Сыздыкова Г.С.
КМҚК «Ақерке» бөбек жайы
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының Атасу кенті, Қазақстан
Мектепке дейінгі мекемедегі әдістемелік қызметте
инновациялық технологияларды қолдану
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында: «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы
басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім
берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- деген болатын.
Педагогтардың инновациялық әлеуетін дамытуда құрылған жоспар
балабақшаның әдістемелік жұмысының инновациялық бағытына қатысты.
Әдістемелік жұмыс мазмұны ұйымның даму стратегиясына бағынышты болып
табандылықтан, осындай әдістемелік жұмыс ұйымының даму стратегиясының
іздену және айқындау құралы болып табылады.
Инновациялық іс- әрекетті жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымның
әдістемелік жұмысын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі- жаңа
заманауи технологияларды пайдалану. Бұл -инновациялық қызметті ақпараттық
тұрғыдан қамту үрдісінде бірініші кезекте тұрған мәселе.
Мектепке дейінгі білім ұйымдарында әдістемелік жұмыс – шығармашылық
және кешенді үдеріс, тәрбиешілердің балалармен жұмыс жасауда әдіс пен
тәсілдерді практикалық оқыту негізінде жүзеге асыру, тәрбиешілердің
әдістемелік біліктілігін және ғылыми-шығармашылық деңгейін жоғарылату
болып табылады.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану мүмкіндіктері жоғары:
- ақпараттық қорды құру (сыртқы қор: нормативтік- құқықтық құжаттар,
оқу- әдістемелік, педагогикалық орта туралы мәліметтер, ғылыми- әдістемелік
материалдар; ішкі қор: білім беру қызметінің нәтижелері, бала денсаулығын
медициналық –сауықтыру іс-шаралары, ата- аналармен жұмыс, мамандармен
қамтамасыз ету т.б.)
- жұмыс нәтижесін мекеме, аудан, облыс, ел деңгейінде көрсету (озық
тәжірибені білім беру мекемесінен тыс тарату);
- әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысу;
- кәсіби педагогикалық байланыстарды кеңейту (интернет желісі арқылы
хабар алмасу, біліктілікті арттыру курсында қашықтықтан оқу).
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған
оқыту тәрбиелеу үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне
жаңашыл, заманауи болып табылады.
Педагогикалық инновацияларға:
1) жаңа емес, бірақ өзінің өзектілігін жоймаған және педагогика ғылымы
мен практикасы жүйесін қамтитын, әлі толық жетілдірілмеген оқу-тәрбие
үдерісін
оңтайландырудың
жалпы
идеялары
мен
практикалық
технологияларын;
2) ізгілік педагогикасының барлық қағидалары мен практикалық
технологиялары жиынтығын қарастыруды;
3) жаңа идеяларға негізделген педагогикалық үдерістерді ұйымдастыру
мен басқару амалдарын;
4) ақпараттандыру мен жаппай коммуникациялаудың жаңа идеялары мен
құралдарына негізделген технологияларды жатқызуға болады».
Мамандардың ойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындың
әдістемелік қызметіне инновациялық технологияларды міндетті түрде енгізу
керек. Бірақ мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру процесінде
қолданылатын педагогикалық технологияларға бірнеше принциптердің бар
екендігін естен шығармау керек. Оларға келесідей принциптерді басшылыққа
алулары қажет:
- Өзектілік принципі, теория мен практиканың бірізділігі ҚР «Білім беру
Заңының» жүзеге асырылуы;
- Тұжырымдамалық, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру жүйесінде қазіргі
ғылыми жетістіктердің сәйкес келуі;
- Жүйелілік және кешендік – әдістемелік жұмыстың жүзеге асыруының
бірізділік жүйе ретінде қарау, технологиялар жүйеге сай барлық белгілерді,
сипаттарды меңгеруі, яғна олар тұтастық, логикалық тұрғыда болып, оларды
құрайтын элеметтер өзара байланысты болуы керек;
- Бағыттылық, бірізділік, сабақтастық, үздіксіз принциптері. Әдістемелік
жұмыстың үздіксіз білім беру жүйесінің бөлігі, жыл бойы педагогтарды
әдістемелік жұмыстың түрлі әдістерімен қамту;
- Жұмыс жағдайының жасау принциптері - моральдық, психологиялық,
гигиеналық, педагогтардың шығармашылық әрекетіне уақыт бөлуі;
- Жедел, икемді, тез әрекет жасаушы принципі, педагоготардың жеке
қасиеттерін ескере отыра әдіскерлерден білім беру ақпараттарды тез қабылдау
және тарату;
- Педагогтардың өз білімдерін көтеру принципі, теория және практика
жағынан біліктіліктерін арттыруға көмек, педагогикалық жұмыстың нәтижесін
көтеру;
- Басқарушылық – мұнда педагогикалық ұжымға өз алдарына белгілі бір
мақсат қояға, оқыту процесін жоспарлауға және жұмыс барысында түзету
сияқты жағдайларға мүмкіндік туғызуға жағдай жасау;
- Креативтілік - әдістемелік жұмыстың шығармашылық мінездемесі, білім
беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстың жүйесін жасау.және тарату.
Әдебиеттер:
1. К.Ж.Бұзаубақова.
Жаңа
педагогикалық
технология.
Оқулық.Тараз.ТарМУ. 2003.
2. А.К.Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной
программы. Алматы.1995.
Достарыңызбен бөлісу: |