Методические рекомендации по предупреждению и профилактике бытового насилия органами внутренних дел қостанай 2016



жүктеу 456,13 Kb.
Pdf просмотр
бет3/25
Дата19.11.2018
өлшемі456,13 Kb.
#20902
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

10


11
ЖƏБІРЛЕНУШІ - өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық
пен  моральдық  зардап, дене  зардабы  жəне (немесе) мүліктік  зиян
келтірілді  деп  ұйғаруға  негіз  бар  жеке  адам  (ҚР  04.12.2009  жылғы
№214  «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы  туралы»
Заңының 1-б. 1-т.) (бұдан əрі - Заң).
КӨМЕК  КӨРСЕТУ  ЖӨНІНДЕГІ  ҰЙЫМДАР - осы  Заңға
сəйкес  жəбірленушілерге  арнаулы  əлеуметтік  қызметтер  жəне
(немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Заңның 1-
б. 1-1-т.).
ҚОРҒАУ 
НҰСҚАМАСЫ
жəбірленушінің 
қауіпсіздігін
қамтамасыз  ету  мақсатында  жəне  əкімшілік  ұстауды  жүргізу  не
Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  көзделген  тəртіппен  ұстау  үшін
негіздер болмаған кезде алдын алу шаралары (Заңның 20-б.).
ҚЫЛМЫС деп осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары,
бас  бостандығын  шектеу, бас  бостандығынан  айыру  немесе  өлім
жазасы  түріндегі  жазалау  қатерімен  тыйым  салынған  айыпты
жасалған, қоғамға  қауіпті  іс-əрекет (əрекет  немесе  əрекетсіздік)
танылады (ҚР ҚК-нің 10-б. 2-б.).
ҚЫЛМЫСТЫҚ  ТЕРІС  ҚЫЛЫҚ  деп  қоғамға  зор  қауіп
төндірмейтін, болмашы  зиян  келтірген  не  адамның  жеке  басына,
ұйымға, қоғамға  немесе  мемлекетке  зиян  келтіру  қатерін  туғызған,
оны  жасағаны  үшін  айыппұл  салу, түзеу  жұмыстары, қоғамдық
жұмыстарға  тарту, қамаққа  алу  түріндегі  жаза  көзделген, айыпты
жасалған іс-əрекет (əрекет не əрекетсіздік) танылады (ҚР ҚК-нің 10-
б. 3-б.).
ПРОБАЦИЯЛЫҚ  БАҚЫЛАУ - уəкілетті  мемлекеттік  орган
жүзеге  асырады  жəне  сот  шешімі  бойынша  сотталған  адамның;
сотталған  адамның  мінез-құлқын  бақылауды  жүзеге  асыратын
уəкілетті  мемлекеттік  органға  хабарламай, тұрақты  тұрғылықты
жерін, жұмысын, оқуын  ауыстырмау; белгілі  бір  орындарға  бармау;
алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс  жолдары
арқылы  берілетін  аурулардан  емделу  курсынан  өту; отбасын


12
материалдық қолдауды жүзеге асыру мiндеттерiн; сотталған адамның
түзелуіне  жəне  оның  жаңа  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
жасауының  алдын  алуға  ықпал  ететін  басқа  да  міндеттерді
орындауды қамтиды (ҚР ҚК-нің 44-б. 2-б.).
ҚҰҚЫҚ  БҰЗУШЫНЫҢ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА  ЕРЕКШЕ
ТАЛАПТАР  БЕЛГІЛЕУ – əкімшілік-құқықтық  əсер  етудің шарасы
болып  табылады  жəне  əкімшілік  жаза  қолданумен  қатар, сондай-ақ
əкімшілік 
құқық 
бұзушылық 
жасаған 
адам 
əкімшілік
жауапкершіліктен  босатылғанла  оның  орнына  да  қолданылады
(Заңның 22-б. Жəне ҚР ҚƏҚБК-нің 54-б.)
ТҰРМЫСТЫҚ_ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ'>ТҰРМЫСТЫҚ  ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ - отбасы-тұрмыстық
қатынастар  аясында  бір  адамның  басқаға (басқаларға) қатысты  дене
зардабы жəне (немесе) психикалық зардап келтіру қаупі бар құқыққа
қарсы қасақана  əрекеті (іс-əрекеті немесе  əрекетсіздігі) (Заңның 1-б.
3-т.).
ТҰРМЫСТЫҚ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ
ПРОФИЛАКТИКАСЫ
-
тұрмыстық
зорлық-зомбылық
профилактикасының  субъектілері  жүзеге  асыратын, отбасы-
тұрмыстық  қатынастар  аясында  адамның  жəне  азаматтың
конституциялық  құқықтарын, бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін
қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жəне жолын
кесуге, сондай-ақ  оларды  жасауға  ықпал  ететін  себептер  мен
жағдайларды  анықтауға  жəне  жоюға  бағытталған  құқықтық,
экономикалық, əлеуметтік жинағы (Заңның 1-б. 4-т.).
ТҰРМЫСТЫҚ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ
ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ  СУБЪЕКТІЛЕРІ - тұрмыстық
зорлық-зомбылық  профилактикасын  жүзеге  асыратын  мемлекеттік
органдар, жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары, ұйымдар  жəне
Қазақстан Республикасының азаматтары (Заңның 1-б. 5-т.).
ТҰРМЫСТЫҚ 
ҚАТЫНАСТАР – ерлі-зайыптылар
арасындағы, бұрын  ерлі-зайыпты  болғандардың, бірге  тұратын,
жақын  туыстарымен  тұратын  тұлғалар  мен  ортақ  балалары  бар
тұлғалар арасындағы қатынастар (бала) (ҚР ƏҚБК-нің 73-б. жəне 1-б.
2-б.).


13


14
ІРІ  ЗАЛАЛ (ІРІ  МӨЛШЕР)  -  ҚР  ҚК  204  б.  «Бөтеннің  мүлкін
абайсызда жою немесе бүлдіру» - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз
есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері (ҚР ҚК-нің 3-б.).
ЭЛЕКТРОНДЫҚ 
ЖЕТКІЗГІШ – есептеу 
техникасы
құралдарының  көмегімен  өңделетін  ақпаратты  жазу, сақтау  жəне
тыңдап-көрсету  үшін  пайдаланылатын  материалдық  жеткізгіш (ҚР
ҚК-нің 3-б.) [3; 4; 5; 6].


15
2. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қазақстан  Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы
«Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы  туралы» №214
Заңының 4-бабына сəйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету,
психологиялық, сексуалдық  жəне (немесе) экономикалық  зорлық-
зомбылық түрінде болуы мүмкін.
2.1 Күш көрсету зорлық-зомбылығы
Күш  көрсету  зорлық-зомбылығы  – күш  қолдану  жəне  дене
жарақатын келтіру арқылы денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
Ішкі  істер  органдары  қызметкерлерінің  көпшілігі  күш  көрсету
зорлық-зомбылығынан жапа шеккендер ғана олардан көмек сұрайды
деп ойлайды.
Əдетет  ер  адамдармен  салыстырғанда, əйелдер  мен  балалар
отбасындағы 
зорлық-зомбылықты 
əлсіз, жүрегіне 
жақын
қабылдайды. Алайда  зорлық-зомбылықтан  кез  келген  адам  жапа
шегуі  мүмкін – ерлер  немесе  əйелдер, балалар, жасөспірімдер,
ересектер, жасы  келген  адамдар  немесе  мүмкіндіктері  шектеулі
жандар.
Күш  көрсету  зорлық-зомбылығы – ол  басқа  адамның  еркінен
тыс жасалған оның ағзасына құқыққа қарсы қоғамға қауіпті əсер ету.
Сипаты  бойынша  ол  соққы, ұрып-соғу, жарақаттау  немесе  күш
қолдану арқылы адам денесінің сыртқы терісіне əсер ету, суық қару
қолдану  немесе  өзге  де  заттар, сұйықтықтар, т.б. қолдану, сонымен
қатар  сыртқы  терісін  жарақаттамай, ішкі  ағзаларына  əсер  ету
(мысалы, уландыру) түрінде  болуы  мүмкін. Қылмыстық  зорлық-
зомбылық  іс-əрекеттері  жəбірленушіге  келтірілген  дене  зиянын
мөлшеріне қарай өзара ажыратылады.
Күш  көрсету  зорлық-зомбылығы – балаға  зорлық-зомбылық
көрсетудің  кең  тараған  түрі. Көп  жағдайда  күш  көрсету  зорлық-
зомбылығы  дене  жазалауы  түрінде  жүзеге  асырылады. Күш  көрсету
зорлық-зомбылығы  мен  дене  жазалуы  арасындағы  айырмашылық
нақты  өмірде  емес, қоғамдық  санада берік  қалыптасқан. Зорлық-


жүктеу 456,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау