Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет13/15
Дата06.03.2018
өлшемі0,5 Mb.
#11773
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Петри   шынысына   құйылады.   Шыныларға   40-45

0

С-қа   дейін   суытылған   ет-пептонды   агарды   құяды   да,



айналмалы қозғалыспен біркелкі таратады. Қоректік орта тығыздалған соң, термостатқа 35-37

0

С қойылады.



2-3 тәуліктен соң өсіп шыққан микроб колонияларының саны анықталады. Қоректік орта арқылы өткізілген

ауаның көлемін еске ала отыра, ауаның 1 м

3

 көлеміндегі микробтардың саны айқындалады. Микробтардың



ауадағы санын анықтау үшін сусылмалы заттар да, қант ұнтағы т.б. қолданылады. Олармен стерильденген

шыны   түтіктер   толтырылып,   ауаның   белгілі   бір   көлемі   шыны   түтіктер   арқылы   өткізілгеннен   соң,   қант

ұнтағы   стерильді   судың  5  мл-де  ерітіледі  де,   1  мл-і   ЕПА  бар   Петри   шынысына  себіледі.  Ауаның   1  м

3

мөлшеріндегі микробтар саны зерттеуге  алынған ауаның көлемін сусылмалы ұнтақтың ерітілу дәрежесін



және себуге алынған ерітіндінің көлемін ескеру арқылы анықталады.

Топырақтағы   микробтардың   санын   анықтау.  Микроорганизмдер   топырақта   біркелкі

орналаспайды.   Сондықтан   олардың   санын   анықтау   үшін   алынған   үлгілер   стерильді   шыны   сауытта

араластырады. Осы ерітіндінің 1 мл-і 9 мл стерильді суы бар шыны түтікке құйылады.

Ерітінділерді дайындау схемасы:

1. 1 г топырақ + 99 мл стерильді су – 10

-2

2. 1 мл 10



-2

 ерітінді + 9 мл стерильді су – 10

-3

3. 1 мл 10



-3 

ерітінді + 9 мл стерильді су – 10

-4

4. 1 мл 10



-4 

ерітінді + 9 мл стерильді су – 10

-5

Кейінгі   ерітінділердің  1  мл-ін  стерильді  Петри  шыныларына   құйып,  45



0

С   температураға  дейінгі

суытылған   ЕПА   мен   араластырады   да,   тегіс   жазықтықтың   бетінде   қалдырады.   Қоректік   орталар

тығыздалғаннан кейін термостатқа қойылады. 3-4 тәуліктен соң өсіп шыққан микробтар колонияларының

саны анықталады. Алынған топырақ санын сұйылту дәрежесіне көбейту арқылы 1 г топырақ үлгісіндегі

микроьтар саны анықталады.



Әдебиеттер:

1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық

медицина   факультетінде   оқитын   студенттердің   зертханалық   тәжірибе   сабақтарына   арналған   әдістемелік

нұсқауы.   Астана,   2005ж.   46-49   беттер.   2   Асонов   Н.Р.   Практикум   по   микробиологии   //   Москва,

«Агропромиздат».   1988.   С.   72-76.   3   Костенко   Т.С.,   Скаршевская   Е.И.,   Гительсон   С.С.   Практикум   по

ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва,  «Агропромиздат». 1989. С. 94-109.



Бақылау сұрақтары: 1 Судың коли-титрі мен коли-индексі дегеніміз не, оларды қалай анықтайды?

2 Бактериологиялық  зерттеуге  су үлгілерін  алу тәсілдері. 3 Судағы  патогенді  микроорганизмдерді  қалай

анықтайды? 4 Ауа мен топырақты санитарлақ-бактериологиялық бағалауда қандай көрсеткіштерді ескереді?

5 Ауадағы жалпы микробтардың санын анықтау тәсілдері.



Он үшінші зертханалық-тәжірибе сабағы

МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ БИОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Сабақтың  мақсаты:  микроорганизмдердің  биохимиялық  қасиеттерін  анықтауға  арналған  кейбір

тәсілдерін меңгеру.



Материалдар  мен жабдықтар.  Стафилококк, сальмонелла,  эшерихиялардың  таза өсінділері  бар

шыны   түтіктер.   5%-дық   сутегінің   асқын   тотығының   ерітіндісі.   Глюкоза,   лактоза,   сахароза   және   ВР

индикаторы бар қоймалжың ЕПА, ЕПС немесе Гиссаның сұйық қоректік орталары бар шыны түтіктер. Эндо

немесе Левин агары құйылған Петри шынылары. Күкірт сутекті, индолды, аммиакты анықтауға арналған

индикаторлық қағаздар бар ЕПС. Стерильді пинцеттер. Спирт шамдары. Кестелер.

Студенттер   алдыңғы   сабақта   себілген   микроб   өсінділерінен   жағынды   жасап,   оны   Грам   тәсілі

бойынша   бояйды   және   олардың   өсінділік   қасиеттерімен   танысады.   Студенттер   микроорганизмдер

өсінділерінен көмірсулары бар қоректік орталарға сеуіп, олардың қантты ыдырату қасиеттерін анықтайды.

Микроьтардың   протеолиттік   қасиетін   зерттеу   үшін   ЕПЖ   қолданылады.   Индолды,   күкіртті   сутектің,

аммиактың   бөлінуін   анықтау   үшін   ЕПС   бар   шыны   түтіктің   ішіне   индикаторлық   қағазды   тығынның

көмегімен қыстырып қояды. Микробтардың редуцирлеушілік қасиеттерін зерттеу үшін олардың өсінділерін

метилен   көгі   немесе   лакмусы   бар   қоректік   орталарға   себеді.   Бактериялардың   каталазаны   түзу   қасиетін

анықтау үшін олардың агарлық және сорпалық өсінділері қолданылады.

Микроорганизмдердің   биохимиялық   белсенділігі  әр   түрлі   болып   келіп,   жасушалар   түзетін

ферменттердің   қасеттеріне   және   қоршаған   ортаның   жағдайларына   байланысты   болады.   Бактериялардың

биохимиялық қасиеттерін зерттеу жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау үшін орындалатын тәсілдердің

бірі болып табылады.



Микроорганизмдердің   ферментативтік   (биохимиялық)   қасиеттерін   анықтау   тәсілдері.

Бактериялардың  сахаролиттік   қасиеттерін  оларды   әр   түрлі   көмірсулары   мен   индикаторы   бар

дифференциалды   диагностикалық   орталарға   себу   арқылы   анықтайды.   Осы   мақсатта   Гисса   ортасы   жиі

қолданылады.   Әр   түрлі   көмірсулары   бар   орталардың   жиынтығы   (глюкоза,   лактоза,   мальтоза,   сахароза,




дульцит, арабиноза, сорбит және т.б.), майсыздандырылған стерильді сүт, лакмусты сүт, метилен көгі бар сүт

–  «түрлі-түсті   қатар» деп  аталады.  Микроорганизмдердің  өсінділерін  бактериологиялық  ілмектің   немесе

Пастер пипеткасының көмегімен аталмыш қоректік орталарға себеді. Қоректік орталарды белгілі бір уақыт

аралығында   термостатта   ұстағаннан   кейін   ферментациялану   (өзгеріске   ұшырау)   деңгейін   анықтайды:

қоректік орта түсінің өзгеруі (Андредэ индикаторы болғанда қызыл түске өзгереді) көмірсулардың ыдырауы

мен  қоректік  ортада  қышқыл өнімдерінің  түзілуінің  дәлелі  болып  табылады.  Егер  көмірсудың  ыдырауы

кезінде   қышқыл   ғана   емес,   сонымен   қатар,   газ   тәріздес   заттар   пайда   болса,   олар   қалтқының   ішіндегі

сұйықтықтың   белгілі   бір   бөлігін   ығыстырып   шығарады   да,   оның   жоғарғы   бөлігінде   жиналады.

Микробтардың   сахаролиттік   қасиеттерін   анықтау   үшін   көбінесе   көмірсулары   мен   ВР   индикаторы   бар

қоймалжың,   сонымен   қатар   көмірсулары   мен   индикаторлары   бар   тығыз   қоректік   орталар   қолданылады

(Эндо, Левин, Тлоскориев агарлар және т.б.)

Микроорганизмдердің   протеолиттік   қасиеттерін   анықтау   үшін   зерттеуге   алынған   өсіндіні   ЕПЖ,

кәдімгі сүтке, кейде жылқының ұйыған қан сарысуына, тауық  жұмыртқасының коагулирленген белогына

себеді. Тік қатырылған ЕПЖ-не микробтарды бактериологиялық иненің көмегімен қоректік ортаның түбіне

бойлай шаншу арқылы сеуіп, оларды термостатқа орналастырады, ал кейде (микробтың түріне байланысты)

бөлме температурасында қалдырылады. Бактерия ферменттерінің әсерінен желатин протеолизге ұшыраған

шыны   түтіктердегі   қоректік   орта   (ЕПЖ)   сұйылады.   Әр   түрлі   микроорганизмдер   желатинді   түрліше

ыдыратады. Мысалы, сібір жарасының қоздырғышы ЕПЖ воронка түрінде, ал стафилококктар оны шұлық

түрінде сұйылтады.

Микроорганизмдердің  казеинді   гидролиздеу  қабілеті   Эйкманның   сүт   қосылған   агарында

анықталады.   Бұл   агарды   дайындау   үшін   су   моншасында   балқытылған   стерильді   10   мл   ЕПА-на   3   мл

стерильді майсыздандырылған сүтті араластырып, Петри шыныларына құйғаннан кейін суытады. Микроб

өсіндісін осы  қоректік  ортаға бактериологиялық  ілмектің  немесе  шпательдің  көмегімен  себеді. Қоректік

орталар   24-48   сағат   бойы   термостатта   ұсталады.   Казеиннің   пептонизацияға   ұшырауы   –   микроб

колонияларының айналасындағы сүтті агардың мөлдірленуіне  әкеледі. Бактерияларды сүтке себу кезіндегі

протеолиз   сүттің   мөлдірленуіне   және   шыны   түтіктің   түбінде   шырышты   немесе   борпылдақ   тұнбаның

түзілуімен сипатталады.

Бактериялардың  белокты   протеолизге   ұшырату  дәрежесін   ферментация   кезінде   пайда   болған

ыдырау өнімдерінің түрлерін (индол, күкірт сутегін, аммиакты және т.б.) зерттеу арқылы анықтайды.

Индолды  әр   түрлі   тәсілдермен   зерттеуге   болады.   Олардың   ішіндегі   ең   қолайлысы   және   ең

қарапайым тәсілі төмендегі рецептер бойынша дайындалған индикаторлық қағаздарды қолдану.

1 Сүзгіш қағаздың тілімен қымыздық қышқылының 12%-дық судағы қаныққан ыстық ерітіндісімен

ылғалдандырып, ауада кептіреді. Тілімнің мөлшері: 10 х 0,5 см. Олар тығыз тығыны бар шыны сауытта

сақталады.   Индолдың   түзілуін   анықтау   үшін   зерттеуге   алынған   микроб   өсіндісін   шыны   түтіктегі   ЕПС

немесе Хоттингер сорпасы бар қоректік орталарға себеді де, индикаторлық қағаздардың тілімен тығынның

көмегімен   қыстырып   қояды.   Индикаторлық   қағаздардың   ұшын   қоректік   ортаға   тигізбеу   керек.   Шыны

түтіктер   термостатта   13

0

  С-та   1-3   тәулік   ұсталады.   Индолдың   түзілуі   индикаторлық   қағаздың   төменгі



ұшының қызғылт түске боялуымен дәлелденеді.

2   Сүзгіш   қағазды   Эрлих   реактивінің   ерітіндісімен   дымқылдандырады.   Эрлих   реактиві   келесі

қоспалардан тұрады: 3-5 г парадиметиламидобензальдегид, 50 мл 96%-дық спирт – ректификат, 10 мл таза

концентрленген  тұз қышқылы. Осы тәсілмен өңделген  қағаздардың  түсі сары болып, тығыз тығыны бар

шыны сауытта  сақталады.  Индолдың  түзілуі  қағаздың  ұшын  қызғылт түстен  қызыл күрең түске  дейінгі

аралықта   боялуымен   сипатталады.   Басқс   түс   есепке   алынбайды.   Эрлих   реактивінің   көмегімен   индолды

басқа тәсілмен де анықтауға болады. Ол үшін 5 мл 2-3 тәуліктік бактериялардың өсіндісі бар шыны түтікке

эфирдің 2-3 мл-ін қосады да оларды шайқап, тұндыруға қояды. Сонан соң Пастер пипеткасының көмегімен

эфир қабатының астына Эрлих реактивінің 0,5-1 мл-ін қабаттайды. Бұл реакцияға керекті Эрлих реактиві

басқаша дайындалады: 1 г парадиметиламидобензальдегид + 100 мл 96% этил спирті + 20 мл химиялық таза

тұз қышқылы. Индол түзілгенде эфир мен сорпа өсіндісінің шекарасында 3-5 мин ішінде қызыл сақинаның

пайда болады.



Күкірт сутегінің түзілуін анықтау үшін келесі тығыз қоректік орта дайындалады: 1 л стерильді 1,7-

0,2%   ЕПА-ға   0,2   г   күкірт   қышқылды   темір   (FeO

4

),   0,3   г   гипосульфит   натрий,   12   мл   индикаторлық



финохромның   3%   судағы   ерітіндісін   қосады.   Қоректік   ортаны   стерильденген   шыны   түтіктерге   5-6   мл

мөлшерінде   құйып,   буымен   20   минут   аралығында   стерильдейді.   Қоректік   ортаны   қолданар   алдында

балқытады   да,   жазықтықта   суытады.   Бактерияларды   қоректік   ортаны   жазықтығына,   сонан   соң   шаншу

арқылы   оларды   тік   қатырылған   ортаның   төменгі   бөліміне   себеді.   Бактериялар   күкірт   сутегін   бөліп

шығаратын болса, тік қатырылған орта қызыл түске, ал оның төменгі жағы қара түске боялады.

Күкірт сутегін қоректік ортада анықтау үшін 10%-дық сірке қышқылды қорғасынның ерітіндісімен

дымқылданған сүзгіш қағаздың тілімдері қолданылады. Күкіртті қорғасынның пайда болуынан тілімнің ұшы

қара түске боялады.



Аммиакты  анықтау  тәсілдері. 1. Қызғылт  лакмус  қағазын  бактерия өсіндісі  бар шыны түтіктің

ішіне тығынының көмегімен қыстырып қояды. Аммиак болған жағдайда қызғылт лакмус қағаз көк түске

блялады.   2.   Фарфордан   жасалған   шыны   ыдысқа   микробтардың   сорпа   культурасының   бір   тамшысын

тамызып, оны бір тамшы Несслер реактивімен аралыстырады. Аммиактың барында культура мен индикатор




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау