Билет10
№1 Метил спирті – көптеген өнімдерді алуға қолданылатын өте қажетті қосылыс. Метил спирті таза күйінде еріткіш ретінде жəне мотор отынына қоспа ретінде қолданылады. Молекулалық массасы – 32. Қайнау температурасы – 65,5 С, тығыздығы – р =793 кг/м3. Метанол буының ауамен қоспасының жарылу шегі – 5,5-36,5 %.
Метанолы алудың негізгі екі тәсілі белгілі:
1.Ағаш ұнтағын жəне лигнинді құрғақ айдау
2. Құмырсқа қышқылының тұздарының термиялық ыдырауы жəне метанның катализатордың бетінде, не катализаторсыз қысым жағдайында толық емес тотығуы
Метанол процесін 3 этапқа бөліп қарастыруға болады:
1. Бірінші этапта газдан күкіртті тазалау жүреді. Бұл процесс гидросульфуризация деп аталады. Газды күкірттен тазалау маңызды, себебі күкірт табиғи газға қажетті никель катализаторлары үшін у болып табылады.
2. Екінші этапта табиғи газ синтез-газға айналады. Суығаннан кейін су буы конденсациясында газ сығылады.
3. Үшінші этапта метанолдың каталитикалық синтезі жүреді. Реактордан шығатын газ құрамында 3-5% метанол болады, одан соң газ суып, реакция өнімі конденсирленеді
Метанол синтезі:
1. Аммиак жəне метил спиртін синтездеу əдісінің технологиясы бірдей болғандықтан, аппаратура құрылысы жəне технологиясы екеуін де синтездеуге арналған.
Технологиялық параметрлері: Т= 350-400С Р = 20-30 МПа V = 35000-40000 сағ-1 kat = мырыш-хром ZnO + Cr2O3
2. Құрамында мысы бар катализатордың тұрақтылығы төмен. Бұл катализатордың активтілігіне газдық құрамындағы аздаған мөлшерде СО2 болуы оң əсер етеді.Бір циклде метанолдың шығымы 4% шамасында.
Технологиялық параметрлері: Т = 210-300С Р = 5-10 МПа V = 8000 - 10000 сағ-1 Метанол түзілу реакциясының тепе-теңдігі.
Метанол алу процессі сутегі мен көмірқышқыл газының əрекеттесуіне негізделген:
2Н2 + СО « СНзОН + 111кДж . Реакция тура және кері бағытта да жүруі мүмкін.
Метанол қолданылуы: Метанол өндірісте формальдегид, полимерлер, бояғыш заттар, фармацевтикалық препараттар алу үшін; бояулар мен лактарды ерітетін еріткіш ретінде; этил спиртін денатурациялануда қолданылады; антифриз құрамына кіреді;
Медицинада: Ол криобиологияда криопротектор ретінде кеңінен қолданылатын іш жүргізетін жəне құрғататын агент ретінде қолданылады.Ол глициринде ерітілген түрінде болады. Сумен (кез келген қатынаста), спиртпен, бензолмен, ацетонмен, т.б. органикалық еріткіштермен оңай араласады. Синтез-газдан катализдік реакция арқылы алынады. Формальдегид, сірке қышқылы, əр түрлі эфирлер алуда, бояғыш заттар мен дəрілік заттарды ерітуде, отынға қоспа ретінде қолданылады. Метанол əсерінен көз торлары, көру жүйкелері зақымданады, ал кейде емделмейтін соқырлық ауруы пайда болады ;
Метил спиртімен жұмыс істегенде, оның өте улы екенін үмытпау керек. Бірнеше грамынан адам сокыр болады, одан көбірек болса, уланып өледі. Метил спирті клеткалар мен ұлпалардағы тотығу тотықтыру процестері мен қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті бұзады.
№2 Жоғары жəне тұрақты өнім алу үшін топыраққа қосатын, құрамында өсімдіктердің қоректенуі үшін қажетті элементтері бар тұздарды тыңайтқыштар деп атайды. Өсімдіктердің құрамына 60-тай химиялық элементтер кіреді. Өсімдіктер өсіп өну үшін біріншіден көміртек, оттек, сутек керек. Бұлар өсімдіктің негізін кұрайды. Одан кейін N2, Р, К, Mg, S, Са, Ғе. Тыңайтқыштар пайда болу тегіне байланысты жіктеледі:
· Минералдық- Табиғи жəне өндірісте өндірілетін минералды тұздар жатады.
· Органикалық- Көң, Қи, Тезек
· Органо-минералдық-органикалық жəне минералдық тыңайтқыштардың қоспасы. шымтезек. · Бактериалдық-топыраққа сіңімді қоректік элементтердің түрін түзетін бактериялар.
Достарыңызбен бөлісу: |