Министерство труда и социальной защиты населения республики казахстан



жүктеу 0,86 Mb.
бет2/5
Дата14.12.2017
өлшемі0,86 Mb.
#4405
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның (ПМПК) мәлеметтерінше 2005 жылдың 1 жарты жылдығында 1 ден 18 жас аралығындағы 1267 бала тексерілген. 2003 жылмен салыстырғанда дамуында мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі жастағы балалардың саны 1629 балаға қысқарған (немесе 11,4%).

Инклюзивті білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, яғни дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мекемелерінде дені сау балалармен бірлесе немесе арнайы сыныптарда оқыту.Түзету-дамыту сыныптарына балаларды қамту артуда, жалпы білім беру мектептері жанында 458 ден 649, сыныптар саны 38 ден 54.

2005-2006 оқу жылдарынан бастап 599 бала үйде оқыған, оның ішінде 179- Қарағанды қаласында.Үйде жеке оқытудың тексеру мен бақылауды бала бекітілген ПМПК және білім беру ұйымдары жүргізеді. Облыстық бюджеттің қаржы есебінен үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар отбасыларға тоқсан сайын 5198 теңге мөлшерде материалдық қамтамасыз етіледі.

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқу орындарында 61 мүгедек оқиды, оның ішінде коледжде-39 адам, КМ-22. Облыс колледждерінде оқитын мүгедектер саны 15 адамға, КМ- 4 адамға өсті. КМ мен колледждерде мүгедектер мына мамандықтар бойынша оқиды (сонымен қоса қосыша және жеке сабақтар): “аспаз-кондитер”,“бухгалтер”,“тігінші”,“ағаш ұстасы-шебер”, (ағашты ою), менеджмент, технология процестерін автоматтандыру, экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану.

Арнаулы білім беру ұйымдарында мүгедектігі бар балаларды массаж жасаушы (көру қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернат); компьютер білілетін хатшы-іс жүргізуші, тігінші-моторист, ағаштан бұйымдар құрастырушы (есту қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернат); кестеші, сәндік-қолданбалы өнердің халықтық бұйымдарын жасау шебері (жүріп-тұру аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты) мамандықтары бойынша кәсіптік даярлауға дейінгі дайындық жүргізіледі.

2005 жылы білім берудің түзету ұйымдарына арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету үшін 29,9 млн. теңге бөлінген.

Бірақ кәсіп таңдау және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері шектеулі екенін айта кету керек. Бұл топтағы балалар мен жасөспірімдерді кәсіптік оқыту бұрынғыдай арнаулы мектептермен шектеліп отыр, ондағы білім беру деңгейі қазіргі заманғы өндіріс пен еңбек рыногынан артта қалған, балалардың өздерінің де мүдделері мен мүмкіндіктеріне сай емес.Кемістігі бар балаларды даярлайтын дәстүрлі кәсіптерге бүгінде сұраныс аз, ал жұмыс берушілер талап ететін кәсіптерге әдетте қол жете бермейді. Нәтижесінде осы топтағы балалар мен жасөспірімдер оқытылуы мүмкін кәсіптер шеңбері тарыла береді және дамуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік шеттеуі туындайды, олардың жұмысқа қабылдауда қарсы айғақтамалар қалыптасады.



Осылайша, Қарағанды облысындағы мүгедектіктің және оңалту жөніндегі шаралардың жай-күйін талдау мүгедектерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудағы оң өзгерістермен қатар бірқатар шешілмеген проблемалардың да бар екенін дәлелдейді.
Күшті жақтары

2003-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасын

іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесі

мүгедектердің қызығушылықтары мен құқықтарын қорғауға, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктерге қатысты 2005 жылы нормативтік құқықтық акт қабылдау

облыста мүгедек-балаларды және ересек мүгедектерді әлеуметтік оңалту жүйесінің тұрақты қызмет ету желісінің болуы

Әлсіз жақтары

мүгедектерді толық оңалтуға себепші болатын бағдарламаны қаржыландырудың жеткіліксіз көлемі

ауылдық аудандарда мүгедектерді оңалту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың салыстырмалы төмен деңгейі.



2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның мақсаты: оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың тұрмыс деңгейін жақсарту.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу мынадай міндеттердің шешілуін талап етеді:

мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер аясын кеңейтуге ұсыныстар енгізу;

оңалту мекемелерінің жүйесін дамыту, олардың қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіру, материалдық-техникалық базасын нығайту;

мүгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық құралдардың, протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмектің атаулылығын қамтамасыз ету және сапасын арттыру;

мүгедектердің (халықтың ұтқырлығы төмен топтарының) әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу;

мүгедектерді еңбектік жұмыспен қамту және кәсіптік бағыттауға жәрдемдесу;

мүгедектердің компьютерленген деректер базасын құру;

едициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жетілдіру және аурулардың өмір сүру шегінің дәрежесін анықтаудың жаңа технологияларды әзірлеу.

3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН

ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
Мүгедектіктің қазіргі заманғы танылуына орай, Бағдарлама ағза қызметінің, тіршілік әрекетінің шектелулері мен денсаулығының халықаралық жіктемесін оныншы рет қайта қаралған аурулардың халықаралық статистикалық жіктемесіне бейімдеу, мүгедектіктің алдын алу, МӘС-ті жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін дамыту мен мүгедектер үшін білім алудың, физикалық және мәдени ортаның, тұрғын үй және жұмыс жағдайларының, көлік пен демалыс жағдайларының қол жетерлік болуын қамтамасыз етуді жұмыстың негізгі бағыттары ретінде айқындайды.


3.1. Мүгедектіктің алдын алу

Мүгедектіктің алдын алу физикалық, ақыл-ой, психикалық және сенсорлық кемістіктердің туындауын болдырмауға (бірінші деңгейдегі алдын алу) және кемістіктің тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектікке ұласуының алдын алуға бағытталған (екінші деңгейдегі алдын алу) шаралар кешенін қарастыратын болады.

Олар:

1) әйелдер консультациялары мен босанатын мекемелерде әйелдерге; жас балаларға скринингтік тестілеуді уақытында жүргізуді және оның сапасын арттыруды қамтитын болады, патологияны оның бастапқы даму кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді;



2) жұмыс орындарына аттестаттау жүргізуді, еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсігідігін және еңбекті қорғауды;

3) мүгедектігі бар адамдардың деректер базасын құруды қамтитын болады.


3.2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру

Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру халыққа көрсетілетін сараптамалық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады.

Кәсіптік еңбек ету қабілетінің жоғалу дәрежесін белгілеу жөніндегі әдістемелік ұйғарымдар әзірлеуге ұсыныстар енгізілетін болады.

Куәландыру мен оңалту кезеңінің әрқайсысындағы кемістіктер жіктемесіне (құжаттарды, сараптамалық-оңалту диагностикасын талдауға, сараптамалық қорытынды қабылдауға және оңалту нәтижелерін бағалауға) негізделген медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасы мен оңалтуды жүргізудің тиімділігін бағалау жетілдіруге ұсыныстар енгізетін болады.

Ағза қызметінің, тіршілік әрекетінің шектелулері мен денсаулығының халықаралық жіктемесін Оныншы рет қайта қаралған аурулардың халықаралық статистикалық жіктемесіне бейімдеу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, бұл өзіне өзі қызмет етудің, жүріп-тұрудың, қарым-қатынас жасаудың, бағдарланудың, оқудың және еңбек қызметімен айналысудың төмендеуіне әкеп соғатын функционалдық бұзылушылықтар нәтижесінде туындаған әлеуметтік бейімсізденуді бағалауға мүмкіндік береді.

Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін МӘС қызметін алдын алу, емдеу, мүгедектерді куәландыру және оңалту сатыларында емдеу мекемелерінің қызметімен ұштастыруды талап етеді.




3.3. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін жетілдіру
Облыстық бюджет қаржысының есебінен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 2006-2008 жылдардағы басым жергілікті инвестициялық жобалардың тізіміне обьектілер қосу жоспарланады, оларды іске асыру үнемі бөгде адамның күтімін қажет ететін соғыс және еңбек ардагерлері, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге, психикалық аурулары бар мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету сапасын нақты жақсартуға, оларды жалпы қабылданған әлеуметтік стандарттарға жақындатуға мүмкіндік береді.

Осы бағдарламаны жүргізу кезеңінде :

Қарағанды қаласының Ақтөбе көшесі бойындағы жүйке неврологиялық аурулар интернат-үйінің төсек режиміндегі ауруларға (30 орындық) корпус, 1 қабаттағы негізгі корпустың кіре берісін және көкөніс сақтауды жаңарту. Жобаны іске асыруға капиталдық салымдар мөлшері 45,4 млн. теңгені құрайды.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Линда кентінің жүйке неврологиялық мүгедектер интернат үйінің әкімшілік корпусының 40 орындық төсек қуаттылығын арттыру және 205 мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүру жағдайын жақсарту. Жобаны іске асыруға капиталдық салымдар мөлшері 43,5 млн. теңгені құрайды.

Саран қаласында 500 орындық жүйке неврологиялық аурулар интернат-үйі. Жоба құны шамамен 280 млн. теңге.

Қарағанды қаласында 100 пәтерлік әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету кешендік мен соғыс ардагерлер үйі құрлыстары жоспарланады. Болжамдық есеп бойынша жобаны іске асыруға капиталдық салымдар мөлшері 350 млн. теңгені құрайды.

2006-2008 жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету жұмыстары жалғасатын болады және әлеуметтік қызметкерлердің штаты толықтырылады. мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында әлеуметтік қызметкерлерді оқыту семинарлары өткізілетін болады.

Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін жетілдіру:

әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын әзірлеумен;

мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесін дамытумен;

мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдірумен байланысты болады.


3.3.1. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың негізі әлеуметтік стандарттар жүйесіне өзгерістер енгізу және базалық әлеуметтік норматив рөлін ең төмен күнкөріс деңгейіне бекіту болады. Ең төмен күнкөріс деңгейі мүгедектігі бойынша базалық мемлекеттік жәрдемақылар есептеу үшін ақиқат негіз болады.

Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыруға әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесін құру, қаржыландырудың қосымша көздерін тарту және еңбек ету қабылетінен айрылу кезіндегі әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің арасында тікелей айырып бөлу негізінде қол жеткізілетін болады.

Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы мүгедектердің екі санатының:

1) туғаннан немесе бала кезінде мүгедек болғандарға мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қатер туындаған кезде бұрынғы еңбек үлесіне тәуелсіз төленетін базалық мемлекеттік жәрдемақы болып түрлендірілетін болады. Сонымен қатар, олар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы да алатын болады.

2) еңбек ету қабілетінен айрылған заңды сектор қызметкерлерінің кірісіне қолдау көрсетуді көздейді.

Екінші санат үшін әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі құру қарастырылған.

Әлеуметтік көмек көрсету идеологиясы өзгеретін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің үшінші шақырылған Парламент Мәжілісі депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде көмек пен қолдау жұмыс істей алмайтын адамдарға берілуі керектігі айтылды. Жұмыс істей алатындарға қатысты, олардың жұмыспен қамту арқылы өздігінен табыс табу мүмкіндігін қарастыру керек. Осыған байланысты, мүгедектерді кәсіби оңалту, еңбек рыногында олардың бәсекелестігін арттыру, өндіріске қатысу мен жалақы алу мүмкіндіктерін ұлғайту ерекше маңызға ие болады.

Мүмкіндік болмаған жағдайда, мүгедектер материалдық мемлекеттік әлеуметтік төлемдерге қосымша көмекке сенуге құқылы. Ол бұрынғыдай атаулы сипатқа ие болады және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі сияқты нысандарда көрсетіледі.

Жергілікті бюджеттің қаражаттарынан мүгедектерді әлеуметтік қолдауға қаражаттар бөлінеді:

Аз қамтамасыз етілгендерге (кедейлік шектен төмен және күнкөріс минимумынан төмен табыстары бар) бір жолғы материалдық көмек түрінде;

Жалғыз бастыларға – бір есептік көрсеткіштің мөлшерінде күтуге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға ай сайынғы қосымшақы түрінде.


3.3.2. Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру.

Мүгедектерді оңалту жүйесін дамыту оңалтулық қызмет көрсетудің қол жетерлік болуын қамтамасыз етуге және оңалту қызметтерінің сапасын арттыруға, мүмкіндіктері шектелген адамдардың мәселесімен айналысатын ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруге, медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.



3.3.2.1. Медициналық оңалту.

Медициналық оңалту мақсатына сәйкес – пайда болған ауру және/немесе зақым салдарын жеңу, ол ағза функцияларын, аурудың тіршілік әрекетін және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталатын болады.Ол үшін:

1)ұрықтағы туа біткен және тұқым қуалайтын потологиясын сапалы және уақытылы скрингпен қамтамасыз ету

2)фертивті жастағы әйелдердегі гинекологиялық және жұқпалы ауруларды анықтау және емдеуді қамтамасыз ету

3)ерте жастағы балалардың психо-физикалық дамуына тиімді скринингпен қамтамасыз ету

4)Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес регламенттелген тегін медициналық көмек көлемінің кепілдік шеңберінде әлеуметтік оңалту бөлігінде де жеке бағдарламаларды іске асыру тиімділігін камтамасыз ету

5)мүгедектікті алдын алу және жоғалтқан функцияларды қалпына келтіру мақсатында мүгедектердің, сонымен қоса жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емделуін ұйымдастыру.
3.3.2.2. Әлеуметтік оңалту

Әлеуметтік оңалтудің нәтижелілігін арттыру мақсатында мынадай шаралар қолданылатын болады.

1) Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің стандарттарына ұсыныстар әзірленетін болады:

мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің тізбесін кеңейтуді;

әлеуметтік және әлеуметтік-консультативтік көмекті (ерекше мұқтаждықтар мен қажеттіліктерге қарай);

медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға медициналық-әлеуметтік, білім беру және түзету қызметтерін ұсынуды;

оңалту мекемелерде күндіз болатын барлық жас топтарындағы мүгедектерге білім беру және медициналық қызметтерді;

медициналық және басқа көмек алуды қарастыратын үйдегі әлеуметтік көмекті, шығындарды басқаруды, шаруашылықты ұстауды және тұрмыстық қызметтер көрсетуді, әлеуметтік қарым-қатынасқа жәрдемдесуді;

барлық жас топтарындағы мүгедектерге патронаждық қызмет көрсетуді көздейді. Ол үшін жүріп-тұруда қиындық көретін І топ мүгедектеріне көмекші және құлағы естімейтін мүгедектерге ымдау тілінің маманын беру республикамызда алғаш рет заңмен бекітілді.

Мемлекеттік әлеуметтік қызметтер медициналық-әлеуметтік мекемелерде, аумақтық орталықтарда үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерімен азаматтарға тегін, ал қосымша қызмет көрсетулер- жартылай және толық төлеу жағдайында көрсетілетін болады.

2) Мүгедектердің компенсанторлық техникалық құралдарға, протездік-ортопедиялық, сурдо-және тифло көмектерге қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін арттыру.

Мүгедектерді техникалық қосалқы құралдармен қамтамасыз етуді жақсарту стратегиясы келесі бағыттарда жүзеге асырылатын болады:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Департаментімен бірге мүгедектердің электрондық мәліметтер базасын құру, оның негізгі міндеті мүгедектердің қажеттіліктерінің нақты есебін ұйымдастыру және компенсаторлық техникалық құралдарды, протез-ортопедиялық, сурдо- және тифлокөмектің қажеттілігін тиімді жоспарлауын арттыру;

облыста протездік-ортопедиялық бұйымдарды өндіру және жөндеу жөніндегі шағын зауыттар мен шеберханалар құру және оларды дамыту мүмкіндіктерін қарау;

аудандық, қалалық, облыстық сурдологиялық кабинеттер жүйесін ұйымдастыруды;

сурдологиялық көмекке мұқтаж, нашар еститін балаларды есепке алуды және оларды динамикалық бақылауды жетілдіруді;

мүгедектердің қажеттіліктеріне қарай компенсаторлық техникалық құралдарды және гигиеналық құралдарды сатып алуға бюджет қаражаттарын арттыруды қарастырады.

3) Әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Мүгедектердің қолы жетерліктей тіршілік ортасын құру жөніндегі іс-шаралар олардың әлеуметтік кірігу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталатын болады.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль көлігі саласында қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес:

мүгедектердің тұруына және тіршілік әрекетіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында әзірленген мемлекеттік стандарттарды іске асыру;

жобаларды сараптау сатысында мүгедектер мен халықтың ұтқырлығы төмен топтарының көрсетілген нысандарға қол жеткізу жөніндегі құрылым нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін;

нысандар салу барысына және мемлекеттік нормалар мен стандарттардың сақталуына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды күшейту үшін. Осы мақсатта пайдалануға берілетін ғимараттар мен құрылымдардың әзірлігін бағалау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерін енгізу үшін өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

жұмыс істеп тұрған әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына түгендеме жүргізу, қайта жаңартуды талап ететін нысандар тізбесін жасау. Әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарын мүгедектердің қол жетуі үшін ыңғайлау жөніндегі жұмыс жоспарын жасау және оны іске асыру.

мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаларды сақтау мәселесін ұйымдастыру мәселесі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындарды тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;

арнайы жол белгілерін орнату, жер асты жолдарын, пандустар орнату жөнінде ай сайын мониторинг жүргізу

мүгедектік күймелерге жер асты жабдықтарымен автобус маршруттарын жабдықтау мәселесін шешу (2006-2007 жылдарда Қарағанды қаласына 33 автобус маршруттары; облыс қалаларының автокөліктік кәсіпорындарына 33 автобус маршруттары).

Мүгедектердің ЖОБ-да көзделген тұрғын-үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Жалпы пайдаланудағы көлік бөлігінде

мүгедектерге тегін көлік қызметтерін көрсету үшін қайырымдылық автобус маршруттарының паркін кеңейту мәселелерін қарастыру,осы тәжірибені облыстың ірі қалаларының жұмысына енгізу

халыққа қызметтер көрсетудің мүгедектердің жалпы пайдаланудағы көлік құралдарына еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейтін құқығына конкурс өткізу ережесіне өзгерістер енгізу;

жалпы пайдаланудағы көлікті мүгедектерді отырғызу және түсіру құрылғыларымен қамтамасыз ету;

мүгедектерге бөлінген арнаулы отырғызу алаңдарын ыңғайлау көзделген.

4) Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Мүгедектердің ақпараттық қызметтер көрсетуге қол жеткізуін кеңейту және соның негізінде әлеуметтік оқшаулануды жеңу үшін республикалық және өңірлік теледидар арналарындағы ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармасын ұйымдастыру кеңейтіледі.
3.3.2.3. Кәсіптік оңалту

Мүгедектерді кәсіптік оңалту үшін қазіргі уақытта жеткілікті қолайлы мүмкіндіктер қалыптасып отыр.

Еңбек рыногындағы жағдай тұрақтанды, жалпы облыста жұмыссыздық деңгейі 1% дейін төмендеген.

Бағдарлама кәсіптік оңалтудың нәтижелілігін арттырудың мынадай шараларын:

1) кәсіптік оңалту мәселелерін ЖОБ-ға сәйкес шешуде жеке тәсілді;

2) жалпы білім беру жүйесінде және үйде оқытудың сапасын арттыруды көздейді;

4) Қолданыстағы заңнамады бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін жоғары оқу орындарына түсу кезінде квоталар белгіленеді, оқып жүрген мүгедектердің шәкіртақыларына арнайы қосымша ақылар көзделді.Осы мәселе Қарағанды облысының аумағында орналасқан барлық жоғарғы оқу орындарымен талқыланатын болады;

5) мүгедектердің жұмыспен қамтылуына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қарастырады.

ҚР “Халықты жұмыспен қамту” заңында нысаналы топтарға мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жатқызған.Осыған байланысты жұмыспен қамту қызметтерінде қайта даярлауды ұйымдастырғанда мүгедектерге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу саясатын дамытуда, бірінші кезекте, мемлекеттіксектордық мүмкіндіктері пайдаланылатын болады. Мүгедектерді еңбек рыногына тарту әжептәуір күш-жігерді қажет етеді.

Жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу түрлі іс-шаралар: мүгедектерді кәсіптік даярлау және қайта даярлау; жұмыс орындарын квоталау; басымды немесе нысаналы жұмысқа орналастыру (әлеуметтік жұмыс орындарын құру); шағын несиелеу көмегімен және басқалар арқылы жүзеге асырылады.

Осыған орай, жұмыс орындарын квоталау кәсіптік даярлаумен қайта даярлау мәселесімен тығыз ұштасқан: бірінші кезеңде бұл мәселе бір уақытта белгілі бір мамандыққа қажеттілігін анықтйтын мүгедектерге жұмыс орнына 3% квота беруге өтініш білдірген ұйымдар мен кәсіпорындармен реттеледі. Қалыптасқан қажеттіліктен өтініш білдірген кәсіп пен мамандыққа мүгедектерді кәсіптік оқытуға әлеуметтік тапсырыс анықталады.

“Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы” заңын іске асыру шеңберінде мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің әлеуметтік-маңызды жобаларын қаржыландыру кәсіптік біліктілігін арттырудың бірден бір жолы болып табылады(оның ішінде “Лайықты өмір” мүгедектерді оңалту орталығының тәжірибесін тарату).

Мүгедектерге жұмысқа орналасуға нақты жәрдем көрсету мақсатында «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен әлеуметтік жұмыс орындарын құру көзделді. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнын құруды жергілікті атқарушы органмен жасасқан шарт негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, нысаналы топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру жұмыс берушінің оларға еңбекақы төлеу шығындарын ішінара өтей отырып, жүзеге асырылуға тиіс.

Өзінің ерекше қажеттіліктеріне немесе мүгедектіктің аса ауыр нысанына байланысты еңбек рыногының талаптарына сай келмейтіндер үшін мамандандырылған кәсіпорындарда, цехтар мен учаскелерде жұмыс істеу мүмкіндіктері жасалады. Жұмысты үйде ұйымдастыру практикасы ұлғайтылатын болады, мүгедек-әйелдер үшін мұның маңызы ерекше болмақ.Тағам өнімдері мен киім-кешек өндірісі, ұсақ сауда, үйдегі жұмыс пен ауылшаруашылық еңбегі - мүгедек-әйелдер үшін үй жұмысы мен балалар тәрбиелеумен қатар әдеттегі кәсіп бола алады.

Еңбекке жарамды мүгедектердің жұмыспен қамтылу жай-күйін, олардың еңбек және еңбек қауіпсіздігі жағдайларын бақылау көзделеді. Динамикалық бақылау мен қадағалаудың мынадай нысандары: мүгедектердің жұмысқа нақты орналасуын жұмыс орнында тексеру, жұмыс берушілердің әлеуметтік және еңбек заңнамасын сақтауын бақылау.

Мүгедектерді, оның ішінде мүгедек-балаларды белсенді өмір сүруге бейімдеу мақсатында көркемөнерпаздар, суреттер, қолдан жасалған бұйымдар және басқа да шығармашылық түрлерінің облыстық, республикалық конкурстары, мүгедектердің шығармашылық жұмыстарының, мүгедектер ұйымдары шығаратын өнімдердің сату-көрмелері, Қазақ зағиптар қоғамының және Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорындарының және мүгедектер жұмыс істейтін басқа да кәсіпорындар өнімдерінің көрме-жәрмеңкелері өткізілетін болады.



Түрлері

2003 жыл

2004 жыл

2005ж.

9 айы

Болжам














2006ж.

2007ж.

2008ж.


Жұмыспен қамту қызметіне келгендер

145

158

82

145

152

156

Жұмысқа орналасқандар

79

86

44

90

94

97

Қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер

96

78

53

58

61

63

Кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға жіберілгендер

13

13

7

13

14

16

Жергілікті бюджет қаржысының есебінен өзін-өзі жұмыспен қамтуға материалдық көмек көрсетілгендер

5

8

6

7

9

9

жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау