Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет15/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46

 
34 
Ерекше  білім  беруде  қажеттіліктері  бар оқушылардың оқу  жетістіктерін 
критериалды бағалау жүйесі:  
− 
оқу  бағдарламасының  мазмұнымен  салыстыру  арқылы  білім 
алушылардың  тиісті  білім  деңгейін  меңгергенін  бағалау.  Ол  екі  деңгейден 
тұруы  тиіс:  критериалды  бағалаудың  бірінші  деңгейі  базалық  мазмұнды 
қамтиды, екіншісі - ілгері деңгей (кәсіпалды және кәсіби), кәсіби дайындықты 
көздейтін  негізгі  білім  мазмұны  аясын  қамтиды.  Инклюзивті  білім  берумен 
қамтылған  балалардың  басым  көпшілігі  интеллектісі  сақталған  балалар  және 
олардың арасында білім алуда биік жетістіктерге жеткен балалардың бар екенін 
ескерсек, екінші ілгері деңгей оларға қолжетімді;  
−  әрбір  оқушының  жалпы  үлгеріміндегі  өзгерістерді  анықтаумен  қатар, 
оның  әр  саладағы  танымдық  белсенділігінің  динамикасын  қадағалап  отыру 
шарт (ақпаратты қабылдау, ақпаратты өңдеу, өз ойын шығармашылық тұрғыда 
жеткізу  және  бейнелеу,  т.б.);  Ерекше  білім  беруде  қажеттіліктері  бар 
оқушының  оқу  барысындағы  қиындықтары  мен  қажеттіліктерін,  оқу 
үлгеріміндегі  ауытқушылықтардың  себебін  күнделікті  бақылай  отырып, 
оқушының  білім  деңгейі  мен    МЖМБС  талаптары  арасындағы  алшақтықты 
барынша азайту; 
−  оқушының үлгерімі жайлы ақпарат нақты әрі мазмұнды болуы қажет, 
сонымен қатар тек мұғалім ғана емес, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар 
оқушы да өз үлгерімі туралы ақпараттан хабардар болуы тиіс. Тиісінше оқушы 
өз бағасын мұғалімнің бағасымен салыстыра отырып, өз қабілетіне сенім пайда 
болады және мұғалімнің объективтілігіне көзі жетеді; осы әрекет баланың өзіне 
деген  сенімсіздігінің  алдын  алады  және  алдағы  уақытта  өз  қабілетін  толық 
ашуына ықпал етеді; 
−  әсіресе  ерекше  білім  беруде  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін  бағалау  көп  деңгейлі,  көп  балды,  дүниежүзілік  бағалау 
тәжірибесіне  бейімделген  болуы  тиіс,  себебі  мұндай  оқушылар  сараланған 
көзқарасты қажет етеді; 
−  белгіленген  уақыт  аралығында  балл  жинау  механизмін  енгізу  арқылы 
оқу  процесінің  бірізділігін  қамтамасыз  ету;  қажет  болған  жағдайда  ерекше 
білім беруде қажеттіліктері бар оқушыларға қосымша уақыт беріледі; 
−  мұғалім,  оқушы,  ата-ана,  сынып  жетекші,  сонымен  қатар  мектептің 
педагогикалық  ұжымы  мен  басқармасы  арасында  тығыз  байланыс  орнатылуы 
қажет. Бұл ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушының оқу процесіндегі 
мәселелеріне  жедел  түрде  назар  аударуға  және  қажет  болған  жағдайда 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін керек болып табылады; 
−  ерекше  білім  беруде  қажеттіліктері  бар  оқушы  үшін  мектеп 
бағдарламасының тиісті деңгейлері бойынша қойылатын талаптар жалпы орта 
білім  алатын  барлық  оқушы  үшін  білім  деңгейіне  қойылатын  талаптармен 
бірдей болуы тиіс.  
Себебі  ерекше  білім  беруде  қажеттіліктері  бар  оқушылар  жалпы  білім 
беру  ұйымын  аяқтағаннан кейін жалпы  мектепті  аяқтағаны  туралы орта  білім 
аттестатын алады; 


 
35 
−  мұғалім,  сынып  жетекші,  ата-ана,  мектеп  басшылығы  және  бәрінен 
бұрын  оқушының  өзі  оқу  іс-әрекеттерін  ұйымдастыруда  бірлескен  тығыз 
байланыста  қарым-қатынас  орнатулары  шарт;  ерекше  білім  беруде 
қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру мектептеріне түбегейлі тарту, 
оны қоршаған ортасының түсіністігі мен қолдауын қажет етеді; 
−  оқушының психикасына қамқорлықпен қарап, оқушының іс-әрекеттері 
мен  талаптарына  шыдамдылық  таныту  қажет,  оның  психикасына  нұқсан 
келтіретін  жағдайлардың  алдын  алу  маңызды.  Бұл  ерекше  білім  беруде 
қажеттіліктері бар оқушының білім алуына қолайлы жағдайлардың жасалуына 
ықпал етеді [19].  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
36 
5  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ерекше  білім  беруде  қажеттіліктері 
бар  балалардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  критерийі  және 
өлшемшарттары  
 
Білім беру мазмұнын жаңартуға көшуге байланысты білім алушылардың 
жетістіктерін бағалау жүйесі де өзгереді, оқыту нәтижесін қадағалаудың жаңа 
формалары енгізіледі.  
Білім  алушылардың  білімін  бағалау  өлшемшарттары  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  «Білім  алушылардың  білімін 
бағалау  өлшемшарттарын  бекіту  туралы»  2016  жылғы  21  қаңтардағы  №  52 
бұйрығымен бекітілді [29].  
Тілдік  емес  пәндер  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін 
бағалаудың  бекітілген    өлшемшарттары  оқу  материалын  меңгерудің  түрлі 
деңгейлерін бағалауға негізделген. 
Тілдік  пәндер  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  
өлшемшарттары Блум таксономиясына негізделген.  
Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау    өлшемшарттары  білім 
берудің барлық деңгейлері бойынша әзірленді.  
Сонымен  қатар,  бағалаудың  өлшемшарттары  мен  параметрлерін 
анықтайтын  критериалды  бағалау  жүйесінің  ғылыми  негізі,  білім  беру 
процесіне  тұжырымдамалық  тәсілдері  «2016-2017  оқу  жылында  Қазақстан 
Республикасының  жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдарында  оқу  процесін 
ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген 
[30].  
2016-
2017оқу  жылында  бүкіл  ел  бойынша  1-сыныптарда  критериалды 
бағалау жүйесі енгізілетін болады.  
Білім алушылардың шынайы қол жеткізген нәтижелерінің жоспарланған 
оқыту  мақсатына  сәйкестігі  дәрежесін  орнатумен,  алдын  ала  белгілі  болған 
өлшемшарттарға сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау ерекше 
қажеттілігі бар балалар үшін де жалғасады.  
Сонымен білім алушылардың тұлғасы емес, тек жұмысы ғана бағаланады; 
оқушының  жұмысы  басқа  оқушы  жұмысымен  емес,  эталонмен  (өте  жақсы 
орындалған  жұмыс  түрімен)  салыстырылады;  эталон  оқушыларға  алдын-ала 
белгілі  болады.  Неге  оқытты  соны  ғана  бағалауға  болады,  сондықтан  бағалау 
өлшемдері – оқу мақсаттарының нақты көрінісі.  
Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін критериалды бағалау жүйесі бағалау 
рәсімінің  сол  тәртібі  мен  құрылымын,  сонымен  қатар,  бекітілген  бағалау 
өлшемшарттарын болжайды.  
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық 
бағалауды құрайды.  
Қалыптастырушы бағалау түрлі формада (ауызша сұрақ, жазбаша жұмыс, 
тәжірибелік  жұмыс  және  т.б.)  жүзеге  асады  және  жиынтық  бағалауды 
өткізгенше  мұғалім  мен  оқушыларға  оқыту  процесін  түзетуге  және  мүмкін 
болатын  олқылықтар  мен  кемшіліктерді  жоюға  мүмкіндік  береді.  Оқу 
тоқсандары ішінде жүргізіледі. 


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау