Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты



жүктеу 122,66 Kb.
Дата29.05.2018
өлшемі122,66 Kb.
#18325

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ ПАСПОРТЫ

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсететін қызметтер стандарты бойынша істелген


1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы


«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру»

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ауданның, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт ұйымдарының спортшылары мен қызметшілері



4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз жүзінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Халыққа қызмет көрсету орталығы


6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

  • Қызмет алушы ХҚКО-на құжаттар тапсырады.

  • ХҚКО-на құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күн;

  • ХҚКО-на жүгінгенде, құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енбейді;

  • құжаттар пакетін өткізу үшін максималды ұйғарынды күту уақыты – 15 (он бес) минут;

  • максималды ұйғарынды қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

  • ХҚКО жұмыс кестесі – дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, демалыс және мерекелік күндерден басқа күндері.

  • Мемлекеттік қызмет «электрондық кезек» тәртібінде, жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға мүмкіндік бар ;

  • Құжаттарды қабылдау барысында ХҚКО қызметшісі құжаттардың жаңғыртылған электорндық көшірмелерін түпнұсқаларға сәйкестігін салыстырып қарайды, содан соң түпнұсқаларын қызмет алушыға қайтарады.

  • Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандартымен көзделген тізімге сәйкес, толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда, ХҚКО қызметшісі өтініш қабылдаудан бас тартады.

  • ХҚКО-да қызмет алушыға дайын құжаттарды беру, оның қызметшісімен қолқат негізінде, жеке куәлігі мен сенімхат (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынғанда жүзеге асырылады.

7

Қажетті құжаттар

  • ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. «2 разряд спортшысы», «3 разряд спортшысы», «1 жасөспірімдік разряд спортшысы», «2 жасөспірімдік разряд спортшысы», «3 жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

  • бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты;

  • спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

  • көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

  1. «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

  • осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

  • кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

  • жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

  • осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда);

  • спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда);

  • көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

  1. «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

  • осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

  • кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

  • жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

  • көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

  1. «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

  • осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

  • білімі туралы дипломның көшірмесі;

  • жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

  • спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, облыстық федерация болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат;

  • көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

  1. «Спорт төрешісі» төреші санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

  • жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін керек);

  • осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

  • Қазақстан Республикасының спорттық жіктемесінің талаптарына сәйкес төрешілік тәжірибесін (курстар, семинарлардан өткенін) растайтын құжат;

  • көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

  • Спорттық атақ беру туралы куәлік, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спотшыларға санаттар беру туралы куәлік, спорттан төреші санатын беру туралы куәлік жоғалған жағдайда, көрсетілген қызметті алушы ХҚКО-да осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанды толтыруы тиіс.

  • Көрсетілетін қызметті алушының, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерін ХҚКО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

  • ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жазбаша келісім алады.

  • Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері түпнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

  • ХҚКО арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

  • сұраудың қабылданған күні мен нөмірі;

  • сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

  • қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;

  • құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

  • құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

  • көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және олардың байланыс телефондары.

  • ХҚКО-да дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға оның қызметкері қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын құжатын және сенімхатты (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде береді. Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға келмесе, ХҚКО оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.

  • Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға дайын құжаттарды алуға бір ай өткен соң жүгінсе, ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салу жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, содан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады.

8

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Тегін

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну үрдісінің сипаттамасы

  • Қызмет алушы құжаттарды ХҚКО тапсырады, ХҚКО инспекторы құжаттарды ауданның, қаланың дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарының кеңсесіне береді.

  • Ауданның, қаланың дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдары кеңсесінің қызметкері:

құжаттарды қабылдайды,

тіркейді


бұрыштама қою құжаттарды үшін басшылыққа жібереді.

  • Ауданның, қаланың дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарының басшысы:

құжатпен танысады

бұрыштама қойып, жауапты орындаушы – біліктілік комиссиясына жібереді.



  • Жауапты орындаушы:

құжаттардың толықтығын және біліктілік, төрешілер санаттарын және спорт дәрежелерін тағайындау талаптарына сәйкестігін тексереді

мемлекеттік қызметтің көрсетілуі туралы шешім шығарады



мемлекеттік қызметтің көрсетілуі туралы бұйрықтың көшірмесін немесе қызметтің көрсетілуінен бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, мемлекеттік қызмет көрсету туралы құжаттарды кеңсеге тапсырады.

  • Ауданның, қаланың дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдары кеңсесінің қызметкері:

бұрыштама қою құжаттарды үшін басшылыққа жібереді.

  • Ауданның, қаланың дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарының басшысы:

бұрыштама қойып, кеңсеге жібереді.

  • Ауданның, қаланың дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдары кеңсесінің қызметкері:

құжаттарды ХҚКО жібереді.

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

30 күн

11

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Мемлекеттік қызмет нәтижесі болып қағаз тасымалдағышта 5 жыл мерзімге спорттық дәреже немесе санатты тағайындау туралы бұйрық көшірмесін беру немесе қағаз тасымалдағышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

12

Нормативтік құқықтық актілер

  • Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңы;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік қызметтер тізілімі» № 983 Қаулысы;

  • 14.08.2013ж. №249 Мемлекеттік қызметтер үлгілерін және регламенттерін дайындау Ережелері;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру істері Агенттігі, дене шынықтыру жіне спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер үлгісін бекіту туралы» №118 Қаулысы;

  • Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» № 33/04 Регламенті.

жүктеу 122,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау