Мемлекет, жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу



жүктеу 280,44 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі280,44 Kb.
#19515


439

№ 3 (76) 2010

мемлекет, жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу 

арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатты жүргізе отырып, тиімді түрде 

еңбек  ресурстарын  басқаруға  тырысуда.  сондықтан    заманауи  еңбек  нарығын,  оның  ішінде 

жастарды  қалыптастыру саяси факторлардың әсеріне  де байланысты.

Барлық   ТмД мемлекеттерінің арасында шетел жұмыс күшін жалдау туралы келісімдерге қол 

қойылған. сондықтан интеграция үрдісінің  факторлары және басқа елдердегі жастардың кәсіби 

қызметі жастардың  еңбек нарығын  қалыптастырудың саяси факторы болып табылады.

еңбек нарығын реттеу жүйесін жүргізіліп жатқан жұмыспен қамту саясаты аясында жүзеге 

асыру керек. Жастардың еңбек нарығы туралы айтқанда, мемлекет жастарды оның жоғары емес 

кәсіптік бәсекелестік қабылеті мен кәсібилігіне барынша  қолдау көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда, осы  

қолдау өзінің ықпалы бойынша  еңбек нарығы  өз бетімен реттеу механизмі көрсететін деңгейден 

төмен болмауы тиіс [5]. Жастардың еңбек нарығына қатысты мемлекет жүргізіп отырған саясат 

мемлекеттік және аймақтық жастар бағдарламалары аясында әр түрлі заңнамалық  актілерді іске 

асыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл құжаттарды жүзеге асырудың негізгі мақсаты   жастардың 

заманауи еңбек нарығын  қалыптастыруға ықпал ететін тетіктер әрекетінде  жастардың  түрлі 

проблемаларын  шешу болып табылады.  

Негізгі әлеуметтік механизмдердің бірі жастарды жұмыспен тиімді қамтамасыз ету механизмі 

мен  оның  жұмыссыздық  деңгейін  төмендету  болып  табылады.  оның  тиімді  жұмыс  істеуіне  

келесідей шараларды орындағанда және  сақтағанда  қол жеткізілуі мүмкін: 

1) 

жастардың  еңбек  нарығы  проблемаларының  аймақтық  ерекшеліктерін  шешудегі 



жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін күшейту;

2) 


мемлекеттік  бюджет  құралдары  мен  әлеуметтік  бюджеттен  тыс  қорлар  есебінен 

жастар  жұмыссыздығының  жоғары  деңгейі  бар  аймақтарда  әлеуметтік  және  экономикалық 

бағдарламаларды басымдылықпен қаржыландыруды  жүзеге асыру;

3) 


индустриялық  аудандарда,  сонымен  бірге    шағын  және  орташа  қалаларда,  

моноэкономикалық құрылымды кенттерде жастардың жаппай жұмыссыз болуының  жағымсыз 

салдарын барынша азайту;

4) 


жас  қызметкерлердің  жаппай  жұмыстан  шығарылуының  алдын  алу,  жастар  үшін 

экономикалық  мақсатқа  сай  бар  жұмыс  орындарын  сақтап  қалу  және    жаңаларын  ашу,    жаңа 

прогерссивті өндіріс үшін     жас мамандарды қайта даярлаудың озық тәжірибесін жүзеге асыру;

5) 


жастардың дәрменсіз ұйымдардағы еңбек құқығын қорғауды, жұмысынан айрылған  

кезде жастарға тиімді  қолдауды қамтамасыз ету; 

6) 

әлеуметтік  қорғау  және  біліктілікті  арттыруды  қамтамасыз  ету  үшін  қажетті 



инфрақұрылым жасай отырып,  ірі «жастар құрылыстарын» ұйымдастыру.

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР 

1.  «Халықтың жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық» Қазақстан республикасы статистика 

Агенттігі. http://www.stat.kz

2.   «Қазақстан республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі» заңы / «егемен 

Қазақстан» 2004 жылғы 14 шiлде № 176. 

3.  «Қазақстан республикасында зейнеткерлікті қамтамасыз ету жөніндегі» заңы, «егемен 

Қазақстан» 2005 жылғы 22 маусым  № 138. 

4.  «Қазақстан жастары 2009» // статистикалық жинақ, Астана-2009.

5.  Қазақстан халқының экономикалық белсенділігі 2004-2008 жылдар. // статистикалық жинақ, 

Астана-2009.

редакцияға 22.02.2010 қабылданды.

Р.Ж.ӘлІмбеков

 

тӘуелсІз ҚазаҚстанның мемлекеттІк оРганДаРы мен басҚаРуШы 

интеллигенЦиясының Қалыптасуы: таРихи талДау

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы әлем тарихының басты оқиғасы ретінде  енген – ксро 

алып  империясының  күйреуі  еді.  ксро  құрамындағы  республикалардың  өз  тәуелсіздіктерін 

жариялап, өзалдына Тәуелсіз мемлекет құра бастауы әлем жұртшылығының назарын аударды. 

Қазақстанның да тағдыры шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының, сарапшылардың бақылау, 

зерттеу нысанына айналды. сол кезеңде Қазақстан туралы шетелдік БАҚ тарапынан көптеген 




440

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

сындар, тіпті ақылға сыймайтын «Қазақстан деген бұл уақытша құбылыс, ол тәуелсіз мемлекет 

ретінде  өмір  сүре  алмайды...»,  деген  сандырақ  пікірлер  мен  пайымдаулардың  болғандығы 

жайында Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» кітабында келтіреді [1]. оған Қазақстанда орын 

алған  қаржы  дағдарысы,  өдіріс  орындарының  тоқтап  қалуы,  ішкі  саяси  тұрақсыздық,  халық 

құрамының алуан түрлілігі себеп болды. 

Жаңа мемлекет қалыптастыру – оңай шаруа емес. мұндай аса күрделі іске сол қиын кезеңде 

елбасымен бірге зиялы азаматтар мемлекет, ұлт тағдыры үшін, шешуші маңызы бар мәселелерге 

ерекше көңіл бөліп, әрі нақты шешімдер қабылдап, оған үлкен жауапкершілікпен қарады. 

осындай  қиын  да,  күрделі  кезеңде  Тәуелсіздігімізді  сақтап,  мемлекеттілігімізді 

қалыптастырып, елдігіміз бен жеріміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін, саяси жүйені талапқа 

сай  құрып,  оны  басқара  да,  дер  кезінде  дұрыс  шешім  қабылдай  да  білетін  азаматтарынсыз, 

мемлекеттіліктің нығаюы мен дамуы тарихын елестету мүмкін емес. соған байланысты Қазақстан 

республикасының  дамуы  мен  нығаюына  тәуелсіздік  алған  жылдардан  бастап,  барынша  үлес 

қосқан басқарушы интеллигенциясының қалыптасу тарихы өзкеті мәселе болып табылады.     

Тарихтан  белгілі,  қазақ  халқы  бостандығы,  ар-намысы  аяққа  тапталған  да,  зиялылары 

тәуелсіздік  жолында  атылып,  сотталған  да  күндерді  басынан  өткерді.  Бір  ғасырға  жуық  өз 

өктемдігін жүргізіп келген комунисттік иделогиямен қаруланған компартия қазақ азаматтарын 

жоғарғы лауазымды орындарға тағайындамады. мемлекеттің билік басында көбінесе басқа ұлт 

өкілдері отырды. Айталық, 1920–1991 жылдары Қазақстан компартиясы орталық комитетін 19 

адам басқарған екен, солардың төртеуі ғана қазақ еді, ішінде бұл қызметте 6 ай ғана отырған м. 

мырзағалиев те бар. 1946–1985 жылдарда Қазақстан Үкіметі 10 рет құрылды, яғни жүздеген адам 

министірлік креслода жайғасты. Қазақ емес министрлердің тағыда төртеуі ғана қазақ тілінен азды 

көпті хабардар болыпты, ал Қазақ кср мемлекеттік қауіпсіздік комитетін сол жылдары екі рет 

қана қазақ азамттары басқарған екен. Қысқасы, мәскеудің өктемдігімен комунистік елес қуған 

біздің ел ұлттық мемлекетін шын мағынасында құра алмай, әлемдік өркениет көшінен тым қияс 

кетіпті [2]. 

Бірақ, бүкіл өмірін халқына қызмет етуге жұмсаған Д. Қонаевтың Қазақстан компартиясы 

орталық  комитетін  басқарып  тұрған  кезінде  дарынды,  іскер  азаматтарды  мемлекеттің  саяси 

жүйесіне  араластыра  бастады.  соның  нәтижесінде  пратиялық  және  мемлекеттік  ұйымдарда 

қазақтардың  үлесі  саны  басқа  ұлт  өкілдеріне  қарағанда  арта  түсті.  Әсіресе  1971  жылы 

саясибюраның мүше болған кезде. Үкімет құрамында қазақтардың басым болғандығы жөнінде 

нақты сандармен көрсетен болсақ: 1964 жылы кеңесминінде қазақтардың үлесі 33%-ды құраса, 

1981 жылдарға қарай 60 %-ын иеленген [3].

Бір  орталықтан  басқарған  кеңес  үкіметі  елдің  саяси  санасын  өсірмей  қара  қапаста  ұстап, 

билік тізгінін жергілікті ұлттың қазақ ұлтының құзырына бермей, «қазақтар өз-өзін басқаруға 

қабілетсіз, олардың арасында көшбасшы туған жоқ» деген теріс пікірді көлденең қойып, басқа 

ұлт  өкілінің  қолына  тапсыруы,  әрине,  Қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  іштей  қозған  ызасын 

сыртқа шығармай қоймады. саяси сауатты ел ұландары халықтың бостандығын, ата-бабасынан 

мұра болып қалған жерін, өз мемлекетін басқаруды өзіне беруді талап етті. Бұл талаптары да 

орындалды.   

Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – 

Тәуелсіз Қазақстан республикасы, дербес Қазақ елі келді.

егеменді ел өзінің  негізгі мақсаты етіп – өз мемлекеттігін, тәуелсіз экономикасын, саяси бағыты 

мен рухани байлығын нығайтуды белгіледі. Алайда, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің ыдырауы 

республиканың  әлеуметтік-экономикалық,  рухани-мәдени  саласын  әлсіретіп  қана  қойған  жоқ, 

дағдарысқа  алып  келгені  белгілі.  сондықтан  тәуелсіз  елдің  қоғамдық  өмірінің  барлық  саласн 

реформалау, оны аса жылдам жүзеге асырудың қажеттігі, тұтыну рыногын қалыпқа келтіру және 

толтыру,  әлсіреген  тәртіп  пен  заңдылықты  нығайту,  қоғамның  құқықтық  санасының  деңгейі 

республиканы  басқарудың  тиімді  жолын  іздеуді  талап  етті.  ондай  басқарудың  тиімді  жолы  – 

күшті Президенттік басқару жүйесі еді. 

Жаңа  ғана  іргесі  қаланып  келе  жатқан  мемлекттің  нобайын  белгілеп  алу  қажет  болды. 

уақыттан өз еншісін жібермеу үшін және өршіп бара жатқан экономикалық құлдырауды алдын 

алу мақсатында, президенттік билік кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге топтасуға, сонымен 

қатар,  ымырашыл-жартыкештердің  ақыл-кеңестері  мен  ізденулеріне  көңіл  аудармай,  қысқа 

мерзімде алғашқы кезектегі реформаларды жүргізуге мүмкіндік берді [2,17]. 

кезек күттірмейтін реформаларды жүзеге асыру үшін, ең алдымен, ескі жүйеден қалыптасқан 

саяси  құрылымнан,  құқықтық  базадан  арылып,  өркентетті  елдердің  тәжрибесіне  сүйене 

отырып, жаңа тәуелсіз мелекттің демократиялық, құқықтық, басқару жүйесін қалыптастырып, 



441

№ 3 (76) 2010

реформаларды іске асыра алатын білімді де, білікті мамандарды жауапты лауазымды орындарға 

тағайындау еді. 

мемлекетіміз бен экономикамыздың тәуелсіздігін қалыптастыру мен нығайту кезеңінде кәсіби 

шебер кадрлардың жетіспеушілік проблемалары өткір сезілді. Бізге Қазақстандық мамандарды 

–  экономистерді,  заңгерлерді,  әскерлерді,  қаржыгерлерді,  және  басқаларды  бұрынғы  одақ 

бойынша  іздестіруге  тура  келді.  көбін  отанына  оралуға  үгіттеп  жатудың  да  қажеті  болмады. 

олардың бәрі өз ісінің шебері және Қазақстанның патриоты болды. Дәл сол кезеңде Қазақстанға 

көптеген кәсіби шеберлігі жоғары кадрлар қайтып оралды, кейіннен олар мемлекеттік қызметте 

биік лауазымдарды иеленді [2,21].

Қазақстан  республикасының  қазіргі  қалыптасқан  саяси  жүйесі  мен  оның  басқарушы 

интеллигенциясының қалыптасу тарихы ксро-ның ыдырауы мен 1990 жылы 25 қазанындағы 

мемлекетіміздің егемендігі туралы Декларацияның қабылдануынан бастау алады. Бұл дербестік 

пен  тәуелсіздікке  бел  байлаған  Қазақстанның  мемлекеттік  басқару  жүйесі  1991  жылы  16 

желтоқсанда  «Қазақстан  республикасы  Жоғарғы  кеңесінде  салтанатты  түрде  «Қазақстан 

республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы конституциялық заңында, содан соң 1995 

жылғы 30 тамыздағы бүкіл халықтық референдумда қабылданған Ата заңда жан-жақты құқықтық 

негізделді.

1990  жылғы  20  қарашада  қабылданған  «Қазақ  кср-ында  мемлекеттік  билік  пен  басқару 

құрылымдарын жетілдіру және Қазақ кср конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу 

туралы» заңға [4]  сәйкес Қазақ кср Президенті Қазақ кср жоғары атқарушы жене өкімші билік 

басшысы болып табылатындығы; Қазақ кср Президентінің Ұсынысымен Қазақ кср Жоғарғы 

кеңесі сайлаған Қазақ кср вице-президенті лауазымы құрылды; Қазақ кср министрлер кеңесі 

Қазақ кср министрлер кабинеті болып қайта құрылды. 

Қазақ кср Премьер-министрі мен министрлер кабинетінің құрамын Қазақ кср Президентінің 

ұсынысы бойынша Қазақ кср Жоғарғы кеңесі бекітті. Қазақ кср, оның жоғары атқарушы және 

өкімдік билігінің басшысы Қазақ кср Президенті болып табылды.

республика  Президентінің  өкілеттігі  төмендегіше  толықтырылды:  Қазақ  кср  Президенті 

Қазақ  кср  министрлер  кабинетінің  қызметіне  басшылық  етеді;  Қазақ  кср  министрлер 

кабинетінің  Премьер-министрін  тағайындайды  және  оны  Қазақ  кср  Жоғарғы  кеңесіне 

бекітуге ұсынады... осылайша жаңадан толықтырулар мен өзгертулер енгізілген Қазақ кеңестік 

социалистік республикасы конституциясының (Негізгі заңы) негізінде, Қазақ кср Президенті 

Н. Назарбаевтың Жарлығымен [5]  алғашқы атқарушы билік төмендегідей құрамда өз жұмысын 

бастады: 

–  Ұзақпай  Қараманов  –  Қазақ  кср  министрлер  кабинетінің  премьер-министрі  қызметіне 

тағайындалған болатын.

–   Әбіқаев Нұртай – Қазақ сср Президентінің аппаратының басшысы;

–  Жолдасбеков мырзатай – Қазақ  сср Әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі мемлекеттік 

кеңесші;

–  Тұрсынбаев Балташ – Қазақ   сср-нің  Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және экология 

мәселелері жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі;

–  Тұрысов Қаратай – Қазақ  сср-нің Өнеркәсіп, байланыс және коммуникация мәселелері 

жөніндегі мемлекеттік кеңесші;

–  Хитрин  Юрий  Александрович  –  Қазақ  сср-нің  мемлекеттік  құқықтар  жөніндегі 

мемлекеттік кеңесші;

–  макиевский  Николай  михайлович  –  Қазақ  сср-нің  Төтенше  жағдайлар  жөніндегі 

мемлекеттік комиссиясының төрағасы;

–  Әбішев сыздық Жұматайұлы – Қазақ  сср сыртқы экономикалық байланыстар министрі;

–  Әбдіқадыров Төлеубек – Қазақ  сср қаржы министрі;

–  Аманбаев Ақсұлтан Аманбайұлы – Қазақ сср Денсаулық сақтау министрі;

–  Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы – Қазақ сср сыртқы істер министрі;

–  Әшімбаев  сағат  –  Қазақ    сср  Телевизия  және  радиохабар  жөніндегі  мемлекеттік 

комитетінің төрағасы;

–  Бекболатов Шамиль Хайроллаұлы – Қазақ сср автомобиль жолдары министрі;

–  Бейсенов  саят  Дүйсенбайұлы  –  Қазақ  сср  еңбек  жөніндегі  мемлекеттік  комитетінің 

төрағасы;

–  Бектемісов Амангелді иманақышұлы – Қазақ  сср материалдық-техникалық жабдықтау 

жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы;

–  Берсенев михайл Терентьевич – Қазақ сср Ішкі істер министрі;



442

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

–  вдовин Николай Анатольевич – Қазақ сср мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы;

–  Двуреченский  валентин  иванович  –  Қазақ  сср  Ауыл  шаруашылығы  және  азық-түлік 

министрі;

–  ержанов Ғалиқан Нұрмұхамбетұлы – Қазақ сср Юстиция министрі;

–  Желтиков октябрь иванович – Қазақ  сср сауда министрі;

–  Жұмасұлтанов Төлеубай Жұмасұлтанұлы – Қазақ сср статистика және талдау жөніндегі 

комитеттің төрағасы.

–  зәкриянов Қалит – Қазақ сср Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы;

–  Қадырова зәуре Жүсіпқызы – Қазақ сср Әлеуметтік қамсыздандыру министрі;

–  Қыпшақбаев Нариман – Қазақ  сср су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитетінің 

төрағасы;

–  Құлыбаев  Асқар  Алтынбекұлы  –  Қазақ  сср  архитектура  және  құрылыс  жөніндегі 

мемлекеттік комитетінің төрағасы;

–  мүлікбаев орынбасар – Қазақ сср Өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау 

және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы;

–  Нұржанов Болат Ғазизұлы – Қазақ сср Энергетика министрі;

–  саудабаев Қанат Бекмұрзаұлы – Қазақ  сср мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитетінің 

төрағасы;

–  Темірбаев  валерий  Батайұлы  –  Қазақ  сср-інің  ссро  министрлер  советі  жанындағы 

тұрақты өкілі;

–  ульянов игорь вадимович – Қазақ  сср Байланыс министрі;

–  Шаяхметов Шайсұлтан – Қазақ  сср Халыққа білім беру министрі.

Бұл  –  Қазақстанның  бір  орталықтан  басқаруға  негізделген  саяси  жүйесінің  біртіндеп 

оңтайланып,  әлемдік  тәжрибеге  сүйене  отырып,  демократиялық,  құқықтық  бағыттарға  қарай 

жылжи  түсуінің,  сондай-ақ,  қазақтар  басқару  тізгінін  өз  қолына  алып,  ішкі-сыртқы  саясатын 

жүргізе бастаудың да, алғы шарттарынің көрінісі. 

1991  жылы  10  желтоқсанда  Н.  Ә.  Назарбаев  Қазқстанның  тұңғыш  президенті  ретінде  өз 

қызметін  бастады.  сол  күні  Қазақ  сср-і  атауын  Қазақстан  республикасы  етіп  өзгертіп,  16 

желтоқсанда  Қазақстан  республикасы  өз  тәуелсіздігін  ресми  түрде  жариялады.  осы  күннен 

бастап Тәуелсіз мемлекеттің мемлекеттік нышандарын, саяси-құқықтық жүйесін қалыптастыру, 

басқарушы интеллигенция мен қоғам қайраткерлерінің ең басты міндеттері болды. 

республиканы  басқарудың  парламенттік,  президенттік  және  аралас  (парламенттік, 

президенттік) жүйесі әлемдік тәжрибеде жетерлік. осылардың қайсысы тиімді деген мәселе күн 

тәртібіне қойылды. Қазақстан сияқты аумағы кең, ұлттық құрамы күрделі, құқықтық мәдениеті 

әлі толық жетілмеген, кеше ғана тоталитарлық жүйеде болған, енді демократиялық мұраттарды 

ұстануға  тырысқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  жүйедегі  түрі  мен  мазмұны  жағынан  тіптен  өзге 

нарық  жағдайындағы  экономиканы  құруға  әрі  басқаруға  икемді,  күшті  заңдық  құқығы  бар, 

тәуелсіз және қабілетті билікті қажет еткені даусыз.

Қазіргі таңда, Қазақстан барлық белестерді басып өтті. Президенттік билікті құра отырып, 

елбасы, нарықтық қатынастарды орнықтыру, саяси жүйені реформалау міндеттерін өз мойнына 

алды және оны ойдағыдай орындап шықты. осы шараларды іске асыруға бағытталған 400-ден 

астам заң күші бар Президент жарлықтарының тәуелсіз ел экономикасы мен саяси жүйесінің 

жаңару жолына түсуіне, ұлт бірлігінің орнығуына Тәуелсіздіктің берік тұғырының қалыптасуына 

ықпал етті. 

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1. Назарбаев Н. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. –372 б.

2.  Әбжанов  Х.  Қазақ  мемлекеттігі  тарихын  дәуірлеу  ұстанымдары.  //«мемлекеттік  және  Ұлы  дала» 

халықаралық конференцияның материалдары. –  Астана: күлтегін, 2006. -249 б.

3. Джунусова Ж. республика казахстан: Президент. институты демократии: монография. – Алматы: 

Жеті жарғы, 1996. –320 б.

4.  «Қазақ  кср-нда  мемлекеттік  билік  пен  басқару  құрылымдарын  жетілдіру  және  Қазақ  кср 

конституциясына  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақ  кср  1990  ж.  20  қарашасындағы 

заңы – 431-бап. //Қазақ кср Жоғары кеңесінің Жаршысы, 1990, №47.

5. «Қазақстан кср министрлер кабинетінің құрамы туралы» Қазақ кср Президентінің 1990 жылғы 30 

желтоқсанындағы Жарлығы // социалистік Қазақстан, 1991 жыл 1 қаңтар.

редакцияға 09.02.2010 қабылданды. 



жүктеу 280,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау