ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ
МИНИСТРІ
МИНИСТР
ПО ИНВЕСТИЦИЯМ И РАЗВИТИЮ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
___________________________ №_______________________
Астана қаласы город Астана
Геологиялық есеп нысанын бекіту туралы
|
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 251-бабы 3-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған геологиялық есеп нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
______________ Қ. Бозымбаев
20__ жылғы «__» ___________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы «___» _______
№ ____ бұйрығымен бекітілген
Геологиялық есеп
№
|
Бөлімнің атауы
|
Бөлімдердің мазмұнының қысқаша сипаттамасы
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Кіріспе
|
Жерасты құрылысжайын салу және пайдалану қажеттілігін негіздеу, оның нысаналы мақсаты және орналасқан жері; жерасты құрылысжайы объектісінің сипаттамасы (жобаланудағы (қолданыстағы) жерасты құрылысжайы объектісінің техникалық, технологиялық сипаттамалары); Геологиялық есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеге 1-қосымшада келтірілген, жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша жерасты құрылысжайларының сыныптамасына сәйкес, құрылысжайдың нақты қауіптілік класының объектілеріне жатуы; жерасты сулары, қоршаған орта мен жер қойнауы мониторингінің бақылау желісінің болуы және орналасуы; жобаланудағы құрылысжай учаскесі мен іргелес алаң шегінде пайдалы қазбалардың, оның ішінде жерасты суларының кен орындарының бар және (немесе) жоқ екені туралы мәліметтер; жекелеген жұмыс түрлері бойынша орындаушы ұйымдар және бірлесе орындаушылар; құрылысжайды салу және пайдалану мерзімдері.
|
2.
|
Аймақ және жер қойнауы учаскесі туралы жалпы мәліметтер
|
Әкімшілік және географиялық орны, масштабы 1:200000 парақтың номенклатурасы, климаты, орогидрографиясы, топырағы мен өсімдіктері, адамның шаруашылық қызметінің сипаттамасы.
|
3.
|
Аймақтың және жер қойнауы учаскесінің геологиялық құрылысы
|
Аймақтың және жер қойнауы учаскесінің геологиялық құрылысы, тектоникасы және геоморфологиялық жағдайы; зерттелуі, сондай-ақ кен жоқтығын зерттеу; аумақтың литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасы, геологиялық-құрылымдық және геоморфологиялық ерекшеліктері
|
4.
|
Аймақтың және жер қойнауы учаскесінің гидрогеологиялық,инженерлік-геологиялық және экологиялық жағдайы
|
Аймақтың және жер қойнауы учаскесінің гидрогеологиялық,инженерлік-геологиялық және экологиялық жағдайы; зерттелуі; сыйымдылық және сүзгілік параметрлері көрсетілген, сулы деңгейжиектердің және су өткізбейтін жыныстардың гидрогеологиялық сипаттамасы, жобаланудағы (қолданыстағы) жерасты құрылысжайын оқшаулау сипаттамасы, жерасты суларының сапасы; тау жыныстарының және топырақтың физика-механикалық, беріктік, сулық-физикалық және басқа да қасиеттері көрсетілген, инженерлік-геологиялық жағдайдың сипаттамасы; тау жыныстарының типі; кеуектілік коэффициенті; төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасы, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығы, сапалық және сандық көрсеткіштері; аумақтың санитарлық санаткүйі; құрылысжайларды салудың және пайдаланудың қоршаған ортаға және жер қойнауына тигізетін салдарын бағалау үшін жүргізілетін гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және экологиялық зерттеулердің көлемі мен түрлерінің негізділігін және жеткілікті екенін бағалау.
|
5.
|
Көмілуі (қоймалануы, жойылуы және ағызылуы) тиіс қалдықтар мен ағындардың (болған кезде) сипаттамасы
|
Көмілуі (қоймалануы, кәдеге жаратылуы және ағызылуы) тиіс қалдықтар мен ағындардың (болған кезде) сипаттамасы: зерттеулердің көлемі, түрлері және тәсілдері; зертхананың атауы; заттардың уыттылығы олардың қатты және сұйық күйлеріндегі шекті ұйғарынды концентрацияларымен салыстырыла отырып анықталған талдау нәтижелері; шламдар, тастандылар және басқа қалдықтардың минералды, химиялық, гранулометриялық құрамы және қасиеттері; қалдықтардың, ағындардың саны мен көлемі; уыттылық класына берілген баға.
|
6.
|
Қолданыстағы ұқсас құрылыстарды салуға және пайдалануға талдау жасау және (немесе) жеке тәжірибе.
|
Объектілердің негізгі қорытындылар берілген, жан-жақты сипаттамасы.
|
7.
|
Жер қойнауы учаскесін таңдауды негіздеу
|
Көмудің, қоймалаудың және ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары; жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жерасты құрылысжайын салу және пайдалану үшін жер қойнауы учаскесін таңдауды негіздеу. Жер қойнауына және қоршаған ортаға кері әсері жоқ құрылысжайларды салу және пайдалану ықтималдығы шынайы, негізделген және нақты деректер негізінде дәлелденуі тиіс; қалдықтарды (ағындарды) көму (қоймалау, кәдеге жарату және сол сияқтылар) кезінде – алаң және қима бойынша шекаралық таралу контурларын анықтай отырып, олардың жер қойнауына тигізетін әсерін бағалау, коллектор қаттарының жерасты тереңдігі және тиімді қуаты, оның ауданы
|
8.
|
Жобаланудағы және (немесе) орындалған жұмыстардың түрлері, әдістемесі және көлемі
|
Тізімі, құрамы және олардың нысаналы мақсаты; күтілетін немесе нақты нәтижелер; алдында жүргізілген мемлекеттік сараптама және аталған объект бойынша геологиялық барлау және басқа жұмыстардың материалдарын қарастырған басқа органдардың хаттамаларындағы ұсынымдардың орындалуы; зерттеулердің нәтижелері және оларды құрылысжайларды салу және пайдалану кезінде шешілетін міндеттерге қарай пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындылар мен ұсыныстар;
|
9.
|
Қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау
|
Құрылысжайларды салудың және пайдаланудың қоршаған ортаға және жер қойнауына тигізетін әсерін бағалау; үшін жүргізілетін гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және экологиялық зерттеулердің көлемі мен түрлерінің негізділігін және жеткілікті екенін бағалау; аумақтың геологиялық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, гидрологиялық, экологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайының өзгеруін болжау; санитарлық шекаралар, белдеулер, аймақтар мен оларды қорғау жөніндегі шараларды негіздеу; жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде өндірістік және экологиялық мониторинг, жерасты және жерүсті суларын мониторингілеу шаралары, осы ретте зерттеулердің түрлері, әдістемесі және көлемі, режимдік желінің орналасқан жері көрсетілуі тиіс.
|
10.
|
Құрылысжайды салу және пайдалану бойынша ұсыныстар
|
Табиғат қорғау немесе басқа ықтимал шектеулерді есепке ала отырып, жер қойнауын пайдалану мүмкіндігін негіздеу
|
11.
|
Қорытынды
|
Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жерасты құрылысжайын салу және пайдалану үшін жер қойнауы учаскесінің жарамдылығы туралы негізгі қорытындылар; құрылысжайларды салу және пайдалану жер қойнауына және табиғи ортаға, оның ішінде пайдалы қазбалардың және жерасты суларының кен орындарын өнеркәсіптік игеруге кері әсерін тигізбейтіні туралы қорытындылар; жер қойнауы учаскесінің геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және экологиялық жағдайының зерттелу дәрежесі туралы негізгі қорытындылар; құрылысжайды салуға және пайдалануға жер қойнауы учаскесінің дайындығын бағалау; геологиялық және экологиялық сипаттағы жұмыстарды одан әрі жүргізу жөнінде қысқаша түсіндірмелер; құрылысжайды қалпына келтіру және (немесе) консервациялау мерзімі.
|
12.
|
Графикалық қосымшалар
|
|
Ескертпелер: Геологиялық есеп геологиялық есепке қосымшада берілген геологиялық есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Геологиялық есепке
қосымша
Геологиялық есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Есепте табиғи ортаны ұтымды пайдалану және қорғауды есепке ала отырып, жерасты құрылысжайларын салу және пайдалану кезінде экономикалық тиімді және техникалық тұрғыдан негізделген шешімдерді әзірлеуге қажет барлық мәліметтер болуы тиіс.
2. Жобалық шешімдерді негіздеу үшін нақты материалдар болмаған немесе жетіспеген кезде, арнайы зерттеулерді (ізденістерді) орындаған жөн.
3. Жаңа жерасты құрылысжайларын салуды, қолданыстағысын кеңейтуді, өзгертіп салуды және пайдалануды негіздеу үшін жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат қалдықтарды (ағындарды) орналастыру (көму, қоймалау,кәдеге жарату, ағызу) үшін белгілі бір учаскені таңдауға мүмкіндік беретін, аумақтың жеткілікті зерттелу дәрежесін қамтамасыз етуі тиіс.
4. Аумақтың зерттелу күйі мынадай 3 санатпен анықталады: зерттелген, жеткілікті зерттелмеген және зерттелмеген. Аумақтың зерттелу дәрежесін анықтайтын жағдайлар осы Геологиялық есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеге (бұдан әрі – Түсіндірме) 2-қосымшада берілген.
5. Аумақтың геоморфологиялық, геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайының күрделілік санаты осы Түсіндірмеге 3-қосымшада көрсетілген факторлардың жиынтығы бойынша белгілеген жөн. Егер қандай-да бір жеке фактор күрделіліктің одан жоғарырақ санатына жататын болса және негізгі жобалық шешімдерді қабылдау кезінде анықтаушы фактор болып табылса, онда табиғи жағдайлардың күрделілік санатын осы фактор бойынша белгілеу керек. Осы жағдайда, мониторингілік зерттеулерді жүргізген кезде, аталған факторға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
6. Аумақтың зерттелу дәрежесіне, геоморфологиялық, геологиялық, гилрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлардың күрделілігіне, жерасты құрылысжайларының қауіптілік класына, орналастыру (көму, қоймалау, сақтау, кәдеге жарату, ағызу) үшін қалдықтардың (ағындардың) көлемі мен түрлеріне және жер қойнауы кеңістігіндегі объектілердің пайдаланылуына қарай, жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау шараларының арнайы кешенін, жерасты мен жерүсті суларын мониторингілеуді, өндірістік және экологиялық мониторингті айқындайды.
7. Жерасты құрылысжайының геологиялық ортаға тигізетін әсері мынадай шекті шарттармен: тау жыныстарының қозғалу және опырылу аймақтарын, сондай-ақ осы құрылысжайлардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сақтандырғыш және тосқауыл кентіректердің контурларын есепке ала отырып, жобаланудағы жерасты құрылысжайларының техникалық шекараларымен; мұнай және оны өңдеудің өнімдерін жер астында сақтау, зиянды заттар мен өндіріс қалдықтарын қоймаға жинау, ағын суларды ағызу кезінде – оларды толығымен оқшаулау немесе қоршаған орта үшін қауіпсіз түрде сақтау қамтамасыз етілуі мүмкін жер қойнауының бөлігімен; газды сақтайтын жерасты қоймаларын ұйымдастырған кезде – осындай қойманы салуға арналған жобалау құжаттамасына сәйкес, кеуекті қабаттарға жіберілетін газдың максималды көлемінің таралу контурларымен айқындалады.
8. Геологиялық есепте жерасты құрылысжайын салу мен пайдаланудың геологиялық және қоршаған ортаға тигізетін әсерін сипаттайтын есептеулерді және құрылымдарды негіздеу және тексеру үшін қажетті барлық бастапқы деректер болуы тиіс. Әсердің мынадай түрлері ажыратылады:
1) гидродинамикалық әсер – жерасты сулары ағысының құрылымын өзгертетін, жерасты құрылысжайларын салу және пайдалану кезіндепайда болатын техногендік су көздерінің көрінісі. Жерасты сулары қарқынының өзгеруі гидродинамикалық әсердің индикаторы болады, алгидродинамикалық әсердің дәрежесі бастапқы деңгеймен салыстырғанда буырқанған деңгейдің төмендеу немесе ұлғаю шамасымен сипатталады;
2) гидрохимиялық әсер –тау жыныстарының, жерасты суларының және жерүсті суларының құрамын өзгертетін, жерасты құрылысжайларын салу және пайдалану кезінде пайда болатын техногендік су көздердің көрінісі. Жер қойнауына көмілетін өндірістік ағындарды, қалдыққоймалардағы сұйық фазалардың фильтрлік ысырыптары, қоймалардағы көмірсутек шикізаты мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің ысыраптары гидрохимиялық әсер етеді;
3) механикалық әсер – тау жыныстарының беріктік қасиеттерін төмендететін және геологиялық массивтің тұтастығын бұзатын, жерасты құрылысжайларын салудың және пайдаланудың әсерінен пайда болатын техногендік үдерістердің көрінісі. Механикалық әсердің дәрежесі өтілген бұрғылау ұңғымаларының санымен, тау-кен қазбаларының нәтижесінде игерілген кеңістіктің ұзындығымен және көлемімен, үйінділер мен қалдыққоймалардағы тау массаларының көлемімен сипатталады.
9. Геологиялық есеп жеткілікті түрде тиянақты болып, жерасты құрылысжайларын салу және пайдалану пайдалы қазбалардың іргелес кен орындарын игеруге қиындық туғызбайды және көміліп отырған заттардың (қалдықтардың, ағындардың) тау-кен қазбаларына, жер бетіне және су объектілеріне, оның ішінде өнімді сулы деңгейжиектерге енуіне әкелмейді деген қорытынды жасауға мүмкіндік беруі тиіс.
10. Әр тараудың көлемі мен мазмұнын құрылыстың мағыналылығы, нысаналы мақсаты, аймақтың және жер қойнауы учаскесінің зерттелу дәрежесі, жер қойнауына және табиғи ортаға тигізетін ықтимал кері әсердің дәрежесіне қарай, автордың өзі анықтайды.
11. Өнеркәсіптік ағындарды (қалдықтарды) терең сулы деңгейжиектерге көмген кезде, жер қойнауының және табиғи ортаның қауіпсіздігін бағалаудың мынадай негізгі өлшемшарттарын басшылыққа алған жөн: пайдалануға жоспарланып отырған сулы деңгейжиекте сумен қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға жарамды жерасты сулардың болмауы; коллектор-резервуарлардың басқа деңгейжиектерден сенімді түрде оқшаулануы; тектоникалық бұзылыстардың болмауы; жерасты суларының тоқыраулы күйі немесе қиындаған су алмасудың болуы; көму коллекторларының орналасу тереңдігінің жарамдылығы; көмуге арналған коллектор-резервуарлардың сыйымдылық және сүзгілік сипаттамалары бойынша жарамды болуы; орта мен жіберіліп отырған ағындардың (қалдықтардың) үйлесімділігі.
12. Мәтінді дайындаған кезде, қысқарту мақсатында, оған суреттер, графиктер, диаграммалар, сызбалар, кестелер қосу керек.
Графикалық қосымшаларда Негізгі графикалық қосымшалардың (карталар, қималар, сызбалар) масштабтарын авторлар әр нақты жағдайда геологиялық-гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайларды, құрылыстың қауіптілік класын есепке ала отырып, объектінің көлеміне қарай анықтайды. Графикалық қосымшаларды дайындаған кезде, мына масштабтарды басшылыққа алу керек:
1) объектінің геометриялық көлемі 1 километрден аз болса –1:1000-ден 1:5000-ге дейін;
2) объектінің көлемі 1-10 километр болса – 1:5000-ден 1:25000-ге дейін;
3) объектінің көлемі 10 километрден асса – 1:25000-ден 1:50000-ге дейін.
Өнеркәсіптік ағындарды терең қабаттарға көмген кезде, графикалық қосышалардың масштабы коллектор-резервуарлардың шекаралық жағдайын есепке ала отырып, сараланған түрде анықталады.
Графикалық қосымшаларда мыналар болады:
1) масштабы 1:200000-1:2000000 жұмыстар аймағын шолу картасы (облыстар және аудандардың әкімшілік шекаралары, елді мекендер, қатынас жолдары, гидрографикалық желі, жобаланудағы (қолданыстағы) құрылысжайдың орналасқан жері);
2) нақты материалдың картасы (тіректі геодезиялық желі пункттері; орман және ауыл шаруашылығы алқаптарының, елді мекендердің, тау-кен қазбаларының контурлары, су объектілері, қатынас жолдары, жерүсті және жерасты коммуникациялары, табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштері, геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық ұңғымалардың аузы; жерасты суларының және басқа пайдалы қазбалардың кен орындарының орналасқан шекаралары; мониторингілік және басқа зерттеулердің бақылау нүктелері);
3) аймақтың және (немесе) учаскенің геологиялық картасы (стратиграфия, литология, тектоника, ұңғымалар, құрылысжайдың орналасқан жері, пайдалы қазбалардың кен орындарының орналасу шекаралары, сипатқа тән қималар, шартты белгілер);
4) аймақтың және (немесе) учаскенің гидрогеологиялық картасы (сулы деңгейжиектер мен кешендердің, әлсіз су өткізгіш және су өткізбейтін тау жыныстарының таралуы; жерасты суларының химиялық құрамы мен минералдануы; дебиті, төмендеуі, минералдануы және статикалық деңгейі көрсетілген гидрогеологиялық ұңғымалар; режимдік және арнайы ұңғымалар; бұлақтар мен жер үстіндегі су ағындары; жерасты суларының кен орындары жатқан шекаралар; сипатқа тән қималар; жерасты су ағының бағыты (гидроизогипстар, гидроизопъезалар); шартты белгілер);
5) құрылысжайды салу және пайдалану учаскесінің инженерлік-геологиялық картасы (аумақты құрылысжайды салу және пайдаланудың инженерлік-геологиялық шарттары бойынша аудандастыру; ұңғымалар және тау-кен қазбалары; құрылысжайдың геометриялық контурлары; стартиграфиялық және литологиялық өзгешелікті қабат бойынша ажырату; топырақтың физикалық-механикалық, беріктілік және сулық-физикалық қасиеттері; типтік қималар; шартты белгілер);
6) аумақты санитарлық-экологиялық тексеру картасы (сызбасы) (елді мекендер; өнеркәсіптік, тау-кен және басқа объектілер; құрылысжайдың орналасқан жері; болмыстық зерттеулерді жүргізу нүктелері; атмосфераның, топырақтың, өсімдіктердің, жер қойнауының және су объектілерінің ластану ауданы мен учаскелері; табиғи орта және жер қойнауының фондық жағдайы);
7) геоморфологиялық картаны инженерлік-геологиялық картаның құрамында беруге болады, тау-кен облыстарында және ірі өзендер аңғарында құрылысжайды салу және пайдалану кезінде, бөлек ұсынылуы тиіс (гипсометриялық бет, рельефтің формалары, эндогенді және экзогенді процестер, құрылымдық элементтер);
8) құрылысжайды салу және пайдалануды негіздеу үшін пайдаланылатын сейсмологиялық, радиологиялық, геотермиялық карталар, жоспарлар, қималар, графиктер;
9) көрсетілген графикалық материалдардың бөлігі есептің мәтінінде, автордың қалауынша, суреттер түрінде болуы мүмкін (карталар, сызбалар, қималар және пішіндер, графиктер).
13. Есеп мәтіндік және графикалық бөліктерден және ғарыштан түсірілген суреттерден (болған кезде) тұрады.
14. Есеп мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:
1) заттаңба (есеп мәтінінің мұқабасында);
2) титул парағы;
3) орындаушылар тізімі;
4) реферат;
5) геологиялық тапсырма (техникалық тапсырма);
6) мазмұны: иллюстрациялардың тізімі (болған кезде), кестелердің тізімі (болған кезде), мәтіндік қосымшалардың тізімі (болған кезде), графикалық қосымшалардың тізімі (болған кезде), координаттар каталогы (болған кезде);
7) есептің кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұратын мәтіндік бөлігі;
8) пайдаланылған дереккөздердің тізімі (әдебиет);
9) метрологиялық сараптаманың қорытындысы;
10) патенттік зерттеулер туралы қорытынды;
11) формуляр;
12) хаттама (хаттамалар);
13) бастапқы материалдарды тапсыру актісі;
14) объект бойынша атқарылған геологиялық барлау жұмыстарының түрлері және шығындар туралы анықтама;
15) есепті тарату;
16) координаттар каталогы.
15. Геологиялық есептің мәтіні компьютерде А4 (297 х 210 мм) пішімінде теріледі. А3 пішімі кестелер үшін пайдаланылады. Компьютерлік теру кезінде Word мәтіндік редакторы, № 14 өлшемдегі Times Nеw Roman қаріпі, кестелерде № 12 өлшемдегі қаріп, бірлік жол аралық қашықтығы пайдаланылады.
16. Есеп мынадай параметрлерді есепке алумен ресімделеді:
1) сол жақтан - 3,0 см;
2) оң жақтан -1,5 см;
3) колонтитулдар -2,0 см.
17. Есептің беттерін нөмірлеу – өтпеліжәнеәркітаптыңшегіндеөздік. Титул парағынөмірленбейді.
18. Есептің бірінші данасы (қағаз) – түпнұсқада жалғыз жасалады (одан кейінгілері сканерленген нұсқасында электронды жеткізгіште).
19. Есептің көлемі 300 беттен артық болғанда, ол бөлімдерге бөлінеді және көлемі 300 беттен аспайтын жеке кітап түрінде жинақталады, әрбір кітаптың заттаңбасында және титул парағында кітаптың нөмірі үлкен әріптермен жазылып, қойылады.
20. Түптеу кезінде есеп кітабы тек қана жіппен тігіледі.
21. Есептің әр кітабының қатты түптемесі (мұқабасы) болуы керек. Көлемі 30 бетке дейінгі кітаптар үшін кітап мәтінімен степлермен бекітілген жұмсақ картон мұқаба рұқсат етіледі.
22. Кен орындарының және кен көріністерінің каталогтары немесе пайдалы қазбалардың кен орындарының паспорттары болса, олар есепке жеке кітаптар ретінде қоса беріледі.
23.Заттаңба өлшемі 140-150х100-110 мм тіктөртбұрыш пішімінде болады, есептің әр кітабы, дәптері, папкасы мұқабасының ортасында орналасады және осы Түсіндірмеге 4-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
24. Титул парағы есептің бірінші беті болып табылады және осы Түсіндірмеге 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді;
- екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есеп үшін (есептің екінші және одан кейінгі кітаптарының титул парағы) осы Түсіндірмеге 6-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
25. Орындаушылардың тізімінде барлық орындаушылардың тегі мен олардың қолдары болады. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есептің орындаушылар тізімі бірінші кітапта беріледі.
26. Реферат қағаздың бір парағына басылады және мыналарды қамтиды:
1) жауапты орындаушының тегі мен аты-жөні (бас әріптермен жазылады), одан әрі қалған орындаушылардың тегі көрсетіледі, бірақ «және т.б.» деп жазып, үшеуден артық жазбау керек;
2) есептің атауы, мәтін беттерінің жалпы саны, мәтіндегі иллюстрациялардың, кестелердің жалпы саны, мәтіндік қосымшалар саны, пайдаланылған дереккөздердіңсаны, хаттама; графикалық қосымшалар (әр папкадағы графика беттерінің саны), ғылыми-техникалық алқада немесе қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияда есепті қарау хаттамасы, электрондық дискілердің саны, ұйымның атауы (жер қойнауын пайдаланушы) және оның толық мекен-жайы, есеп аяқталған ай мен жыл, есеп жіберілген ұйымдардың тізбесі (жақшаның ішінде), әкімшілік облыс және шегінде жүргізілген жұмыстардың аумағы орналасатын 1:1 000 000 масштабтағы халықаралық жолақтауға сәйкес парақтардың номенклатурасы (егер есеп бірнеше кітаптан тұратын болса, онда әр кітаптың көлемі жеке көрсетіледі), атқарылған жұмыстардың мәні, мақсаты, әдістері мен нәтижелері туралы мәліметтер, қысқаша қорытындылар, есепте баяндалған жұмыстардың тиімділігі, негізгі нәтижелерді қолдану салалары мен мүмкіншіліктері туралы мәліметтер;
3) «жұмыстардың қысқаша мазмұны» рефераты 120 сөзден кем болмауы тиіс;
4) есепті дайындаушының тегі, аты, әкесінің аты, қолы.
27. Геологиялық (техникалық) тапсырмада жұмыстардың бекітілген мерзімі, оның мақсаттары, міндеттері мен кезеңдері туралы нақты мәліметтер болады. Келісімшарттық аумақта жұмыстар жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүргізілген кезде, есепте геологиялық тапсырманың орнына келісімшарттың ең аз жұмыс бағдарламасы немесе одан үзінді беріледі.
28. Геологиялық (техникалық) тапсырма парақтың бір жағына басып шығарылады және жер қойнауын пайдаланушының мөрімен расталады.
29. Мазмұнында кіріспені, қорытындыны, мәтіндік қосымшалардың тізімін, тағы басқаларды қоса алғанда, есептің барлық тақырыптары, бөлімдері, кіші бөлімдері, тармақтары және осы тақырыптар орналасқан беттердің нөмірлері көрсетіледі.
30. Екі және одан да көп кітаптардан тұратын есептің бірінші кітабында – әрбір кітап бойынша жеке-жеке барлық есептің мазмұны, ал кейінгілерінде – тек қана сол кітаптың мазмұны беріледі.
31. Иллюстрациялардың, кестелердің тізімінде барлық иллюстрациялар мен кестелердің нөмірлері мен тақырыптары және олар орналасқан мәтіндегі беттері көрсетіледі.
32. Екі және одан да көп кітаптардан тұратын есептің бірінші кітабында кітаптардың нөмірлері көрсетіліп, барлық иллюстрациялардың, кестелердің және мәтіндік қосымшалардың тізімі беріледі, ал кейінгілерінде - тек қана сол кітаптың иллюстрацияларының, кестелерінің және мәтіндік қосымшаларының тізімі беріледі.
33. Мәтіндік қосымшалардың тізімінде қосымшаның реттік нөмірі, оның тақырыбы (мәтіндегі қосымшаның тақырыбына тура сәйкес келетін) және ол орналасқан беттің нөмірі көрсетіледі.
34. Графикалық қосымшалардың тізімі есептің бірінші томына және графикалық қосымшалары бар папкаға салынады және осы Түсіндірмеге 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Тізімдегі реттік нөмір графикалық қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышында қызыл түспен көрсетілетін парақ нөміріне сәйкес келеді. Әр папкадағы тізімнің реттік нөмірі бірден басталады, ал қосымшаның нөмірі өтпелі болуы мүмкін.
35. Тізімнің төменгі жағында мыналар көрсетіледі: «есепте барлығы – (саны көрсетіледі) сызба – (саны көрсетіледі) парақта, оның ішінде – (саны көрсетіледі) графикалық қосымша – (саны көрсетіледі) парақта – «құпия» немесе «ҚБПҮ» белгісі бар».
36. Осы кітапта берілген құжатты пайдалануға шектеу белгісі жоқ қосымшалар үшін кестеде тиісті баған түсіріледі.
37. Мазмұнды бөлігі кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
38. Пайдаланылған дереккөздердің (әдебиет) тізімі әліпби тәртібімен жасалады және оған қордағы және жарияланған барлық материалдар енгізіледі, бірінші кітапқа салынады.
39. Бір автордың бірнеше жұмыстары болған кезде, олар басылып шыққан жылдар бойынша, ал жылдар бірдей болған жағдайда – олардың атаулары әліпби тәртібімен көрсетіледі. Одан кейін бірлесіп жазылған жұмыстар, әліпби тәртібімен бірлескен авторлардың тектері, ал авторлық ұжымдар бірдей болған жағдайда – басылымдардың хронологиялық тәртібімен беріледі.
40. Есептің (дереккөздің) библиографиялық сипаттамасында: автордың (авторлардың) тегі мен аты-жөні, есептің тақырыбы болады. Тақырыптан кейін «есеп» деген сөз, есепті басып шығарған ұйымның атауы, шығарылған қала мен жылы жазылады.
41. Есептің толықтығына қажетті және қорытындыны түсіндіру үшін қажетті немесе оларға бастапқы материал болған (қималардың және ұңғымалардың сипаттамалары), еркін нысанда немесе кесте түрінде ресімделген көмекші материалдар, қорлар есептелген кестелері, зертханалық анықтамалар мен олардың математикалық өңдеулерінің нәтижелері, тағы басқалар мәтіндік қосымшаларға енеді. А3 пішіміндегі (қос парақ) бүктелген түрдегі қосымшаларға рұқсат етіледі.
42. Әрбір мәтіндік қосымшаның тақырыбы жаңа бетке басылады.
43. Мәтіндік қосымшасы бар парақтың оң жақ жоғарғы бұрышына бас әріптермен «қосымша» деген сөз басылады. Егер мәтіндік қосымшалар екеу және одан да көп болса, оларды араб цифрларымен, «№» деген белгісіз нөмірлейді.
44. Цифрлық, мәтіндік немесе аралас материалдары бар кестелер есепте мәтін беттерінің арасында және жеке парақтарда беріледі.
45. Әрбір кестенің тақырыбы оның мазмұнын көрсетеді. Тақырып кіші әріптермен (алғашқы бас әріптен басқасы), соңында нүктесіз басылып, ортасында кестенің үстінде орналасады.
46. Кестелер есептің әрбір бөлімі бойынша жеке нөмірленеді. Кестенің нөмірі бөлім нөмірі мен кестенің нүкте арқылы бөлінген, реттік нөмірінен тұрады. Егер есепте тек қана бір кесте болса, ол нөмірленбейді және «кесте» сөзі жазылмайды. Кесте нөмірі оң жағында тақырыптан жоғары екі интервалда орналасады. Кестенің нөмірін дефис (жолбасынан) қою арқылы атауымен бір жолда жазуға болады.
47. Кесте ол туралы алғашқы рет аталып өтілгеннен кейін орналастырады.
48. Көп жолдары бар кесте басқа бетке тасымалданады. Бұл жағдайда, кестенің бағандары нөмірленеді және олардың нөмірленуі кестенің келесі бөліктерінде де қайталанады. Тақырып пен реттік нөмір тек қана кестенің бірінші бөлігінің үстінде көрсетіледі, ал келесі бөліктерінің үстіне - «Жалғасы» деген сөз жазылады. Көп бағаны немесе жолдары бар кестені бөліктерге бөлуге және бір бөлігін бір бөліктің астына бірнеше беттерде орналастыруға болады. Бұл жағдайда кестенің әрбір бөлігінде оның бүйірі немесе атауы тиісінше қайталанады.
49. Мәтін мен кестелердің ескертулерінде анықтамалық және түсіндірме мәліметтер жазылады. Егер бір ғана ескерту болса, онда оны нөмірлемейді, «Ескертпе» деген сөзден кейін қос нүкте қойылады. Егер бірнеше ескертулер болса, онда «Ескертпе» деген сөзден кейін қос нүкте қойылып, ескертулердің мазмұны араб цифрларымен нөмірленеді.
50. Иллюстрациялар, олардың бөлшектері мен жазулары (масштабы мен анықтылығы), сапалы қайта өндіру, микрофильмдер жасау, сканерлеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей ресімделеді: барлық иллюстрациялардағы сызықшалардың ең төменгі жуандығы - 0,2 мм., сызықтардың арасындағы қашықтық – 0,8 мм-ден кем емес, жазудағы қаріптердің ең төменгі мөлшері - 2,5 мм, шартты таңбалар ретінде пайдаланылатын геометриялық пішіндер қабырғаларының ең төменгі мөлшері (диаметрі) - 2,5 мм. Осы тармақта жазылған шектеулер есептің графикалық қосымшаларына да қолданылады.
51. Барлық иллюстрациялар (суреттер, схемалар, сызбалар және т.б.) сурет деп аталынады да, «сур. » деген сөзбен белгіленіп, тараудың шегінде рет-ретімен араб цифрларымен нөмірленеді. Иллюстрацияның нөмірі тараудың нөмірінен және оның нүкте арқылы бөлінген реттік нөмірден тұрады.
52. Егер есепте бір ғана иллюстрация болса, ол нөмірленбейді және «сур.» деген сөз жазылмайды.
53. Иллюстрациялардыңатаулары мен түсініктемедеректері болады. Атау иллюстрацияның үстіңгі жағына, түсініктеме деректер - астыңғы жағына орналастырылады және бас әріппен, сурет астындағы мәтін - кіші әріппен (алғашқы әріптен басқа) басылады. Иллюстрацияның нөмірі түсініктеме деректерден төмен, ал егер олар жоқ болса - тура иллюстрацияның астына орналастырады. Иллюстрацианың нөмірін дефис қою арқылы атауымен бір жолда жазуға болады.
54. Иллюстрациялар компьютерлік технологиянынемесе қара сияны пайдалана отырып жасалған, не болмаса ксерокопиялық пен полиграфиялық әдістермен көбейтілген болады.
55. Тігілетін кесте мәтінімен иллюстрациялар жеке беттерде орналасады және ортақ нөмір қойылады. Есептің форматынан үлкен (бірақ A3 форматынан аспайтын) парақта жасалған кестелер мен иллюстрациялар бүктеліп, бір парақ ретінде нөмірленеді.
56. Графикалық қосымшалар жұмыстардың нәтижесін көрсететін (әртүрлі мазмұны бар карталар, қималар, стратиграфиялық бағаналар, кескіндер мен басқа да геологиялық ақпарат) материалдар болып табылады.
57. Графикалық қосымшалардың тізбесі есеп ұсынылатын жұмыс түріне байланысты және жұмыстардың жобасында (бағдарламасында) және салалық нормативтік құқықтық актілердің талаптарында айқындалады.
58. Графикалық қосымшалар картографиялық қағазда сызықша-контур түрінде орындалып ұсынылады. Электрондық нұсқадағы есептің графикалық қосымшалары геологиялық қорларда пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалардың пішіміндегі көшірмелерін қоса отырып, бағдарламаның түпнұсқа пішімінде ұсынылады. Электрондық нұсқадағы графикалық қосымшалар масштабы, ақпараттық жүктемесі, бояуы, бедері және тағы басқалары бойынша қағаз түріндегі түпнұсқамен сәйкес келеді.
59. Есептің әрбір графикалық қосымшасына, оның ішінде көппарақты қосымшаның әрбір парағына осы Түсіндірмеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парақтың астыңғы оң жақтағы бұрышына полиграфиялық әдіспен немесе қара сиямен орындалған бұрыштама мөртабан қойылады.
60. Қажет болған жағдайда, шартты белгілерге арналған бағанда аталған графикалық қосымшадағы парақтардың орналасу схемасы беріледі.
61. Құжатқа рұқсатты шектеу белгісі (егер болған жағдайда) графикалық қосымшаның әрбір парағының оң жақ жоғарғы бөлігіне қойылады.
62. Карталарды білдіретін графикалық қосымшалардың бұрыштама мөртабанында масштабтан басқа, аталған қосымшаны құрастырғанда пайдаланылған картографиялық негіз көрсетіледі.
63. Графикалық қосымшалар 210x300 мм, қалыңдығы 70-80 мм аспайтын пішімдегі папкаларға салынады. Аландық геологиялық түсіру жұмыстары бойынша графикалық қосымшалар халықаралық стандартты бөліп сызу парақтарында, 700x700 мм мөлшеріндегі папкаларға салынып ұсынылады.
64. Графикалық қосымшалардың барлық парақтары бұрыштама мөртабан парақтың беткі жағында тұратындай етіп, папка пішімі бойынша салынады.
65. Папкада орналасқан графикалық қосымшалар тігілмейді, бірнеше бетте жасалған қосымшаның жеке парақтары жабыстырылмайды.
66. Графикалық қосымшалар бар папкаға, осы Түсіндірмеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заттаңба жабыстырылады. Заттаңбада «Графикалық қосымшалар» деген тақырыпша беріледі, бұл ретте кітап нөмірі көрсетілмейді.
67. Егер графикалық қосымшалары бар папка біреуден көп болса, олар нөмірленеді және нөмір заттаңбада көрсетіледі.
68. Графикалық қосымшалар папкада есептегі маңызының дәрежесі бойынша орналастырылады.
69. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есеп үшін метрологиялық сараптама қорытындысы бірінші кітапқа салынады.
70. Патенттік зерттеулер туралы қорытынды осы Түсіндірмеге 9-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
71. Есептің формуляры осы Түсіндірмеге 10-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
72. Егер есеп бірнеше кітаптардан тұрса, қарау хаттамасы бірінші кітапта орналасады.
73. Хаттама есеп мәтінінің ішінде беріледі, егер оның көлемі үлкен (7 беттен көп) болса, есепке жеке қосымша түрінде ұсынылады.
74. Бастапқы геологиялық материалдар есепке қоса берілетін осы Түсіндірмеге 11-қосымшаға сәйкес ресімделген бастапқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі бойынша өңіраралық департаменттің мұрағатына тапсырылады.
75. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есепке арналған бастапқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі сол есептің бірінші кітабына орналастырылады.
76. Орындалған геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен көлемі және объект бойынша есептен шығаруға жататын шығындар туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) осы Түсіндірмеге 12-қосымшаға сәйкес ресімделеді, онда (жоба бойынша) жоспарланған және нақты орындалған жұмыстардың түрі мен көлемі физикалық өрнекпен, геологиялық барлау жұмыстарының сметалық құнының жиынтық есебіне сәйкес сатыларға және түрлерге бөлінген жұмыстардың сметалық құны мен нақты шығындары, ал геологиялық түсірілім жұмыстары үшін геологиялық түсірілімнің бір шаршы километрінің сметалық және нақты құны көрсетіледі.
77. Анықтамаға қаржылық-экономикалық қызметтің басшысы (бас бухгалтер) және жұмысты қаржыландыруды қамтамасыз ететін ұйымның бірінші басшысы қол қояды. Анықтамаға қойылған қолдар мөрмен расталады. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есепке арналған анықтама бірінші кітапқа орналастырылады.
78. Есеп сақтауға жіберілетін ұйымдардың тізбесі есептің бірінші кітабының соңғы бетіне орналастырылады. Тізбеде ұйымдар, олардың пошталық мекен-жайлары, дана нөмірі, осы Түсіндірмеге 13-қосымшаға сәйкес, көрсетіледі.
79. Геологиялық есептің бірінші данасы түпнұсқада жасалады және Республикалық геологиялық қорға сақтауға тапсырылады. Өңіраралық департаменттердің аумақтық қорларына есептің қағаздағы нұсқасына ұқсас тек электрондық нұсқасы (түгел қолдарымен және мөрлерімен бірге) тапсырылады.
80. 1942 жылғы бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесінде (СК-42) жасалған координаттар каталогы жеке дәптерде орындалады және ол есептің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Құпия емес нысанда (географиялық, WGS-84, т.б.) жасалған координаттар каталогы есептің бірінші кітабында ресімделеді.
Координаттар каталогы осы Түсіндірмеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
81. Осы Түсіндірменің тармақтарына сәйкес орындалмаған есеп, жазбаша ескертпелермен, пысықтау үшін қайтарылады.
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
1-қосымша
Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша
жерасты құрылысжайларының сыныптамасы
Тау-кен құрылыс жұмыстарының сипаты
|
Құрылысжайдың негізгі мақсаты
|
Құрылысжай орналасатын немесе қалдықтар жиналатын қуыстың түрі
|
Объектілердің түрлері
|
Қауіптілік класы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Табиғи рельефті пайдалана отырып, бөгеттер, дамбалар, қазаншұңқырлар салу
|
Қалдық қоймалар және басқа да қалдық жинақтауыштар
|
Қазаншұңқырлар, карьерлер, аңғарлар, жыралар, сайлар, топырақпен үйілген учаскелер
|
Пайдалы қазбаларды байыту мен өңдеу қалдықтарының, басқа да өнеркәсіптік қалдықтардың қоймасы
|
1
|
Орналасу тереңдігі бес метрден асатын инженерлік құрылысжайлар
|
Азаматтық мақсаттағы объектілерді орналастыру
|
Көлденең қимасы 1,5 м3-ден асатын камералар
|
Суды сақтауға арналған резервуарлар
|
2
|
Мұнай және газ немесе оларды өңдеу өнімдерін сақтауға арналған резервуарларды орналастыру
|
Топырақпен үйілген қазаншұңқырлар және орлар, таяз орналасқан орлар
|
Мұнай қоймасы, газ қоймасы
|
2
|
Кеуекті геологиялық құрылымдарды Жердің қойнауында пайдалану
|
Мұнай мен газды және оларды өңдеу өнімдерін сақтайтын қоймаларды орналастыру
|
Сарқылған мұнай-газ коллектор-қабаттары, кеуекті сулы құрылымдар
|
Мұнайды, табиғи газды, мұнай өнімдерін, сұйытылған газды және сол сияқты өнімдерді сақтайтын ірі қоймалар
|
2
|
Өндірістің зиянды қалдықтарын көму
|
Игерілген коллектор қабаттар, суды нашар өткізетін жыныстармен шектелген кеуекті құрылымдар
|
Радиактивті заттардың қалдықтарын, мұнай-химия өнеркәсібінің қалдықтарын сақтайтын қоймалар
|
1
|
Жер қойнауына және қоршаған ортаға тигізен ықтимал кері әсерінің дәрежесіне қарай, жерасты құрылысжайлары екі класқа бөлінеді: 1-класс (аса қауіпті) – құрылысжайлардағы апаттар елді мекендерге, жер қойнауына және қоршаған ортаға апаттық зардаптар, оның ішінде жерасты суларының, ауыз су қоймалары мен су ағындарының улануы мен ластануына әкеледі; 2-класс (қауіпті) – құрылысжайлардағы апаттар елді мекендерге, жер қойнауына және қоршаған ортаға апаттық зардаптар әкеледі және ауыл шаруашылық жерлерін су басуын және жерасты суларының, ауыз су қоймалары мен су ағындарының ластануын туғызуы мүмкін.
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
2-қосымша
Аумақтың зеттелу санаты
Аумақтың зерттелу күйі
|
Аумақтың зерттелу дәрежесін анықтайтын жағдайлар
|
1. Зерттелген
|
Геологиялық құрылысы, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайы, тау-кен-техникалық ерекшеліктері жер қойнауын жоспарланған мақсаттар үшін пайдалануға толық жеткілікті зерттелген. Міндетті мониторингілік зерттеулерді қоспағанда, жерасты құрылысжайларын салу және пайдалану процесінде геологиялық зерттеу бойынша арнайы жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Қолда бар нақты материалдарды талдау және өңдеу негізінде жасалған геологиялық есеп белгіленген тәртіппен ЖҚСМК-да қарастырылады.
|
2. Жеткілікті зерттелмеген
|
Геологиялық-гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттелу күйі жер қойнауы кеңістігін (учаскесін) бір мәнде бөліп көрсетуге және жерасты құрылысжайларын салу және пайдаланудың тигізетін кері әсерінің дәрежесін анықтауға мүмкіндік бермей отыр. Геологиялық есеп белгіленген тәртіппен ЖҚСМК-да қарастырылады. ЖҚСМК-ның материалдарды сынамалау туралы шешімі құрылысжайлардың қауіптілік класына және аумақтың табиғи жағдайларының күрделілік санатына қарай қабылданады.
|
3. Зерттелмеген
|
Ландшафтылық-географиялық орналасуы, геологиялық-құрылымдық ерекшеліктері, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлары зерттелмеген және (немесе) жерасты құрылысжайларын салу және пайдалану жағдайын сипаттау үшін ақпарат жеткіліксіз. Жер қойнауының геологиялық құрылысы туралы материалдарды сынамалау 2 кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезеңде, өтініш беруші материалдарды алдын-ала (жедел) сынамалау және ЖҚСМК-ның ұсынымдары негізінде тиісті объектіні салу және пайдалану мүмкіндігін негіздеуге қажетті геологиялық-гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық егжей-тегжейлі зерттеулерді жүзеге асыруы тиіс.
Екінші кезең (геологиялық ақпаратты қайталама сынамалау) аяқталғанға дейін жер қойнауы кеңістігін пайдалануға рұқсат етілмейді.
|
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
3-қосымша
Табиғи жағдайлардың күрделілік санаты
Факторлар
|
І (қарапайым)
|
ІІ (орташа күрделі)
|
ІІІ (күрделі)
|
Геоморфологиялық жағдайлар
|
Алаң (учаске) бір геоморфологиялық элементтің шеңберінде. Беті көлденең және тілімделмеген
|
Алаң (учаске) бір генезисті бірнеше геоморфологиялық элементтердің шеңберінде. Беті еңісті, аздап тілімделген
|
Алаң (учаске) әртүрлі генезисті бірнеше геоморфологиялық элементтердің шеңберінде. Беті қатты тілімделген
|
Геологиялық жағдайлар
|
Көлденең немесе аздап еңістеп жатқан (еңісі 0,1-ден аспайды), литологиясы көп дегенде екі түрлі жыныстар.
Қалыңдығы алаң бойынша сақталған. Әртектіліктің болмашы дәрежесі бар. Тастақты жыныстар бетінде жатыр немесе жұмсақ шөгінділердің жұқа қабатымен жабылған.
|
Еңістеп немесе сүйірленіп жатқан, литологиясы көп дегенде төрт түрлі жыныстар. Қалыңдығы заңдылыққа сәйкес өзгереді. Жоспар және тереңдік бойынша жыныстардың сипаттамасы заңдылық бойынша өзгереді. Тастақты топырақтың жабыны ойлы-қырлы және жұмсақ шөгінділермен жабылған
|
Литологиясы төрт түрліден көп жыныстар. Қалыңдығы күрт өзгереді. Қасиеттерінің көрсеткіштері бойынша әртектілік дәрежесі едәуір. Тастақты топырақтың жабыны қатты тілімделген және жұмсақ шөгінділермен жабылған
|
Гидрогеологиялық жағдайлар
|
Жерасты сулары жоқ немесе химиялық құрамы біртекті жерасты суларының сақталған бір қабаты бар
|
Химиялық құрамы әртекті учаскелері бар немесе қысымды жерасты суларының сақталған екі және одан көп қабаты бар
|
Химиялық құрамы әртекті жерасты суларының қабаттары алаңы мен қалыңдығы бойынша сақталмаған. Сулы және су өткізбейтін жыныстардың күрделі түрде кезектесуі
|
Құрылысжайларды салуға және пайдалануға әсерін тигізетін геологиялық процестер
|
Жоқ
|
Шектеулі таралған
|
Кең таралған және жерасты құрылысжайларын жобалауға және салуға шешуші әсерін тигізеді
|
Құрылысжайлардың геологиялық ортамен өзара әрекеттесу жағдайында айрықша топырақтың болуы
|
Жоқ
|
Жобаланудағы шешімдерді таңдауға елеулі әсер етпейді; орналасуы сақталған және қасиеттері біртекті
|
Жобаланудағы шешімдерді таңдауға шешуші әсер етеді, құрылыс пен пайдалануды қиындатады
|
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
4-қосымша
Заттаңба
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
_______________________________________
жер қойнауын пайдаланушының атауы
_________________________________________________
жұмыстарды орындаушы ұйымның атауы
белгі _____
______ дана
Жауапты орындаушы______________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
__________________________________________________________________________
есептің толық атауы
ЕСЕП
тақырыптың атауы,
лицензияның/келісімшарттың
сериясы және нөмірі ____________________________________________________________
кітаптардың жалпы саны__________________________________________________________________________
кітаптың реттік нөмірі және атауы________________________________________________________________________
Есептің шығарылған орны, жылы
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
5-қосымша
Жер қойнауын пайдаланушылар қаражаты есебінен орындалған жұмыстар жөніндегі есептің титул парағы
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
Аумақтық басқарма
_______________________________________
жер қойнауын пайдаланушы ұйымның атауы
___________________________________________
орындаушының атауы
Әмбебап ондық
сыныптамасы __________ Құжатқа рұқсатты шектеу
Мемлекеттік белгісі_________
тіркеу № _________ __________ дана
Түгендеу № _____________
«БЕКІТЕМІН»
Басшы______________________
(жер қойнауын пайдаланушы, тапсырыс беруші)
_______________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
20___жылғы «____»___________
___________________________________________________________
(есептің толық атауы)
________________________________________________________________________
(жұмыстардың орындалу кезеңі, облысы)
_____________________________________
(кітаптардың жалпы саны)
_____________________________________
(кітаптың нөмірі және атауы)
Орындаушы ұйымның
басшысы ___________ ________________
(лауазымы) (қолы, күні, мөр)
_________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Есептің шығарылған орны, жылы
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
6-қосымша
Есептің екінші және одан кейінгі кітаптарының титул парағы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
_______________________________________________________________
орындаушы ұйымның атауы
Әмбебап ондық
сыныптамасы __________ Құжатқа рұқсатты шектеу
Мемлекеттік белгісі_________
тіркеу № _________ __________ дана
Түгендеу № _____________
________________________
(есептің толық атауы)
________________________________________________________________________
(жұмыстардың орындалу кезеңі, ауқымы, парақтардың номенклатурасы, бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың атауы, лицензияның/келісімшарттың
сериясы және нөмірі)
_________________________
(кітаптың нөмірі және атауы)
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
7-қосымша
Графикалық қосымшалардың тізімі
№ р/с
|
қосымшаның атауы
|
қосымшаның нөмірі
|
қосымшадағы парақ нөмірі
|
қосымшаныңауқымы
|
қосымшаның құпиялылық дәрежесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Барлығы: ____ графикалық қосымшалар ___ парақта, құпиялылық дәрежесі
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
8-қосымша
Есепке графикалық қосымшадағы бұрыштама мөртабан
Есепті жасаған ұйымның атауы
|
Есептің, бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың, тағы басқалардың атауы
|
Жауапты орындаушы,
қолы, тегі, аты, әкесінің аты
|
Есепті тапсырған жыл
|
Қосымша парақ
|
Қосымшаның атауы
|
Қосымшаның ауқымы
|
|
Құрастырған:
Тексерген:
|
Лауазымы, қолы Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Лауазымы, қолы Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
|
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
9-қосымша
Геологиялық барлау техникасының объектісі бойынша
патенттік зерттеулер туралы қорытынды
Бағдарлама/кіші бағдарлама, тақырыбы_____________________________
атауы, нөмірі
_________________________________________________________________
Жауапты орындаушы_______________________________________
_________________________________________________________________
Патент жүргізушінің қорытындысы_________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Күні 20____ жылғы «___» _____________
Патент жүргізуші_________ _______________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
10-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
____________________________________________________________________________
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық органының атауы
____________________________________________________________________жөніндегі
есеп жасалған жұмыстың атауы
есептің
ФОРМУЛЯРЫ
Есептің авторы _______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты
№
р/с
|
Жазу күні
|
Жазудың мазмұны
|
Жазған тұлғаның атқаратын лауазымы және қолы
|
1.
|
|
Есеп республикалық геологиялық қорға сақтауға қабылданды
|
Қызметтің басшысы ________________
|
2.
|
|
Есепті қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия қарады және қабылдады (қорлар есептелетін есептер үшін)
|
Жер қойнауын сараптау басқармасының басшысы____________________
|
3.
|
|
Есепті қорлар жөніндегі аумақтық комиссия қарады және қабылдады (қорлар есептелетін есептер үшін)
|
Қорлар жөніндегі аумақтық комиссияның басшысы ____________________
|
4.
|
|
Есепті геология және жер қойнауын пайдаланудың аумақтық органы қарады және қабылдады:
|
Геологиялық қорлардың басшысы
____________________
|
5.
|
|
Есепті жер қойнауын пайдаланушы қарады және қабылдады
|
Басшы ____________________
|
6.
|
|
Есепті жер қойнауын пайдаланушының мердігер кәсіпорны (орындаушы) қарады және қабылдады
|
Басшы ____________________
|
Формуляр есептің әрбір данасына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
11-қосымша
«Бекітемін»
Геология және жер қойнауын пайдаланудың аумақтық органының басшысы
__________ ______________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) «___»___________ __________
күні жылы
Бастапқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі
№№
р/с
|
Бастапқы материалдың атауы
|
Тасымалдағыштың түрі
(қағаз/электрондық)
|
Бастапқы материалдың түрі (мәтін/графика)
|
Парақтар саны
|
Ескертпелер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Тапсырды: _________________ Жер қойнауын пайдаланушы
(жұмыстарға тапсырыс беруші)
Қабылдады: _________________ Аумақтық геологиялық қор қызметінің
басшысы
Қолы Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
12-қосымша
_____________________________________________________________________________
объектінің, бағдарламаның/кіші бағдарламаның атауы, лицензияның сериясы және нөмірі, жұмыстарды орындау мерзімі
объектісі бойынша орындалған геологиялық барлау жұмыстарының
түрлері мен көлемдері және шығындар туралы
АНЫҚТАМА
№
р/с
|
Жұмыстардың атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Жоба бойынша бекітілді
|
Орындалды
|
Қаржыландырылды, теңге
|
|
|
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
А
|
Геологиялық барлау жұмыстары (орындалған жұмыстар)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Б
|
Ілеспе жұмыстар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сомасы (жазбаша жазу)____________________________
|
|
Тапсырыс берушіден:
лауазымы, тапсырыс беруші
ұйымның атауы
_________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Мөрдің орны
|
Орындаушыдан:
лауазымы, орындаушы
ұйымның атауы
___________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Мөрдің орны
|
Тапсырыс беруші
ұйымның қаржылық-экономикалық қызметінің басшысы
_____________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
|
Орындаушы ұйымның
қаржылық-экономикалық қызметінің басшысы
______________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
|
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
13-қосымша
Есепті тарату
(қағаз және электрондық нұсқасы)
__________________________________________
есептің атауы
№
р/с
|
Ұйымның атауы
|
Дана нөмірі
(қағаз)
|
Дана нөмірі
(электрондық)
|
Мекен-жайы
|
|
|
|
|
|
Геологиялық есеп нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірмеге
14-қосымша
Координаттар жүйесі: WGS84
Биіктіктер жүйесі: Балтықтық
№
р/с
|
Ұңғыманың нөмірі
|
Географиялық координаттар
|
Ротордың альтитудасы, метр
|
Солтүстік ендік
|
Шығыс бойлық
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|