Microsoft Word Путеводитель 2015-16уч г. дневное обучение каз doc



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата19.11.2018
өлшемі1,35 Mb.
#20675
1   2   3   4   5   6   7   8

 

7

студенттің Элективті пәндер каталогынан (ЭПК) міндетті компонент пәндеріне 



қосымша  таңдап  алған  пәндері.  Міндетті  компонент  пәндері  Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  жалпы  міндетті  білім  стандарттарымен  және 

Типтік  оқу  жоспарымен  реттемеленеді  және  студент  оны  міндетті  түрде 

зерделеу керек. 

Тіркелу  нәтижесі  жеке  оқу  жоспарын  (ЖОЖ)  қалыптастыру  болып 

табылады,  онда  міндетті  компоненттің  де,  таңдау  бойынша  оқылатын 

компоненттің

 

де (элективті пәндердің) оқу пәндері (кредиттер саны көрсетіліп) 



белгіленеді.  Білім  алушыларды  элективті  пәндерді  зерделеуге  тіркеуді 

деканаттар  мен  эдвайзерлер  ұйымдастырады;  студенттердің  тіркелуін 

бақылауды Тіркеуші офисі жүзеге асырады.   

2015-16 оқу жылында элективті пәндерге тіркелу мерзімдері: 

- 1 курс студенттері үшін – 2015ж. 25-29 тамызында, 

- 2, 3, 4 курс студенттері үшін – 2016ж. 07 – 26 наурыз аралығында. 

Студент  таңдаған  мамандандыру  есепке  алынып,  ЖОЖ  әрбір  оқу 

жылына  құрылады.  ЖОЖ  негізінде  академиялық  ағымдар  мен  топтар 

құрылады, ал егер қандай да бір немесе тағы басқа бір пәнге жазылғандар саны 

жеткіліксіз  болса,  студенттерге  ЖОЖ  түзету  қажеттілігі  туралы  мәлімет 

беріледі.   

ЖОЖ-ның  дұрыс  құрылуына  студенттер  толық  жауапты.  Жіберілген 

қателер  табылған  жағдайда,  эдвайзерге  немесе  Тіркеуші  офисіне  жедел  түрде 

ақпарат беру қажет. 

Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ-де  студенттердің  элективті  курстарға 

электронды  жазылу  жүйесі,  сондай-ақ  студенттер  таңдауын  тіркеудің  және 

ЖОЖ  құрудың  электронды  жүйесі  жұмыс  істейді.  Аталған  жүйе  туралы 

Анықтамалық-жолсілтеменің 9-тарауында жазылған.   

 

4

 

Студенттердің білімін бақылау және бағалау жүйесі 

 

 



Кредиттік оқу технологиясы  кезінде студенттердің білімін бақылау 

және  бағалау  балл-рейтингтік  бағалау  жүйесі  бойынша  жүзеге  асырылады,  ол 

семестр ағымында төмендегі бақылау түрлерін ұйғарады

 



ағымдық; 

 

межелік  (онда  балл  қойылады  –  межелік  бақылау  1  және  межелік 



бақылау 2); 

 

қорытынды (емтихан).  



Бұл  кезде  семестр  ағымындағы  бақылауға  қорытынды  бағадан  –  60%,  ал 

емтиханға  –  40%  беріледі.  Студенттің  білімі  әріптік  бағалау  жүйесі  бойынша 

бағаланады,  ол  100  балл  шәкілі  бойынша  белгіленген  балл  санына  және  төрт 

балл жүйесі бойынша  цифрлік баламаға сәйкес келеді.  Аталған бағалау жүйесі 

1-кестеде  көрсетілген.  Әріптік  бағалау  баламасы  және  оның  төрт  балл  шәкілі 

бойынша  белгіленетін  мәні  академиялық  кезеңнің  (семестрдің)  қорытындысы 

бойынша студенттің сынақ кітапшасына қойылады.       

 

 



 


 

8

1-кесте – Білім алушының оқу жетістіктерін әріптік бағалау жүйесі 



 

Әріптік жүйе 

бойынша 

бағалау 


Цифрлік балл 

баламасы 

%-дық мәні (100 балл 

шәкілі бойынша балл 

саны) 

Дәстүрлік жүйе 



бойынша бағалау 

А 

4,0 



95-100 

Үздік 


А- 

3,67 


90-94 

В+ 


3,33 

85-89 


Жақсы 

В 

3,0 



80-84 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағаттанарлық 

С 

2,0 


65-69 

С- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59 

1,0 



50-54 



0-49 

Қанағаттанарлықсыз 

 

Ағымдық бақылау – бұл кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес студенттер 

білімін жүйелі түрде тексеру.  Аталған бақылау түрін оқытушы сабақ кестесіне 

және өздік жұмысы графигіне орай дәрісханалық және дәрісханадан тыс өтетін 

сабақтарда  барлық  оқу  семестрі  ағымында  жүзеге  асырады.  Ағымдық  бақылау 

студенттің күн сайынғы әдеттегі жұмысын ынталандыруға арналған.  Ағымдық 

бақылау 


түрлері 

жеке 


үй 

тапсырмаларын, 

зертханалық-тәжірибелік 

жұмыстарды  орындау  және  тапсыру,  дәріс  алған  кезде  жедел  сауалдамаға 

ауызша  жауап  беру,  дәрістер  конспекттілерін  жасау,  сабақтарға  қатысу  және 

т.с.с болып табылады. Ағымдық бақылау түрлері және олардың саны пәндердің 

ерекшеліктеріне  байланысты.  Пәндер  бойынша  жасалған  силлабуста  ағымдық 

бақылау түрлері және олардың әрқайсысын орындағаны үшін белгіленген балл 

саны  міндетті  түрде  көрсетілген.  Семестр  басында  алғашқы  сабақтарда 

оқытушы  студенттерді  ағымдық  бақылау  түрлерімен  және  аталған  бақылау 

түрлері  бойынша  балл  бөлумен,  сондай-ақ  оларды  тапсыру  мерзімімен 

таныстыру  керек.  Оқытушы  әрбір  студенттің  нақты  балл  санын  тиісті  бақылау 

түрі бойынша, оның білім және білгірлік деңейіне байланысты қояды.   

Межелік  бақылау  –  бұл  бір  оқу  пәнінің  үлкен  тарауын  аяқтаған  кезде 

студенттің  оқу  жетістіктерін  бақылау.  Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ-да 

аталған  бақылау  түрі  бір  семестрде  екі  рет  өткізіледі  (Академиялық  күнтізбені 

қара,  Анықтамалық-жолсілтеменің  11-тарауы)  және  100  балл  шәкілі  бойынша 

қойылатын  Межелік  бақылау  1  (МБ1)  және  Межелік  бақылау  2  (МБ2)  балл 

түрінде  белгіленеді.  Әрбір  межелік  бақылау  (рейтинг)  бағасы  студенттің 

ағымдық  бағаларынан,  бағалау  кезеңіңде  алған,  және  межелік  тест  үшін  алған 

бағасынан құралады. МБ1 (МБ2) үшін максималды балл – 100 балл. 



Қорытынды  бақылау  (сессиялық  емтихан)  –  студенттердің  білімін, 

олардың  пән  және  оның  барлық  тақырыптары  мен  тарауларының  өзара 

байланысы  туралы  біртұтас  ұғымын  жүйелендіру  үшін  арналған.  Қорытынды 

бақылау  емтихан  сессиясы  кезінде  емтихан  түрінде  жүргізіледі  (Академиялық 




жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау