Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту:
Оқу процесінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін
қолдану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік
береді. Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын
алдында білім алушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі
педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын
ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Білім
алушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған
ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін
сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре
білуіне, өзіндік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына
мүмкіндік беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |