Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің тақырыптық перспективті жоспары



жүктеу 1,79 Mb.
бет6/9
Дата14.05.2018
өлшемі1,79 Mb.
#13526
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығармалардың айырмашылықтарын ажыратуды, әнді динамикасын сақтап орындауды.

Игереді: әнді әсерлене орындауды, ырғақтық динамикалық белгілерді қолдануды, ойын шарттарын сақтауды.

Меңгереді: ән мазмұнын тыңдап, әңгімелеуді, әуенге сәйкес мәнерлеп қозғалуды.

37 - 38 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Ақ әжем»

Мақсаты: музыкалық сипаттағы сабырлы әуенді, ән мазмұнындағы көңіл күйді сезінуге талпындыру. Музыкадағы дыбыс биіктігін, ырғақты мәнерлілігін түсініп, ажыратуға үйрету. Ұлттық ою-өрнекті бейнелейтін би қимылдарын үйретіп, еске сақтауға дағдыландыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар (сазсырнай, шаңқобыз, сыбызғы).

Қажетті құрал-жабдықтар: «Әдемі сырмақ», «Әже мен немересі», «Менің әжем» суреттері.

Алдын ала орындалатын жұмыстар: әже туралы әңгімелесу, «Менің әжем» тақырыбына сурет салу.

Сөздік жұмыс: қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, сырмақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Балаларға «Марш» екпінімен кіріп, шеңбер бойымен жүруді ұсынады. Әуен аяқталысымен зал ішінде шашырап жүгіруді, «Марш» ойналғанда қайтадан өз орындарын тауып, әуен ырғағымен жүруді ұсынады. «Вальс» (П.Чайковский) орындалып, балаларға жұптасып тұрып, өздері ойлап тапқан би қимылдарын жасауды сұрайды. Әуен аяқталысымен отырып жайғасуды ұйымдастырады. «Менің әжем» атты суреттерді көрсетіп, өз әжелерімен таныстырады. Әжелеріне арналған өлең - тақпақтардан сайыс ұйымдастырылады. Мейірімі - жел жібек, Күндей ыстың құшағы. Ет жүрегі елжіреп, «Құлыным» деп құшады.

(С. Мәуленов)



Музыка тыңдап, екпінін сезіне нық жүреді. Әуен тоқтағанда шашырап, жан-жаққа жүгіреді.

Марш ойналғанда өз орындарын тауып, бастапқы қимылды қайталап, шеңбер бойымен жай жүреді. Жұптасу биінің қимылдарын қайталайды.

Әжелеріне арнап жаттаған тақпақ, өлеңдерін, әндерін айтып, сайысқа түсіп, өз өнерлерін көрсетеді.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Музыка тыңдау: «Ақ әжем» (К.Қуатбаев, О.Әубәкіров) әнін орындап, балалардан ән сипатын, мазмұнын әңгімелеуді сұрайды.

Құрт пен майды жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған.

(X. Талғаров) Дауыс жаттығулары: «Әлди-әлди» және «Ән шырқайық». Дауыс диапазондарын ескеріп, дикциясына көңіл бөледі. Сөздің анық айтылуын қадағалайды. Ән үйрену: «Әже тілегі» (Т.Қоңыратбай, X. Талғаров). Композитордың балаларға арнап жазған көптеген әндері бар. Әуенді орындап, балаларға сұрақтар қояды,

- Әже деген кім?

- Сенің әжең кімнің анасы?



Өздері салған әжелерінің суретін көрсетіп, әжелер туралы тақпақтар айтып, сайысқа түседі. Әуен тыңдап, нәзік, қоңыр әуенді сезініп, мазмұнын лайықты сипаттайды.

Жаңа әуенді қуана қабылдап, әуеннің сипаты, көңіл күйі туралы әңгімелейді.

Сұрақтарға жауап беріп, өз әжелері туралы әңгімелейді.





- Сен әжеңді қалай қуантасың?

- «Әже тілегі» әнінде не туралы айтылады?

- Сипаты, көңіл күйі қандай?

- Әжемізден үйренген ою-өрнектерімізді бимен көрсетейік. «Өрнек», «қошқар мүйіз», «сыңар мүйіз» би элементтерінің суреттері көрсетіледі.

- Енді би қимылы арқылы өрнектейік. Балаларға би элементтерін жалпы көрсетіп, қайталауларын қадағалайды. Алдын ала қиылып дайын тұрған оюлардан текемет, сырмақ құрастыру. Әуенді - қимылды ойын: «Сырмаң жасайың».

Саусақтарым майысып,

Ою-өрнек оямын.

Төрімізге жаятын,

Сырмақ жасап қоямын. Белгі берілгенде, «Прелюдия» (Ғ. Жұбанова) әуен ырғағымен «Сырмақ» құрастырып, балалар ептіліктерін көрсетеді.


Дауыс жаттығуларында дикцияның тазалығына, а-э, р-л, ұ-ү дыбыстарының анық айтылуына көңіл аудару. Би элементтерін түсініп, суреттегі бейнеленген ою-өрнектерден ұқсастығын көріп, әсем көрсетуге тырысады. Ою түрлерін атап көрсетеді. Өз ептіліктерін, шеберліктерін көрсетіп, әуен ырғағын тыңдай жүріп, сырмақ жасайды.

Рефлексиялық - түзетушілік


Дидактикалық ойын: «Қай аспапта ойнаймын?»

Ұлттық ішекті және үрмелі аспаптарды қолдану. Дауысын тыңдап, ажыратуын, үлестірмелі текшелерден тауып көрсетуді сұрайды. Ұнаған аспаптарын таңдап алып, оркестр құруды ұсынады. «Сәулем-ай» халық әніне оркестрде ойнауды жалғастыру.



Текшелерден аспаптарды дұрыс тауып көрсетуді үйренеді.

Аспаптар дауысын естіп, түрлерін ажыратып айтады.

Меңгерген аспаптарында әуенді сезіне ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: лирикалық сипаттағы әуендерді ажыратуды, дыбыс биіктігін анықтауды, ұлттық би қимылдарын билеуді, ою түрлерін есте сақтауды білуі керек.

Игереді: «қошқар мүйіз», «сыңар мүйіз» оюлар түрі мен би элементтерін үйренеді, ән мазмұнындағы көңіл күйді сезінеді.

Меңгереді: сабырлы әуенді созылта әндетеді, ырғақтың мәнерін түсінеді.

39 - 40 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Ана - өмір шырағы»

Мақсаты: музыкалық шығармаларды салыстыруда талғампаздыққа баулу. Музыканың көмегі арқылы көңіл күйді сезініп, әңгімелей білуге, мимика түрінде көрсете алуға үйрету. Әртүрлі сипаттағы әуенді қимылмен көрсетуге, би қимылдарын есте сақтауға дағдыландыру. Музыкалық қабілеттерін, шығармашылықтарын дамытуды жалғастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: атақты суретшілердің шығармаларынан ана суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, қоңырау, үшбұрыш, металлофон аспаптары.

Алдын ала орындалатын жұмыстар: анатуралы тақпақтар, қанатты сөздер.

Сөздік жұмыс: мимика, терция, кварта.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Вальс (Шуберт. «Билеп үйренейік» жинағынан) ойналып, балалар би қимылын қайталап үйренеді. Еске сақтап, биді мәнерлеп орындау шеберліктерін ұштайды. Би элементтерін соңына дейін көрсетіп, бірге мәнерлеп билеулерін қадағалайды.

«Гүлдермен би» қимылдары үйретіледі.

Балалар мен аналары туралы әңгіме айтып, өз сезімдері, ой-пікірлері туралы сұрайды. Суретшілердің әйел-ананы бейнелейтін суреттерін көрсетеді, әңгімелейді. (А.Дайнека «Ана», Леонардо да Винчи «Мадонна», Д.Жилинский «Қайырлы таң»).



Үйренген би қимылдарын әуенмен мәнерлеп билейді, өз шығармашылықтарын көрсетеді.

Гүлдермен би қимылдарын нәзік, жеңіл орындайды. Гүлдердің әсемдігін қимылмен жеткізуге тырысады.




Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Балаларға әртүрлі көңіл күйдегі аналардың бейнелерін атап айтуды сұрайды (қуанышты, салмақты, сабырлы, т.б.)

- Ал сендердің аналарың қандай көңіл күйде жүреді?

- Қуанғанда қандай болады?

- Сендерге ренжігенде не істейді?

- Сендерді еркелеткенде, жақсы көріп иіскегенде түрі қандай болады? Балаларға мимика арқылы көрсетуді ұсынады.

Еркелеткен баласын,

Аман болшы, анашым.


Атақты суретшілердің еңбектерін тамашалап, эмоциялық бейнелерін салыстырады, әңгімелейді.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Мимикамен көрсетіп, бет-әлпетті өзгерте көңіл күй түрлерін көрсетеді.





Музыка тыңдау: «Аман болшы, анашым!»

- Бұл ән бәріміздің де аналарымызға арналған.

- Әннің көңіл күйі қандай?

- Сендерге ұнады ма? Мазмұнын әңгімелеуді сұрайды. Дауыс жаттығуы: «Әдемі ән», «Анашым». Терең тыныс алып, дыбыстардың біркелкі шығуына көңіл аудару. Таза айтуларын қадағалау.



Ән үйрену: «Анашым» (Е.Хасанғалиев, А.Асылбек) орындалады. Балаларға ән мәтіні және әуені үйретіледі.

Өтпесін әр кеш құр,

Ойнаймыз оркестр! Аспапта ойнау: «Айгөлек» әуеніне қоңырау, үшбұрыш, бірнеше металлофон аспаптарында ойнауды жалғастырады. Әуеннің ырғағын сезіне, өз реттіліктерін сақтауын қадағалау.

«Өрнек» биінің элементтері қайталанып, еске сақтауға, мәнерлеп орындауға үйрету.



Әнді зейін қойып тыңдап, әсер алады. Нәзік әуенді сезініп, ойға батады.

Алған эсерлерін жеткізе айтып, әңгімелейді.

Жаттығуды көңілді, жайдары орындап, терция (ре, фа) ми, ля кварта интервалдарын таза орындауға жаттығады. Әнді тыңдап, нәзік, сазды әуенін сезіне қабылдайды. Әнді орындағанда әннің сипатын түсініп, оны өз эмоцияларымен көрсете біледі.

Металлофонда, қоңырау, үшбұрышта реттілікпен үндестігін сақтай ойнайды.

Оркестрде ойнауға қызығушылықтары артып, көңілденеді. Ұлттық би элементтерін үйреніп, мәнерлеп билеуге талпынады.


Рефлексиялық - түзетушілік


Қимылдық ән - ойын: «Алтын қақпа».

Ойын шартын қатаң сақтап, шапшаң қимылдауға, жұптасып, қақпа жасап тұруға дағдыландыру.

- Өз аналарыңа қандай тілек айтасыңдар?

- «Ана - біздің гүліміз» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Аналарыңа қандай мерекелік сыйлық ұсынасыңдар?

«Менің сүйікті анам» тақырыбына өз аналарын бейнелеп, суретін салуға тапсырма беріледі. Көрме ұйымдастырылады.



Ойынды

ұйымшылдықпен, тату - бірлікпен белсене ойнайды, қызығушылықтары артады.

Ойларын жеткізе әңгімелеп, сұрақтарға жауап береді. Өз аналарына тілектерін, тақпақтарын дайындайды. Мерекелік көңіл күймен шығады. ч '



Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыкалық шығармаларды тыңдап, салыстыру. Түрлі сипаттағы көңіл күйді ажырату, әнді таза, тембрін сезіне орындау.

Игереді: әртүрлі көңіл күйді мимикамен көрсетуді. Би қимылдарын мәнерлеп көрсетуді, гүлдермен биді жеңіл, бірқалыпты билеуді, аспаптардың үндестігін естіп, бірге оркестрде ойнауды.

Меңгереді: әнді таза орындап, эмоциясын көрсетуді, түрлі сипаттағы, ауыспалы әнді мәнерлеп айтуды.

41 - 42 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Домбыра сазы»

Мақсаты: музыкалық аспапқа деген қызығушылығын арттыру. Әнді сергек, жігерлі орындауға талпындыру.

Көрнекілік: қазақтың ұлттық аспабы - домбыра.

Сөздік жұмыс: соқыртеке, домбыра.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Музыка залына көңілді музыка әуенімен бірінен соң бірі тізіліп, нақты қадаммен келеді. Шаттық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді.

Домбыра, қайда барсам тастамаймын,

Ән менен сенсіз өлең бастамаймын.

Екі ішек, он бір перне, бір тиектен Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын.

(Кенен Әзірбаев)



Балалар музыка залына көңілді әуенмен келеді.

Домбыра туралы өлеңді тыңдайды.




Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Домбыра - қазақ халқының арасында өте ерте заманда кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған, қос ішекті шертіп ойнайтын аспаптың бірі. Домбыра әртүрлі үлгіде ағаштан ойылып жасалады. Дауысы майда қоңыр, құлаққа жағымды.

Музыка тыңдау: «Келіншек» (халық күйі).

Күйді белгілі бір композитор шығарып, бір-бірінен естіген күйінде үйреніп, кейін шығарған адам ұмытылып қалған. Осыдан халық күйі болып аталған. «Келіншек» күйі жаңадан түскен жас келінге арналып шығарылған, жас келіннің жүріс-тұрысы, ширақ қимылы суреттелген. Ән үйрену: «Домбыра сазы» (И. Нүсіпбаев, X. Талғаров). Ибрагим Нүсіпбаев балаларға арнап көптеген әндер жазған қазақ композиторы (суретін көрсету). «Айналайын ақ мамам», «Кір қуыршақ», «Біз туған күніміз», «Ойыншықтар», «Қыс қызығы» әндерін жазған.

Музыка жетекшісі әнді орындап береді. Балалардың ән туралы түсінігін сұрайды. Әннің мәтінін қайталап, әуенімен қосылып үйренеді.


Домбыра аспабын қолдарына алып, қызықтап, шертіп көреді.

Домбырада ойналған күйді естіп, тамашалайды.


Композитор туралы мәліметтер алады.

Балалар ән туралы түсініктерін жеткізеді.





Ойын: «Соқыртеке» (Е. Хасанғалиев, А. Асылбек). Бұл ойынның мәтіні де, әуені де басқалау. Бір баланың көзін байлап, ол басқа балаларды әндетіп жүріп іздейді. Би: «Апатайым - ай» («Билеп үйренейік»).

Би өте көңілді, жеңіл, аналарға арнап қыздар билейді.



Бір бала «соқыртеке»

болып, қалған балаларды

әндетіп жүріп ұстап алуға

тырысады.

Биді қыздар жеңіл

қимылмен билеуге

тырысады.


Рефлексиялық - түзетушілік


- Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай ән тыңдадық, қандай ән үйрендік?

- Ән не туралы болды?

- Ойынымыздың аты қалай аталады?

- Бүгінгі іс-әрекеттің қай бөлімі ұнады? Қорытындылау, бағалау.



Балалар көтеріңкі көңіл күймен топтарына тарайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақтың музыкалық аспабы домбыра туралы білулері керек.

Игереді: «соқыртеке» деген түсінікті.

Меңгереді: жеңіл музыка әуенімен би қимылдарын жасауды.

43 - 44 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Музыка

Тақырыбы: «Көктем әндері»

Мақсаты: музыкалық дыбыстардың жоғарылығы мен ұзақтығын білу. Көктемгі құстардың сайрағанын музыкада ажырата білу.

Көрнекілік: көктемдегі көріністер, қараторғай суреті.

Сөздік жұмыс: қараторғай, жыл құстары.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Көктем көріністерін бейнелейтін суреттерді қызықтау. Жылы жақтан қайтқан құстардың, жылғаның суреттеріне қарап әңгіме құрастыру.

Балалар көктем көріністері бейнеленген суреттерді қызықтайды.

Сулар ағып жылғадан,

Құстар әнін жырлаған.

Бұлт айдары желбірейді,

Бұл мезгілді қалай дейді?

Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

Балалар өлең не туралы екенін айтуға талпынады.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік


- Балалар, бұл өлең жолдары қандай жыл мезгілін меңзеп тұр?

- Сендер қандай құбылыстарды байқадыңдар?



Музыка тыңдау: «Қараторғай»

(Ақан сері).

- Көктем шыға жыл құстары да жылы жақтан атамекеніне келе бастайды. Құстар сайрап, көктемгі көріністерге жан біткендей күйде болады. Көптеген әндер табиғатпен, тау-тас, өзен - сумен байланысты болса, енді біреулері табиғат аясында қанат қағып жүрген құстарды әнге қосады. Міне, сол әндердің бірі - осы ән. Құстың шырылдаған үнін әнге қосқан.

Ән айту: өткен іс-әрекет кезінде айтқан әндерді еске түсіріп, қайталау. Ән айту кезінде ережелерді еске түсіріп, демді иықты көтермей алып, бойды тік ұстау.

Ән үйрену: «Көктем» (Д. Гусинцев, Т.Исабеков).

Бұл әнде де құстың келуін, өлкенің жаңаруын, жеміс ағаштарының бүршік атып гүлдеген кезін жырлаған. Музыка жетекшісі әнді орындайды. Балалардан әннің мазмұнын сұрайды. Мәтінді қайталап, әуенге қосылып үйрету.



Ойын: «Түлкі мен қаздар».

Диалог түрінде түлкі бастайды, қаздар жауап қайтарады. Түлкі қаздарды қуады, алдарынан күшік шығып, түлкіні қуып, қаздарды кері қайтарады.



Балалар әнді тыңдап, ән туралы өз түсініктерін айтуға тырысады.

Өткен әндерді естеріне түсіріп, қайталап айтады.

Балалар жаңа әнмен танысып, ән туралы білгендерін ортаға салып, әнді үйренеді.

Балалар түлкі, қаздар және күшік болып үшке бөлініп, өз әуендерін орындай жүріп әрекет жасайды.






Ойын өте көңілді ойналады. Би: «Апатайым - ай» («Билеп үйренейік»). Түсініктеме бойынша қимылды үйреніп, әуенге ілесе би билеу.




Рефлексиялық - түзетушілік

- Сонымен, бүгін қандай жыл мезгілі туралы әңгімеледік?

- Көктем туралы не білдіңдер?

- Бүгінгі іс-әрекеттің қай бөлімі сендерге қатты ұнады? Қорытындылау.


Көтеріңкі көңіл күймен топтарына тарайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көктемгі құбылыстарды, табиғат өзгерістерін білулері керек.

Игереді: жыл құстары, қараторғай туралы түсініктерді.

Меңгереді: үш түрлі музыкаға сай қимылдар жасау дағдыларын.

45 - 46 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»

Мақсаты: ұлттық рәсім туралы қарапайым түсінік қалыптастырып, сыйластық сезімін тәрбиелеу.

Көрнекілік: Наурыз дастарқаны, ұлттық тағамдар, арқан.

Сөздік жұмыс: наурыз көже, құрт, жент, ірімшік, қонақ кәде.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық - қозғаушылық

Ортада дөңгелек үстел, үстінде құрт, ірімшік, жент, бауырсақ, т.б. Үстелдің жанында қазақша киінген әже мен ата отырады.

Дастарқанда дәміміз,

Жайдарымыз бәріміз.

Көжесі көп, қыры көп,

Қандай жақсы наурыз.

(Қ. Баянбай) Ата мен әже балаларды қарсы алады.



Балалар дөңгелек үстел жанына келіп, ата мен әжеге сәлемдесіп, үстел айналасына орналасады.




Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Балалар атамен, әжемен амандасады. Әже балалардан бүгін қандай мереке екенін сұрайды.

- Наурыз дегенді қалай түсінесіңдер?

- Наурызды халық қалай тойлайды?

- Наурызға қатысты қандай ырымдарды білесіңдер?

- Наурыз күн мен түн теңелген кез, ол күні ренжіскен адамдар бір-бірімен кұшақ жайып, төс қағыстырып татуласады. Әр үйде дастарқан жайылып, бір-бірінің үйіне қонаққа барады.

- Міне, алдарыңда қазақтың ұлттық тағамдары тұр. Жеті түрлі дәм салып наурыз көже дайындалады.

Ата қонақ кәде ретінде ән айтып береді. Музыка тыңдау: «Ақ сиса» (Жаяу Мұса).

Ата әнді орындап болып, балаларға Мұсаның неліктен Жаяу Мұса атанғанын баяндап береді. Сол кездегі байлардың кедейлерге жасаған зорлық-зомбылығын әңгімелейді. Ән үйрену: «Наурыз - жыл басы». Музыка жетекшісі әнді орындайды. Ата мен әжеге қосылып үйренуін сұрайды.

- Әнде не туралы айтылған?

- Ән көңілді ме, әлде көңілсіз бе? Әннің бірінші шумағын қайырмасымен үйрену.

Ата мен әжеге өткен әндерді қайталап айтып беру.

Ойын: «Арқан тартыс».

Ата өзімен бірге арқан ала келгенін айтады. Қазақтың ұлттық ойыны - арқан тартуды екі командаға бөлініп ойнайды.

- «Міне, бүгін күн мен түн теңелді», - деп, «Күн мен Түн» ойынын ұсынады.


Балалар наурыз туралы білгендерін әңгімелейді. Наурызда бір-біріне қонаққа бару керектігін, татуласу керектігін ұғынады.

Балалар ән туралы түсініктерін жеткізеді.

Балалар жаңа әнді әуенімен айтуға, естеріне сақтауға тырысады.

Балалар екі командаға бөлініп, арқан тартысады.



Рефлексиялық - түзетушілік


Ата мен әже балаларға ризашылығын білдіріп, мадақтап, қоштасып, үйлеріне қайтады.

Балалар алған көңілді әсерлерімен тарайды.

жүктеу 1,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау