен қамтамасыз етіледі.
67. Бұрғылау барысында бұрғы ерітіндісі циркуляциясының рұқсат берілген жүктемесі мен қысымынан асыруға рұқсат берілмейді.
Бұрғылауды бастамастан бұрын жынысты бұзатын аспаптың, қорқ қозғалтқышының, бұрғылау ұстыны құрастырылымының, БӨАжА техникалық жағдайы тексеріледі. Ақаулық анықталған жағдайда бұрғылауға рұқсат берілмейді.
76. Өнімді горизонтты бұрғылау ашуға арналған құрылғысы бар кері қақпақшалардың және қосымша шүмектің болуы жағдайында құрастырылымда тоттануға қарсы орындаудағы шарлы крандарды орнату жолымен жүзеге асырылады.
Көпіршелерде қысыммен тексерілген құбыр орналасқан, ол құбыр диаметрі мен беріктік сипаттамалары бойынша бұрғылау ұстынының жоғарғы секциясына сәйкес келеді. Құбыр сары түске боялған және құбырға ашық жағдайда тұрған шарлы кран орнатылған.
79. Өнімді горизонтты ашу әмбебап және үш бұранда кескіш превенторы бар болған жағдайда жүзеге асырылады және осы үш превентордың біреуінде қиюшы бұранда кескіш болады.
80. Өнімді қабатты бұрғылау және игеру барысында қандай да бір эксперименталдық және тәжірибелік жұмыстарды ұйымның техникалық басшысы тарапынан бекітілген және авариялық-құтқару қызметімен келісілген бағдарлама бойынша жүзеге асыруға жол беріледі.
|
4. Ұңғымаларды бұрғылау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
2-Параграф. Ұңғымаларды бұрғылау
47. алынып тасталсын
49. Бұрғыда мынадай:
1) вахталық;
2) геологиялық;
3) бұрғылау ерітіндісі параметрлерінің;
4) түсіру-көтеру операциялары (бұдан әрі – ТКО) кезіндегі еселеп құю мен химиялық реагенттердің шығындарын есепке алу;
5) дизельдердің жұмыс істеу мотосағаттарын есепке алу;
6) бұрғылау бағанын өлшеу;
7) қашауларды сынау;
8) таль арқаны атқарымының;
9) техникалық суды және өнеркәсіптік бұрғы ағындарын тұтынуды есепке алу;
10) газ-ауа ортасын бақылау журналдары жүргізіледі.
5); 6); 7); 8); 9) тармақшалары бойынша журналдарды электрондық пішімде жүргізуге рұқсат етіледі.».
53. Құрамында күкіртті сутегі бар флиюдтерді қамтитын қабаттарды ашпастан бұрын (50÷100 м):
1) бұрғы аумағының айналасында (кіру жолдарында, бұрғы аумағына болжалды өту орындарында) қауіпсіздік белгілері орнатылады;
2) жұмыс аймағының ауасындағы күкіртті сутектің мөлшерін бақылау аспаптарының дұрыс жұмыс жасауы тексеріледі және жеке қорғану құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ), тыныс мүшелерінің жеке қорғану құралдары (бұдан әрі – ТМ ЖҚҚ), ҰҚҚ бар екендігі және дайындығы тексеріледі;
3) бұрғы ерітіндісі бейтараптандырғышпен өңделеді;
4) нұсқама журналына тіркей отырып, қызметкерлердің АЖЖ-ды және ЖҚҚ қолдану дағдысын, алғашқы көмек көрсетуді білуін тексеру жүргізіледі;
5) бұрғыда саны кемінде екі көлемді бұрғы ерітіндісін өңдеу үшін жеткілікті күкіртті сутекті бейтараптандыратын материалдардың қоры мен химиялық реагенттер құрылады;
6) апаттық жағдайларда жұмыскерлерді қауіпті аймақтан шығуына арналған бағдарлар белгіленеді.
Іздеу, барлау, бағалау бұрғылау кезінде қосымша түрде: геологиялық-технологиялық зерттеулер (бұдан әрі – ГТЗ) станциясын орнату; авариялық-құтқару қызметі өкілдерінің тәулік бойы кезекшілігін, қызметкерлерді көшіруге арналған көлік ұйымдастыру; бұрғыда жұмысқа әрдайым дайын күйіндегі цементтеу агрегаттарының бар болуын қамтамасыз ету; бұрғылау орнында цемент көпір орнату үшін мөлшерді цемент қорын құру қажет. Цементтің қатаю мерзімдері мен беріктігін сынақтан өткізу 10 күнде бір рет өткізіледі.».
55. Вахтаның мүшелері өз жұмыс орындарының қауіпсіздік жағдайын ауысым сайын тексереді, бұрғылаушы вахталық журналда жазбаларды ресімдейді.
58. Апаттық жағдай барысында АЖЖ-дың қолданылуы іске қосылады, сағаны саңылаусыздандыру және апатты жоюға қатыстырылмаған қызметкерлерді көшіру жүзеге асырылады.
59. Бұрғылау қондырғысы ағынды сулар мен шламды жинау жүйесімен, бұрғы ерітіндісінің тұйық циркуляциялық жүйесімен қамтамасыз етіледі
63. Алаң қауіпсіздік белгілерімен, жарықтандырумен және қауіпті аймақты қоршаумен қамтамасыз етіледі. Бұрғылауды бастамастан бұрын жынысты бұзатын құралдың, кенжар қозғалтқышының, бұрғылау бағанын құрастыру, БӨАжА техникалық жағдайы тексеріледі. Ақаулық анықталған жағдайда бұрғылауға рұқсат берілмейді.
67. Бұрғылау барысында бұрғы ерітіндісі циркуляциясының рұқсат берілген жүктемесі мен қысымынан асыруға рұқсат берілмейді.
76. Көпіршелерде қысыммен тексерілген құбыр орналасқан, ол құбыр диаметрі мен беріктік сипаттамалары бойынша бұрғылау бағанының жоғарғы секциясына сәйкес келеді. Құбыр қызыл түске боялған және құбырға ашық жағдайда тұрған шарлы кран орнатылған.
79. Нормадан ауытқыған жоғары қысымы бар газ, мұнай және су горизонттарын ашу кезінде, сондай-ақ күкіртті сутектің болуы кезінде (алты пайызға дейін көлемді құрамы бар) ұңғыма сағасына кем дегенде үш превентор, оның ішінде бір әмбебап превентор орнатылады.
Нормадан ауытқыған жоғары қысымы және алты пайыздан астам күкіртті сутектің көлемді құрамы бар қабаттарды ашу кезінде кем дегенде алты превентор, оның ішінде қиюшы бұранда кескіші бар және бір әмбебап превентор орнатылады.
80. Өнімді қабатты бұрғылау және игеру барысында қандай да бір эксперименталдық және тәжірибелік жұмыстарды ұйымның техникалық басшысы бекіткен бағдарлама бойынша жүзеге асыруға жол беріледі.
|
Бизнеске жүктемені төмендету
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңымен көзделмеген АҚҚ келісу және рұқсат беру нормаларын алып тастау
|
Достарыңызбен бөлісу: |