266. АҰЕ бойынша ұшулардың бағдарлары мен аудандары бойынша болжамдарды ұсынудың негізгі нысаны ауа райының ерекше құбылыстарының болжам карталары, жел және биіктіктегі ауа температурасының картасы, қалған жағдайларда және осы Қағидалардың 3 және 4 – қосымшаларында көрсетілген ашық мәтін нысанында бағдарлар, ұшу аудандары және АХЖ бойынша ауа райы болжамдарының үлгілері және карталар мен кестелерді құрастыру жөніндегі талаптарға сәйкес, ШҰЕ бойынша ұшулар үшін – кестелер немесе ашық мәтін нысандағы болжамдар болып табылады.
267. Әуе кемелерінің ұшуларын қамтамасыз ету кезінде ауа райының ерекше құбылыстарының мынадай карталары қолданылады:
ауа райының ерекше құбылыстарының 100 ұшу эшелонына дейін
(немесе 150 таулы аудандарда ұшу эшелонына дейін) (SWL);
ауа райының ерекше құбылыстарының 100-250 ұшу эшелонына дейін (SWM);
ауа райының ерекше құбылыстарының 250 ұшу эшелонынан астам (SWH).
268. Ауа райының ерекше құбылыстарының карталарында ұшу үшін төмендегілерге қатысты қажетті мәліметтер көрсетіледі:
1) найзағай;
2) тропикалық циклондар;
3) қатты дауылдың желісі;
4) қалыпты және қатты турбуленттік (бұлттылық немесе ашық аспанның барысында);
5) орташа немесе қатты мұздану;
6) құрсама құмды/шаңды боран;
7) 100-250 ұшу эшелоны үшін осы Қағидалардың 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген құбылыстарға байланысты;
8) 250 астам ұшу эшелоны үшін осы Қағидалардың 1 – 5) тармақшаларында көрсетілген будақ жаңбырлы бұлттарға байланысты;
9) конвергенция аймақтарының нақты белгіленген бетінің орналасу жері;
10) бағдар бойынша ауа райының ерекше құбылыстарымен байланысты фронталды жүйелердің қозғалысының бағыты, жылдамдығы және бетінің орналасу жері;
11) тропопаузаның биіктігі;
12) ағымды ағыстар;
13) әуе кемелерінің ұшуларын өндіруіне ықпал ететін жанартау күлі бұлттарының пайда болу жерлері;
14) әуе кемелерінің ұшуларын өндіруіне ықпал ететін атмосфераға радиоактивті материалдарды апатты қалдықтар жері, осының барысында апаттың жерінде және картаның алаңына радиоактивтің белгісі қойылады апат болған жердің ендігі және ұзақтығы, апат болған уақыты және күні және пайдаланушыларға ескерту тиісті аудан үшін NOTAM тексеру.
269. 250 эшелонынан астам ұшуды орындайтын әуе кемелері үшін осы Қағиданың 268-тармағының 1) – 6) тармақшаларына сәйкес мәліметтерді осы ұшу эшелонынан жоғары болса көрсету қажет, осы Қағиданың 268-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жағдайда SIGMET шығарылымды талап ететін найзағайлар күтіледі және/немесе белгіленеді.
270. CB қысқарту ақ жауынды будақ жаңбырлы бұлттар немесе жарығы бар будақ жаңбырлы бұлттардың немесе бұлттылық қабатқа кіретін немесе мұнармен жасырылған будақ жаңбырлы бұлттардың пайда болуына немесе оларды күтуіне байланысты жағдайларда ғана енгізіледі. Бұл жеке немесе таратылған бұлттылық қабатқа кірмейтін және мұнармен жасырылмаған будақ жаңбырлы бұлттарға жатпайды.
271. Жанартау күлі немесе атмосфераға радиоактивті материалдардың апатты қалдықтары ауа райының ерекше құбылыстарының картасына жанартау күлінің және радиоактивті символын енгізу расталған жағдайда осы символдарды күлдің немесе радиоактивті материалдың бағанасы жеткен немесе жетуі мүмкін биіктікке қарамастан осы тәрізді барлық карталарға (төмен, орта және жоғары деңгей үшін) енгізу қажет.
272. Ауа райының ерекше құбылыстарының карталарында СВ қысқарту немесе найзағайдың шартты белгісі будақ жаңбырлы бұлттардың немесе найзағайдың болуына байланысты ауа райының барлық құбылыстарының енгізілгенін білдіру тиіс, атап айтқанда:
найзағай, орташа немесе қатты мұздану;
орташа немесе қатты турбуленттік және бұршақ;
273. Ауа райының ерекше құбылыстарының карталарын АБДО күніне төрт рет SIGWX болжамдар түрінде дайындайды, олар осы болжамдар әзірленген синоптикалық деректер жиналғаннан ( 00.00, 06.00, 12.00 және 18.00 UTC) кейін 24 сағатты құрайтын әсер етудің белгіленген кезеңдері ішінде әрекет етеді.
274. SIGWX болжамдары мынадай түрде шығарылады:
1) 250-630 (400-150гпа) ұшу эшелондары үшін жоғары деңгейдің SIGWX болжамдары;
2) шектелген географиялық аудандар үшін 100-250 (700-400 гпа) ұшу эшелондары үшін (SWM) орта деңгейдегі SIGWX болжамдары. Жер рельефінің орта асуы 100 ұшу эшелонын пайдалануға маңызды топографиялық ықпал көрсетсе, өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес картаның базисі ретінде жоғарылау эшелон көзделеді.
275. 100 эшелон (немесе таулы аудандарда 150 эшелонға дейін немесе қажет болғанда бұдан жоғары эшелон) үшін кіші биіктіктерде ұшулар үшін төмен деңгейдегі ұшулардың SIGWX болжамдарын АБӨО және жергілікті келісімге сәйкес басқа болжау орталықтары шығарады.
276. АМО 700-150 гПа орта және жоғары деңгейі және кіші биіктіктерде (700 гПа төмен) ұшу үшін ауа райының ерекше құбылыстарының карталары шығарылады.
277. АБДО дайындаған тұрақты торының торабында болжамдар мыналарды қамту тиіс:
1) 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПА), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа), 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100 гПа) ұшу эшелондары үшін жел және ауаның температурасы туралы деректерді;
2) абсолюттік биіктік және тропопаузаның температурасы туралы ақпаратты;
3) қатты желдің бағыты, жылдамдығы және оның биіктігі ұшу эшелон бірлігінде;
4) 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа) және 180 (500 гПа) ұшу эшелондары үшін ауа ылғалдығы туралы деректер;»;
5) 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275гПа), 340 (250 гПа), 360 (225гПа), 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100гПа) ұшу эшелондары үшін абсолюттік биіктіктігінің геоәлеуеті туралы деректер;
6) ұшу эшелондары бірлігіндегі түйдек жаңбырлардың жоғарғы және төменгі шекарасының биіктігі туралы ақпараттар мен горизонтальдық ұзындығы туралы мәліметтер.
278. Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету барысында авиациялық пайдаланушылар мен уәкілетті метеорологиялық орган арасындағы келісім бойынша кіші биіктіктерде GAMET кодының нысанында жасалған ауа райының болжамдары пайдаланылады. GAMET кодының нысаны мен мазмұны осы Қағидалардың 5-қосымшасы бойынша GAMET мәліметтеріне қатысты талаптарда көрсетілген.
279. Ұшулар аудандары (секторлар) бойынша ашық мәтін нысанында ауа райының болжамдары әрекет ету алдына дейін 1 сағат бұрын 6 сағат әрекет ету кезеңімен әр 3 сағат жасалады.
Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда ұшулар аудандары бойынша бірінші болжамның әрекет ету кезеңі басталуы стандартынан айырмашылығы болуы мүмкін.
280. Қабылданған қысқартулармен ашық мәтін нысанында бағдар бойынша болжамдарда элементтердің тұру тәртібі мәліметтің код нысанын және (немесе) олардың түзетілері тиісті элементтердің тұру тәртібімен сәйкес болу тиіс.
281. Қолданылатын терминология және өлшем бірліктері әуеайлақ бойынша мәліметтер мен болжамдардың тиісті компоненттеріне баламалы болу тиіс.
282. Ұшу бағдарлары және аудандары бойынша халықаралық ұшуларды қамтамасыз ету барысында болжамдардың тану индекстері ретінде AREA FCST және ROUTE FCST белгілер қолданылады, түзетулерді енгізу жағдайында олардың алдында AMD индекс қойылады.
283. TAF болжамдарында пайдаланылатын CAVOK термині ұшу бағдарлары және аудандары бойынша болжамдарда қолданылмайды.
284. АҰЕ бойынша ұшулар үшін ашық мәтін нысанында болжамдарды пайдалану барысында мынадай деректер енгізіледі:
1) ұшу бағдары;
2) болжамның әрекет ету мерзімі (басынан аяғына дейін);
3) синоптикалық жағдайдың қысқаша сипаттамасы;
4) ауа райының ерекше жағдайлары
6) бұлттылық;
7) тропопаузаның биіктігі;
8) ағымды ағыстың барысында – ағым осінің биіктігі, қатты желдің бағыты және жылдамдығы;
9) желдің жылдамдығы сағатына 100 км асатын қабаттың төменгі және жоғарғы шетінің биіктігі.
285. ШҰЕ ұшу үшін болжамдардың мәтіндеріне мыналар енгізіледі:
1) болжамның түрі (бағыт, аудан немесе сектор бойынша);
2) ұшу бағыты (ауданы);
3) болжамның әрекет ету мерзімі (басынан аяғына дейін);
4) синоптикалық жағдайдың қысқаша сипаттамасы;
5) жер бетіндегі және теңіз деңгейінен биіктікте жел және ауаның температурасы (АХЖ аудандары ғана үшін);
6) жер бетіндегі көріну;
7) ауа райының ерекше құбылыстары;
8) бұлттылық (бұлттардың саны және нысаны, жер бетінен төменгі және жоғары шеттерінің биіктігі, таулы аудандарда - теңіз деңгейінен);
9) мұздану;
10) турбуленттілік;
11) °С бойынша 0 градус деңгейінің биіктігі;
12) таулардың жабылу деңгейі, бұлттармен жасанды кедергілермен;
13) теңіз деңгейіне келтірілген ұшу бағыты (ауданы) бойынша ең аз қысым.
286. Болжамдарда ашық мәтін нысанда «кезеңінен бастап....дейін», «учаскеден бастап.... дейін», «кей жерлерде», «жауын шашынды», «ойпаттарда», «өзендер аңғарында», «көл бетінде», «бөктерлерде» деген терминдер пайдаланылады, осы өзгерістерді уақыт және енділікті/ұзақтықты немесе географиялық пункттерді пайдалана отырып, орналасқан жер бойынша нақтылау қажет.
287. Ұшулар бағдарлары және аудандары бойынша болжамдарға түзетулерді метеорологиялық органдар мынадай өзгерістер күтілгенде жасайды:
1) биіктіктегі жел 30 градус немесе одан астам бағыт бойынша өзгерілсе, егер өзгерістен бұрын немесе кейін жылдамдығы сағатына 60 км немесе одан астамды болса немесе желдің жылдамдығы сағатына 40 км немесе одан астамға өзгертілсе;
2) биіктіктерде ауа температурасы 5 градусқа немесе одан астамға өзгерсе;
3) бұдан бұрын берілген болжамда көзделмеген турбуленттік немесе мұздану аймақтарының пайда болуы күтілсе немесе аталған құбылыстардың қарқындылығы ұлғайған немесе азайған жағдайда;
4) басқа ерекше құбылыстардың пайда болуы немесе тоқтатылуы күтілгенде;
5) бұлттар биіктігінің төмендеуі (жоғарылуы) және (немесе) ШЕҰ бойынша ұшулар үшін белгіленген минимумдардан жоғары немесе төмен мәндеріне дейін көріну күтілген жағдайда.
3. Кіші биіктіктерде ұшулар үшін GAMET аймақтық болжамдары
288. Әуе қозғалысының тығыздығы 100 ұшу эшелонынан төмен (таулы аудандарда 150 ұшу эшелоны немесе қажет болғанда бұдан жоғары) болған жағдайда тұрақты шығарылымды және осы тәрізді ұшулар үшін аймақтық болжамдардың таралуын талап етеді және шығарылымның жиілігін, нысанды және белгіленген уақытты немесе осы болжамдардың әрекет ету кезеңін және оларға түзетулерді шығару өлшемдерін пайдаланушылармен кеңесіп, метеорологиялық уәкілетті орган белгілейді.
289. Әуе қозғалысының қарқындылығы 100 ұшу эшелонынан төмен болған жағдай AIRMET ақпаратын шығару қажеттілігін талап етеді осы Қағидалардың 6-тарауына сәйкес осындай ұшу үшін аймақтық болжамдар тиісті метеорологиялық уәкілетті органдар арасында келісілген нысанда жасалады.
290. Қысқартулармен ашық мәтінді пайдалану барысында болжам ИКАО қабылданған қысқартуларды және сандық өлшемдерді пайдалана отырып, GAMET болжамы нысанында жасалады, карта нысанын пайдалану кезінде болжам биіктіктердегі желдің және биіктіктердегі ауа температурасының болжамын және SIGWX құбылыстардың болжамын қиыстыру түрінде жасалады.
291. GAMET нысанында аймақтық болжамдарды дайындау кезінде олар екі тарауды қамтиды:
І тарау AIRMET ақпаратын шығару үшін пайдаланылатын кіші биіктіктерде ұшуларға қауіпті болатын бағдарларда ауа райының құбылыстары туралы деректерді қамтиды;
II тарау кіші биіктіктерде ұшулар үшін талап ететін қосымша ақпаратты қамтиды.
GAMET нысанында жасалатын аймақтық болжамда элементтердің мәні және тәртібі осы Қағидалардың 5-қосымшасы бойынша GAMET мәліметтеріне қатысты талаптарға келтірілген үлгіге сәйкес болуы тиіс. ІІ тараудағы қосымша элементтер уәкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушылар арасындағы келісімге сәйкес енгізіледі. SIGMET хабарламасына енген элементтер GAMET аймақтық болжамдарға енгізілмейді.
292. Аймақтық болжамдар жер бетінен 100 ұшу эшелонына немесе (таулы аудандарда 150 немесе қажет болғанда одан да жоғары) дейінгі қабат үшін шығарылады және AIRMET ақпаратын шығару үшін пайдаланылатын кіші биіктіктерде ұшу үшін қауіп төндіретін бағытта ауа райының құбылыстары туралы деректерді, сондай-ақ кіші биіктіктерде ұшу үшін талап етілетін қосымша деректерді қамтиды.
293. Жергілікті таратылатын аймақтық болжамдар және оларға түзетулер метеорологиялық органдар арасында осы ақпаратпен алмасу үшін көзделген нысанның бірінде немесе жергілікті келісімге сәйкес қандай да бір басқа нысанда жасалады.
294. Аймақтық болжамдарда (немесе оларға түзетулерде) қабылданған қысқартулармен ашық мәтін нысанда элементтердің тұру тәртібі хабарлаудың код нысанындағы тиісті элементтермен сәйкес болуы тиіс.
295. Пайдаланылатын терминология және өлшеу бірліктері мәліметтердің және әуеайлақ бойынша болжамдардың тиісті компоненттеріне баламалы болуға тиіс.
296. AIRMET ақпаратын шығару үшін дайындалатын кіші биіктіктерде ұшулар үшін аймақтық болжамдар 6 сағат сайын жасалады, осының барысында олардың әрекет ету кезеңі 6 сағатты құрайды және олардың әрекет ету кезеңінің басталуына дейін 1 сағат бұрын метеорологиялық органдарға тапсырылады.
4. Кіші биіктіктерде ұшуды қамтамасыз ету үшін ақпараттар ұсыну
297. Болжамдар карталар нысанында ұсынылған жағдайда кіші биіктіктерде ұшу, сондай-ақ 100 ұшу эшелонына (немесе қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе таулы аудандарда одан да жоғары) дейін шолу ұшулар ережелері бойынша ұшулар үшін ұшу құжаттамасына мынадай ақпаратты енгізу қажет:
1) SIGMET және AIRMET тиісті мәліметтерден ақпаратты;
2) 600, 1500 және 3000 м (2000, 5000 және 10 000 фут) биіктіктерде ауа температурасының және желдің карталары;
3) ауа райының ерекше құбылыстарының карталары, карта мен кестелердің үлгілері осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген карта және кестелердің құрастырылуы жөніндегі талаптарда келтірілген.
298. Болжамдар карталар нысанында ұсынылмаған жағдайда 100 ұшу эшелонына (немесе қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе таулы аудандарда одан да жоғары) дейін ШҰҚ бойынша ұшу құжаттамасына мынадай ақпаратты енгізу қажет:
1) SIGMET және AIRMET;
2) GAMET аймақтық болжамдары осы Қағидалардың 5-қосымшасында көрсетілген GAMET ақпаратына қатысты талаптарға сәйкес құрастырылған, немесе
3) ұшудың бағыттары және аудандары бойынша аймақтық болжамдар қабылданған қысқартулармен ашық мәтін нысанында.
6. SIGMET және AIRMET ақпараты және қауіпті метеорологиялық жағдайлар мен ауа райының құбылыстары туралы ескертулер
1. Ұшулардың бағдары және аудандары, әуеайлақ бойынша ескертулер
299. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиациялық техниканы сақтау мақсатында әуеайлақ метеорологиялық органдары ұшу қауіпсіздігіне, сондай-ақ жердегі әуе кемесіне, оның ішінде тұрақ орындарындағы әуе кемелеріне, әуеайлақ жабдықтарына, құралдарына және қызметтеріне қолайсыз әсер етуі мүмкін ауа райы құбылыстарының және метеорологиялық жағдайлар қарқындылығының пайда болуы немесе өзгеруі туралы ескертулерді шығарады.
300. Ұшу үшін қауіпті метеорологиялық құбылыстарға мыналар жатады:
1) қону және ұшу әуеайлағында – найзағай, бұршақ, қатты шайқалу, желдің қатты ауысуы, мұзданатын жауын шашын, құйын, боран, қатты (құмды) боран, қатты нөсерлі жауын-шашын, жанартау күлі;
2) ұшу бағдары бойынша – бұршақ, найзағай, қатты мұздану, қатты шайқалу, әуе кемесінің қатты электрленуі, жанартау күлі, радиоактивті бұлттар.
301. Ескертулер – бұл бағдар, әуеайлақ ауданы, ұшу және қону әуеайлағы бойынша ауа райының нақты және (немесе) күтілетін құбылыстарының ашық мәтіндегі сипаттамасы болып табылады. Желдің ауысуы туралы хабарландыру және ескертулер шығарылады.
302. Әуеайлақ бойынша ашық мәтін түрінде ескертулерде жерде әуе кемелеріне, әуеайлақ жабдықтарына және ұшуларды қамтамасыз ететін техникалық құралдарға жағымсыз ықпал ете алатын метеорологиялық жағдайлар туралы қысқаша ақпарат хабарландырылады. Ескертулерді әуеайлақ метеорологиялық органдары шығарады және әуежай қызметіне тапсырады.
303. Әуеайлақ бойынша ескертулер, егер олар көрсетілген құбылыстар/шарттар аса бақыланбаса және (немесе) әуеайлақта олардың пайда болуы күтілмеген жағдайда ғана жою қажет.
304. Әуеайлақ бойынша ескертулер төменде көрсетілген құбылыстардың немесе жағдайлардың нақты болуына немесе күтілуіне байланысты шығарылады:
найзағай;
бұршақ;
қатты немесе ұзақ жауған қар;
мұзданатын жауын-шашын (көктайғақ);
бозқырау немесе қырау;
дауыл, құйын;
құмды немесе шаңды боран;
көтерілетін құм немесе шаң;
бағытына қарамастан секундына 15 м жылдамдығымен жел;
жанартау күлі немесе жанартау күлінің тұнбасы;
улы химиялық заттардың қалдықтары;
ауа температурасының минус 30 градусқа дейін немесе одан да төмен төмендеуі немесе оның 40 градус және одан астамға көтерілуі (өңірге тәуелді метеорологиялық органдар мен пайдаланушылардың арасындағы келісім бойынша басқа өлшемдер белгілену мүмкін);
жергілікті деңгейде келісілген басқа құбылыстар.
305. Бұдан бұрын шығарылған ескертуде көзделмеген жағдайлардың немесе құбылыстардың пайда болуын күту немесе олардың қарқындылығының өзгеру барысында жаңа ескерту жасалады.
306 Қосымша ақпарат ИКАО бекіткен қысқартуларды және сандық мағыналарды пайдалана отырып, қысқартулармен ашық мәтінмен жасалады. Мәтінді барынша қысқа түрде пайдалану қажет. Халықаралық рейстер көп болған кезде пайдаланушылармен келісім бойынша ескертулер осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде шығарылады.
307. Ескертудің реттік нөмірі осы әуеайлақ бойынша ағымдағы күннің 00.01 UTC бастап әуеайлақ бойынша ескертулердің санын көрсетеді.
308. 100 ұшу эшелонынан төмен (немесе таулы аудандарда 150 эшелонынан төмен) бағдарлар мен аудандар бойынша ескертулерді жергілікті диспетчерлік пунктіне қызмет көрсететін (бұдан әрі – ЖДП) және ашық мәтін түрінде ұшу аудандары бойынша болжамдарды жасайтын метеорологиялық орган шығарады.
309. 100 ұшу эшелонынан төмен (немесе таулы аудандарда 150 эшелонынан төмен) бағыттар мен аудандар бойынша ескертулер төменде көрсетілген құбылыстардың бірінің күтілуі және нақты пайда болуына байланысты шығарылады:
жаппай немесе ішкі салмақты найзағай;
алдыңғы шептегі дауыл және құйын;
бұршақ;
мұзданатын жауын шашын;
орташа немесе қатты мұздану;
орташа немесе қатты турбуленттік;
құмды немесе шаңды боран;
жер бетіндегі бағытқа қарамастан желдің секундына 15 м және одан астам жылдамдығы;
көріну 5000 м кем;
бұлттылықтың төменгі шеті 300 м және одан да аз;
будақ - жаңбырлы және мұнара тәрізді бұлттар.
310. Ескертулер әрі қарай ұшудағы әуе кемелеріне, сондай-ақ ЖДП шектес аудандардағы ұшуларды қамтамасыз ететін метеорологиялық органға тарату үшін ЖДП хабарланады.
311. Ескертулердің мәтіні мыналарды қамтиды:
1) атауы ескерту, ағымдағы тәуліктегі оның реттік саны;
2) ауданды, бағдарды көрсету;
3) «күші бар» және «күні – уақыты» тобы;
4) құбылыстар;
5) ақпарат нақты немесе болжамды болып табылатыны туралы көрсету;
6) құбылыстың, ауысудың орналасқан жері;
7) қарқындылықтың өзгеруі.
312. Ескертуде көрсетілген құбылыс тоқтатылған және оның туындауы/сақталуы үшін жағдай болмаған жағдайда бұрын шығарылған ескертудің жойылуы туралы хабарлама дайындалады.
2. AIRMET және SIGMET ақпараты
313. AIRMET ақпаратын пайдаланушылармен қолданыстағы келісімнің негізінде 100 ұшудың төменгі эшелонынан (немесе таулы аудандарда 150 эшелонынан төмен немесе қажет болған жағдайда одан жоғары) халықаралық ұшуды қамтамасыз ету үшін метеорологиялық іздестіру органы (әуеайлақ метеорологиялық органы) шығарады.
314. AIRMET ақпараты осы Қағидалардың 288, 289 және 290-тармақтарының ережелеріне сәйкес жасалған кіші биіктіктерде ұшу үшін аймақтық болжамдарға енгізілмеген және кіші биіктіктерде ұшудың қауіпсіздігіне, сондай-ақ осы құбылыстардың дамуына уақыт және кеңістікте ықпал ете алатын ұшу бағыты бойынша ауа райының белгіленген нақты және (немесе) күтілетін құбылыстарының қысқартулармен ашық мәтіндегі сипаттамасын білдіреді.
AIRMET ақпаратын құру тәртібі осы Қағидалардың 7-қосымшасы бойынша SIGMET және AIRMET ақпараттарына қатысты талаптарда мазмұндалған.
315. Жауапкершілік аймағы ұшу ақпаратының бірнеше аудандарын (ҰАА) және (немесе) диспетчерлік аудандарды қамтитын метеорологиялық орган әр ҰАА және (немесе) диспетчерлік аудан үшін өзінің жауапкершілік аймағы шеңберінде жеке AIRMET ақпараттарын шығарады.
316. ҰАА қажет болған жағдайда кіші аудандарға (қосалқы) бөлінеді.
317. AIRMET мәліметтерінде 100 төменгі эшелон ұшу үшін (немесе таулы аудандарда 150 эшелонынан төмен немесе қажет болған жағдайда одан жоғары) осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген AIRMET ақпараттарын құру үшін алғышарттарға сәйкес, қысқартуларды пайдаланумен аталған құбылыстардың бірі ғана енгізіледі.
318. AIRMET ақпаратында осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілгеннен басқа қосымша сипаттама материалдар қамтылмаған. Найзағайларға немесе түйдек-жаңбырлы бұлттарға қатысты AIRMET ақпаратында олармен байланысты турбуленттік пен мұздану ескерілмеген.
319. Реттік нөмір ұшу ақпаратының ауданы бойынша ағымдағы күннің 00.01 UTC бастап шығарылған AIRMET мәліметтерінің санын көрсетеді.
320. AIRMET мәліметінің әрекет ету кезеңі 4 сағаттан аспайды.
321. AIRMET ақпараттары, осы ауданда құбылыстар қатты бақыланбаған немесе олардың туындауы күтілмеген жағдайда жойылады.
322. AIRMET ақпараттары ұшу ақпаратының көршілес аудандарының әуеайлақ метеорологиялық органдарына (бақылау органдарына) және тиісті метеорологиялық уәкілетті органдардың арасындағы келісімге сәйкес басқа метеорологиялық органдарға жіберіледі.
323. SIGMET ақпаратын әуеайлақ метеорологиялық органы (бақылау органы) шығарады және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне, сондай-ақ уақыт пен кеңістікте осы құбылыстардың дамуына ықпал ете алатын ұшу бағыттары бойынша ауа райының ашық мәтінде қысқартулармен нақты және (немесе) күтілетін белгіленген құбылыстарының қысқаша сипаттамасы болып табылады.
324. SIGMET ақпараты, егер осы ауданда құбылыстар қатты бақыланбаса немесе олардың туындауы күтілмесе жойылады.
325. SIGMET ақпаратының әрекет ету кезеңі 4 сағаттан аспайды. Жанартау күлінің бұлтына қатысты шығарылатын SIGMET мәліметтерінің әрекет ету кезеңі 6 сағатқа дейін ұлғаяды.
326. Жанартау күлінің бұлтына қатысты SIGMET ақпаратын өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес тағайындалған VAAC (жанартау күлі бойынша кеңестік орталық) сәйкес ұсынылатын кеңестік ақпарат негізінде жасау қажет.
327. Метеорологиялық бақылау органы және тиісті АДО (ҰАА) арасында SIGMET және NOTAM мәліметтеріне енгізілетін жанартау күлі туралы ақпаратты келісумен қамтамасыз ету мақсатында тығыз үйлестіру жүзеге асырылады.
328. SIGMET мәліметтері әрекеттің басталуына дейін 4 сағат бұрын шығарылады.
329. Жанартау күлінің бұлттарына қатысты SIGMET арнайы мәліметтері мүмкіндік болғанда шығарылады, бірақ әрекеттің басталуына дейін 12 сағаттан кешіктірмей шығарылады. Жанартау күлінің бұлты туралы SIGMET мәліметтері әр 6 сағат сайын нақтыланады.
330. SIGMET мәліметтеріне төменде көрсетілген қысқартуларды пайдалана отырып, аталған құбылыстардың бірі ғана енгізіледі:
1) крейсер эшелондарында биіктікке қарамастан
найзағай:
жасырын OBSC TS;
маскаланған EMBD TS;
жиі найзағай FRQ TS;
дауыл желісі бойынша SQL TS;
бұршақ аралас жасырын OBSC TSGR;
бұршақ аралас маскаланған EMBD TSGR;
бұршақ аралас жиі найзағайлар FRQ TSGR;
бұршақ аралас дауыл желісі бойынша SQL TSGR.
турбуленттік:
қатты турбуленттілік SEV TURB
мұздану:
қатты мұздану SEV ICE;
қатты суыған жаңбыр
нәтижесіндегі қатты мұздану SEV ICE (FZRA).
таулы толқын:
қатты таулы толқын SEV MTW
шаңды боран:
қатты шаңды боран HYY DS
құмды боран:
қатты құмды боран HVY SS
жанартау күлі:
жанартау күлі VA
(+ биіктікке қарамастан жанартаудың атауы);
радиоактивті бұлт RDOACT CLD.
331. SIGMET ақпараты элементтерінің мазмұны және тәртібі осы Қағидалардың 9-қосымшасында көрсетілген SIGMET және AIRMET хабарламаларын жасау үлгісіне сәйкес келеді.
332. Осы Қағидаларға 9-қосымшадағы үлгіде аталған реттік нөмір ұшу ақпаратының ауданы бойынша ағымдағы күннің 00.01 UTC бастап шығарылған SIGMET мәліметтерінің санын көрсетеді. Жауапкершілік аймағы ұшу ақпаратының бірнеше аудандарын (ҰАА) және (немесе) диспетчерлік аудандарды қамтитын метеорологиялық орган әр ҰАА және (немесе) диспетчерлік аудан үшін өзінің жауапкершілік аймағы шеңберінде жеке SIGMET ақпараттарын шығарады.
333. SIGMET мәліметтері метеорологиялық бақылау органдарына, аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталықтарына және өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес басқа метеорологиялық органдарға жіберіледі. Жанартаудың күлі туралы SIGMET мәліметтері VAAC жіберіледі.
SIGMET мәліметтері ОРМЕТ деректерінің халықаралық банктеріне таратылады.
334. SIGMET мәліметтері әуе кемелерінің борттарынан алынған ақпарат, аэросиноптикалық нақты және болжам материалдарын талдау, жердегі және радиолокациялық бақылаулардың деректері негізінде жасалады.
335. SIGMET ескертудің мәтіні мынадай ақпаратты қамтиды:
1) мәліметтің атауы және оның реттік нөмірі;
2) әрекет ету күні және кезеңі;
3) ҰАА немесе диспетчерлік тораптық аудан атауы;
4) құбылыстың сипаттамасы;
5) ақпараттың түрі (OBS, FCST);
6) орналасқан орны (белгілі географиялық пункттердің кеңдігі мен ұзақтығы немесе атауы);
7) деңгейі;
8) ауысуы;
9) қарқындылықтың өзгеруі.
336. SIGMET ақпараты артық сипаттама материалды ұстамайды. SIGMET мәліметі шығарылымына қатысты құбылыстардың сипаттамасына осы Қағидалардың 330-тармағында көрсетілгеннен басқа ешқандай қосымша материал енгізілмейді.
Найзағайға қатысты SIGMET ақпаратында оларға байланысты турбуленттілік пен мұздану ескерілмейді.
SIGMET және AIRMET ақпараттарының талаптары осы Қағидаларға 7,8,9-қосымшаларда көрсетілді.
337. Осы ауданда құбылыстардың пайда болуы бақыланбаса немесе күтілмесе SIGMET ақпараты жойылады.
3. Желдің ауысуы туралы ескертулер және хабарландырулар
338. Желдің ауысуы туралы ескертулерді уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҰ тиісті органдарымен және мүдделі пайдаланушылармен жергілікті деңгейде келісілген шарттарға сәйкес желдің ауысуы кедергі болатын әуеайлақтар үшін дайындайды.
Желдің ауысуы туралы ескертулерді уәкілетті метеорологиялық органдар тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органы ӘҚҰ тиісті органдарымен және мүдделі пайдаланушылармен жергілікті деңгейде келісілген шарттарға сәйкес желдің ауысуы кедергі болатын әуеайлақтар үшін дайындайды.
Желдің ауысуы туралы ескерту қону, қонуға бет алу немесе ұшу аумағында немесе әуе ҰҚЖ және 500 м (1600 фут) қону немесе ұшуға бет алу барысында айдау кезінде әуе кемелеріне жағымсыз ықпал етуі мүмкін бақыланатын және күтілетін желдің ауысуы туралы қысқаша ақпаратты қамтиды.
339. Ұшып келетін және ұшып кететін әуе кемелері үшін желдің ауысуы туралы ескертулерді әуе кемелерінің желдің ауысуы болмаған жағдайда немесе келісілген уақыт кезеңі өткенде жойылады. Желдің ауысуы туралы ескертуді жою критерийлерін метеорологиялық өкілетті орган және ӘҚҰ тиісті уәкілетті органы және мүдделі пайдаланушылардың арасындағы келісім бойынша әр әуеайлақ үшін сол жерде белгіленеді.
340. Желдің ауысатыны туралы мәліметтер мыналар арқылы алынады:
1) желдің ауысуын қашықтықтан өлшеудің жер үсті жабдықтары (доплерлік радиолокатор);
2) нақты ҰҚЖ немесе бірнеше ҰҚЖ және қонуға бет алу және ұшуға бет алудың тиісті траекторияларын бақылау үшін орналасқан жер бетіндегі жел мен (немесе) қысым датчиктерінің жүйесі;
3) биіктікті алу немесе қонуға бет алу кезеңінде әуе кемелерінің борттарынан бақылаулар;
4) әуеайлаққа жақын маңда орналасқан немесе жақында орналасқан биік учаскелерде, матчаталарда немесе мұнарада орнатылған тиісті датчиктер арқылы алынған басқа метеорологиялық ақпарат.
341. Желдің ауысу шарттары әдеттегі мына құбылыстарға байланысты:
найзағай, шағын жел, құйғыш тәрізді бұлттар (торнадо немесе су құйындары) жаппай қарқын;
алдыңғы шептегі бет;
жергілікті топографиялық жағдайлармен күшейтілген қатты жерге жақын жел;
таулы толқындар (соның ішінде әуеайлақ ауданындағы кіші биіктіктерде дауыл қақпалары;
кіші биіктіктерде температуралық инверсиялар.
342. Әуе кемелерінің пилоттары желдің ауысуы туралы хабарларда өздерінің желдің сол кездегі ауысу қарқындылығын субъективті бағалауына негізделген мынандай жіктеу терминдерін пайдаланады: «орташа», «қатты», «өте қатты». Осы тәрізді хабарлар желдің ауысуы туралы ескертулерге өзгеріссіз енгізілуге тиіс.
343. Желдің ауысуы туралы ескертулер (хабарландыру) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде әуеайлақта желдің ауысуы туралы ескертулерді және хабарландыруды жасау үлгісіне (WS WRNG) сәйкес шығарылады және мүдделі тараптарға таратылады.
344. Осы Қағидаларға 10-қосымшадағы үлгіде ескертілген реттік нөмір осы әуеайлақ бойынша ағымдағы күннің 00.01UTC бастап шығарылған желдің ауысуы туралы ескертулердің санын көрсетеді.
345. Осы Қағидалардың 10-қосымшасындағы үлгіде аталған қысқартулардан басқа, мәтінді пайдалану барынша азайтылады. Қосымша ақпарат ИКАО бекіткен қысқартулармен, ашық мәтінде жасалады. ИКАО бекіткен қысқартулар болмаған жағдайда ағылшын тіліндегі ашық мәтін пайдаланылады.
346. Әуе кемесінің бортынан хабарды желдің ауысуы туралы ескертуді дайындау немесе бұрын шығарылған ескертуді растау үшін пайдаланатын жағдайда әуе кемесінің бортынан тиісті хабарды, соның ішінде әуе кемесінің түрін жергілікті келісімге сәйкес мүдделі тараптарға өзгеріссіз тарату қажет.
347. Ұшып келе жатқан әуе кемесінің бортынан, сондай-ақ ұшып кетіп жатқан әуе кемесінің бортынан желдің ауысуы туралы хабар алынғаннан кейін желдің ауысуы туралы екі әртүрлі ескерту болу мүмкін: біреуі келе жатқан әуе кемелері үшін, екіншісі кетіп бара жатқан әуе кемесі үшін.
348. Желдің ауысуы туралы хабарландыру тікелей қашықтықта өлшеудің автоматтандырылған немесе желдің ауысуын анықтаудың жердегі жабдықпен жергілікті келісімге сәйкес мүдделі тараптарға таратылады.
349. Шағын қарқындылықтар желдің ауысуын қашықтықта өлшеу және анықтаудың жердегі жабдықпен анықталған, ол туралы ұшқыштар хабарлаған, бақыланған жағдайда желдің ауысуы туралы ескертуге және хабарландыруға шағын қарқындыққа нақты сілтемені енгізу қажет.
350. Желдің ауысуын анықтау және қашықтықта өлшеудің жердегі жабдықтың ақпараты желдің ауысуы туралы хабарландыруды дайындау үшін пайдаланылса, хабарландыру метеорологиялық уәкілетті орган, ӘҚҰ тиісті уәкілетті органы және мүдделі пайдаланушылардың арасындағы келісімге сәйкес ҰҚЖ нақты учаскелерімен және қонуға бет алу және ұшу траекториялары бойындағы арақашықтықпен байланыстырылады.
351. Күтілетін желдің ауысуы туралы ескерту әуеайлақ ауданында жергілікті географиялық ерекшеліктермен үйлесіп, аэросиноптикалық материалдар бойынша метеорологиялық жағдай желдің ауысу болуына ықпал еткенде жасалады.
Желдің ауысуы туралы ескертулер қабылданған қысқартулармен ашық мәтінде жасалады және ӘҚҰ диспетчерлеріне таратылады және ATIS хабарламаға енгізіледі және осы әуеайлақтан тыс таратылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |