Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



жүктеу 4,97 Mb.
Pdf просмотр
бет14/141
Дата09.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#31925
түріМетодические рекомендации
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   141
аәтд

Презентациялар  (таныстырылым)  – 
сабақта  жиі  қолданылатын  және 
қарапайым  әдіс  түрі.  Бұл  оқушылардың  өздері  дайындаған  слайдтарды 
тақырыптар бойынша дайындайды және көрсетеді. 
Мысал
:  Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  сабағында 
«Әскери топография» тақырыбын мысал ретінде келтіреміз. 
Карта бойынша жұмыс: 
Топографиялық карта туралы түсінік. Картамен жұмыс істеу. 
Мақсаты:  оқушыларды  топографиялық  карта  туралы  түсінікпен  және 
оның атқаратын қызметімен таныстыру. 
Оқу сұрақтары: 
1. Топографиялық карта және оның масштабы туралы түсінік.  
2. Карта масштабының атқаратын қызметі және көлемі. 
Топографиялық  карталардың  георгафиялық  карталардан  басты 
айырмашылығы  –  олардың  масштабтарында.  1:25  000  –  1:100  0000  дейінгі 
масштабтар топографиялық карталарға жатады. 
Карталар  әскери істе  кеңінен  қолданылады.  Олар  жергілікті  жер  туралы 
ақпарат  беретін,  әскерлердің  ұрыстық  әрекеттерін  қамтамасыз  ететін  басты 
құрал  болып  табылады.  Ол  мотоатқыштар,  артиллерияшылар,  ракеташылар, 
танкішілер,  ұшқыштар  мен  басқа  да  мамандарға  қажет.  Топографиялық  карта 
бойынша  жергілікті  жерде  бағдарлап,  ұрыс  жүргізуге  қажет  шешімдер 
қабылданады,  марштық  жорықтар  іске  асырылады;  артиллерияның 
зымырандарды ұшыруларына қажет мәлімттер жинақталады; жергілікті жерде 
инженерлік  бекіністерге  қажет  өлшемдер  мен  есептер  жүргізіледі;  нысан 
координаттары және бағыт тұсы анықталады. 
Әскери топография 
Әскери  топография  бойынша  сабақ  оқу  орнының  ауласында  немесе 
жергілікті  жерде  өткізіледі.  Оқытушы  алдымен  көкжиек  тұстарын,  өзінің 
тұрған жерін бағдарлармен салыстыра отырып анықтау тәсілдерін айтып беріп, 
компаспен  жұмыс  істеу,  бағытты  (азимуты)  анықтау  және  өзінің  орналасқан 


25 
 
жері  туралы  мәлімдеуді  іс  жүзінде  көрсетеді.  Содан  кейін  аталған  тәсілдерді 
оқушылардың өздері орындап жаттығады [9]. 
Қорытынды  сабақта  оқушылар  «Азимут  бойынша  қозғалу»  сұрағын 
қарастырады. 
Тарауды оқу барысында оқушылар көкжиек тұстарын және өзінің тұрған 
жерін  анықтап,  ол  туралы  салыстырмалы  түрдегі  бағдарлар  мен  жергілікті 
заттармен  салыстыра  отырып  мәлімдеп,  сондай-ақ  берілген  азимут  бойынша 
қозғалу біліктілігін игереді. 
Қозғалыс  бағытын  (азимутты)  жергілікті  жерде  анықтау  тәртібімен 
танысады. 
Әскери топография бойынша сабақта оқушылардың бойында тапқырлық, 
ізденгіштік және өзіндік әрекет ете білу қасиеттері тәрбиеленеді. 
1-
кесте 
«Әскери топография» тарауын оқу кезіндегі тақырыптар атауы және сағат 
саны 
 
Тақы
рып 
нөмі
рі 
Тақырып атауы мен оқу 
сұрақтарының мазмұны 
Сағат 
саны 
Оқыту 
әдісі 
Оқу  
материалы 






Жергілікті  жерде  картасыз 
бағдарлау. 
1-
сабақ.
 
Бағдарлану  туралы 
түсінік. 
Компас, 
аспан 
жарықтары  және  жергілікті 
заттар  бойынша  бағдарлану. 
Өзінің  орналасқан  орны  туралы 
мәлімдеу. 

Әңгімелеу, 
көрсету, 
әңгімелеу, 
жаттығу 
АӘТД 
оқулығы, 
6-
тарау, § 1. 
 

Магнитті азимутты анықтау. 
2-
сабақ.
 
Азимут  эжәне  оны 
анықтау.  Көкжиек  тұстарын 
және 
бағытты 
(азимутты) 
жергілікті  заттар  бойынша 
анықтауға жаттығу. 

Әңгімелеу, 
көрсету, 
әңгімелеу, 
жаттығу 
АӘТД 
оқулығы, 
6-
тарау, § 2. 
 

Қазіргі  заманғы  бағдарлану 
құралдары (1 сағ.) 

жүктеу 4,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау